2. Қазіргі заман мәдениетіндегі Бақ-тың орны және бұқаралық мәдениет.
БАҚ туындататын жаңа құбылыстарға мыналарды жатқызуға болады:
«Кітап мəдениетін» ығыстырушы визуалды түрлер мен жанрлардың кең жайылуы. Теледидар мен компьютер оқуға деген қызығушылықты төмендетіп қана қоймай, адамның сенсорлық мүмкіншіліктерінің шегімен шектелетін қабылдау- дың жаңа түрін туғызады. Визуалды бейне басылған мəтінге қарағанда сана асты деңгейінде белсенді əрекететеді.
бұқаралық қатынас құралдары қоғамдық сананың «бірігіп өсу» əсерін береді. Егер осыдан 10-20 жыл бұрын мəдениет пен БАҚ-тың теңдес паритеттігі туралы, олардың іс-əрекетін қоғам- ның бақылау мүмкіншілігі туралы əңгіме жүргізуге болатын болса,қазіргі таңда ондай əңгімелер сенімсіз болып табылады.
Басқаша
айтқанда, метафора ретіндегі төртінші билік түрінен БАҚ шындығында нақты күшке айналды.
Əлеуметтік-мəдени бірегей ұқсастық (идентификация) кризисі. Жалпылама коммуникациялардың жаһандық жүйесі мəдени айырмашылықтарды жоққа шығарудың мықты факторы болып табылады. Олардың басқыншылығына жауап ретінде ХХ ғ. жəне одан кешірек ХХІ ғ. бірегейлікке (ұлттық, діни, əлеумет- тік-топтық, тұлғалық) деген сұраныс пайда болды. Бүгінгі таңда бұл мəселе барлық елдіалаңдатуда.
Қазіргі зерттеушілер өз шығармаларында бұқаралық мəде- ниеттің пайда болуының уақытын түрліше көрсетеді. Кейбіреу- лер ол, тіпті, ежелгі өркениеттерде де болған деп пайымдайды. Бірақ, бəлкім бұқаралық мəдениет урбанизация, көпшілік сауаттылықты қалыптастырған жалпы ортақ білім беру ісімен жəне масс-медианың қалыптасуымен байланысты сипатталатын қазіргі өркениеттің жемісі деп есептеген жөн сияқты. Оған дейінгі бұқаралық мəдениет мүлдем басқа қасиеттерімен ерек- шеленеді. ХХ ғасырдың басына дейін бірінен-бірі анық ажыра- тылған элиталық жəне халықтық мəдениет болған. Білім мен тəрбие алу мүмкіндіктері
бар тектілер, ақсүйектер қалалық- тардың арасында кең таралды. Екіншісі – сауатсыз, бірақ дəстүрлерді
сақтап келген, қарапайым адамдар қалыптастырған қарабайыр мəдениет.
Бұқаралық мəдениет туралы айтпас бұрын соның дүниеге келуіне негіз болған «бұқаралық қоғам» феноменіне тоқталып өткен абзал. Ол құбылысты терең зерттеген Эдуард Шилздің
«Бұқаралық қоғам жəне оның мəдениеті» деген еңбегінің кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық. Автордың сараптауы бойын- ша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізгі-негізгі деген батыс елдерінде «бұқаралық қоғам» деген атау нық орнықты.
Бұқаралық қоғам жаһандану процестерімен тығыз байла- нысты. Қазір, жаһандану заманында өмірдің əлеуметтік-саяси, мəдени жəне рухани салаларының бəрінде де адамзат өзінің əр алуан тіршілігін бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау іс жүзінде тежеуге көнбейтін,
ерік бермес процесі, мəні бойынша жазмыштық сипат алып отыр.
дəріптеуге əкеп соғады.