Хviii ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық және ішкі саяси жағдай


ХІХ ғ. 40-60-шы жж. Ресей билігінің ортаазиялық саясаты



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата18.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139801
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18 - 19 гасырдағы казак хандығы
Қазақ ханд 1 даріс, 15 дәріс Кенесары котерілісі
ХІХ ғ. 40-60-шы жж. Ресей билігінің ортаазиялық саясаты 
ХІХ ғ. 40-60-шы жж.
 
ресейлік биліктің ортаазиялық саясаты ағылшын-
орыс қарым-қатынастарына тікелей байланысты болды. Англияның Орта 
Азияға қатысты іс-әрекеттері Ресейдің ортаазиялық саясатын белсенді түрде 
жүргізуінде және Орта Азияны қосып алуындағы саяси мотивтердің басым 
болуында үлкен рөл атқарды. Англияның Индияны жаулап алуының және 
Орта Шығыс пен Орта Азиядағы әрекеттерін белсенді түрде жүргізуіне 
байланысты ағылшын-орыс бәсекелестігі күшейе түсті. Патша үкіметі өзінің 
ұстанымын сақтауға және Англияның экономикалық және саяси ықпалының 
кеңеюіне кедергі келтіруге тырысты. 1830-1840 жж. П.И. Демезон мен 
И.В.Виткевичтің дипломатиялық миссиялары, сондай-ақ Е.П. Ковалевский 
мен А.Р. Гернгостың Бұхар хандығына, П.Никифоровтың және 
Г.И.Данилевскийдің Хиуа хандығына елшілігі, Н.Г. Потаниннің қазақ даласы 
арқылы Қоқан хандығына саяхаты жүзеге асты. Бұл саяхаттардың (поездка) 
нәтижесінде орыс-азиаттық сауда мәселелері бойынша келісімге келіп, 
ортаазиялық хандықтардың қазақтармен қарым-қатынастары туралы 
мәліметер жинақталды
39
.
39
Халфин Н.А. Присоединение С редней Азии к Р оссии (60 -90-гг. XIX в.) М., 1965


1833 ж. жазда Орынбор өлкесінің губернаторы болып В.А. Перовский 
тағайындалады, ол өзінің алдына екі міндет қояды: бағынбаған қазақтарды 
бағындыру және орыс әскерлерін ортаазия хандықтарының шекарасына 
жақындату. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Сырдарияның төменгі ағысы 
бойына жаңа әскери шептер салу керек болды, ол кезегінде олармен 
шектесетін қазақтардың наразылығын туындатты. Кейбір қазақ руларының 
ортаазия хандықтарына көшкісі келгендігі де жағдайды шиеленістірді. 
В.А.Перовский бұл үдерісті тоқтатуға тырысты. 1836-1839 жж. Қазақтарды 
басу үшін бірнеше жазалау экспедициялары жіберілді. Ары қарай әскери-
саяси экспансияны жүзеге асыру қолға алынады, нәтижесінде Хиуа 
экспедициясы құрылады. Жасалған жорықтың ресми себебі – Хиуаның орыс-
қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру қажеттілігі, шекаралық 
аймақтардағы тонау мен зорлық-зомбылыққа шек қою, орыс тұтқындарын 
босату деп жарияланды. 1839 ж. қарашасынан 1840 ж. ақпанына дейін 
созылған Орынбор өлкесінің әскери губернаторы В.А.Перовскийдің 
басшылығымен жасалған жорық толық дайындалмаған болып шықты. 1839 
ж. көктемде екі бекіністі (біреуі Ембі өзеніндегі, екіншісі Ақбұлақ жеріндегі) 
нығайту үшін қазақ даласына екі отряд жіберілді және осында Орынбордан 
отын мен мал жем-шөбі және азық-түлік алып келінген еді. Орынборда 
құрған экспедициялық отряд 5000 адамнан тұрды, қатты аяздан түйелер 
қырылып, көптеген адамдар үсікке шалынды. Азық-түлік пен отын 
таусылғаннан кейін, ақпанның ортасында отряд Ембі бекінісіне, кейіннен 
Орынборға оралды. Осы жорықтың нәтижесінде орыс тұтқындары 
босатылып, Хиуа елшілігі Санкт-Петербургқа жіберілді. Осыдан кейін 
Ресейдің континентке ішкерілей енуі үшін әскери стратегиялық плацдармды 
құру арқылы нақты жоспарланған жорық жасау қажеттігі белгілі болды. 
Осыдан кейін Сырдария шебін құрған Сырдарияның төменгі ағысында 
бірнеше бекіністер салынады. Оған Арал бекінісі, Қазалы, Қармақшы, 
Перовск форты, кейіннен 
Жөлек
, Жаңақорған, Түркістан кірді. Сырдария 
шебін құру арқылы келесідей міндеттер қойылды: Қоқан және Хиуа 
хандықтарының шекарасымен Сырдарияның төменгі ағысындағы әскери 
күштерді нығайту, осы аймақтың экономикасын зерттеу. Патша әкімшілігі 
казак және орыс шаруа қоныстарын көбейту арқылы Сырдария казак әскерін 
құруды жоспарлады. Осы мақсатпен 1841 ж. бас штабтың капитаны 
Никифоровтың басшылығымен орыс елшілігі жіберілді. Елшіліктің мақсаты 
– Сырдариядан солтүстікке қарай барлық жерлер және ішінара Каспийдің 
шығыс жағалауындағы жерлерді Ресейдің меншігі ретінде Хиуаның 
мойындауына қол жеткізу, сондай-ақ сауда қатынастары үшін қолайлы 
жағдай орнату болды. Никифоровтың Хиуа ханы Аллақұлмен жүргізген 
келіссөздері ешқандай нәтиже бермеді, Хиуа тарапынан жасалған 
тонаушылық жорықтар кейін де жалғасын тапты. ХІХ ғ. екінші жартысынан 
патшалық Ресей Орта Азияға ішкерілей енуін жалғастырды. 1847 ж. орыс 
әскерлері Сырдарияның сағасын басып алып, Райым бекінісін, ал 1848 ж. 
Қазалы фортын салды. Осы уақытта Арал теңізін зерттеу басталады. 
А.И.Бутаковтың басшылығымен құрылған (1848-1849 жж.) экспедиция осы 


аймақты әскери және кеме жүргізу болашағы жағынан зерттеді. Кейіннен 
Ресей мемлекеті жалпы міндетті – Орталық Азия мемлекеттерінің саяси және 
экономикалық жағдайын зерттеуді шешетін миссияларды (Н.В. Ханыковтың 
ғылыми миссиясы және Н.П. Игнатьевтің дипломатиялық миссиясы) 
ұйымдастырады
40
.
Осы жағдайлармен қатар Ресей мемлекеті қытай билеушілерінің Орта 
Жүз территориясына таласуы, кейіннен Қазақстанның оңтүстік аймағында 
өзінің бірнеше бекіністерін (Ақмешіт, Әулиеата, Мерке, Қастек және т.б.) 
құрған қоқан билеушілерінің басып алушылық
саясатының себебінен тоқтап 
тұрғандықтан, енді өзінің Жетісуға енуін іске асырады. Бұл бекіністер әскери 
әкімшілік, қаржылық, сауда қызметтерін орындады, бірақ басты қызметі – 
бағындырылған територияларды басқару болды. ХІХ ғ. ортасында 
қоқандықтар қазақтардың жеріне шабуыл жасауын жалғастырды, соның 
нәтижесінде Ресейдің Орта Азиядағы әскери қимылдары белсенді түрде 
жүргізіледі. Орынбор әскери губернаторы В.А. Обручев шекараны ары қарай 
нығайта түсу үшін Сырдарияның сағасында 1847 ж. Райым (кейіннен Арал) 
бекінісін салып, Ақмешітті иеленуді ұсынады. Бұл жоспар қайта 
тағайындалған Орынбор губернаторы В.А. Перовский тұсында жүзеге 
асырылды. Ол 1853 ж. 2800-ге жуық адамнан тұратын 12 қаруымен
Ақмешітке барады. Ондағы 3 қаруы бар 300 қоқандықты 27-шілдеде батыл 
шабуылмен алады. Ақмешіттің атауы Форт-Перовский деп тез арада 
өзгертілді. Осылайша, Ақмешітті қайтарып алуға әрекеттенген, бірақ сәтсіз 
оны аяқтаған Қоқан хандығын бағындыру басталды. 1854 ж. император 
Сырдария 
шебін 
басқару 
туралы 
Ережені 
бекітеді. 
Осылайша, 
В.А.Перовскийдің әскери-стратегиялық міндеті жүзеге асты, Ресей Хиуа 
және Қоқан хандықтарына саяси ықпалын күшейтуге мүмкіндік алды
41
.
1847 ж. Абакумовтың отряды бірнеше казарма салды, кейіннен олардың 
айналасында Жетісуды, яғни орыс бодандығын қабылдаған Ұлы жүз 
қазақтарының территориясын басқаруға арналған орталықтар құрылады. Іле 
өзенінің солтүстік жағалауындағы жерлер қоқан бектерінің қолында қала 
берді, ал олардың тірек пункті Қаскелең өзенінде орналасқан Таушыбек 
бекінісі болды. 1851 ж. екінші рет жасаған шабуылында орыс әскерлері оны 
түгелдей жояды. Орыс әкімшілігі Қытайдан Ресейге өтетін транзиттік сауда 
жолдарының маңыздылығын түсіне отырып, аймақты шаруашылық жағынан 
игере бастайды. 1854 ж. Іле Алатау тауының етегінде Верный бекінісінің 
негізі қаланады. Верныйдың іргесі қаланғаннан және Ақмешітті алғаннан 
кейін, Сырдария және Жетісу казак шептерін біріктіру жоспары қойылады. 
Орыс әскерлерінің сәтті енуіне 1857-1858 жж. Шымкент пен Әуиеата 
өңірлерінде болған қазақтардың қоқандықарға қарсы көтерілістері 
жәрдемдесті. Осы көтерілістердің қатал жаншылуы нәтижесінде, қазақтар 
Ресей жағына өтті. Тарихи жағдайдың қалыптасқандығы сондай, қазақ 
халқының өмірі Қоқан мен Ресейдің бәсекелестігінің нәтижесіне бағынышты 
40
К и ня пи н а Н. С. С р е д ня я Аз ия в о в н еш н е по ли т и ч е ск и х п л ан а х ц а р и зм а ( 5 0 - 80 - е гг.
ХIХв) / В опросы истории. -1974. -№ 2 
41
Терентьев М.А.История завоевания Средней Азии. Т.1. Спб., 1901. 


болды. 1860 ж. полковник Циммерманның басшылығымен жасақ құрылып, 
ол Пішпек және Тоқмақ атты қоқан бекіністерін талқандайды. Қоқан 
хандығы қасиеті соғыс (ғазауат) жариялап, 1860 ж. қазанында олардың әскері 
(20000 адам) Ұзынағаш бекінісінде жиналды. Онда қоқандықтарды 
полковник Колпаковский жеңеді. Ұзынағаш шайқасынан кейін полковник 
М.Г. Черняевтың басшылығындағы жасақ Қастек асуынан өтіп, Тоқмақты 
басып алады. Орынбордан Сырдарияның төменгі ағысына бойымен, ал Батыс 
Сібірден Алатау бойымен бекіністерді салу арқылы орыс шекарасы біртіндеп 
тұйықтала түсті. Бірақ, 650 шақырымға жуық үлкен кеңістік сол кезде әлі бос 
болды және қазақ даласына жорық жасау үшін қақпа ретінде қызмет етті. 
Осыған байланысты 1864 ж. екі отряд – бірі Орынбордан, екіншісі батыс 
Сібірден шықты. Полковник М.Г. Черняевтың 2500 адамнан тұратын 
Батыссібір жасағы 1864 ж. 5-маусымда Верныйдан шығып, Әулиеата 
бекінісін батыл шабуылмен басып алды, ал полковник Верёвкин бастаған 
1200 адамнан құрылған орынборлық отряд Форт-Перовскіден Түркістанға 
қарай жүрді, Түркістанды ор қазу арқылы 12 маусымда басып алады
42
.
Түркістанды алғаннан кейінгі соғыс әрекетінің бір көрінісі – Икан ісі 
деген атпен белгілі болады. 1864 ж. 4-желтоқсанда Түркістанның 
коменданты полковник Жемчужников 1 зеңбірекпен күшейтілген есаул 
Серовтың басшылығымен 100 оралдық казактарды тыңшылыққа
жібереді. 
Иканжүздігі (Икансотня
) қышлағының жанында казактар Түркістанды басып 
алуға бара жатқан Қоқан хандығының регенті Әлімқұл молданың 
басшылығындағы қоқан әскерінің негізгі күштерімен соқтығысып қалады. 
Казактар 2 күн бойы (4-ші және 5-желтоқсанда) тамақсыз және сусыз, өлген 
жылқылардың денесін жамылып, қоршауда болады. 2-күн аяқталар кезде 
есаул Серов жүздікке әркім жеке өзі қоршаудан шығуына бұйрық береді, 
казактар шаршы болып сапқа тізіліп, соғыса отырып қоқан әскерінің 
қоршауын бұзып, Түркістаннан жіберілген жасаққа қарай шығады да, 
бекініске қайтып оралады. Әулиеатада гарнизонды қалдырып, М.Г. Черняев 
1298 адамды басқара отырып, Шымкентке қарай жылжиды, Орынбор 
жасағын тартып, оны 20-шілдеде басып алады (штурмом взял). Бұдан кейін 
Ташкентті (Шымкенттен 114 шақырым) батыл шабуыл жасалады, бірақ ол 
сәтсіз аяқталады. Черняевтің әрекеттері өте қатал болды. 1864 ж. әскери 
жорыққа қатысқан саяхатшылар – Н.А. Северцов пен Ш.Уәлиханов генералға 
түпкілікті қарсылықтарын білдірді. М.Г.Черняевпен болған бірқатар қызу 
пікірталастардан кейін, Ш.Уәлиханов қызметін тастап, Жетісуға оралады. 
1864 ж. Шымкентті басып алумен Оңтүстік Қазақстанды жаулау аяқталады. 
1865 ж. бұрынғы Сырдария шебінің территориясын қосу арқылы Түркістан 
облысы құрылады, оның әскери губернаторы болып М.Г. Черняев 
тағайындалады. Түркістан мен Шымкентті алғаннан кейін Орынбор мен 
Сібір шептері біріктірілді және Қазақстанды Ресейге қосудың ұзаққа 
созылған және күрделі үдерісі аяқталды.
42
Терентьев М.А.История завоевания Средней Азии. Т.1. Спб., 1901 


Қазақстанды, Қоқан және Бұхара хандықтарын жаулап алғаннан кейін, 
Ресей билеушісі жаулық саясатты ұстанған Хиуа хандығын жаулап алуға 
көшті. Алдын-ала дайындалған жоспарға сәйкес, 1873 ж. көктемде 
К.П.Кауфман генералдың басшылығындағы орыс әскері Хиуаға үш жақтан 
шабуыл жасады: Кавказ, Орынбор және Түркістан округтерінен. Барлық үш 
отряд бір уақыта Хиуа жеріне басып кіріп, белсенді әрекеттерге көшті. 1873 
ж. мамыр айында Хиуаның астанасын басып алды, ал тамызда Хиуа ханы 
Сейіт-Мұхаммед-Рахым мен генерал К.П. Кауфман келісімге келді. Бұл 
келісім бойынша Хиуа ханы өзін Ресейдің вассалы деп мойындады. Кейіннен 
Хиуа хандығының территориясы Түркістан генерал-губернаторлығының 
құрамына қосылды
43
.
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Ресейдің иеліктерін жоспарлы түрде 
кеңейтуінің басты себептерінің арасында Ресейдің «табиғи шекараларын» 
иелену, талас-тартыстар тыныштандыру және шекаралық шептер мен сауда 
жолдарындағы тыныштықты бұзатын тонаушылық жорықтарды тоқтату, 
артта қалған азиялық халықтарды өркениетке көшіруге ұмтылу, оларды 
әлемдік өркениетке қосу аталады. Түркістан жорықтарына қатысушы 
тарихшылардың бірі, генерал-майор Л.Ф. Костенко дипломатияны сақтай 
отырып былай деп жазады: «Ресейдің Орта Азиядағы іс-әрекетінде арсыз 
ойлар мен өзіндік пайдакүнемдік есептері басшылыққа алынған, бірақ тек 
қана аймақты бағындыру арманымен және оның өндіргіш күштерін дамытып, 
Ресейдің европалық бөлігіне Түркістанның өнімдерін жіберудің қысқа жолын 
ашуды көздеді
44
. Түркістан жорықтары Ресейдің ұлы миссиясын аяқтағандай 
болды, алдымен көшпелілердің Европаға экспансиясын тоқтатып, кейіннен 
отарлаумен – шығыс жерлерін толықтай бағындырумен аяқталды. Осы 
идеялар арқылы Азия мемлекеттерін жаулап алудың барысы айқындалды. 
Қарсыласты бейнелеу үшін «қарақшы тобы»,
«жиын»,
«банды»,
«жауыз 
шабуыл»,
«қорқақ соқтығыс» сияқты сөздерді пайдаланғандығын жорыққа 
қатысушылар – Черняевтің, Кауфманның, Перовскийдің және т.б., 
мемуарларынан кездестіреміз. Жергілікті хандар мен ақсүйектердің 
қоластындағы 
жергілікті 
халықтың 
кедейшілікте 
өмір 
сүргендігі 
айқындалды. Орыс әскерлерінің келуімен, жақсы өмір басталғандығын 
көрсетті-мыс. Әскери тарихшы Д.Я. Фёдоров былай деп жазады: «Орыс 
билігінің Орта Азиядағы билігі үлкен әсер алды, себебі ол жергілікті халыққа 
адамгершілікпен қарады, және халықтың аяушылығына кіріп, оларға 
ыңғайлы басқарушы болды». Дегенмен тез арада көңілі суыды, бұл көршілес 
территориялардың территориялық-саяси экспансияның жалғасы ғана 
болатын. Бұдан басқа, бірақ шынайы себеп – Ресейдің үкіметтік және әскери 
қызметкерлерін толғандырған идея Британ империясына қарсы тұру болды. 
Осылайша, Ресейдің саясаты қорғанушы, Британияның агрессиясынан 
қорғануға бағытталғандығымен сипатталады. Қарсы тұрушы теоретиктердің 
бастыларының бірі, әскери администратор, тарихшы М.А. Терентьев 
43
К иняпина Н.С . С редняя Азия во внешнеполит ических планах царизм а (50 -80-е гг. 
ХIХв) / В опросы истории. -1974. -№2.
44
Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – СПб, 1890


үштомдық «Орта Азияны жаулау тарихы» туралы және аймақтағы Ресейдің 
және Англияның саясаты туралы бірнеше мақала жазды
45
. ХІХ ғ. Индия мен 
Орта Азины бақылауға байланысты Ресей мен Британ империяларының 
арасындағы тартыс тарихта Үлкен ойын
деп аталды. Оның тағы да белсенді 
қатысышуларының бірі – Қытай болды, ал басқа мемлекеттер бұл 
шайқастағы ауыспалы фигуралар қызметін атқарды.
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ: 
1.
Ресей саясатының ортаазиялық аймақта күшеюінің себептері 
2.
Орыс үкіметінің Хиуа хандығына байланысты ұстанған саясаты 
3.
Орыс әскерлерінің Қоқан хандығы территориясын жаулап алуы 
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 

Ресейдің Бұхара және Хиуа хандықтарына жіберілген дипломатиялық 
миссиялары 

Орынбор өлкесінің әскери губернаторы В.А. Перовскийдің қызметі 

«Үлкен ойындағы» Ресей-Британ империялық тартыстары
45
Терентьев М.А.История завоевания Средней Азии. Т.1. Спб., 1901 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет