Хviii ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық және ішкі саяси жағдай


XVIII ғ. 30-50-ші жж. Ресей империясының Қазақстанда жүргізген



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139801
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18 - 19 гасырдағы казак хандығы

XVIII ғ. 30-50-ші жж. Ресей империясының Қазақстанда жүргізген 
саясаты
1730-шы жылдардың басына қарай қазақ жүздерінің ішкі саяси жағдайы мен 
халықаралық байланысы күрделене түсті. Жоңғарлармен болған соғыстың 
аяқталуы басты міндетті – Қазақстанның басып алынған оңтүстік 
территориясын түпкілікті қайтарып алуды шеше алмады. Қажетті қысқы 
жайылымдарынан айырылған қазақ тайпалары солтүстікке қарай көшті, онда 
олар Ресей мемлекетінің шекараларына тығыз жақындады. Бұл Еділ 
қалмақтарымен, башқұрттармен, орыс қамалдарының гарнизондарымен, Жайық 
және Сібір казактарымен қақтығыстардың көбеюіне алып келді. Осыған орай 
билік үшін әулетаралық күрес шиеленісе түсті. Қазақ хандығының алдында 
маңызды және күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаулардан қорғау және 
ел ішінде күшейіп келе жатқан ішкі талас-тартыстар үдерісін еңсеру тұрды. Осы 
жағдайда қонысы Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақ ақсүйектер 
элитасының бір бөлігі Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатпақ болды. Олар 
патшалық үкіметтің көмегімен ішкі саяси жағдайды тұрақтандырып, шекаралас 
территориядағы жер дауын реттеп, Еділ маңы, Орал маңы, Батыс Сібір 
базарына рұқсат алмақ болды, сонымен қатар орыс әскерлерінің көмегімен 
жоңғарлар тартып алған Жетісу жерлерін қайтарып алуды көздеді. Бұл 
жағдайлар хандық билік институтының тұрақсыздығына, сондай-ақ Кіші жүз 
ханы Әбілхайырдың атаққұмарлығы
оның 1730 ж. Ресей императрицасына 
жүгінуіне себеп болды. Әбілхайыр хан Ресей императрицасына өзінің 
қоластындағы халқымен бірге Ресейдің бодандығына алуын өтініп, Құлымбет 
Қоштаев пен Сейітқұл Қойдағұлов бастаған елшілігін жіберді
8
. Ортаазиялық 
базармен байланысын нығайтуды көздеп, Әбілхайыр хан Хиуа мен Бұхараға 
орыс көпестерінің керуендерін шығарып салуға дайындығын білдіріп, олардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Сонымен бірге жыл сайын 
4000 түлкі көлемінде жасақ төлеп, өз балаларын аманат ретінде жіберетіндігіне 
уәде берді. Осылардың қайтарымы ретінде Ор өзені сағасына қамал салып 
беруін, оған және оның ұрпақтарына хандық титулды бекітуін, башқұрт, 
қалмақ, Жайық казактарының тонаушылық жорықтарынан қорғауын сұрады. 
8
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы, 1999. 


Қамалды салу арқылы, Әбілхайыр хан өзінің хандық билігін нығайтуды және 
қоластындағылар мен бағынбағандарды жуасытуды көздеді.
Шет елдер ісі Коллегиясы елдің азиалық саясаты бойынша жеткілікті 
дәрежеде тәжірибе жинақтады. Ресей 1730 ж. қазақ елшілігіне дейін, Еділ 
қалмақтарын, Кабардин княздықтарын, грузин жерлерін құрамына қабылдаған 
болатын. Әбілхайырдың елшілеріне әртүрлі құрметтер көрсетіліп, құнды 
сыйлықтар сыйланып, шет елдер ісі Коллегиясының аудармашысы – 
А.И.Тевкелевтің басшылығымен қазақ еліне қайтарылды. Қазақ елшілігінің 
қайтатын күні А.И. Тевкелевке 12 пункттен тұратын «Шет елдер ісінің 
Мемлекеттік Коллегиясы шығыс тілдерінің аудармашысы Мәмет Тевкелевке 
Қырғыз-қайсақ ордасына жіберілу кезінде оларды Ресей қоластына кіргізуге 
арналған нұсқау» тапсырылды. Ханның айналасындағы адамдар Ресей 
бодандығын қабылдаудан бас тартқан жағдайлар кездесетін болса, 
«Нұсқаудың» 3-пункті бойынша А.И. Тевкелев оларды грамотаға қол қоюға 
көндіруі керек болды. Адалдыққа кепілдік алу үшін Әбілхайыр ханның 
рұқсатымен Ресейге аманаттар жіберу қарастырылды
9
.
Елшілер дәстүрге сәйкес, қандай болмасын принципиалды сұрақтарды жеке 
өзі шешуге құқығы болмады және нұсқауды орындауы керек болды. Ал, 
А.И.Тевкелевтің іс-әрекетіне толықтай еркіндік беріліп, оның өкілеттігінің шегі 
болмады. Сонымен қатар ол күнделікті журнал жазбаларын жүргізуі керек 
болды, өйткені патшалық Ресей өз елшілерінің барған елдер туралы белгілі бір 
білімдер кешенін талап етті.
1731 ж. қазанда А.И. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі Майтөбе шатқалындағы 
Әбілхайыр ханның ордасына келді. 1731 ж. 10-қазандағы Кіші және Орта жүз 
рубасыларының жиналысында Әбілхайыр хан өзінің Петербургқа елші 
жібергендігі туралы мәлімдеді. Бірақ, атақты сұлтандар мен старшиналардың 
басым бөлігі Ресей бодандығын қабылдауға келіспеді. Әбілхайыр ханды атақты 
Бөкенбай батыр қолдады. Ол жиналысқа қатысушыларға өзінің Ресейдің 
қоластына кіргісі келетіндігін жариялады. Бөкенбай батыр мен оның тобының 
Әбілхайыр ханды қолдауы қалыптасқан жағдайды саябырсытты. Пара беру, 
келіссөз, кейде қорқыту арқылы А.И. Тевкелев хан ордасындағы Ресейге қарсы 
күштердің арасалмағын өзгерте алды. Бөкенбай батырдың белсенді көмегіне 
сүйене отырып, А.И. Тевкелев өз ісінің сәттілігінің кепілі ретінде оған 500 
сомның тауарын ұсынуды жөн көрді, бірақ көреген Бөкенбай батыр одан бас 
тартуды жөн санады.
Ресейге адалдығын білдіріп, Әбілхайыр хан бірінші болып одан кейін 
Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр, одан соң Құдайменді мырза 
Құранмен ант берді. Алғашқы антты ханнан басқа старшина қызметіндегі 29 
адам растады. Әблхайыр хан өзінің дегеніне қол жеткізді және императрицаның 
грамотасы заңдық күшіне енді. Бұл тарихи жағдай қазақ жерлерінің Ресей 
құрамына қосылуының ұзақ үдерісінің бастамасы болды. А.И.Тевкелевтің 
елшілігі 1732 ж. 24-қарашасында қайтар жолға шығып, 1733 ж. 2-қаңтарында 
9
Аполлова 
Н.Г. Присоединение К азахстана к Р оссии в 30 -х годах Х VIII век а. - Алм а-Ата, 
1 9 4 8


Уфаға оралды. Құрметті аманат ретінде онымен бірге Әбілхайырдың ұлы 
Ералы сұлтан мен бірнеше старшина келді. 1734 ж. 10-ақпанда Ералы сұлтанды 
Петербургте Ресей императрицасы Анна Иоановна қабылдады. Қабылдаудағы 
сөзінде ол қазақ халқының «мәртебелі қолдауға және Ресейдің мәңгілік 
бодандыққа қабылданғандығын» тағы да растады
10
. Бірақ та, Кіші жүз Ресей 
бодандығын қабылдағанынан кейін де қазақ қоғамындағы жағдай шиеленіскен 
күйде қала берді. Орта және Ұлы жүз жерлеріне белгісіз басып кіру қаупі 
сақталды. 1733 ж. соңында Ұлы жүз елшілері – Аралбай мен Оразгелді 
Әбілхайырға Ұлы жүзді Ресейдің қоластына кіргізуіне көмектесуін сұрап келді. 
Осы уақытта Ұлы жүздің сұлтандары мен билері – Қодар би, Төле би, Сатай 
батыр, Хангелді батыр және Бөлек батыр императрицадан өздерін бодандыққа 
қабылдауын сұрады. 1734 ж. 10-маусымда Анна Иоановна Орта жүздің Ресей 
бодандығына қабылданғандығы жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұйрық 
Әбілхайыр ханға жіберіліп, Ұлы жүз ханы Жолбарысты Ор өзені сағасына ант 
қабылдауға шақырды. Жолбарыс хан өз кезегінде орыс-ортаазия саудасын 
нығайтуға жәрдемдесу мүмкіндігі туралы мәлімдеп, сауда керуендерін қорғауға 
уәде берді. 1738 ж. 19-қыркүйегінде императрица грамота негізінде Ұлы жүздің 
Ресей құрамына қабылдағандығын растады. Бірақ, аймақтың Ресейден алыста 
орналасуы, күрделі сыртқы саяси жағдай бұл акттың жүзеге асырылуын кейінге 
ысырды, дегенмен ол кейіннен мәжбүрлі түрде орындалған болатын.
Кіші жүз және ішінара Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын 
қабылдағандығы жөніндегі заңдық акт рәсімделгеннен кейін, оның нақтылы 
жүзеге асырылу кезеңі басталды. Мұнда маңызды рөлді «Қырғыз-қайсақ 
экспедициясы» атқарды. Ол кейіннен Орынбор экспедициясы деп өзгертілді. 
Орынбор экспедициясы 1734 ж. ұйымдастырылды, оны Сенаттың обер-
секретары И.К. Кириллов басқарды, ал көмекшісі болып Кіші жүзге жіберілген 
үкіметтің тапсырмасын сәтті орындағаны үшін полковник қызметіне 
ауыстырылған 
А.И. 
Тевкелев 
тағайындалды
11

1734 
ж. 
басында 
императрицаның атына және шет елдер ісі Коллегиясына жасаған ұсынысында 
И.К. Кириллов Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде қамал-қала салу керектігіне 
назар аударды. 1734 ж. 10-маусымында императрица И.К. Кирилловқа Арал 
теңізінде кемелер жасағын құруға тырысу керектігін тапсырды. И.К. 
Кирилловтың шет елдер ісі Коллегиясына жасаған ұсынысын мұқият 
зерттегеннен кейін, императрица Орынбор экспедициясы басшысына 
башқұрттардың, қазақтардың, Жоңғарияның және Хиуаның қарым-
қатынастары туралы нұсқауды бекітті. Қазақстандағы және көршілес елдердегі 
жағдайды жиі хабарлап тұрудан басқа, Әбілхайырдың Хиуамен соғысында 
қару-жарақ пен соғыс қажеттіліктеріне көмектесу қажет болды. 1734 ж. 10-
маусымдағы грамотамен императрица Әбілхайыр ханды қорғауға арналған Ор 
өзені бойында қала-қамал құрылысын салуды бекітті. Экспедицияның жан-
жақты жоспары бірнеше себептерге, соның ішінде 1734-1738 жж. 
башқұрттардың көтерілісіне байланысты жүзеге аспай қалды. 
10
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы, 1999. 
11
Аполлова 
Н.Г. Присоединение К азахстана к Р оссии в 30 -х годах Х VIII век а. - Алм а-Ата, 
1 9 4 8


Сонымен бірге 1734 ж. 10-маусымда Орта жүз ханы Сәмекеге оның тағы да 
бодандыққа қабылдау жөніндегі өтінішін бекіткен императрицаның грамотасы 
жіберілді. Бірақ Сәмекенің өліміне байланысты, грамота тапсырылмай қалды. 
Орта жүздің жаңа ханы Күшік пен Барақ сұлтан 1735 ж. соңында Тевкелевтің 
атына жазылған хатта Ресей бодандығын қабылдағандығын растап, оларға 
елшілік жіберуін сұрады. 1736 ж. Ресей бодандығын Орта жүздің батыры 
Жәнібек өз ауылдарымен бірге қабылдап, осы жүздің сұлтандары – Барақ пен 
Сәмекенің ағасы Әбілмәмбет те бодандықты қабылдағандығын растады. Ресей 
әкімшілігінің беделін көтеру үшін Әбілхайыр қазақ көпестерінен салық алуды 
тоқтату жөніндегі сұрақты көтерді. Ресей үкіметі Әбілхайырдың қазақтарға 
бодандықты 
қабылдауына 
көмектескен 
іс-әрекеттеріне 
қанағаттанды. 
Әбілхайыр және оның айналасындағылар арқылы Ресей қазақ даласындағы 
позициясын нығайтуға мүмкіндік алды
12
.
И.К. Кириллов Ор өзенінің бойында қамал, қазіргі Орынбор қаласын 
салдырды. Орынбор қаласы Ресейдің Шығысты отарлаудағы тірек базасы 
болды. И.К. Кирилловтың өліміне байланысты, 1737 ж. сәуірде Орынбор 
өлкесінің губернаторы болып белгілі тарихшы В.Н. Татищев тағайындалды. 
Орынбор экспедициясының атауы Орынбор комиссиясы болып өзгертілді. 
В.Н.Татищевтің инициативасы бойынша Орынбор қаласы Ор өзені бойынан 
басқа жерге, яғни Красногорск қамалы тұрған жерге көшірілді. Жаңа 
губернатордың басты саяси мақсаты – Кіші және Орта жүздің беделді шыңғыс 
ұрпақтарының бодандығын нығайту болды.
Патшалық үкімет Әбілхайырдан қайтадан ант қабылдауға шешім 
қабылдады. 1738 ж. 3-тамызында Әбілхайыр өзінің Ресейге адалдығын ант 
арқылы ресми түрде қайтадан растады. 4-тамызда Ресей бодандығын 
Әбілхайырдың екінші ұлы Ералы сұлтан мен Кіші және Орта жүздің 56 
старшыны қабылдады. 1740-1742 жж. қазақ даласына жіберілген көптеген 
дипломатиялық миссиялар, екі жақтың келіссөздері Ресей бодандығын ант 
арқылы қабылдаумен жүзеге асырды. 1740 ж. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен 
беделді сұлтан Абылай бодандықты қабылдады. Абылайдың қазақ даласындағы 
беделі өте жоғары болды. Олармен бірге қазақ ақсүйектерінің 290 өкілі ант 
қабылдап, ант парақтарына өздерінің жеке таңбаларын қойды. Әбілхайырдың 
үшінші, Ресейдің бодандығын қабылдағандығы жөніндегі анты 1742 ж. тамыз 
айының 20-шы жұлдыздарында болды, бірақ бұл анттың 1731, 1738 жж. анты 
сияқты маңызы болмады. 1742 ж. қарашасында Ресей бодандығын Барақ сұлтан 
өз жерінде қабылдады. ХVІІІ ғ. ортасына қарай Кіші жүз бен Орта жүздің 
түгелдей дерлік хандары мен беделді сұлтандары Ресейдің қоластына ресми 
түрде өтті
13
.
Әбілхайыр мен оның айналасындағылардың, ал кейіннен Орта жүздің 
беделді шыңғыс ұрпақтарының Ресей бодандығын қабылдауы Орталық 
Азиядағы мемлекетаралық қатынастардың ары қарай таралуын айтарлықтай 
өзгертті. Қазақтар жиі қайталанып тұрған жоңғарлардың тонаушылық 
12
Ап о л л о в а Н. Г . Эк он ом и ч е ск и е и по л ит и ч е ск и е с вя з и К а з ах с т а н а с Р ос с и е й в Х Y II I–
начало ХIХ вв. –М.,1960 
13
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы, 1999. 


жорықтарынан құтылғанына қарамастан, біртіндеп далалық аймақтарды 
әскери-казактық отарлау басталды. Қазақ даласының кеңдігі Ресей 
шенеуніктеріне бақылаусыз және аз қоныстанған деген жалған түсінік 
қалыптастырған болатын. ХVІІІ ғ. 30-шы жылдары патшалық барлық 
амалдармен, 
негізінен 
әскери-қорғаныс 
шептеріне 
сүйене 
отырып, 
көшпелілердегі аграрлық қатынастар түрінің ерекшелігін жете түсінбей, жеке 
шаруалардың және үкіметтік отарлауды қолдады.
Ресей және қазақ жағынан қол қойылған сол уақыттың құжаттарында 
маңызды мемлекетаралық мәселелер көрініс таппаған. Соның ішінде әкімшілік-
территориялық шегі, шекара мәселелері, жер қорын пайдаланудың болашағы, 
казак жасақтарын орналастыру, шекаралық шептердің күші орнаған аудандарда 
орыс қоныс аударушыларын орналастыру мәселелері бар. Бұл мәселелер орыс 
билігінің таралуына қарай Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде Әбілхайырдың 
Орынбор әкімшілігімен жиі, әрі қиын келіссөздер жүргізуінің және ханның 
Ресейге байланысты ұстанымының нашарлауының басты себептері болды. 
Әбілхайыр өзіне жасалған Орынбордың әкімшілік қысымына қарай әскери-
инженерлік база құрылыстарын кеңейтудегі патшалықтың қауіпті шараларын 
түсінді. Әскери-инженерлік база салу арқылы патшалық өлкеде әскери-
отырықшылық отарлауын жүргізді. Тек 1740-1743 жж. аралығында Кіші жүз 
бен Оңтүстік Орал жерлерінің шекарасында қазақ жерлерін айтарлықтай 
тарылтқан көптеген қамалдар салынды.
Орынбор губерниясын ұйымдастырылды және оның бірінші губернаторы 
болып генерал И.И. Неплюев тағайындалды. Осыдан кейін И.И. Неплюев пен 
Әбілхайырдың арасында кикілжіңдер мен келіспеушіліктер басталды. 
И.И.Неплюевтің қызметімен бірқатар әкімшілік-саяси шаралар байланысты: 
Орынбор қаласы 
Сақмар
өзенінің Жайыққа құяр жеріне ауыстырылды, жаңа 
Орынбор шептерінің қамалдары мен редуттары салынды, 
Ой
шебі нығайтылды, 
қазақтармен және Орта Азия халықтарымен сауда дамытылды және кеңейтілді. 
И.И. Неплюев нығайтылған шептер құрылысын кеңейту жөнінде қатаң саясат 
жүргізді. Қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына, яғни олардың 
иеліктеріне еркін өтуіне кедергі келтіріліп, Жайық шебі кеңейтілді. 
Ой
шебі 
шығысында Жаңа Есілмен бірігуі керек еді. Жаңа Есіл шебі өз кезегінде Ертіс 
шебі арқылы Сібір редутымен бірігіп, оған 1743 ж. негізі қаланған Троицк 
бекінісі қосылды. Кейіннен оған Жаңа Есіл шебінің құрамында болған 
Звериноголовск қамалы қосылды. Нығайтылған шептерді мақсатты түрде 
біріктіргеннен кейін, Орынбор, Жаңа Есіл, Ертіс, Сібір, 
Ой
шептері 
Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аймақтарын қоршады. 
Нәтижесінде Оралдың сағасынан Өскемен бекінісіне дейін 3,5 мың шақырымға
созылған, негізінен казактар қоныстанған қамалдар мен форпосттардың 
үзіліссіз шептері қалыптасты. Қазақ жерлері шамамен 70 мың шаршы 
шақырымға қысқартылды
14
.
И.И. Неплюев өзінің мақсаты – Әбілхайыр ханды күрестің шектен шыққан 
әдістерін пайдалана отырып саяси сахнадан кетіруді және ақылға сыймайтын 
14
К а с ым б а е в Ж. К. Г о с уд а р с т в е нн ы е д ея т е ли к а з а х ск и х х а н с т в (Х V II I в . ) . - Ал м а т ы, 1 99 9 


қаталдықпен өлкені отарлау шараларын жүргізуді бірден жүзеге асыра бастады. 
Ол Әбілхайыр мен Барақ сұлтанның арасындағы араздық туралы жақсы білді. 
Қазақ билеушілерін бір-біріне айдап салу арқылы, ол олардың арасындағы 
араздықты одан ары шиеленістіріп, жүздерді әлсіреткісі келді. Осы мақсатпен 
Орынбор әкімшілігі Орта жүздің сұлтаны – Барақты өзіне жақындатты. 
Әрдайым Әбілхайыр мен Барақты бір-біріне айдап сала отырып, И.И. Неплюев 
бағынбайтын және тиімсіз ханның жойылуына қол жеткізді. Әбілхайыр хан 
өлімінің себебі, оның Барақ және Батыр сұлтандардың жері арқылы өтетін 
сауда керуендерінің бағытын бақыламақ болғандығы. 1748 ж. басында 
Әбілхайырдың қоластындағылар Барақ сұлтанға той сыйлықтарымен бара 
жатқан Хиуа билеушісі Қайыптың той елшілігін тонап, онсыз да шиеленісіп 
тұрған жағдайды ушықтырды. 1748 ж. 1-тамызында Әбілхайырға көшіп келген 
Үлкейік
пен Торғай өзендерінің аралығындағы қарақалпақтардың қосынындағы 
жанжал нәтижесінде бағынбайтын хан өлтірілді. Әбілхайыр күшінің қайнап 
тұрған шағында, 56 жасында өтірілді. Онымен бірге тұтас дәуір – Әбілхайыр 
дәуірі бірге кетті, ол 30 жылға жуық Қазақстандағы елеулі оқиғалардың 
ортасында болды. Әбілхайыр ханның өлімін өзінің жеке қарсыласы – Барақ 
құрған тұзаққа түсіп, өзі құрбан болған ішкі феодалдық күрестен іздеу керек. 
Ханның өмірін қиған Барақ сұлтанның жағдайы адам қызығарлық болмады. Өз 
дәуірінің ірі қайраткері, белгілі батыры болған Барақ өзінің атақ және билік 
жолындағы кедергілерін жоюды ойлады. Бірақ, ол қателікке ұрынды, 
руластарының басым бөлігі оған қарсы шықты. Оның қиын жағдайын Қазыбек 
бидің ұсынысымен ұйымдастырылған және оны ақтап шыққан билер соты да 
құтқармады. Барақ 2 жылдан соң уландырылып өлтірілуі ықтимал. Әбілхайыр 
ханның үлкен ұлы – Нұралының хан етіп тағайындалуымен қайғылы 
жағдайларға толы 40-шы жылдар аяқталады. Оның ішінде қазақ-жоңғар 
қарсылықтарының қиын-қыстау кезеңі, татуласпайтын екі тұлғаның – 1745 ж. 
Қалдан Цереннің және 1748 ж. Әбілхайырдың өлімі
15
. Бірінші жағдайда өз 
өмірінің соңғы стадиясына аяқ басқан, бір кездердегі мықты ел – Ойрат 
хандығының күшін әлсіреткен және билік үшін күрес басталды. Екінші 
жағдайда Қазақстанды ашық түрде әскери-казактық отарлауға негіз болған 
хандық мемлекеттіліктің біртіндеп әлсіреу кезеңі басталды. 
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ: 
1.
XVIII ғ. басындағы қазақ даласындағы тарихи ахуал
2.
А.И.Тевкелев елшілігінің миссиясы 
3.
Орынбор экспедициясының құрылуы және оның қызметі 
4.
Қазақ даласындағы саяси жағдайдың шиеленісу себептері
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 

И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы 

Әбілхайыр хан – мемлекеттік және саяси қайраткер, қолбасшы 

Абылай хан – саяси және мемлекеттік қайраткер 
 
15
К а с ым б а е в Ж. К. Г о с уд а р с т в е нн ы е д ея т е ли к а з а х ск и х х а н с т в (Х V II I в . ) . - Ал м а т ы, 1 99 9 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет