І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс


Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд



бет25/26
Дата22.11.2023
өлшемі445,5 Kb.
#192815
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі секілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Бұл туралы Елбасы биылғы жылы халқымызға арналған Жолдауында «Қазақстанның бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінен қадам басқалы тұрған кезінде білім беру реформасында көрсетілген жас ұрпақтың білімділігі мен біліктілігіне көңіл бөліп, бәсекеге қабілетті осы заманға лайықты жас ұрпақ даярлайды» деген болатын.
Білім саласындағы қазіргі проблемалардың бірі өскелең ұрпақта, өзіндік даму, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқушылардың өзін-өзі тануға, дамытылуына жағдай жасау кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тәжірибе көрсеткендей көптеген ұстаздардың санасы бүгінгі күн талабына қарай ояна қоймаған. Оқу процесінде әлі күнге дейін оқушыларға Вербальді монологикалы әсер ету сақталған. Жас ұрпақтың бойында дамуға деген танымдық мақсатын қызметі тек оқушының өзіндік ойлау белсенділігі негізінде ғана іске асады. Ол процесс сабақты инноватикалық тәсілдермен түрлендіргенде ғана жүзеге асады.
Алайда, кез келген білім мекемелеріндегі инноватикалық процестер түрлі объективті себептерге байланысты бірден пайда болып, іске асып, дамып және өзінің нәтижесін бермейді. Ол үшін оқу процесінің басқару құрылымын модернизациялау қажет. Озық тәжірибені ендіру және қарқындату түрлі инновациялық инициациялауға байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін білім мазмұнының жаңартудағы инновациялық және педагогикалық технологияларды ендіру, мониторинг бағдарламалары мен оқулықтардағы әдістемелік аппаратты эксперттеу күнделікті жағдайға айналды.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Сөзімнің соңында егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет