І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



бет5/5
Дата28.06.2017
өлшемі1,02 Mb.
#20354
түріДиплом
1   2   3   4   5

Қорытынды

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс үнемі өзгеруде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу. Ал бұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеді. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибе батыл енгізуді талап етеді.

Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі – уақыт талабы. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Бұл талаптарды тарих мұғалімінің тәжірибесін зерттегенде де, қызметін бағалағанда да, сондай-ақ мектептерде барлық пәндердің оқытылу жайымен танысқанда да пайдалану керек.

Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы болып жатқан үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары мен орнын ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуға жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттілігін тудырады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі кезеңде қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері ашылып, оларды пайдаланудың жолдары көрсетілді. Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен, міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, олармен пайдалана білуге үйретеді.

Сондай-ақ оқу құралы жаңаша ойлауына, ізденіске түрткі болып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Жаңа педагогикалық технологиялар әлі түбегейлі зерттеуді қажет ететіндіктен, жалғасы болуға тиісті.

Демек, қазіргі уақытта біліктілікті арттыру үрдісіне пәнішілік тар шеңбердегі әдістемелік көмек деп қарап, онда репродуктивті амал әрекетпен шектелу ағаттық болар еді. Білім көтеру – адамның жан жүйесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеретін психологиялық үрдіс. Ол тыңдаушының тұлға ретінде дамуына әсер етіп, болмысының өзгеруіне әкелуі, ақырында сол адамның қоғамдық тәжірибеге үлес қосумен аяқталуы тиіс. Бұл орайда біз біліктілікті арттыру жүйесінде жоғарыда тоқталып кеткен дамытушы орта жасауды шығармашылаққа қол жеткізудің шарттарының бірі деп есептейміз. Дамытушылық шығармашылық орта – білімділік үрдістің субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.



Біріншіден, дамытушылық шығармашылық орта қалыптасуы үшін оған әсер ететін қайнар көз ретінде оқу үрдісі алынады. Оқыту

үрдісінің мазмұны қажеттілік сұраныстарға қарай өзгермелі, технологиялық жағынан қамтамасыз етілген, субъектінің өзін-өзі дамытуға ықпалы барлығымен сипатталады. Дамытушылық шығармашылық орта өз қызметін тиімді атқарады, егер субъект үшін мәні болса.



Екіншіден, дамытушылық шығармашылық орта өзінен - өзі стихийялы түрде пайда бола салмады, кіріктірілген, жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді. Демек мұндай ортаны жасау үшін мақсатты жұмыс жүргізілуі қажет.

Үшіншіден, дамытушылық шығармашылық орта мәнді – құндылықтардың бірлігі мен теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай шығармашылық ортаны жобалауды оның субъектілер үшін эмоциналдық мәнмен толы болуын да ескеру қажет.

Төртіншіден, дамытушылық шығармашылық орта педагогикалық үрдістің ықпалынан өзіндік кіріккен сапаға да ие болуы мүмкін. Ондай сапаға біз субъектілердің әрекеті барысында пайда болатын, оларға позитивті немесе негативті әсер ететін психологиялық климат немесе психологиялық ахуалды жатқыздық.

Бесіншіден, дамытушылық орта жасауда шығарамашылықпен өзін-өзі жетілдірудің әлеуметтік-психологиялық қондырғылардың қалыптасуының механизмдерін қолдану тиімділігін тірек етеміз.

Сипатталып отырған орта - әлеуметтік-мәдени кеңестіктің бір бөлігі, субъектілердің өзара әрекеттесетін аймағы. Мұндай ортаның аспектілері.Инновациялық технологиялар және оны меңгеру жолдары оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасының негізі қаланып, Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық белгісі де қалыптасып келеді. Мұнда басты мақсат етіп алдымен оқушы тұлғасы мен оның білім алу арқылы өзін-өзі дамытуды көздейді.

“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді” деген еді неміс психологі Н.Энкельманн. Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі секілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.

Бұл туралы Елбасы биылғы жылы халқымызға арналған Жолдауында «Қазақстанның бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінен қадам басқалы тұрған кезінде білім беру реформасында көрсетілген жас ұрпақтың білімділігі мен біліктілігіне көңіл бөліп, бәсекеге қабілетті осы заманға лайықты жас ұрпақ даярлайды» деген болатын.

Білім саласындағы қазіргі проблемалардың бірі өскелең ұрпақта, өзіндік даму, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқушылардың өзін-өзі тануға, дамытылуына жағдай жасау кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тәжірибе көрсеткендей көптеген ұстаздардың санасы бүгінгі күн талабына қарай ояна қоймаған. Оқу процесінде әлі күнге дейін оқушыларға Вербальді монологикалы әсер ету сақталған. Жас ұрпақтың бойында дамуға деген танымдық мақсатын қызметі тек оқушының өзіндік ойлау белсенділігі негізінде ғана іске асады. Ол процесс сабақты инноватикалық тәсілдермен түрлендіргенде ғана жүзеге асады.

Алайда, кез келген білім мекемелеріндегі инноватикалық процестер түрлі объективті себептерге байланысты бірден пайда болып, іске асып, дамып және өзінің нәтижесін бермейді. Ол үшін оқу процесінің басқару құрылымын модернизациялау қажет. Озық тәжірибені ендіру және қарқындату түрлі инновациялық инициациялауға байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін білім мазмұнының жаңартудағы инновациялық және педагогикалық технологияларды ендіру, мониторинг бағдарламалары мен оқулықтардағы әдістемелік аппаратты эксперттеу күнделікті жағдайға айналды.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

Сөзімнің соңында егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы /баптары бойынша түсіндірмелерімен/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000.

    2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлеттік бағдарламасы” /Қазақстан мұғалімі. 2000.-№33-34./

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. /Қазақстан мектебі. 2004-№2/(1).

4. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1999(2).

5. Т.Мейірманқұлова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы., 2005.

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – Астана, 2001(3).

7. М.Валиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (Әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002(4).

8.К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004, 21-бет(5).

9.Қ.А.Сарбасова. Инновациялық технологиялар. Алматы., 2006.


  1. Н.Р.Юсуфбекова. Общие основы педагогической инноватики. Опыт разработки теории инновационных процессов в образовании. Москва, 1991(6).

11.Қ.А.Сарбасова. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру. Қарағанды, 2005(7).

12.М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы., 2002

13.К.Өстеміров. А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, 2006, 4-бет(8).

14.Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2006 №5-6, 25-бет(9).

15.Р.Т.Қожамжарова, К.Х.Бектенғалиева, Қ.Қ.Қадірбаева. Білім мекемесі- оқу тәрбие ордасы. Шымкент-Алматы, 2002.

16.К.Ангеловски. Учителя и инновации. Москва, 1991(10).

17.15.11. Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. – М., 1970(11).

18.16.12. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-1982(12).

19.17.Т.Сабиров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978(13).

20.Лысенкова С.Н. Методом опережающего учения. М., 1988.

21.Т.Г.Новикова. Экспертиза инновационной деятельности в образовании. Москва, 2006(14).

22.В.В.Гузеев. Методы и организационные формы обучения. Москва, 2001(15).

23.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.

24.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасын жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы:РБ кабинеті, 1995(16).

25.Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под.ред. В.Я.Ляудис.-М.-1994./

26.Қ.Ж.Бұзаубақова. “Жаңа педагогикалық технология” тренингі /оқу-әдістемелік құрал/. Алматы., 2005.

27.Тілеуова С.С. Әліпбек.А. Педагогика. Шымкент, 2006.

28.Бегалиев Т. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. Тараз., 2002.

29. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза; из опыта работы школ г.Донецка. М., 1980.

30. Юдин В.В. Педагогическая технология. Ярославль, 1997.

31.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие для студентов пед.учебных заведений и слушателей ИПК и ФПК.-М., 1998.

32. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігінің арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы., 2005.

33. УстемировК.У., Шаметов Н.Р., Бакиров Р.Т. Современные образовательные технологии технические системы обучения. Алматы, 2006(17).

34. С.Әбдіманапов. Елдік өркендеу және инновациялық даму. // Егемен Қазақстан, 2007, 28 сәуір(18).

35. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поск.- Алматы. 1995.

36. А.Г.Маджуга, А.Б.Саипов, Г.Ж.Мусурманова. Использование традиционных и активных форм и методов обучения в педагогическом процессе. Шымкент, 2004(19).

37. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. – Алматы, 1995.

38. Анатолий Гин. Приемы педагогической техники.



  1. Москва, 1999, 11-бет(20).

40. В.М.Монахов. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. Волгоград. 1995.

41.Оңтүстік Қазақстандағы жаңашыл мектептер. Шымкент – 2007, 18-бет. (21).

42.М.В.Кларин. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. М., 1994, 8-бет(22).

43. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002. С. 12.

44. Селевко Г. К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии. 1996. № 6.

45.Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения
М., 1995.

46. Поташник М.М., Моисеев А. М. Управление современной школой (В вопросах и ответах). М.: Новая школа, 1997.



47.Шамова Т. И., Третьяков П. И., Капустин Н. П. Управление образе
вательными системами: Учеб. пособие для студ. высш. учеб, заведений /
Под ред. Т. И. Шамовой. М.: ВЛАДОС, 2001.

48. Махмудов.М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. Алматы., 1999

49. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах. М., 2000.

50. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы обучения в высшей школе. Алматы., 2000.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет