И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы



бет135/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
Талдау объекттері және оларды қарастыру схемасы
Педагогикалық психология теориясы мен практикасында сабақты психологиялық талдаудың саналуан схемалары құрастырылған (Н.Ф. Добрынин, В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Т. Охитина, С.В. Иванов, И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская және т.б.), олар авторлар тарапынан түрлі негізде құрылған. Л.Т. Охитина дамыта оқытудың бастапқы принциптері мен қағидаларының негізінде ұсынған сабақтың психологиялық талдауына қатысты тәсілді қарастырайық, бұл тәсіл бойынша ол сабақты психологиялық талдау объекттерінің тармақталған құрылымын анықтайды (мұғалім, оқушы, сабақты ұйымдастыру және т.б.) [159]. Мысал ретінде талдаудың екі объектін қарастырайық: сабақты ұйымдастыру мен оқушылардың ұйымшылдығы.
Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы: а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй, б) сыныппен психологиялық контакт; 2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру, б) зейінді ұйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.
Л.Т. Охитина бойынша талдау құрылымының басқа объекті – оқушылардың өзінің ұйымшылдығы, яғни 1) оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейі; 2) шәкірттердің оқып білуге деген қатынасы; 3) ақыл-ой еңбегінің өзіндік ұйымдасуы; 4) оқытылуға көнімділік жатады. Автор оқытудың тек оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының дамуына да өзгеріс енгізуі керек екенін орынды атап көрсетеді. Егер оқушы өз ниеті бойынша әрекеттенсе ғана оқыту дамытушы болады.
Сабаққа талдау жүргізудің жалпы жоспарында автор тіректік бес тармақ бөледі: сабақтың психологиялық мақсаты, сабақ стилі, дәлірек айтқанда, педагогтың іс-әрекет стилі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, шәкірттердің ұйымшылдығы, шәкірттердің жас ерекшеліктерін есепке алу. Осы тармақтар бойынша мұғалім сабаққа толық немесе жартылай талдау жүргізе алады, яғни нақты жағдайлардағы оның неғұрлым мәнді бөліктерін талдау. Осы тәсілді сабақ стилін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау материалы негізінде толығырақ қарастырайық.
Сабақ стилі талдау объекті ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, екі сұрақтың жауабын ұйғарады. Бірінші сұрақ: сабақтың мазмұны мен құрылымы қандай мөлшерде дамыта оқыту принциптеріне жауап береді, дәлірек айтқанда,

«а) оқушылардың есте сақтауларына жүктеме мен олардың ойлауының ара қатынасы;

б) оқушылардың қайта жаңғыртушы және шығармашылық іс-әрекеттерінің арақатынасы;

в) білімді дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, оқулықтан, оқу құралынан т.б.) және өз бетінше ізденіс процесінде меңгеру арақатынасы;

г) проблемалық-эвристикалық оқытудың қай буыны мұғалім тарапынан орындалуда және қайсысын оқушылар орындауында жүзеге асырылады (проблеманы кім қояды, кім қалыптастырады, тұжырымдайды, кім орындайды);

д) мұғалім іске асыратын, оқушылардың іс-әрекетін бақылау, талдау және бағалау мен шәкірттердің өзара сыни бағалауы, өзін-өзі бақылауы және өзіндік талдаумен арақатынасы;

е) оқушыларды іс-әрекетке ниеттеу (орындалған жұмыспен байланысты жағымды сезімдер туғызатын комментарийлер, қиындықты жеңуге ынталандырушы ұстанымдар, ерік күші және т.б.) мен еріксіз көндіру арақатынасы (баға туралы еске салу, күрт ескертулер, ақыл айтулар т.б.)».
Стильді талдау кезінде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап:


«а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақтың мазмұндық және құрылымдық компоненттерін игеру дәрежесі, психологиялық мақсатты саналы түсіну мен оны іске асыруға ішкі дайындық дәрежесі);

б) мұғалімнің сабақтың басындағы және оны іске асыру процесіндегі жұмыстық көңіл-күйі (жинақылық, сабақтың тақырыбы мен психологиялық мақсатына сай күйге келу, жігерлілік, қойылған мақсатты іске асырудағы табандылық, болып жатқанның барлығына да оптимистік тұрғыдан келу, педагогикалық тапқырлық т.б.);

в) мұғалімнің педагогикалық такты (педагогикалық әдеп көрсету немесе әдепсіздік жағдайы);

г) сыныптағы психологиялық климат (мұғалім балалардың бір-бірімен және мұғалімнің өзімен көңілді, шын жүректен қарым-қатынас жасау атмосферасын қалай қолдап отырады, іскерлік контакт немесе басқа қатынастар)» [159, 84-85 б.].
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау схемасы да бірталай қызығушылық тудырады, бұл процесте мұғалімге ойлау мен қиялдың табысты жұмысына жағдайлар қандай мөлшерде қамтамасыз етілді деген сұраққа жауап беру ұсынылады, дәлірек айтсақ:
а) оқушылардың оқып біліп отырған материалды қабылдауларының қажетті таңдамалылығын, мағыналылығына, тұтастығына қалай қол жеткізді, оларға өзгермейтін, тәуелсіз белгілерді өзгерілетіндерден ажыратуға қалай көмектесті;
б) қандай ұстанымдар қолданды және қандай формада (көз жеткізу, сендіру);
в) оқушылардың зейінінің тұрақтылығына және жинақталғандығына қалай қол жеткізді;
г) бұрын меңгерілген, жаңа материалды түсіну үшін қажетті білімдерді оқушылардың есінде өзектендіру үшін қандай жұмыс формаларын пайдаланды (жеке дара сұрастыру, сыныппен әңгімелесу, қайталау бойынша жаттығулар т.б.).
Оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекетін жаңа білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру процесінде ұйымдастыру келесі сұрақтарға жауапты ұйғарады:
а) оқушылардың білімі қай деңгейде қалыптасты (нақты-сезімдік елестетулер, түсініктер, жалпыланған бейнелер, «жаңалық ашулар», формулалар шығару және т.б. деңгейлерде);
б) мұғалім оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекеттерін ұйымдастыруда елестетулерді, түсініктерді, түсіну деңгейлерін, жаңа бейнелерді жасауды қалыптастырудың қандай психологиялық заңдылықтарына сүйенді;
в) мұғалім жұмыстың қандай тәсілдері мен формаларының көмегімен оқушылардың ойлауының белсенділігіне және өз бетінше орындауына қол жеткізді (сұрақтар жүйесі, проблемалық жағдайларды тудыру, тапсырмаларды проблемалық-эвристикалық шешудің түрлі деңгейлері, жеткіліксіз немесе артық деректері бар тапсырмаларды пайдалану, сабақ үстінде іздестіруші, зерттеуші жұмысты ұйымдастыру т.б.);
г) мұғалім оқушылардан түсінудің қандай деңгейін (сипаттаушы, салыстырушы, түсіндіруші, жалпылаушы, бағалаушы, проблемалық) талап етті және осыған байланысты нанымдар мен идеалдардың қалыптасуын қалай басқарып отырды;
д) сабақ үстінде шығармашылық жұмыстың қандай түрлері пайдаланды және мұғалім оқушылардың шығармашылық қиялдарын қалай басқарып отырды (жұмыс мақсаты мен тақырыбын, оны орындау шарттарын түсіндіру, материалды сұрыптау мен жүйелеуге, және де жұмыс нәтижесін өңдеу мен ресімдеуге үйрету) [159, 85-86 б.].
Оқушылардың ұйымшылдығын талдау, мұғалім олардың оқытылғандық деңгейі бойынша қандай топтарын бөледі және ол сыныптағы жаппай жұмысты оқу дәрістерінің топтық және даралық формаларымен қалай үйлестіреді деген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім сабаққа және оны өткізуге дайындықтың барлық буындарын есепке алу керек, шәкірттердің жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктерін тек сабақтың мақсаты мен стилін анықтауда ғана емес, сондай-ақ оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда, оқыту процесінде оларға сараланып жіктелінген тұрғыдан шәкірттердің тұлғалық, іс-әрекеттік, интеллектуалдық ерекшеліктерін қалыптастыруды да есепке алу қажет.
Сабақты психологиялық талдаудың барлық негізгі объекттерін жан-жақты қамту оның әр нақты жағдайында қиын шығар, бірақ, оқу пәнінің ерекшелігін есепке ала отырып, оларды тұтас жүйе ретінде көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет