И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет45/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

Тұлғаның дамуы

Адамның тұлға ретінде дамуы оның «өмірлік жолының» жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. «Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және мектеп шағындағы балалық» [7, 266 б.].


Тұлғаның «индивидті әлеуметтендіру» процесі ретінде дамуы отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап өткендей, баланың өзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік өмір шындығының қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік жағдаяттары қалыптасады. Л.С. Выготский бойынша, дамудың әлеуметтік жағдаяты «тұлғаның жаңа қасиеттерін бойына сіңіру үшін бала бағыт ететін жолдар мен формаларды толығымен анықтайды, ол оны дамудың негізгі көзі - әлеуметтік өмір шындығынан алады, бұл әлеуметтіктің индивидуалды болатын жолы» [49, 258-259 б.].
Қарым-қатынастар жүйесін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерін, әрекеттің әртүрлі типтері мен формаларын қамтитын дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғалық дамудың негізгі шарты санатында қарастырылады. Бұл жағдаятты адам өзінің қоршаған ортадағы орынын оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтінін түсінгеннен соң өзгертуге тырысатыны сиқты өзгерте алады. Егер бұл болмаған жағдайда, онда баланың өмір сүру дағдысы мен оның мүмкіндіктерінің арасында ашық қарама-қайшылық туады (А.Н. Леонтьев).
А.В. Петровскийге сәйкес, дамудың әлеуметтік жағдаятының өзі, немесе одан да кең түрде - әлеуметтік орта тұрақты немесе өзгеріп отыратын бола алады, бұл дегеніміз баланың, адамның өмір сүретін әлеуметтік бірлестігіндегі салыстырамалы тұрақтылық пен өзгерістеді білдіреді [167, 21 б.]. Осы бірлестіктің өміріне баланың әлеуметтік жан ретінде енуі үш кезеңнен өтуді ұйғарады: осы бірлестікте қолданылатын нормалар, өзара әрекеттесу мен әрекеттер формаларына бейімделу; «индивидтің ең жоғары дәрежеде дербестендіру қажеттілігі» мен тұлғаның осы бірлестікте ықпалдасуын қанағаттандыру ретінде дараландыру. Егер дараландыру «өз жеке тұлғасын белгілеу үшін құралдар мен әдістерді іздеумен» және осы ұмтылыс пен бейімделудің нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюмен сипатталса, онда интеграция «субъекттің өзінің ерекшеліктері және осы бірлестікте өзіне маңызды өзгешеліктермен идеалды көрінгісі келетін алдыңғы сатыда қалыптасқан ұмтылысы мен бірлестіктің субъектке тән жеке ерекшеліктердің ішіндегі тек оған ұнайтын, және оның құндылықтарына сәйкес келетін, бірлесіп атқарған қызметте табысқа жеткізетін және т.б. ерекшеліктерді ғана қабылдау, құптау және енгізу арасындағы қарама-қайшылықтармен детерминирленеді» [167, 22 б.]. «Баланың өмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік жағдаятында» (А.Г. Асмолов) жетекші әрекет шеңберінде жүзеге асырылу үстіндегі бірлескен әрекет, тұлғаның кез-келген әлеуметтік жағдаятында дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Бейімделу, дараландыру, ықпалдасу (А.В. Петровский бойынша) адам мен бірлестіктің өзара әрекеттесу механизмі, осы өзара әрекеттесу барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешу процесінде жүретін әлеуметтендіру және тұлғалық дамудың механизмі ретінде танылады. Адамның тұлғалық дамуының өзіндік сана сезімі, «Мен» бейнесін («Мен» тұжырымдамасы, «Мен» – жүйесі) қалыптастырумен, қажеттіліктік-мотивациялық саласын өзгертумен, қарым-қатынастар жүйесі ретіндегі бағыттануын, тұлғалық рефлексияның дамуын, өзін-өзі бағалау механизмін өзгертумен байланысады. Тұлғалық дамудың барлық жақтары ішкі қарама-қайшылықпен, әртектілікпен сипатталады. Мысалы, кіші мектеп оқушысының мысалында оның өзін-өзі бағалауындағы өзгерістер оның сандық және сапалық жағынан бірдей еместігін көрсетті. Тек осы жастың аяғында ғана баланың оның тұлға ретінде қалыптасуында өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға әкелетіні анықталды. Мұнда да А.В. Захарованың деректері бойынша, жас ерекшелігінің өзгеруіне байланысты әрекеттердің барлық түрлерінде өзін-өзі жоғары бағалау саны азайып, өзін төмен бағалау саны көбейеді, бұл балада өз-өзіне сын көзбен қараудың өсуін дәлелдейді. Алайда, бұл өзін-өзі бағалаудың барабарлығы көрсеткішін (барабарлығын) көтермейді. Өзін-өзі сәйкес бағалаушы оқушылар саны 40-50%-дан аспайды [116, 86 б].
Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы мінез құлықтың және мінез-құлықтың белгілі жағдайлардағы реакцияларының еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс баланың өз мінез-құлығын басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, оларға жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-өзі реттеу – баланың интеллектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Мінез-құлықтың еркіндігі сыртқы реттеуден өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бұл беталыс сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын өзін-өзі бақылауда әсіресе анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін тәжірибелі мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен бағалауды ұйымдастыруда үнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, мұғалімнің ұйымдастырған әрекетінен оқушының оны өзін-өзі ұйымдастыруына - бұл мектеп оқушысының тұлғалық дамуы мен өзін-өзі дамытуының сара жолы.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л.И. Божович баланың тұлғалық дамуының бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде талдауын келтіреді [30, 30-34б.]. «Бірінші өмір жылында ең басты, яғни тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер етуіне қарамастан баланың мінез-құлығын тудыратын аффектті қуатталған көріністердің пайда болуы саналады» Л.И. Божович бұл көріністі «түрткі болушы» деп атаған. Оның әсері баланы «сыртқы әсерлердің тегеуірінен» босатады. Алайда, ол оны әлі түсінбейді, бірақ ол субъект бола бастайды. Үшінші өмір сүру жылында, яғни ерте балалық шақтың аяғында «маңызды жаңа қасиет …«МЕН» жүйесі болады және осы жаңа қасиеттен туатын өзі әрекет жасау қажеттілігі болады», ол «Мен өзім» формуласы бойынша беріледі. «Жүзеге асыру қажеттілігі мен өзінің Мен дегенін бекіту … басымды болады». Бұл кезеңде – «келеді» және «керек» деген екі күш бетпе-бет келеді. Өзіндік сана сезімнің қалыптасуы жүреді.
7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л.И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады». 12-14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» қалыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады.
Л.И. Божовичтің қарастырған жас ерекшеілік кезеңдері 1-ші және 3-ші жылдардағы өмірдегі, 7 жастағы және жасөспірімдік жастағы дағдарыстармен сәйкес келеді. Педагогикалық тәжірибе үшін Л.С. Выготскийдің жоғарыда келтірілген ережелерін ескеретін негізгі және маңызды қорытынды - педагог оқушылардың тұлғалық дамуының осы ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл мектеп оқушыларының жас ерекшелік дағдарыстарының шиеленесуін шешуге, фрустрацияның (психикалық шиеленіс, алаңдаушылық және т.б.), жүйкенің тозуы пайда болуының алдын алу.
Бала тұлғасының дамуын дұрыс түсіну үшін осы процестің ерте кезеңдері (7 жасқа дейін) ерекше қызығушылық туғызады. Бұл сөздің шынайы мағынасында «персоногенез», яғни тұлғаның қалыптасуы мен жеке дамуы. Осы проблеманы зерттеушілердің бірі В.С. Мухина тұлғаның дамуын баланың өзіндік сана сезім құрылымын деңгейлік, сатылап қалыптастыру ретінде қарастырады. Бұл құрылымда 5 буын бар: жалқы есім және дене, өзін мойындатуға ұмтылу, жыныстық сәйкестендіру, психологиялық уақыт және тұлғаның әлеуметтік кеңістігі. В.С. Мухина бойынша, тұлға дамуының механизмдері сәйкестендіру, оқшаулану және олардың өзара әрекеттесуі [146, 56-97 б.] болып табылады. Автор атап өткендей, «қоғам мен тұлға үшін жалпы маңызды құндылық болып адамның өзіндік сана сезімінің құрылымы болады, оны жалқы есім, өзін-өзі бағалау және...... , өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде ұсынуы, өзін уақытта елестетуі (өткен, осы, және болашақта), өзін құқық пен міндеттерге қатысты бағалау» [145, 58 б.]. В.С. Мухина мен оның оқушыларының жүргізген зерттеулері мұғалімнің оқушыға қаншалықты мұқият болуын көрсетеді. Бірінші сынып оқушысымен қарым-қатынас жасаудың формасын таңдағанда, әсіресе, алты жастық оқушыға, баланы тегімен (фамилиясымен) атаса, ол оны «жатсынтады» - себебі, ол өзінің есіміне үйренген. В.С. Мухина мұғалім оқытудың басында балаларға (әсіресе, жайсыз отбасыларанан шыққан) есімін атап, «Петя, сен жарайсың!», «Маша, бүгін үздік!» және т.б. деп баланың әрекеттерін жақсы бағалаудан қорықпауы керек. Өзін ұл немесе қыз бала ретінде сезініп, бала мұғалімнің көмегімен өзінің жыныстық (әлеуметтік) позициясын қалыптастырады. Ұл бала күшті болуы керек, ол қызды қамқорлыққа алуы, оған көңіл бөлуі қажет.
В.С. Мухина балаларды үнемі «Балалар!» деп ортақ атауы әбден дұрыс емес деп әділетті атап өтеді. Бұл жерде бала тұлғасын дамыту барысында қыздардың (нәзіктілік, ұстамдылық, биязылық, мейірімділік, тазалық, адамгершіліктік, аяушылық) және ұлдардың (батылдылық, шешімділік, жауапкершілік, кеңжүректік, адалдылық) назарын неге аударудың ерекшелігін тіркеп, атап отыру қажет. Баланың өмірлік болашағын оның өткен, болашақ және осы шақта өзін елестетуін басқару негізінде қалыптастырудың ерекшеліктері туралы В.С. Мухинаның ойлары өте маңызды. Бірінші сынып оқушысының өмірлік позициясын былайша тұжырымдауға болады: бүгінгі күн ертеңгі күн үшін. Оны зерттеу, балалардың басым көпшілігі өзінің өткен шағына емес, болашағына қарайтынын көрсетті. Бұл ереже ең алдымен, депривирленген дамуға емес, дұрыс дамуға қатысты (яғни, өзін таныту, мойындатуға үміт арту сияқты қажеттілік қанағаттандырылмайтын процесте даму). Оны қоғамның әлеуметтік қайта құрулар, қалыптасқан пікірлер, адамдардың, атап айтқанда, баланың жеке санасында таптаурындардың (стереотиптердің) қалыптасқан кезеңінде жұмыс істейтін мұғалімге ескеру өте маңызды. Мұғалім саналы түрде баланың болашаққа оптимистік ойларын мақсатты қалыптастыруы, позитивтік өмірлік болашақты нығайтуы, өмірге пессимистік, нигилистік қарау беталыстарына қарсы тұра білуі қажет.
Толыққанды белсенді тұлға қалыптастыруға (К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, В.В. Давыдов және көптеген басқалар) бағытталған адамгершіліктік тәрбиелеуші оқытудың жалпы тұжырымдамасын әзірлей келе, В.С. Мухина ерекше назарды қоғамда қабылданған құқықтар мен міндеттерге баланың қатынасын қалыптастыруға аударады. Автор балалардың міндеттерін олардың құқықтарына айналдыру идеясын ұсынады, оны түсіну баланың өзін-өзі сыйлауының деңгейін «көтереді». Бізге үйренішті екі өтінішті салыстырайық: «Балалар, сендер тыныш отыруға тиістісіңдер», «Сендер сабақта өз беттеріңмен жұмыс істеулерің қажет» және В.С. Мухинаның ұсынатын формасы: «Балалар, сендердің тыныштыққа, өз беттеріңмен жұмыс істеуге құқықтарың бар, сол құқықтарыңды пайдаланыңдар».
В.С. Мухинаның әзірлеген «Мен Петя, - жақсы - бала – болғанмын, - қазір бармын – боламын - құқым бар – міндеттімін» деген бала тұлғасының өзін-өзі саналы ұғыну құрылымы ... «адамның барлық бойында көрінетін негізін көрсетеді, ол бір жағынан, дәстүр, әлеуметтік құрылысқа, екінші жағынан, және тұлғаның жеке даму жолына байланысты мазмұнды жағынан толысады» [145, 64 б.]. Осы құрылымның компоненттері әрбір оқушының өзіндік сана сезімінде орын алады, және әрине, оның тұлғалық, жас ерекшеліктік даму деңгейіне байланысты олар оның оқушы ретіндегі позициясын, оның оқуға, мұғалімге, мектепке деген қатынасын анықтайды.
А.В. Петровскийге сәйкес, тұлғаның дамуы үздіксіздік пен бір жастан екінші жас ерекшелігіне ауысқан кезеңдерде кідірістің бірлігі ретінде ұсыныла алуы мүмкін. «Тұлғаның дамуында үздіксіздік (жүйе ретінде) берілген бірлестікте тұлғаның бір кезеңнен басқа кезеңге ауысу заңдылықтарында ол үшін өте маңызды, салыстырамалы тұрақтылықты білдіреді. Ал кідіріс тұлғаны жаңа нақты-тарихи жағдайларға енгізудің ерекшеліктерінен туатын сапалық өзерістерді сипаттайды, олар оның «көршілес» жүйелермен өзара әрекеттесуіне қатысты факторлардың әсерімен байланысты, берілген жағдайда олар сол қоғамда қабылданған білім беру жүйелері болып табылады» [168, 21 б.]. А.В. Петровский бойынша, әлеуметтік дамудың барлық жағдаяты осы процестің макро - және микрофазалары ретіндегі бейімделу, дараландыру және интеграциядан өту үстіндегі адамның тұлғалық дамуын анықтайды.
Ең бірінші кезекте отандық психологияда зерттелінген (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.В. Петровский) тұлға дамуының келтірілген тұжырымдамасы Л.С. Выготский бойынша, «даму дегеніміз ең бірінші кезекте, бұрынғы сатыларда болмаған жаңаның үнемі пайда болуы және қалыптасуымен…баланың даму сатыларына шығу барысында қоғамдық пен жекенің бірлігі ретінде сипатталатын өзін-өзі қозғалысқа түсіруші үздіксіз процесс» [49, 248 б.]. Л.С. Выготскийге сәйкес, дамудың басқа тұжырымдамасы мақсатты өзін-өзі дамытушы тұлғаның автономды, ішкі, өмірлік екпінімен өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіруге жігер беруге бағытталған, шығармашылық эволюция теорияларында көрінісін табады [49, 248 б.].
С.Д. Смирновтың кеңінен танымал шет елдік тұжырымдамаларда келтірілген тұлғаның дамуындағы қозғаушы күштер мен шарттардың талдауы осы күштер мен шарттардың қалайша дәлелденетінін көрсетеді [202, 147 б.]:

  • З. Фрейд бойынша, жеке және тұлғалық дамудың негізі туа біткен елігу немесе инстинкттер болып табылады, онда психикалық энергияның жалғыз көзі - биологиялық елігу ғана танылады;

  • К. Юнг бойынша, «дараландыру» бірлестіктен жіктеліп бөлініп шығу. Дараландырудың түпкі мақсаты - «өзім» дегеннің ең жоғары нүктесіне жету, барлық психикалық құрылымдардың тұтас және толық бірлігі;

  • А. Адлер бойынша, адамға туғаннан бастап «бірлестік сезімі» немесе «қоғамдық сезім» тән, ол сезім әдетте адамға өмірінің бірінші жылдары өзін толыққанды сезінбеу сезімін жеңіп, қоғамға кіруге ұмтылуға түрткі болады;

  • К. Хорни бойынша, тұлғаның дамуы үшін негізгі энергия көзі –мазасыздану, «алаңдау» және содан туған өзін-өзі қауіпсіздендіруге ұмтылу сезімі.

Тұлғалық даму, адамның тұлға, әлеуметтік жаратылыс ретінде қалыптасуы көпжақтылығы соншама, оны бір уақытта сыртқы немесе ішкі шарттар ретінде анықтайды. «Адамның жаратылысын негізгі екі қарама-қайшылық анықтайды, оның дамуы және оның жаратылыстық қасиеттерінің саналуандылығын мен сипаттаушы кешендерде олардың үйлесуі. Олар: а) табиғатты жатсыну және онымен байланыста болу; б) қоғамнан, басқа адамдырды жатсыну және олармен байланыста болу» [232, 27 б.]. Дамудың әрбір шартының әсерін абсолютке апару- теоретикалық абстракциялар мен түсінік берудің әдіснамалық негіздерінің проблемасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет