«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет18/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Фрейдизм жеке адамның жан төркiнiн, дамуын иррационализм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы əрекетке тiкелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есi ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсiндiруге бағытталған бұл iлiм кейiн адам жөнiндегi жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың iшiндегi ең бастысы либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау əлеуметтiк ортада тiршiлiк сақтау қажеттiгi арасындағы мəңгi өшпес келiспестiк пен арпалыста дамиды, қалыптасады.
Қоғам өзiнiң шектеулерiмен адамды күйзелiске түсiредi, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңiл шарпулары (аффект) жəне сезiм көрiнiстерi (эмоция) айналма жолдармен невротикалық белгiлер түрiнде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бiрақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ əзiл, т,б,). Осыдан З.Фрейд Адам iсəрекетiнiң бəрi объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзi сезе бермейтiн астар санадағы ықпалдар (мотив) жетегiнде жүредi деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, яғни организм мен қоғам адамның саналы күтiлмеген көңiл шарпуларының илемiндегi қамыр. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дəрiптеуiнен, адам əрекетiнiң бəрi агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүмкiн емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.
Австриялық дәрiгер - психиатр және психолог З.Фрейд адам өмiріндегi үлкен рөлдi балалық жылдарына пұлдады. Адамның мiнез-құлығының қалыптасуы балалық шақтағы өткен өшпейтiн ізге тікелей байланысты деп қарастырды. Балалық шақ, З.Фрейд бойынша, бiрнеше кезеңдерге жiктеледi:
Белгілі бір уақытта қай орган, қандай психосексуалды аймақтары дамыса, ол соған сәйкес дамитын кезеңдердi анықтайды. З.Фрейд адам барлық кезеңдердi өз дамуында дәйектi түрде өтетiн энергияның мөлшерiмен дүниеге келетiнiн санады. Ол алғашқы үш кезеңдер прегениальды деп атады: (оральная, анальная, фаллическая) ауыз, көтеншек, фаллиялығы. Олар 5 жылдарға дейiн жаратылысты жас шамаларын қамтиды. Төртiншi, генитальды, өз дамытуындағы фаза жыныс жетілуі уақытпен дәл келедi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет