«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


Материя өмір сүруінің атрибуттары



бет21/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Материя өмір сүруінің атрибуттары.
Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
Кеңістік пен уақыт
Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады. Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс пен бір-біріне өту бар. Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік космос әлемімен байланысты. «Адамның мәңгі арқа сүйейтін, рухани - тірегі-ол жарық Дүние, осы жарық Дүние мен өмірдің ажырамас мәңгі біртұтастығын сезіну - түсіну. Осы сезіну-түсіну әр адамның таным -білімінің ең терең деңгейі болып табылады. Сондықтан адаммен әр уақытта бірге өмір сүретін арқа сүйеудің күші мен мәңгілігіне еш уақытта күмәндануға болмайды. Осы тірек әр адамға өмірдің ерекше тереңдігін сыйлайды, өйткені әр адам өмірді өзі жеке, жеке мүмкіндіктерімен қабылдай отырып, оның мәңгілігіне, дүниенің мәңгілігіне өз өмірінің (ұрпағының) баласының өмірі арқылы мәңгі жалғаса беретініне сенеді. Адамның рухани, мәңгі тіреуі - бұл жарық Дүниені ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Сондықтан да қазақтар естіртіп те және естіртпей де өзінің арқа сүйеуі Жарық Дүниеге - О, Жарық Дүние-ай, деп сиынып отырады”-деп жазды Қ.Ш. Нұрланова. Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы: 1) біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді; 2) олар фундаменталдық сипатта болады; 3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге келтірілген; 4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да әлеуметтік өмір мен адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, объективтік ақиқатты білдіретін білімдер; 6) айтарлықтай тұрақты; 7) ғылыми танымның алдағы дамуында, соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық роль атқаратын білімдер”.21 Дүниенің ғылыми картинасына жақындау ұғым “әлем үлгісі” категориясы. В.Н. Топоровқа сүйеніп, бұл ұғымды кеңінен пайдаланған Ж.Ш.Резин. Әлем үлгісі дегеніміз - өмірде бар заттар мен құбылыстарды түсіндірудің жалпы және қарапайым бейнесі. Үлгі әрдайым нысанды түгелдеу емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып - күйін туындатады, бұндайда таңдау ісінің өзі танымның маңызды буыны болып табылады. Әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі болып табылатын үлгі жасау дүниенің ғылыми картинасын жасау жолындағы алғашқы қарапайым қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, оған да біртұтастық, жүйелік тән, ол да дүниенің біртұтастығын, ажырамас бірлігін түсіндіруге тырысқан. Физикалық әрекеттесу - байланыс, өзара әрекеттесу және қозғалыс материяның негізгі атрибуттары. Дененің барлық қасиеттері өзара әрекеттесуден шығады және олардың құрылымдық байланыстарының нәтижесі болып саналады.Өзара әрекеттесу деген уақыт пен кеңістік шеңберінде бір объектіге материя және қозғалыс алмасуы арқылы әсер етуі.Әрбір өзара әрекеттесудің негізіне заттардың өздеріне ең басынан қатысы бар қасиеттер жатады. Бөлшектердің өзара әрекеттесуге қабілеттерін тасушы, әрі өзара әрекеттесудің сандық өлшемі заряд болып табылады. Зарядтың ең кіші дискреттік шамасын (квантты) жекелеген заряд ретінде қарастырады. Өзара әрекеттесу күші кез кел-ген жағдайда әрекеттесетін екі бөлшектің көбейтіндісіне тура пропор-ционал, ал өте күрделі түрде бөлшектердің арасындағы қашықтыққа байланысты.Қазіргі көзқарастар бойынша, кез келген өзара байланыс турінің өзіндік физикалық агенті бар, яғни онсыз өзара әрекеттесу болмайды. Заттардың бір-біріне тартылуы немесе тебілуі оларды бөліп туратын орта арқылы беріледі. Ондай орта - вакуум. Өзара әрекеттесу теория-сын жасаған кезде процестің белгілі бір жобасы пайдаланылады: фермион - заряд бөлшектер маңында бозон-бөлшектерін тудыратын өріс қалыптастырады. Екі реальды бөлшек белгілі бір әрекеттесу радиусында бір-бірімен қозғалмалы бозондарымен алмаса бастайды, яғни бір бөлшек бозон бөлген кезде екіншісі оны жутып, өз бозонын оған береді немесе керісінше, бозондармен алмасу бөлшектердің арасында тартылу немесе тебілу қубылыстарын қамтамасыз етеді.

8 –Дәріс
Таным және шығармашылық. Танымның қалыптасқан тарихи түрлері


Дәріс жоспары:
1.Таным философиялық мәселе ретінде
2.Әртүрлі философиялык концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары
3.Таным обьектісі мен субьектісі.
4.Таным мүмкіндіктері мен шекаралары
5.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі:танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм
6.Милет мектебінің натурфилософиясы және скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмнің скептицизмі. И.Канттың классикалық агноцистизмі
7.Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиядағы оның маңызы
8.К.Ясперстің «Мен адамилық адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субьектсіз» эпистемологиясы.Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқатттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыру аясындағы білім культі.
9.Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары.Ақиқат және оның критерйлері.
10.Сезімдік таным және рационалдық таным. Философиядағы эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет