Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты – Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың метебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін – академияны ашты. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.
Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1)әкімдер; 2)қорғаушылар; 3)өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусан, соның өкілі боласын. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс.Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
АРИСТОТЕЛЬ ПОЛИТИКА Бірінші кітап І.
1. Біздің білуімізше, кез келген мемлекет белгілі бір қарым- қатынас түрі болғандықтан, ал кез-келген қарым-қатынас нақтылы бір ізгі ниет үшін ұйымдастырылатын (себебі кел-келген іс-әрекет мақсат еткен іске сәйкес құрылатын сол ізгі ниетті) болғандықтан, барлық қатынастардың бір немесе өзге ізгілікке ұмтылуы (stokhadzontai) айқын, солардың ішінде – ең үлкен және ең биік ізгілікке ұмтылатын қатынас, басқалардан ең маңызды болғандықтан, өзге қатынастардың барлығын қамтиды. Мұндай қарым-қатынас мемлекет немесе саяси қарым-қатынас деп аталады.
2. «Мемлекет қайраткері», «патша», «үй иесі», «мырза» деген сөздердің мағынасы бірдей деушілер қателеседі. Өйткені, олар бұл сөздердің айырмашылығы сапалық жағында емес, сандық жағына деп есептейді; мысалы, олардың айтуынша, мырза – аздаған адамдарға билік етуші; үй иесі – саны көп адамдарға билік етуші; ал онан да көп адамдарға билік етушілер –мемлекет қайраткері немесе патша; сонда үлкен отбасы мен шағын мемлекеттің айырмашылығы жоқ сияқты; және мемлекет қайраткерінің патшадан айырмашылығы: патша тек өзіне тән билікпен басқаратын болса, мемлекет қайраткері бір жағынан билік жүргізгенімен, екінші жағынан арнайы ғылымның негізіне – саясаттың негіздеріне бағыныштылықпен басқарады деп есептеледі. Бірақ бұл ақиқаттан алшақ.
4. Жұптасып өмір сүру қажеттілігі бірінсіз бірі өмір сүре алмай- тын қажеттіліктен туындайды, — әйел мен еркек ұрпақ жалғастыру мақсатында жұптасады; және мұндай үйлесімдік саналы шешімге бай- ланысты емес, ол — өзінен соң өзіне ұқсас тіршілік иесін қалдыру үшін басқа да өсімдіктер мен тірі жәндіктерге тән табиғи ынталылықтан тәуелді. (...) 244 АНТИКАЛЫҚ ГРЕКИЯ ЖӘНЕ РИМ ТАРИХИ ОЙЫ 25
7. Кент – тек қана қысқа мерзімді қажеттілікті қанағаттандыру- мен байланысты емес, бірнеше отбасылық қарым-қатынастан тұ- ратындар. Кентті отбасылардың колониясы деп қарау өзінен-өзі түсі- нікті; сондықтан кейбіреулер бір кенттің мүшелерін «емшек- тес бауырлар», «ұлдар», «немерелер» деп те атайды. Осыған орай бастапқы кездері грек елдерін патшалар басқарған (қазіргі кездері мұндайды гректік емес ұлыстардан да көреміз), олар патшалық билікті мойындаған бөлшектерден тұрады: өйткені әр отбасының үлкеніне патшалық билік берілген. Отбасылар колониясында да тұрғындардың туысқандық байланыстарына сәйкес осындай рет- тілікті қолдаған. (....)
8. Өзі жағдайына өзі толық иелік ете алатын және өмір қажеттілігі үшін құрылған, берекетті өмірге қол жеткізу үшін болатын бірнеше кенттерден құрылған қоғамды толығынан жетілген мемлекет деп айту- ға болады. Соның салдарынан, әрбір мемлекет – табиғи пайда болған нәтиже және алғашқы қарым-қатынастар: осылардың қорытындысы, қорытындыдан табиғат айқындалады. (...)
9. Жоғары айтылғандардан мемлекеттің табиғи құбылыс, ал адам- ның табиғатынан саяси жан екендігі айқындалады, ал кімде-кім, кездейсоқтықтан емес, өзінің табиғатынан мемлекеттен тыс өмір сүретін болса, ол – имандылық тұрғыда дамымаған жан немесе бәрінен асқақ адам; оны Гомер де даттап «тексіз, тайпасыз, заңдардан тыс от- басысыз» деген; және ондай адам табиғатынан соғысқа жаны құмар; ондай адамды ойын тақтасындағы барлық жағынан қамалған пешка- мен салыстыруға болады. 10. Аралар мен басқа да үйірлі жануарлармен салыстырғанда адамның негізінен қоғамдық жан екені мынадан айқындалады: та- биғат, біздің білуімізше, еш нәрсені бекерге жасамайды; бірақ тек қана адамға сөйлеу қасиеті берілген. Дауыс қапалық пен қуанышты аңғартады, сондықтан ол басқа да тірі жәндіктерге де тән (себебі олардың табиғи қасиеттері дамығандығынан қуаныш пен қапалық сезімдерін бір-бірінге жеткізе алады). Бірақ сөйлеу арқылы ғана ненің пайдалы және ненің зияндылығы сияқты, ненің әділетті және ненің әділетсіз екенін білдіруге болады. 11. Бұл қасиет адамдарды басқа тірі жәндіктерден ерекшелендіре- ді: Тек адамның ғана мейрімділік пен зұлымдық, әділеттік пен әділет- сіздік және т.б. ұғымдарды түсіну қабілеті бар. Ал осылардың жиын- тығы отбасы мен мемлекеттің негізін қалайды.(...) 24 АНТИКАЛЫҚ ГРЕКИЯ 25 12. Сөйтіп, мемлекет табиғатына сай болады, және табиғатына орай жеке адамдардың бәрінен бұрын болады; өйткені соңғы шектеулі болған жағдайда өзіндік мәніне ие бола алмайды, оның мемлекетке деген қатынасы бөлшектің бүтінге деген қатынасындай. (...) Табиғат барлық адамзат бойына мемлекеттік қатынасқа деген ұмтылыс қасиеттерін дарытқан, сондықтан осы қатынасты алғаш қалыптастырған адам, адамзатқа ең үлкен жақсылық жасаған. Өзінің қабілет шегіне жеткен адам – тірі жандардың ішіндегі ең жетілгені, ал, керісінше, заң мен құқықтан тыс өмір сүретін адам – барлығынан на- шар адам, өйткені қаруланған – әділетсіздік, қиындықтың ең қиыны; табиғаттың адам қолына бергені – ақыл мен адамгершілік күші, ал оларды керісінше де қолдануға болады. Сондықтан мейірімділік қа- сиеті жоқ адам арсыз және жабайы, өзінің жыныстық және талғамдық ниеттерінде опасыз болады. Әділеттілік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен байланысты, өйткені құқық саяси қатынастың нормасын реттейтін әділеттіктің мөлшері болып табылады. (...) ІІ. 4. Жеке меншік үйдің бір бөлігі, және сатып алынған нәрселер отбасылық ұйымның бір бөлігі болып табылады: ең қажетті заттарсыз жақсы өмір сүру түгіл, мүлдем өмір сүруге болмайды.(...) 5. Егер берілген бұйрықтарға сәйкес немесе соның алдын алып әр құрал өзіне тән жұмысты өзі атқаратын болса, ақын айтқандай «олар өздері құдайлар ордасына кіре беретін» Дедал мүсіні мен Ге- фест мосыларына ұқсаса; егер тоқыма қайықтары өздері тоқыса, ал плектрлердің өздері кифарада ойнайтын болса, онда сәулетшілер жұмысшыларды, қожайындар құлдарды қажет етпес еді. Әр құрал нәтижелі қызмет атқаруға (poietika) арналған, ал жеке меншік белсенді қызметтің қаруы (praktikon) болып табылады; тоқыма қайықтарын пайдалана отырып, біз оның қолданылуынан өзге зат- тар шығарамыз; ал киім мен төсек орын тек тұтыну заттары болып табылады. 6. Өндіру мен белсенді іс-әрекеттің өздеріне сай ерекшеліктеріне тән келетін әр түрлі құралдары да болады. Бірақ өмір – өндірушілік (poisis) емес, белсенді (praxis) іс-әрекет; (...) 7. ... Құл өзінің табиғатына және қызметіне орай: өзіне өзі ие емес, басқа адамға тәуелді, бірақ осыған қарамастан, ол – адам, осындай адамдар табиғатынан құл болып саналады. Егер адам, адам бола тұрып, басқа адамға тәуелді, өзгенің жеке меншігі болса, онда ол өзгенікі болады; соңғы жеке тіршілік ететін және белсенді құрал болып табылады. 266 АНТИКАЛЫҚ ГРЕКИЯ ЖӘНЕ РИМ ТАРИХИ ОЙЫ 27 Осыдан соң мынаны қарастыру керек: табиғатынан осындай адам, яғни құл, өздігінше өмір сүре ала ма әлде жоқ па, және өзгеге құл болу әділетті ме жоқ па; бірақ кез-келген құлдық табиғилыққа қарсы. 8. Бұл сұрақтарға теориялық талдаулар мен фактілік деректер не- гізінде жауап беру қиын емес. Билік ету және бағынушылық қажеттігі ғана емес, сонымен қатар, өте пайдалы да, тікелей алғанда кейбір тіршілік иесі туылымынан [бы- лай алғанда, олардың біреулері алдын ала солай] бағынышты болуға, өзгелер билік етуге жаралған. Билік етушілік пен бағыныштылықтың түрлері көп, бірақ бағынушылар неғұрлым биік болса, онда оларға билік етушілер олар- дан да жетілген болады; мысалы, адамдарға билік ету, жануарларға билік етуден көп жетілген. (...) 10. Тірі жан алдымен жан мен тәннен тұрады; олардың біреуі табиғатынан – биліктің бастауы, екіншісі – бағынушылықтың бас- тауы. Әрине, әңгіме заттың табиғаты туралы болса, соңғысы оның бұрмаланған түрінде емес, бастапқы табиғатына сәйкес түрінде қарастырылуы қажет. (...) Табиғаты бұзылған немесе жаман қылықтарға бейім адамдардың табиғаты сау емес және оған қарсы болу себебінен олардың тәні жаны- на билік етуші болып келеді. 11. (...) Әр тірі жанның бойынан қожайындық және саясаткерлік биліктерін байқауға болады. Жан тәннің қожайыны сияқты билік етеді, ал ақыл ме
Достарыңызбен бөлісу: |