Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Педагогика және филология факультеті
6В01101-Педагогика және психология ББ 4 курс студенті Оразалы Аңсардың «Жасөспірімдер арасында буллингті анықтау және оның алдын алу жолдары»тақырыбындағы дипломдық жұмысына ғылыми жетекшінің
ПІКІРІ
«Жәбірленуші» мен «құқық бұзушы»мәселесі елімізде бар болғанын біле тұра,кәзіргі күнге шейін оны анықтау мен алдын алудың тиімді әдістері болмай тұр.Тіпті, қаншалықты бұл буллинг мәселесі қоғамда маңызды болса да, оны зерттеу жұмыстары да, әдебиеттер де жеткіліксіз дәрежеде.Сондықтанда кейбір мұғалімдеріміздің бұл мәселенені көре тұра, көмек бере алмауы және көрмеген болуға тырысуы да осындай мәселенің түпкілікті шешімі болмауынан шығар деп ойлаймыз. Осындай мектептерде кездесетін буллинг мәселесіне байланысты қарама-қайшылықтарды шешу тақырыптың өзектілігін туындатқан. Логикалық бірізділігі зерттеу жұмысының кезеңдері мен құрылымында жұмыстың логикалық бірізділігі сақталған.
Оразалы Аңсардың «Жасөспірімдер арасында буллингті анықтау және оның алдын алу жолдары»тақырыбындағы дипломдық жұмысы орындалу барысындағы дербестік деңгейі жүйеленген
Қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелдігі мен нақтылығы зерттеу жұмысының нәтижесіне сай.
Жұмыстың жақсы жақтары (кемшіліктері): зерттеу өз деңгейінде бакалавриатқа сәйкес жүргізілген.
Кейбір граматикалық (әріптің түсіп қалуы мен орын ауысуы сияқты)кемшін тұстары болғанымен, жұмыстың мазмұны мен нәтижесіне кедергі келтірмейді.
Оразалы Аңсардың «Жасөспірімдер арасында буллингті анықтау және оның алдын алу жолдары»тақырыбындағы дипломдық жұмысы қойылатын талаптарға сәйкес келеді және мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысында қорғауға жіберіледі
Ғылыми жетекші
ПП кафедрасының аға оқытушысы, phD. Калимжанова Р.Л.
«____» ___________ 2022 ж.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Педагогика және филология факультеті
6В01101-Педагогика және психология ББ 4 курс студенті Оразалы Аңсардың «Жасөспірімдер арасында буллингті анықтау және оның алдын алу жолдары»тақырыбындағы дипломдық жұмысына
СЫН-ПІКІР
«Жәбірленуші» мен «құқық бұзушы»мәселесі елімізде бар болғанын біле тұра,кәзіргі күнге шейін оны анықтау мен алдын алудың тиімді әдістері болмай тұр.Тіпті, қаншалықты бұл буллинг мәселесі қоғамда маңызды болса да, оны зерттеу жұмыстары да, әдебиеттер де жеткіліксіз дәрежеде.Сондықтанда кейбір мұғалімдеріміздің бұл мәселенені көре тұра, көмек бере алмауы және көрмеген болуға тырысуы да осындай мәселенің түпкілікті шешімі болмауынан шығар деп ойлаймыз. Осындай мектептерде кездесетін буллинг мәселесіне байланысты қарама-қайшылықтарды шешу тақырыптың өзектілігін туындатқан. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік маңыздылығында: * сыныпта буллинг проблемасының болуын анықтау үшін сыныптың психологиялық климаты диагностикаланды;
* жасөспірімдер арасында кездесетін буллингтің алдын алу бағдарламасын таңдап, сынақтан өткізу және болдырмау жолдары анықталды.
*қазіргі "буллинг" ұғымдарын, оның жасөспірімдер арасындағы көріну себептерін және жасөспірімдер ортасындағы буллингтің алдын-алу әдістерін қарастырудан зерттеудің теориялық маңыздылығы тұрады. Ал, тәжірибелік маңыздылығы алынған мәліметтер білім беру ұйымдарының жасөспірімдер ортасында буллингтің-қорқытудың себептерін анықтау және алдын-алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерін буллинг мәселесін шешуге байланысты мәселелдерде мектеп мұғалімдерінің және білімін жетілдіру курстарында пайдалануларына болады.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық базасы теориялық әдістемелік әдебиеттермен негізделген және мақсаты мен жоспары зерттеу мазмұнына сәйкес.
Зерттеу мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталу деңгейін өте жақсы және жұмыста қорытындылар жасалып, ұсыныстар берілген және дербес жасалуы қадағаланған, даулы ережелер, сыни ескертпелер және кемшіліктер айтарлықтай дәрежеде емес,жұмыстың сыртқы және техникалық рәсімделуі, тілі мен стилі жақсы көркемделген, дипломдық жұмыстың жалпы деңгейінің сипаттамасы өте жақсы, дипломдық жұмыс ББ бакалаврларды дайындау бағытына және берілетін академиялық дәрежесіне сәйкес.
Сын-пікірді қорытындылай отырып, Оразалы Аңсардың дипломдық жұмысы А «өте жақсы» (98 балл) деп бағалануға, ал авторы 6В01101-педагогика және психология бойынша білім бакалавры дәрежесін беруге лайықты.
Сын-пікір беруші қолы Т.А.Ә. лауазымы, жұмыс орны
«____» ______________ 2022 ж.