Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты Балалар дарындылығын диагностикалау



Дата27.12.2016
өлшемі180,09 Kb.
#5423
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық

қазақ гимназия-интернаты
Балалар дарындылығын диагностикалау
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарға

арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар қ . 2011-2012 оқу жылы


Кіріспе

Балалар дарындылығын практикалық тұрғыдан диагностикалау әркеттің барынша жауапты түрі болып табылады. Диагноз қоюшының пікірі, онымен баланың психикалық дамуын бағалауы баланың тәрбиеленуіне, оқуына, айналадағылармен қарым-қатынасына, өзін-өзі бағалауын зерделеуіне кері қарай қайтпайтын әсерін тигізуі мүмкін.

Дарынды балаларды іздеу және іріктеп алу үшін көп жағдайда диагностикалаудың кезеңдік немесе баспалдақ стратегиясы пайдаланылады. Бұл жағдайда кезекті шешім қабылдау қателіктер қауіпін төмендетуге жағдай туғызады.



Бірінші кезеңде іріктеу дарындылықтың жан-жағын қамтитын әртүрлі бағалау әрекеттерінің, ұйымдасқан бақылаудың, сауалнама алудың көмегімен іске асады. Екінші және одан әрі кезеңдерде осыдан гөрі нақты және мамандандырылған шаралар қолдану арқылы арнайы оқыту бағдарламаларына лайықты үміткерлерді таңдап алу үдерісі жүреді.

Дарынды балаларды барынша толық түрде анықтап алу үшін әртүрлі ынталандыру оқыту түрлерін үйымдастыру қажет. Оларға факультативтер, үйірмелер, жазғы мектептер, тәжірибелі психологтар мен мұғалімдердің басшылығымен жасалатын жобалар жатады. Бұл өзінің әлеуметтік ортасында өз қаблеттерін дамыта алмаған балалардың күш-жігерін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша ұйымдастыру кезінде іріктеу шаралары ынталандыру оқытудан кейін жүреді және бұл жерде балаларды бақылауға алған сарапшылардың пікірлері есепке алынады.

Диагностикалау кезінде мұғалімдерден, ата-аналардан, баланың өзінен алынған ақпарат барынша көп деңгейде қолданысқа алынып, осы мәліметтердің барлығы баланың танымдық және жеке дара саласының ерекшеліктерін, оның қолда бар мүмкіндіктерін анықтауға пайдаланылады.

Жоғарыда айтылғанды есепке ала отыра, дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін  көрсетуге болады:



  1. Әртүрлі ақпарат көздерін пайдалануға және бала қаблеттерінің барынша көп қыр-

сырын қамтуға мүмкіндік беретін бағалаудың кешенді түрі;

  1. Сәйкестендіру ұзақтығы (белгілі бір балаға әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы

бақылау жүргізу);

  1. Баланың бейімділігіне және ынтасына толық түрде сәйкес келетін әрекет ету

саласында оның мінез-құлығына талдау жасау (баланы арнайы ұйымдастырған

пәндік-ойын сабақтарына жұмылдыру және т.б.);



  1. Баланың психологиялық «кедергілерін» жоюға бағытталған тренинг әдістерін

қолдану;

  1. Пән бойынша әрекет жасау саласына сәйкес (математика, филология, шахмат)

жоғары санаттағы мамандарды және сарапшыларды жұмылдыру. Бұл жерде

сарапшының консерватизмі болу мүмкіндігін есепке алған дұрыс;



  1. Баланың дарындылығын оның психикалық дамуы ғана емес, сонымен қатар оның

ең жақын даму аймағын еспеке ала отыра бағалау;

  1. Нақты жағдайда баланың нақты мінез-құлығын бағалау арқылы

психодиагностиканың экологиялық валидтік әдістеріне сүйену. Оларға бақылау,

әрекетті сарапқа салу, әңгімелесу, тәжірибе жүргізу жатады.



  1. Дарынды балаларды іріктеу кезінде кешенді әдісті қолданған дұрыс. Бұл әдіске

балалардың мінез құлығын мұғалімдермен, ата-аналармен, тәрбиешілермен бағалау,

балаларды арнайы ойын және пәндік-бағдарлаушы сабақтарға енгізу жатады. Алайда кешенді әдістің өзі қателіктерге жол беруі мүмкін. Соның салдарынан дарынды бала анықталмай немесе келесі әрекет кезінде өз дарындығын дәлелдемеген балалар одан әрі «өтуі» мүмкін.



Осы ұсынымдарда балалардың дарындылығын анықтайтын алғашқы диагностикалау әдістері және балалардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау кезінде пайдалануға болатын әдістер ұсынып отырмын.

  1. ПЕДАГОГТАРМЕН ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН БАЛАЛАРДЫҢ

ДАРЫНДЫЛЫҒЫН АЛҒАШҚЫ БОЛЫП АНЫҚТАУ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША САРАПТАУ БАҒАЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ (ЛОСЕВА А.А.)

Төменде бала өзінің дарындылығын көрсете алатын X сала бейнеленіп, оларға сипаттама берілген. Әрбір сипаттамаға баллмен баға беріңіз (бесбаллдық жүйе бойынша). Егер белгілі бір сипаттама балаға барынша тән болса, онда оған 5 балл беріңіз, егер ол ортадан жоғары болса – 4 және одан әрі осылай бағалаңыз. 2 балл – ең төмен баға. Әрбір дарындылық «саласының» ішінде баллдарды косыңыз. Бір саладан алған жалпы ұпай санын сұрақтар санына бөліп, алынған санды дәптерге жазыңыз. Барлық салалар бойынша алынған орташа нәтижені бір-бірімен салыстырыңыз. Ең жоғары 3-4 нәтижені атап өтіңіз және соларға қарап дарындылықты дамытуға жағдай жасаңыз. Бір баланы бірнеше сарапшы бағалау қажет, олар ата-аналар, тәрбиешілер, музыка мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі, пән мұғалімдері болуы мүмкін.

I. Интеллектуалдық сала

  1. Жоғары танымдық белсенділік, шапшандылық.

  2. Ойлау операцияларының жеделдігі және дәлдігі.

  3. Зейін тұрақтылығы.

  1. Жедел түрде еске сақтауестігенді немесе оқығанды тез арада есте сақтайды, есте сақтауға арналған тапсырмаларға көп уақыт жұмсамайды

  1. Логикалық ойлау қабілеті жоғары, ойларында шатаспайды, анық түрде өз пікірін айтады

  2. Белсенді сөздік байлығы .

  1. Вербалдық (сөздік) ас­социациялар жылдамдығы және өзіндік ерекшелігі

  2. Оқиғалар арасындағы байланыстарды жақсы сезеді және талдайды, тура айтылмай, тұспалдап сөйлеуді бірден айырады, басқа адамдардың мінез-құлығын түсіне біледі.

  3. Тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындауға айқындалған ұстаным танытады.

  4. Шағармашылық ойлау қаблетінің дамуы

  5. Оқу дағдысының негізгі құрамдас бөлімдерін игеру

  6. Өзінің шығармашылық. қаблетін, жоғары ойлау әрекетін бақылай білу.

  7. Әрекет нәтижесін бұрынрақ біліп қою.

II. Академиялық жетістіктер саласы

  1. Күрделі синтаксис құрылымдарын және сөз қорын пайдалану.

  2. Есепке, математикаға деген жоғары қызығушылық.

  3. Табиғат құбылыстарына, тәжірибе жасауға деген құлшыныс.

  4. Себептік-пайда болу қатынастар танымын көрсету.

  5. Өз ойын түсінікті әрі нақты түрде ортаға салады (ауызша немесе жазбаша).

  6. Өз құрбыларын бір-екі жылға озып кітаптарды, мақалаларды, ғылыми басылымдарды оқиды.

  7. Қол мен көру қаблетінің арасындағы жақсы «моторлық» үйлесімдік (көргенді қағаз бетіне нақты түрде түсіреді).

  8. Ғылыми әдебиетті көркем әдебиетке қарағанда рахаттана оқиды.

  9. Жобасы қолдау таппай немесе «тәжірибесі» іске аспаса көңілі түспейді.

  10. Оқиғалардың себептерін немесе мағынасын түсінуге тырысады.

  11. Өз «жоболарын» дайындауға көп уақыт бөледі.

  12. Ғылыми жетістіктерді, оқиғаларды талдауға көп көңіл бөледі.

Ш. Шығармашылық

  1. Әртүрлі заттар бойынша жоғары өнімділік.

  2. Материалдарды және идеяларды пайдалану кезіндегі шеберлік

  3. Қызығушылық танытатын пән бойынша көп сұрақ қояды

  4. Сурет салуды ұнатады.

  5. Әзілдік сезімі жақсы дамыған

6. Барлығына ұқсас болудан қорықпайды.

7.Қиялдарға, ойынға жақын.



IV. Әдебиет саласы

  1. Сюжеттен бастап кез келген шиеленіс жағдайды шешумен аяқтайтын әңгімені оңайлықпен құрастырады.

  2. Барлығына белгілі оқиғаны айтқан кезде жаңа және әдеттен тыс жағдайларды ойлап табады.

  3. Әңгімелеу кезінде ең маңыздысын, ең негізгісін таңдай біледі.

  4. Негізгі ойды жоғалтып алмай таңдап алған сюжетті ұстанады.

  5. Кейіпкерлердің эмоционалдық күйін, олардың сезімдері мен толғаныстарын көрсете алады.

6.Оқиғаны түсіну үшін маңызды шағын бөліктерін енгізе отыра негізгі сюжетті жоғалтып алмайды.

7.Әңгіме немесе мақала жазуды ұнатады.

8.Өзінің әңгімелерінде кейіпкерлерді жанды тұлға ретінде көрсетіп, олардың сезімдері мен көңіл-күйлерін бере алады.



V. Артистік сала

  1. Басқа адамның, кейіпкердің роліне жеңіл кіреді.

  2. Актерлік ойынға қызығушылық танытады.

  3. Басқа адамды көрсеткен кезде дауысын және оның түрін өзгертеді.

  4. Белгілі бір драматикалық көріністі көрсеткен кезде қақтығыс жағдайды түсініп көрсете алады.

  5. Мимика, қозғалыс арқылы сезімдерді бере алады.

  6. Әңгіме айту барысында басқа адамдардың эмоцияларын тудыруға тырысады.

  7. Эмоционалдық толғаныстарды үлкен жеңілдікпен драматизациялайды.

  8. Барлық жаңашылдыққа ашық, ескі көріністерге тоқталып қалмайды. Бұрыннан қалыптасқан нұсқаларды ұнатпайды, пайда болған идеяны тексерістен өткізеді.

VI. Музыкалық сала.

  1. Ритмдар мен мелодияларға тез және жеңіл түрде үйренеді.

  2. Жақсы ән айтады..

  3. Музыкалық аспапта ойнауға, ән айтуға және билеуге көп энергия және сезім жұмсайды.

  4. Музыка сабағын және концертке баруды ұнатады.

  5. Басқа адамдармен ән айтуға тырысады.

  6. Ән айту кезінде өз сезімдерін ортаға салады.

  7. Өзі ән жазып, оны орындайды.

  8. Белгілі бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.

VII.Техникалық сала.

  1. Кез келген қол еңбегі бойынша тапсырмаларды жақсы орындайды.

  2. Механизмдарға және машиналарға қызығушылық танытады.

  1. Машиналарды, құралдарды, поезд үлгілерін, радиоқабылдағыштарды жасауды ұнатады.

  1. Сынған құралдарды оңайлықпен істейді, жаңа ойыншық жасау үшін ескі қосалқы бөлшектерді пайдаланады.

  2. Кез келген күрделі сынулардың себебін танып біледі.

  3. Механизм сызбаларын салуды ұнатады.

  4. Жаңа құралдар мен машиналарды жасау туралы журналдар мен мақалалар оқиды.

VIII. Қозғалу саласы.

  1. Моторика шеберлігі мен дәлдігі.

  2. Қозғалу-моторлық үйлесімділіктің дамығандығы.

  3. Қозғалу сабақтарына (дене шынықтыру) қызығушылық танытады.

  4. Спорттық ойындар мен жарыстарға қатысуды ұнатады.

  5. Ұдайы түрде спорттық ойындарда жетістіктерге бел буады.

  6. Бос уақытында табиғатқа шығуды, қозғалыс ойындарды (хоккей, футбол, баскетбол және т.б.)ұнатады.

IX. Көркемдік саладағы жетістіктер

  1. Визуалдық ақпаратқа қызығушылық танытады.

  2. Көркемдік саладағы сабақтарға қызығушылық танытады.

  3. Суреттері әр түрлі сюжеттермен ерекшеленеді.

  4. Өнер туындыларына деген көзқарасы жақсы дамыған, әсем әнді, үлгісі жоқ суреттер мен мүсіндерді көргенде көңіл-күйі өзгеріп, ерекше күйге түседі.

  5. Сюжет таңдау кезінде қайталанбас композициялар таңдап алалды

  6. Ойыншықты, суретті, ойын алаңдарындаға балалар үйлерін құру кезінде жаңа материалды пайдалануға әрдайым дайын

  7. Бос уақытында көркемдік маңызы бар сурет салады, сомдайды, композициялар жасайды.

  8. Кеңістіктегі үш өлшемде заттарды немесе оқиғаларды бейнелеу үшін желіммен, пластилинмен, батпақпен жұмыс істеуді ұнатады.

  1. Басқа адамдар жасаған өнер туындыларына қызығушылық танытады және өзінің бағасын беріп, сол туындыны қайталап жасауға тырысады.

X. Қатынаста болу және көшбасшылық

  1. Жаңа жағдайға жақсы бейімделенеді.

  2. Берген уәделерін әрдайым орындайды, жауапты.

  3. Айналадағылармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсу.

  4. Құрдастарының арасында үстем болуға тырысады.

  5. Құрдастары кеңес алып отырады.


БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ (ЮРКЕВИЧ B.C.)

  1. Оқушының ой еңбегінің ұзақтығы және жиілігі қандай (бастауыш сынып оқушыларына бір-екі сағат; бірнеше сағат қатарынан, үзіліс жасамай, жасөспірімдер үшін және т.б.)?

а. жиі.

б. кейбір кезде.

в. өте сирек.

  1. «Ойлау еңбегінің» қарқындылығын арттыратын сұрақ қойылған кезде баланың іс-әрекеті:

а. «қиналады», бірақ жауабын өзі тауып алады.

б. әрбір сәтте әртүрлі.

в. Басқалардан дайын жауабын алады.

  1. Қосымша әдебиетті көп оқи ма?

а. ұдайы түрде.

б. біркелкі емес, кейде көп оқиды, кейде аз.

в. аз немесе мүлдем оқымайды.

  1. Ойлау еңбегімен байланысты өзіне ұнайтын сабаққа қаншалықта көп эмоция бөледі?

а. өте эмоционалды.

б. әрбір сәтте әртүрлі

в. эмоциялар айқын көрінбейді

5. Сұрақтарды жиі қоя ма?

а. жиі.

б.кейбір кезде.

в. өте сирек.

Ескерту. «а» жауаптары танымдық қажеттіліктің күшті дамуын, «б» жауабы — орташа, ал «в» жауабы — нашар дамуын көрсетеді.
БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ (ЮРКЕВИЧ B.C.)

  1. Оқушының қызығушылығы келешектегі мамандықты таңдап алумен байланысты ма?

а. Өте тығыз байланысты.

б. Байланысты, бірақ осыған сәйкес әрекетпен бірге жиі жүре қоймайды

в. Байланысты емес.

  1. Оқушы маңызды ғылым көздеріне жүгіне ме: ғылыми әдебиетті, сөздіктерді пайдалана ала ма?

а. Ұдайы

б. Кейбір кезде.

в. Өте сирек.

  1. Бір сәттен орындалмайтын, бірнеше күндер немесе айлар бойы істейтін жұмысты атқаратын міндеттерді өз алдына қоя ма?

а. Көптеген сабақтар осы принципке тәуелді

б. Осындай міндеттерді қояды, бірақ сирек орындайды

в. Ұзақ мерзімді міндеттерді қоймайды

  1. Өзіне сүйікті іспен айналыса отыра, қызығушылық тудырмайтын интеллектуалды «қара» жұмыспен қаншалықта шұғылданады?

а. қажетті мөлшерін ғанаорындайды.

б. мерзімді түрде орындайды.

в. өзіне қызықсыз жұмысты орындауды ұнатпайды.

  1. Ойын-сауық және демалыс уақыттарын бөле отыра қажет болған жағдайда интеллектуалдық жұмысты орындай ма?

а. ұдайы түрде.

б.анда-санда.
в. орындамайды.

БАЛАНЫҢ ҚАБЛЕТТЕРІНІҢ КӨРІНУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ (СИЗАНОВ А.Н.)

Ата-аналарға арналған сауалнама

Осы сауалнама арқылы қызығушылығын анықтаусыз сіздің балаңыздың дарындылық деңгейін бағалауға болады. Ол үшін «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.



Дарынды емес, қаблетті

  1. Менің балам талапты, әсерлі, пысық.

  2. Барлық жаңалыққа қызығушылық танытады.

  3. Барлық түсініксіз бен құпияны ұнатады.

  1. Жоғары буынның қолдауын жиі түрде қажет етеді.

  2. Бастаған істі оңай тастап кетеді және тез арада көңілі басқаға ауысады.

Егер бес сұраққа сіз «иә» деп жауап берсеңіз, балаңызды қаблетті деп есептеуге болады. Егер 4 және 5 сұрақтарға «жоқ» деген жауап берсеңіз, келесі сқрақтарға көшуге болады.

Дарынды

  1. Оның қызығушылығы барынша тұрақты.

  2. Оның танымдылығы тұрақты.

  3. Қиын сұрақтарды қоюды және оларды шешуді ұнатады.

  4. Ересек адамдардың көзқарасымен жиі келіспейді.

  5. Өзінің көзқарасы бар және оны қорғай алады.

  6. Бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.

  7. Белгілі бір сабаққа немесе пәнге ерекше ықылас білдіреді.

  8. Қойылған мақсатқа жету үшін талапшылдық танытады.

  9. Құрдастарының арасында достары көп, әрқайсымен тіл табыса біледі.

  1. Қызығушылық танытатын пәндер бойынша көп сұрақ қояды.

  2. Жиі түрде менменшілдік қасиеті көрінеді.

Барлық онбір сұраққа «иә» жауабын беру балаңыздың дарындылығын көрсетеді. Келесі сұрақтарға көшуге болады

Жарқын дарындылық

  1. Көптеген салада, өнерде, музыкада, әдебиетте өзінің дарындылығын көрсетеді.

  2. Өзінен ересек балалар арасында бір немесе екі досы бар

  3. Тіл байлығы өте дамыған, тілдің ерекшеліктерін терең түсінеді.

  4. Ұдайы түрде өзі шешім қабылдайды.

  5. Дау-дамай сұрақтарды шешу кезінде көпшіліктің пікірінен бұрын өзінің көзқарасына сүйенеді.

  6. Қиын кезде жауапкершілікті өзіне алады.

  7. Айналадағыларға «жасына сай емес» ересек болып көрінеді

  8. Өзінің мүмкіндіктерін, мінезінің ерекшеліктерін жақсы біледі.

  9. Гуманитарлық және техникалық салада бірдей дарынды.
    Осы тоғыз сұраққа оңтайлы жауап қайтару балаңызды дарынды деп есептеуге негіз болады. Оның

жоғары шығармашылық күш-жігерінің болуын анықтайтын қосымша сұрақтарға жауап беруге болады. Баланың жоғары шығармашылық күш-жігерінің қосымша белгілері

1.Атқарылатын жұмысқа жаңашылдық енгізу ниеті



2.Бейтаныс істі меңгеруге ниет білдіру.

3.Сәтсіздікке қарамастан мақсатқа жету үшін батылдық танытады



4. Есту және көру арқылы есте сақтау оңайға түседі.

5.Жалғыз отырып армандау қажеттілігі бар.

6. Белгілі бір идеяны, проблеманы ұзақ уақыт ойлау қаблеті.

7. Абстракцияға, әртүрлі құбылыстар мен заттар арасындағы ассоциацияларды белгілеу қаблеті.

8. Шағармашылық қиялға, жаңаны құруға деген қаблеті.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІПТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚТАРЫНЫҢ ШКАЛАСЫ (ДЖ. РЕНЗУЛЛИ ЖӘНЕ СОАВТОРЫ Л.В. ПОПОВА).

Бұл шкала мұғалім оқушылардың танымдық, шығармашылық, көшбастаушылық саласындағы мінез-құлықтарын бағалау үшін жасалған. Шкаланың әрбір пунктін басқа пунктерге тәуелсіз түрде бағалау керек. Төрт шкала мінез-құлықтың әртүрлі саласын қамтитын болғандықтан, әртүрлі шкала бойынша бағалау нәтижесі біріктірілмейді.



Әрбір ұстанымды мұқият оқып, келесі сипаттамаға сәйкес әрбір санды белгілеп өтіңіз:

1 – бұл мінез-құлықты сіз ешқашан көрген жоқсыз;

2 – бұл мінез-құлықты сіз кейбір кезде ғана анғардыңыз;

3 – бұл мінез-құлықты сіз жиі көресіз;

4 – бұл мінез-құлықты сіз әрдайым көресіз.

I шкала. Оқушының танымдық мінездемесі.

  1. Осы жасқа қарамастан сөз байлығы өте үлкен: терминдерді түсінікпен пайдаланады; тіл

байлығы күрделі, сөз тіркестері түсінікті әрі жылдам.

  1. Әртүрлі тақырыптар бойынша ақпараттың үлкен қоры жинақталған.

  2. Нақты ақпаратты тез арада есте сақтап, кез келген уақытта айта алады.

  3. «Қалай»және «Неге» деген сұрақтарға жауап беруге тырысады, себептік байланыстарды

тез арада «қағып» алады..

ІI шкала. Себептік мінездеме.

  1. Белгілі бір тақырыпқа, мәселелерге толық көңіл бөледі, бастағанды аяқтауға тырысады.

  2. Қалыпты күйдегі тапсырмалардан зерігеді.

  3. Мүлтіксіздікке бағыт алып, өзін-өзі сынаумен ерекшеленеді.

  4. Өздігінен жұмыс істеуді ұнатады, оқытушының көмегін кей кезде ғана пайдаланады.

  5. Адамдарды, заттарды, жағдайларды ұйымдастыруға қаблеті бар.

ІIІ шкала. Көшбасшылық мінездеме.

  1. Жауапкершілік танытады.Уәде бергенін орындайды және жақсы орындайды.

  2. Құрбыларымен және ересек адамдармен өзін сенімді ұстайды, сыныптың жұмысын жақсы

көрсете алады.

  1. Адамдармен болғанын ұнатады және жалғыз қалудан қашқақтайды.

  2. Басымдылық танытуға бейімделген, өзі қатысатын әрекетке басшылық етеді.

IV шкала. Шығармашылық мінездеме.

  1. Көптеген жағдайларға қызығушылық танытып, ұдайы түрде көп сұрақ қояды.

  2. Көптеген идеялар және мәселелердің шешу жодарын ұсынады және әдеттен тыс, ақылды

жауаптар береді.

  1. Өзінің көзқарасын сенімді түрде ортаға салады және оны қорғай біледі..

  2. Тәуекелге бел буады, хикаяларға бейім.

  3. Идеялармен ойнауға, қиялдарға қызығушылық танытады және қоғамдық институттар мен

жүйелердің жақсарып өзгеруіне көңіл бөледі.

  1. Әзілдеу сезімі жақсы дамыған және басқаларға қызық емес жағдайда әзілді тауып алады.

  2. Ішкі импульстарға, эмоцияларға барынша сезімтал және иррационалдық тұрғыдан өзіне

ашық.

  1. Кереметтілікке сезімтал, өмірдің эстетикалық жағына мән береді.

  2. Топтың ықпал етуінен алшақ жүреді, басқалардан ерекше болудан қорықпайды.

10.Сыншыл, беделділерді сын тұрғысынан зерделеусіз қабылдамайды.

МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ КӨРЕМІН (А. И. САВЕНКОВ)

Оқушыларға арналған өзін өзі бағалау әдістемесі
Нұсқау. Өзіңнің келісуін немесе келіспеуін төмендегі әдіспен белгіле:

- Иә;


  • Мүмкін;

  • Мүмкін емес;

  • Жоқ.

    1. Әртүрлі заттарды жинауды және бұзуды ұнатамын.

    2. Ойлауды, арифметикалық есептерді шешуді ұнатамын.

    3. Ерекше жобалармен жұмыс істеуді ұнатамын.

    4. Әртүрлі идеяларды талдауды ұнатамын.

    5. Оқыған кітаптың немесе әңгіменің басты кейіпекері болуды елестетуден рахат сезім аламын.

    6. Менде әзілдік сезімі жақсы дамыған.

    7. Менің жұмысым әрдайым ерекше.

    8. Мәселені шешу кезінде менде көптеген идеялар пайда болады.

    9. Алдағы міндеттерді орындау кезінде мен жақсы жоспар жасай аламын және оған сүйенемін.

    10. Басқа адамдардан ерекше болудан қарсы емеспін.

    11. Қалыпты тапсырмалардан ерекше немесе қиын тапсырмаларды орындау маған ұнайды.

    12. Өзімнің сезімімді көрсету үшін мен жиі түрде музыкаға, суретке немесе ойынға сүйенемін.

    13. Ойламастан басқа біреумен келісу маған ұнамайды.

    14. Басқаларға ұнамаса да мен өз ойымды ортаға жиі саламын.

    15. Мен үй тапсырмасын орындауға көп уақыт бөлемін, себебі маған оқу ұнайды.

    16. Мен спортмен және әртүрлі ойындармен шұғылданамын.

    17. Мен мектепте жақсы оқимын.

    18. Мектепте мені басқа балалар жақсы көреді.

    19. Мен басқа адамдарды түсінемін және жақсы көремін.

    20. Мен басқа адамдармен тіл табыса аламын.

    21. Басқа адамдар мені ақылды деп ойлайды.

    22. Мен – жақсы және түсінетін доспын.

    23. Менімен оңай араласуға болады.

Өзіңнің қызығушылық танытатын әуестігің, коллекцияң туралы жаз

_____________________________________________________________________________

Өзің көбірек білгің келетін жағдайлар туралы жаз

_______________________________________________________________________


Осы әдістермен қатар тест Торренс, тест Гилфорд(модифициялық) және Равен тестісін қолдануға болады. Оқушылардың жеке бастағы шығармашылық , инттелектуалдық, креативтілік жағынан зерттеуге арналған.



Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет