II аналитикалық топ катиондары Ag+, Hg22+, Pb2+
2М хлорсутек ерітіндісінде ақ тұнбалар түзеді:
AgNO3 + HCl ↔ AgCl↓ + HNO3, Hg2(NO3)2 + 2HCl = Hg2Cl2↓ + 2HNO3
Рb(NО3)2+ 2НСl = РbСl2↓+ 2НNО3
Сульфид иондарымен қара тұнбалар түзеді:
Pb(NO3)2 +H2S = PbS ↓ + 2HNO3 AgNO3 + H2S = Ag2 S↓ + 2HNO3
Hg2(NO3)2 + H2S → HgS↓ + Hg↓ + 2HNO3.
Калий йодидімен әрекеттесуі оларға тән сапалық реакция болып табылады, соның нәтижесінде аз еритін алуан түрге боялған қосылыстар түзіледі:
AgNO3 + KI = AgI↓ + KNO3 (сары ) Pb(NO3)2 + 2KI = PbI2 + 2KNO3 (алтын - сары)
Hg(NO3)2 + 2KI = Hg2I2↓ + 2 KNO3 ( жасыл).
Хромат иондарымен әсер еткенде түрлі түсті тұнбалар түзеді:
AgNO3 + K2CrO4 = Ag2CrO4 + 2KNO3 ( кірпіш қызыл)
Hg2(NO3)2+ K2CrO4→Hg2 CrO4↓+2KNO3 (қызыл) Pb(NO3) 2+ K2CrO4→PbCrO4↓+2KNO3 ( сары).
III аналитикалық топтың катиондары Ва2+, Sr2+, Ca2+
Хромат иондары барий және стронций иондарымен сары түсті тұнба түзеді:
BaCl2+K2CrO4→BaCrO4↓+2KCl Sr(NO₃)₂ + К₂CrO₄ = SrCrO₄↓ + 2КNO₃
Оксалат иондары III аналитикалық топ катиондарымен ақ түсті кристалды тұнба түзеді:
BaCl2+(NH4)2C2O4→BaC2O4↓+NH4Cl Sr(NO3)₂ + (NH₄)₂C₂O₄ = SrC₂O₄↓ + NH₄NO3
CaCl2+(NH4)2C2O4→CaC2O4↓+2NH4Cl
IV аналитикалық топтың катиондары Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+, Sn (IV), As (Ш), As (V)
Алюминй ионы сілтілермен әрекеттесіп, іркілдек алюминий гидроксиді тұнбасын түзеді. AlCl3+3NaOH→Al(OH)3↓+3NaCl
Хром иондары сілті ерітіндісімен сұр күлгін немесе сұр жасыл түсті хром (III) гидроксидін түзеді: CrCl3+3NaOH→Cr(OH)3↓+3NaCl
Мырыш катиондары сілтілік металдардың гидроксидтері ерітіндісімен әрекеттесіп мырыш гидроксидінің ақ кристал тұнбасын түзеді: ZnCl2+2NaOH→Zn(OH)2↓+2NaCl
Zn2+ иондары K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен әрекеттескенде ақ тұнба түзіледі: 3ZnSO4+2K4[Fe(CN)6]→ K2Zn3[Fe(CN)6]2↓+ 3K2SO4
V аналитикалық топтың катиондарының Fe2+, Fe3+, Mg2+, Mn2+, Sb (III), Sb (V), Bi3+ реакциялары.
NaOH немесе КОН ерітінділерімен магний, марганец, висмут және сурьма ақ аморфты гидроксидтер, ал темір (II) гидроксиді жасыл және қызыл қоңыр темір (III) гидроксидін түзеді: MnCl2+2NaOH→ Mn(OH)2↓+2NaCl
FeCl2+2NaOH→ Fe(OH)2↓+2NaCl
FeCl3+3NaOH→ Fe(OH)3↓+3NaCl
Темір (II) катиондары калий гексацианоферратымен көк түсті ("турнбуль көгі") тұнба түзеді: 3FeCl2+2K3[Fe(CN)6]→ Fe3[Fe(CN)6]2↓+ 6KCl
Темір (III) катионы калий гексацианоферратымен (II) қою көк түсті ("берлин көгі") тұнба түзеді: 4FeCl3+3K4[Fe(CN)6]→ Fe4[Fe(CN)6]3↓+ 12KCl
Темір (III) катиондары тиоцианат ионымен қызыл түсті комплекс түзеді: FeCl3+NH4SCN→Fe(SCN)3+3NH4Cl
VI аналитикалық топтың катиондарының реакциясы
Натрий немесе калий гидроксидтері VI аналитикалық топ катиондарымен түсті гидроксидтер түзеді:
СuCl2 + 2NaOH = 2NaCl + Cu(OH) 2 ↓- көкшіл,
NiCl2 + 2NaOH = 2NaCl + Ni(OH) 2 ↓- жасыл,
HgCl2 + 2KOH = Hg(OH)2 + 2KCl – ақ
Аммиактың сулы ерітіндісінің аз мөлшерімен әсер еткенде негіздік тұздар немесе амидобайланыстар түзеді:
2CuSO4+2NH4OH→(CuOH)2SO4↓+(NH4)2SO4 (жасыл)
HgCl2+2NH4OH→[HgNH2]Cl↓+NH4Cl+2H2O (ақ)
CoCl2+NH4OH→CoOHCl↓+ NH4Cl (көк)
Калий йодиді Hg2+ ионымен сары-қызыл түсті тұнба түзеді: Hg(NO3)2+2KI→HgI2↓+2KNO3
Тұнба комплексті анион түзетін реагенттің артық мөлшерінде ериді: HgI2+2KI→K2[HgI4]
Достарыңызбен бөлісу: |