Қунанбаев Абай (Ибраһим).
Шығармаларының екі томдық жиынтығы. 1-том. - Алматы: Ғылым, 1977. 304-6.
19
20
Сонда, 304-6.
159
6.). Дуалы ауызды Абай үшін туа біткен қасиет (жан құмары) - жибилиде, ал жүре біткен
білім (тән құмары) - кәсіби. "Ақыл, ғылым бұлар кәсіби. Көзбен көріп, құлақпен естіп,
қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады. Ол
хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен әрнешік өз
суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды
жайғастырып көңілге суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр". Тәнді жаннан жоғары
қоюшылық пендешілдікке жатады. Пендешілдік тобырлық белгілері басым көпшілікке бас
иеді. Олар "ұзақтай шулайды, қарғадай барқылдайды, ауылдағы боқтықтан ұзамайды".
Пенде кісілік қасиеттерін азайтып, хайуан малдан артығы шамалы болып қалады".
21
Қазақ этикасын кәсіби деңгейге көтерген ұлы тұлға - Шәкәрім. Ол өзінің "Үш анық" атты
еңбегінде этиканы "ар ілімі" деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық
тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ұждан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың
түп қазығын құрастырады дейді. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұжданы
соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам
атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол
осы мұсылман жолы сияқты", - дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына
пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам оз бойындағы кемшіліктерден
арыла білуі керек, сөйтіп оз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-
ұжданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетін ойшыл
олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық - өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
(Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988).
XX ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетін өзгерту қажеттігін мойындаған
мынадай бағыттар қалыптасқан:
1. Түркиядағы "Таизимат" және Ресейдегі милләтшілдік пен жәдидшілдік идеялары
ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым (М.Ж. Көпеев, Ғ. Қараш, Г. Мұсағали, А.
Әділбайұлы, Ә. Кердері т.т.) Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне "жаңару, елдікті сақтау
үшін жаңа бағытты ұстау" деп аударуға болады. Осы бағыттың бір өкілі, ақын Ғүмар
Қараш былай деген:
Надан шейх діннің соры, күннің соры,
Бір қашпа, надан шейхтан мың кері қаш.
Құран - шам, ақыл - басшы, ғылым - құрал,
Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас!
Айырылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста,
Жол бастар қараңғыда ол бір компас'".
22
Бұл бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы "мұсылманшыл қазақ әдебін"
қалыптастыруға ұмтылды.
2. "Түрікшілдік бағыт" (М. Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, М. Ходжаев т.т.)
21
Абай.
Қара сөз. Поэмалар. - Алматы: Ел, 1992. 22-6.
22
Қамзабекұлы Д.
Алаш және әдебиет. - Астана: Фолиант, 2002. 63-64-66.
160
Бұл бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы кең мәтінде қазақ әдебін
қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік
тұтастық идеясы негізінде жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ
халқы түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау т.т. жатады. Осы бағыттың басты
ерекшеліктері М. Жұмабаевтың "Пайғамбар" өлеңінде көрнекті суреттелген.
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен - Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келемін –
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
Соқыр сорлы, көрмей ме әлде көзің көр?
Күншығыстан таң келеді, енді көр.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!".
23
XX ғасырдың басында қазақ қоғамында қалыптасқан келесі бағытқа реформашыл
либерал-демократтық сипаттағы тұлғалар жатады және олар Алаш ұлттық қозғалысын
дүниеге әкелді (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.т.).
Ә. Қодар Алаш қозғалысының руханият саласында үш тенденциясы болды дейді: а)
ағартушылық (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов); ә) көшпелі әлеммен
ностальгиялық қоштасу (Ж Аймауытов, М. Әуезов); б) жаңа ұлттық мифтік
шығармашылық (М. Жұмабаев).
Әдеп пен мәдениетке Алаш қозғалысының өкілдері ұлттық мүдде тұрғысынан қарады.
Алдымен олар большевизм ұсынған таптық ұстынды бекерге шығарды және "қазақта тап
жоқ" деді.
Мысалы 1919 жылы Мәскеуде жарияланған А. Байтұрсыновтың "Революция және
қазақтар" атты мақаласында қазақ қауымының мүддесін білдіретін жазушы қалай болу
керек деген сұраққа жауапты былай топтастыруға болады:
"Алаш жазушысы бауырмал, қазақшыл, ұлтшыл. Өйткені жұрттың теңсіздігі осы қасиетті
талап етеді".
"Қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы жұмысқа күшін, ісін сарп ету керек.
Басқалармен мәдениеті теңеліп, жарыса-жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні қазақтың
қасындағылары қыңсылауды қояды".
"Мәдениет алға басу тіршілік ісі шеберленуімен, сана-саңылауы күшеюімен болады.
Тіршілік ісінен шыққан шеберлікті - өнер дейміз, сана-саңылау күшінен шыққан білімді -
ғылым дейміз. Бұл екеуі де үйренумен табылатын нәрсе".
"Оқу ісі сабақтас әдебиетпен: оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді".
23
Шу батыр II Екі мың жылдық дала жыры. - Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 331-6.
161
"Қалам қайраткерлерінің жұмысы - әдебиет, әдебиетсіз оқуда қуаттану жоқ, оқусыз
мәдениетте қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазаққа қорлықтан, зорлықтан құтылу
жоқ".
"Азаттық асылы - мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі - оқу мен әдебиетте".
7. "Жазушыларымыз бытыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бәлкім істері
берекелі, өнімді болар".
Алаш қозғалысы ұсынған қазақ әлеуметтік мәдениетін реформалау жобалары
тоталитарлық мәдениетте жүзеге аспай қалғаны белгілі.
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп-ахуалын тікелей қарастырудан бұрын тоталитарлық қоғамның
моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. Біріншіден, адамзат тарихындағы
барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді
тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлға
орталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйе орталықтық әлеуметтік құрылымға жатады.
Екіншісіне жасандылық тән, сондықтан оны "құрылыс" (үлгі бойынша жасалған) деп
атайды. Осы жүйе орталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін
тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың
бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: "Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге
және қарсы ештеңе болмауы керек", тоталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге
асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған
және қоғамды басып тастаған.
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған "Қоғамды
коллективистік рухта қайта құру" феномендері жиі шатастырылады. Бұл К. Маркс
еңбектерімен сырттай таныс болудан шығады. К. Маркс өзінің "1844 жылғы
экономикалық және философиялық қолжазбаларында" қоғамдық дамудың мақсаты "еркін
индивидуалдық"
деген
және
ұжымдық
жан-жақты
дамыған
индивидтердің
ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс ойшылы "тұрпайы коммунизмді"
қатал сынға алған. Әрине, марксизм классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының
орнына тап күресін, пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан
теріс пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар Аристотельге
қалай қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз идеялар жасырылып,
конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға қойылды. Сол себепті ресейлік марксизм
шегіне жеткен антигуманизмге (Альтюссер) айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас
айтқанда, Ресейде мутацияға ұшыраған марксизм жеңіп шықты. Пролетариат
диктатурасының атын жамылған партия көсемдері мен бюрократиясының диктатурасы
өмірге келді. Кейін бүл жүйе әлем халқының үштен бірін қамтыды және бекерден-бекер
ол "лагерь" деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік пен ынтымақтасқан қауым
туралы сөз қозғау артық.
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы - солдаттар, қуылған және
аластатылған дарашылдар. "Ұжым мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады" және
ауыстырылмайтын адам болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. Раскольников "Сіз
адамды жек көретін социализмді жақтайсыз" деген екен. Тек бір ғана адам еркін бола
алады. Ол - харизматикалық көсем. Шын мағынасында ол - Әзәзіл Жеке адам мемлекеттік
машинаның тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме - "революция солдаты".
162
XX ғасырда мемлекеттік емес қауымдасу ұжымдарының барлығы азаматтық қоғамның
белгісі деп есептелген. Ұлы Инквизитор билеген жүйеде еркін адамдық қауымдасуға орын
жоқ. Әсіре Мен жеке Менді толық бақылауға алады. Қазақ этикасы Кеңес өкіметі тұсында
қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық
жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең байтақ жерді иемденіп келген көшпелілер
табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр тұлғалы қайсар халық
еді. Тоталитарлық жүйе "жылқы мінезді" халықты момын "қой мінездіге" айналдырды.
Шолақ белсенділер, "пысықтар", "шаш ал десе, бас алуға" дайын тұратындар пайда болды.
"Адам - адамға дос, бауыр", "Барлық адам тең құқықты" деп ұрандатқанымен, қолында
билігі барлардың арасында екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік,
парақорлық өріс алды. "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран адам
еріктілігіне нұқсан келтірді, "қуыршақ адамдарды" көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе
ескінің қалдықтарымен күресуді желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп
құндылықтарын жойып жіберуге барынша тырысты. "Малым - жанымның садағасы,
жаным - арымның садағасы" деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер
шықты. Осы талдауды қазақтың дәстүрлі әдептік мәдениеті заман талаптарына сай
инновацияларға икемдеді ме деген сұрақ төңірегінде аяқтайық. Себебі бұл ұлттың
болашағына байланысты мәселеге жатады. XIX ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов
қазақтардың ұлттық дәстүрге деген тұрақтылығына назар аударады: "Қазақ өздерінің көне
аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықты сақтай білген. Одан да өткен
ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір
қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша
тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз
қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық".
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес Одағында қатал бақылауға
қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан наразылық тудырып, қарсылық қозғалысын
дүниеге әкелді. Олардың арасында зиялы қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер
мен тұлға аралық қарым-қатынаста өрістеген саяси анекдоттарды, диссиденттер
әрекеттерін атап өтуге болады.
Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, онда адам үшін күрес
"мәдениет майданында" да жүріп жатты.
Социалистік қоғамда ресми функционерлер ("шолақ белсенділер") мәдениетті
идеологиялық құбылыс деп түсініп, абстракты "коммунистік тұлға" дегенді тәрбиелеу
құралы ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар "ақ" пен "қызыл" саяси жіктемесі
бойынша "үстем тап өкілдері" мен "еңбекшілер мүдделерін қорғаушылар" болып жасанды
екі топқа бөлінді. 50-жылдардың ортасына дейін Абайдың өзі патриархалды-феодалдық
тұлға деңгейінен шықпай қалды. Дегуманизацияға ұшыраған социалистік қауымды сол
себепті "тарихи қателік" деп бағалаудың негізі бар.
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақтың әдеп мәдениетіне тікелей көшсек, онда мынадай
үдерістерге назар аударған жөн:
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың төлтума мәдениетіндегі
дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен
тұлғасыздандырылу өрістеді. Қ. Әбішевтің тілімен айтқанда, қазақтың әдебі жат болмыста
әрекет етті.
163
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану нормаларын өзгерту күш
көрсету мен жасанды сұлбалардың тар шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде
Елбасының "Тарих толқыны" атты кітабында мынадай ой айтылады: "Олардың түпкі
негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін табиғи және тарихи
кінәраты - адамның жеке басы мен адамдар қауымын кез келген жоспар бойынша оңдауға
да, жондауға да бола береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған
жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, "жасаймыз жаңа дүние"
дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ осыған айқын дәлел'".
Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ адамын "Мен" дегізерлік
әдептік қасиеттерінің тарихи құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық,
мәмілелік, тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау т.т.) орасан зор нұқсан
келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы
құрмет тұтып келген хандар, билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер т.т. (Қазыбек би,
Төле би, Айтеке би, Иасауи, Қорқыт, Абылай, Кенесары, Алаша хан, Жәнібек, Қасым т.б.)
нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан осы туралы тағы бір үзінді
келтірейік: "Тоталитаризмнің өзге бір "тамаша формуласы" - ұлттық сананы әлеуметтік-
топтық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып бекітетін ұйытқыны қалай
ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі ұлттық тұтастықтың орнына топтасқан тобырды
әкеліп қою. Жағдайдың насырға шапқандығы сондай, осы күнгі бәз біреулердің өзі ата-
тегін "заңгердің баласынан" бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-
сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен жағымсыз үлгі
өнегелер іске қосылды".
4. Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу негіздері ғана емес, оған қоса
кісілік даралану типтері мен мендік сана-сезімінде теріс қылықтар көбейіп кетті. Бүл
мәселені философ Ғарифолла Есім өзінің "Сана болмысы: Саясат пен мәдениет туралы
ойлар" кітабында арнаулы қарастырады. Автордың пікірі бойынша, Абай сынаған
"пысықтар" Кеңес заманында шолақ белсенділер болып шығады. "Желтоқсан оқиғасынан
кейін де осындай "пысықтар" өрбіп шыға келмеді ме? Абай айтқандай, атым шығып
қалсын деп, пысық журналистер, ғалымдар, партия, кеңес қызметкерлері халықты қуырып
жібере жаздады. Олар халықтың жанды жерлері - тіліне, ұлттық мектептеріне, тарихына,
өніп-өсіп келе жатқан студенттерге ауыз салды емес пе? Сол "пысықтар" қазір пәс болып,
беттері қайтып қалғанымен, орайы келсе тағы да "көктеп шыға келуі әбден ықтимал" . XX
ғасырдағы қазақ қоғамында рушылдықтың қозып кетуі де, дейді ғалым, осы "пысықтар"
мен "шолақ белсенділердің" эгоистік пиғылынан туады. Бұл құбылысты жасырын түрде
қазақтарды бір-біріне айдап салу үшін әкімшіл жүйе де қолданған. Мысалы,
басқарушылардың әр жүзден болуын ескеріп отыру. Ғарифолла Есімнің сараптауы
бойынша, "шолақ белсенділіктің" теориялық негізі - ұлттық мүдде мен таптық мүддені
шатастыру". Мемлекеттік "казармада" адамның тектілігі оның шыққан әлеуметтік
тобымен айқындалады. Анкеталарда "әке-шешем жүмысшы болды" деп жазуға көп
адамдар ынталанған.
Тоталитарлық қоғамдағы әдептік мәдениеттің органикалық формаларының бұзылуы
туралы коп дәлелдер мен деректер келтіруге болады. Алайда жағдайды қара бояумен
суреттей беру де сыңаржақтылыққа жатады. Жоғарыда аталып өткендей, тоталитаризм
"қазақ адамын" мүлдем өз ыңғайына көндіріп, орындаушы мәңгүртке айналдыра алмады.
Осыған дәлелдер мен мысалдарды көптеп келтіруге болады.
164
Қатал сынға ұшыраған қазақтың әдептік-мәдени құрылымдары (қауымдық және тұлғалық
деңгейде де) өзіне тән ынтымақтастық, кісілік пен сұхбатшылдық құндылықтарын сақтап
қалды. Оны бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда индустрализация жүргізіліп, қалалардағы тұрғындардың саны
артқанымен қазақтардың басым көпшілігі ауылдарда қоныстанды. Нақтылы тарихи
жағдайда, осы кеңестік 70 жылдың ішінде қазақтың төлтума мәдениеті ауылдарда өз
бітімін сақтай алды, маргиналдыққа кем ұшырады, дүбаралық қатынастар аздау болды.
Қысқаша айтқанда, ауыл тоталитарлық қоғамда да қазақ әдеп мәдениеті үшін ұйытқы
болды. Қазіргі қазақ зиялыларының басым көпшілігі ауылдан шыққандар.
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның жағымды жақтары да
болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы мен білім-ғылым ордаларының ашылуы,
ұлттық мамандарды дайындау қоғамның мәдени деңгейін кетерді. Көзі ашық қазақ
зиялылары тоталитарлық бақылау жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік мәдениетін
жетілдіруге үлкен қызмет атқарды. Мысалы Қ. Кемеңгерұлы: "Бұқарашыл орыс
қиялиларының жеке-дара ұстаған жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза
Жапония жолымен жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек, -
деді. Тағы бір ескеретін жайт: коммунистер өзінің Батысқа қарсы текетіресінде Шығысқа
иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы ұстанымды пайдаланып, жалпы Шығыстың
(соның ішінде қазақтың) азаттығын армандады. Мысалы, кеңесшіл деп аталатын Сәкен
Сейфуллиннің өзі "Күн Шығыстан атады!" деді.
Шын мәнісінде, 1991 жылдан Қазақстан үшін Күн атып, тәуелсіздік заманы келді. Қазіргі
постиндустриалдық қоғамда әдеп негіздері: тұлға мен қауымның, әлеуметтік
тұтастықтардың арасалмағы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индивидуализация) үдерістері бұрын-соңды
болмаған қарқынға ие бола бастады. Жаңа әлеуметтік жағдайда ұжымшылдықтың
бұрынғы формалары (социализм, корпоративтік құрылымдар, аграрлық мәдениеттен
қалған қауымшылдық т.т.) өздерінің нормативтік мүмкіндіктерінен айырылып, тарихи
шектілігін анық аңғартты.
Индивидуалдану жағдайындағы теңсіздік таптық сипатынан айырылып, тұлғалық
белсенділік пен жасампаздыққа негізделе бастады. Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз
капитализм орнықты. Индивид әлеуметтік реттелген қатынастар аймағынан шығып, өзі өз
өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады.
Постиндустриалдық қоғамда тек аумақты әлеуметтік құрылымдар ғана емес, сонымен
бірге бұрынғы қоғамдардың үясы - отбасы да күрделі өзгерістерге ұшырап кетті. Жеке-
дара амбициялар қалыптасқан отбасылық тұрақтылықты шайқалтып жіберді, "келісімді
некелер" көбейе бастады, гендерлік қатынастар бірінші орынға шықты. Басқаша айтқанда,
даралану үдерістері өздерінің құндылы нәтижелерімен (еркіндік, шығармашылық,
жасампаздық, таңдау т.т.) қоса дәстүрден арылған, индивидуалдандырылған мәдени
кеңістікте жаңа қайшылықтар мен ауытқуларды тудыра бастады.
Индивидуалдандырылған мәдени-әлеуметтік бірлестіктің өзіндік санасына постмодернизм
жатады. Өйткені соңғының негізгі принципі - орталықтандырудан бас тарту. Соңғы
жылдары постмодернизм жан-жақты талқыланды және арнаулы әдебиет те жеткілікті. Бұл
мәдени феноменді тура мағынасында "модерннен кейінгі" деп қабылдасақ, онда одан
капитализм мен социализмнің теке-тіресінен кейін қалыптасқан өркениеттілік үлгісін
аңғаруға болады. Енді постсоциалистік әлемдік тәртіп американдық үлгінің толық жеңісін
165
білдіреді деп жариялаушыларды да тудырды. Ф. Фукуяма өзінің атышулы "Тарихтың
ақыры" атты еңбегінде енді батыстық либерализмге ешқандай балама жол жоқ, ол
түбегейлі жеңіске жетті деді . Алайда қазіргі тарих либерализмнің жеңіске жетуіне күмән
да келтіруге негіз бола алды. Біз бұл жерде қазіргі көп полярлық әлемдегі ұлттық және
діни қақтығыстардың белең алып кеткендігін еске салып отырмыз. Қаншама жеке адам
құқықтарын қорғаймыз деп жар салғанымен (либерализмнің басты қағидасы), қазіргі
посткапиталистік (немесе постсоциалистік) билеушілер жаңа империалистік әлемдік
тәртіпті орнатқысы келді. Бұған АҚШ-тың халықаралық терроризмді құртамыз деп
Ауғанстан мен Иракты жаулап алуы да мысал болады. Баяғы "ақ нәсілдік адамның тарихи
миссиясы" және "төменгі нәсілдерді өркениеттендіру қажеттілігі" теория сымақтары
еріксіз еске түседі.
XX ғасырда бірнеше жаңа мифтер өрістеді. Солардың біріне мұқтаждықтан арылған,
тұлғалық қатынастар құқықпен үйлесімді реттелген мұрат қоғам туралы утопия жатады.
Бүл утопияның марксистік және жаңа либералдық үлгілері бар. Соңғысын Ф. Фукуяма
тарихтан кейінгі қоғамда идеология да, философия да, қақтығыс пен мүдделер күресі де
жоқ бірлестік деп суреттеді.
Алайда қазіргі өркениеттілік бағдарларын объективтік талдау аталған "жерұйықтың" әлі
алыс екендігін көрсетеді. Базистік мұқтаждықтарды өтеу мүмкіндігі мүдделер
қақтығысын шеше алмайды. Адамның әдептік тұлғалық қасиеттері жетілгенімен, олар
жеке адамның бірлесе, қауымдаса өмір сүруге ұмтылысын бекерге шығара алмайды. Егер
"Мен" тек өзім үшін ғана өмір сүрсем және ешкімге керегім болмаса, онда менің өзімнің
де қажетім жоқ.
Таптық қоғамның қозғаушы бір факторына аштықтан қорқу жатса, онда жаңа ақпараттық
қоғамда тұлғалық таңдау алдында үрейлену пайда болды. Осы жөнінде У. Бек - адам
қаншама бай тұтынушы қоғамда өмір сүргенімен, болашақ жөніндегі қорқыныштан
арылмайды дейді.
Осы үдерістің көптеген себептерінің арасында шектеусіз даралану ерекше орын алады.
Бүл шектеусіз даралану батыстық ойшылдар арасында, мифологиялық реттелген
қоғамның ақыры келді деген ілімдерді дүниеге әкелді. Бірақ индустриалдық өркениеттің
реттелген құрылымдарынан құтыла бастаған жеке адам жаңа әлеуметтік тұтастықтардың
құрсауына түседі. Гипершындық бұрынғы материалды немесе субъективті шындықтан да
адам тіршілігін шектеп тастады. Көптеген Батыс ойшылдары осы жаңа жағдайда "қаупі
мол өркениет" қалыптасты дейді. Олардың арасында экологиялық, тар мамандану,
денсаулық, жаңа кедейшілік қауіптерін атап өткен жөн. Басқаша айтқанда, шексіз
даралану әлеуметтік қауіпті өркениет үлгісін тудырады. Рухани өмірді айтқанда
тұтынушылық қатынастар, құнсыздану мен жатсыну шегінен шығып кетеді.
Индивидуалдандырылған қоғамда жатсыну жеке адамның өзіндік тағдырынан туғандай
болып көрінеді. Бәріне "өзім кінәлімін" деген принцип А. Камю суреттеген адамдық
шарасыздыққа әкелуі әбден мүмкін.
Адам мен әлеуметтік тұтастықтың арасындағы мәдени үйлесімділіктің бұзылуынан туған
құнсыздану мен жатсынудың жаңа формалары Қазақстан сияқты жаңа қалыптасып келе
жатқан қоғамдарда ерекше байқалады. Бұл мәселе енді ғана теориялық талдаудың
объектісіне айналып келе жатқандықтан, ғылыми және көпшілік әдебиеттегі кейбір
көзқарастарға салыстырмалы сараптау беріп, сосын өз тұғырнамамызды анықтайық.
166
Бұл мәселені басқаша қарастыратын позициялар да жеткілікті. Әсіресе, этноцентристік
дүниетанымда жекешілдік, Меншілдік ұлт мүддесінде қарсы келеді деген ой айтылады.
Қазақ ұлтының жалғыз мемлекетінде бірегейлену этникалық деңгейінде өту керек
делінеді. "Ең алдымен, бірегейлену үдерісіндегі ұйтқы ұлт - мына біздер, қазақтар өзімізге
жүктелген күрделі де жауапты міндеттің салмағын толық сезіне алмай отырмыз. Өз
елімізде отырып, атамекенімізге өзге отандастарымызды бауырға тарта қамқорлық
жасаудың орнына, жетімдіктің зары өтіп кеткен бала тәрізді жеке мүддеміздің аясынан
шыға алмай, айналамыздың бәріне өгейлене қараймыз. Бізге салса, "ақша бөлмейтін тас
сараң үкіметте өгей", "жиналып ап өзге тілде сөйлейтін парламент мүшелері де өгей", "өз
өнерпаз - дарыннан гөрі жат елдің әншілерін жарылқауға құмар кәсіпкерлер де өгей".
Алайда ұлттық бірегейлену абстрактылы уран болып қалмауы керек. Ұлттың өзі адамдық
Мен төңірегінде заман талаптарына сай модернизацияға ұшырап отыруы қажет. Мысалы,
Орталық Азияның постсоциалистік ұлттарын нақтылы алсақ, онда олардың капиталистік
те, социалистік те, демократиялық та, монархиялық та тәжірибелері жоқ екендігіне көз
жеткізу қиын емес. Басқаша айтқанда, патриархалды - рулық өзіндік сана мен
тоталитарлық құрылымдардың тарихи тұйыққа апарып тірейтіні сөзсіз. Әрине,
жоғарыдағы ойларды тек оппозицияның өкілдері ғана емес, сонымен бірге ресми билікті
жақтаушылар да айтады. Қазақстан сияқты өтпелі қоғамда азаматтық құрылымдар бірден
пісіп-жетіле салмайды. Мәселе, мемлекеттің бағыты туралы болып отыр. Айталық
Қазақстан Президенті индивидуализмге негізделген қоғамды орнатуды елдің мақсаты
дейді. 2030 Стратегиясында: "Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны
түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-
қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік, - қысқасы біз
азаттық алдық. Мемлекеттік - ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетанымына
ауысу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті" . Жоғарыда аталып өткендей, жекешіл
дүниетанымды орнықты ету орасан зор талпыныс пен ерікті қажет етеді. Осы мәселенің
мәдени жақтарына назар аударайық.
Утопиялық ұжымдық пен бұрмаланған жекешілдіктен басқа Мендік сезім өркениеттілік
құндылықтарымен үйлесімді тоғысқан қоғамға өту күрделі үдеріске жатады. Мәселенің
әлеуметтік - мәдени маңызды қырына өтпелі қоғамдағы таратылған (кейде жойылған)
әлеуметтік құрылымдардың орнында қайтадан құрастырылған жаңа қоғамдастықтар мен
адамдық бірлестіктерді сараптау жатады. Жаңа қоғамдастықтар адамның индивидуалдық
табиғатына сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Марксизмнің қоғамдық адам жобасының
жүзеге аспау себебі осы ілімді дәйексіз жүргізуі емес. Мәселе индивидуализм мен
ұжымдықты бір-біріне қарсы қоюда да емес. Шын мәніндегі жекешілдік эгоизм мен
альтруизмді де, сұхбат пен ынтымақтастықты да, мораль мен құқықты да бекерге
шығармайды.
Индивидуализм
тұлғасыздандырылған
әлеуметтік
жүйелермен
үйлеспегенімен, мәдени архетиптерге ("ұжымдық бейсаналық негіздер"), ұлттық діл мен
рухқа, комплиментарлық бірегейленуге әр уақытта сүйенеді. Сол себепті әрбір жеке
адамға ұлттық тарих пен мәдени мұра, мифтер мен аңыздар, батырлық жырлар ауадай
қажет.
Орталықсыздандыру (постмодерндік) мәдениетінде басқарушы және бақылаушы
орталықтардың құрсауынан босаған индивид үшін таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Әлеуетті
трансформацияның нәтижесінде және бұрынғы мұраттардың жоғалуы жеке тұлғаны, бір
жағынан, белсенділікке, алға ұмтылуға, жасампаздыққа жетелесе, екінші жағынан, өз
мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы арқылы енжарлыққа, сенімсіздікке, түңілуге, қоғамға
жат қылықтарға апаруы мүмкін. Өтпелі мәдениетке тән тұлға мен қоғамдастықтардың
аралық жағдайын білдіретін қалыпты маргиналдану деп атайды. Бүл ұғым тікелей
167
мәдениетке қатысты болғандықтан оған арнайы тоқталайық. "Мәдениеттану сөздігінде"
аталған феноменге мынандай анықтама беріледі: "Маргиналдық (лат. Marginali - шет,
жиектегі, шекарадағы) - қоғамдағы әртүрлі үдерістердің нәтижесінде (көші-қон,
этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда
болатын, өзге мәдениет. Маргинал - дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен
мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр, аралық, шекаралық
әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлі нанымдары, бағдарлары және
тұрмыс салттарының, басқа да элементтерінің конгломераты. "Маргиналды тұлға"
ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімделуге мәжбүр
жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени мәртебесі мен сана - сезімін белгілеу үшін
Р.Парк ұсынды".
Сонымен, маргиналдық шекаралық әдептік - мәдени кеңістіктегі ауытқушы адамдарға
жатады. Олар бұрынғы құндылық аймағынан шығып қалғанымен, жаңа топтың құрамына
да ене алмай қалды. Әрине, маргиналдықтың жағымды жақтары да бар:
инновацияшылдық, мобильдік, ашықтық т.т. Алайда маргиналдану, 3.Фрейд тілімен
айтқанда, Мен және Идеал меннің арасындағы үйлесімсіздіктен туындайды. Мысалы,
Қазақстан жүргізілген реформалардың нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік меншікпен
байланысты адамдар (инженерлер, жобалау институтының қызметкерлері, зоотехниктер
мен агрономдар т.т.) маргиналдану үдерісіне ұшыраған. Осы жөнінде ғалым - социологтар
мынандай қорытындыға келеді: "Әлеуметтік маргиналдау адамның әлеуметтік тек не өзін
бір топпен бірдей санауы туралы ойларын өзгерте отырып, әлеуметтік институттарының
функцияларын шатастырды, ірі және шағын әлеуметтік топтардың әлеуметтік позициясын
өзгертті, жаңа әлеуметтік топтарды дүниеге келтірді. Қазіргі қазақстандық қоғамда
адамның өзін бір топпен бірдей санауы дағдарысқа ұшыратуда. Өзінің қай топқа
жататыны туралы ойламайтын, не оған бейтарап қарайтын адамдар тобы көбеюде. Бүл
мағынада дүние макро деңгейде ғана емес, микро байланыстар деңгейінен де топқа өзін
мүше санау қатынасын бұзды. Э. Гидденстің айтуынша, "өзін сол топпен бірдей санау
субъектінің әлеуметтік қатынастар мен байланыстарға қосылуының бірден - бір тәсілі
болып саналады, ал бұл үдерістің күйреуі қазіргі қоғамның автономизациялануын
сипаттайды".
Бүгінгі таңда елімізде әдеп мәдениетінде басқа да қайшылықтар мен қиындықтар
жеткілікті. Алдымен көзге түсетіні - адамгершілік мәдениеттің төмендеуі. Егер
тоталитарлық жүйеде қоғам мемлекет ішіндегі бағынышты тетікке айналса, онда көптеген
посткеңестік елдерде қоғамдық құрылымдар мүлдем еленбей қалды: бір жағынан, өзінің
мәнді белгілері бойынша тұлғасыз көпшілікке (масса) айналған халық бұқарасы бар.
Екінші жағынан, жүйелер теориясы бойынша, құрылымы бір типтес тұтастық түбінде
деградацияға ұшырайды. Әрине, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерінде жаңа
әлеуметтік-мәдени құрылымдар қалыптасып жатты. Алайда олар билеуші топтың
белсенділігіне қатысты болды. Халықтың онда ісі аз болды.
Халықтың бұқаралық мәдениеттің теріс жақтарын өз бойына жылдам сіңіріп алуының
тарихи себептері бар. Біріншіден, еліміздің негізгі тұрғындары қазақтар мен орыстар
ғасырлар бойы қауымшылдық ділде әрекет етті. Мысалы, Ресейдің "алтын ғасырындағы"
соборлық идея жеке индивидтің ар-ожданы негізінде қоғамдасуын білдіреді. "У ішсең де,
руыңмен іш" деген қазақтар менталитеті айтпаса да түсінікті. Жоғарыда дәстүрлі
мәдениеттегі тұлға мен қауымның арақатынасы белгіленген. XX ғасырдың аяғында дейін
ол өз тұрақтылығын сақтап келді. Социалистік құрылыстағы "ұжымшылдық" турасынан
алғанда қауымшылдықтың ерекше түріне жатады.
168
Бұл сипатта мына бір теориялық қағиданы ескеру қажет: қоғамдастық, қауым, неше түрлі
корпоративтіктер (клан - ру, діни ұжымдар, отбасы, мамандық, спорттық бірлестіктер,
клубтар, мүдделі құрылымдар т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде өмірге келеді және
оған тәуелді болып отырады. Сол себепті тұлғалық және әлеуметтік бірлестіктер тарихи -
релятивтік болып келеді . Қоғамдастықтың относительдігі (салыстырмалылығы)
әлеуметтік-мәдени феномендерінің де шарттылығын тудырады. Мысалы, КСРО
тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері әлемдік өркениеттіліктің басқа тарихи
жағдайында өтіп жатыр. Өйткені XX ғасырдың 60-жылдарыидағы отарсыздану Батыс
метрополиясы емес, бұрынғы метрополияның үлкен болса да бөлігінде жүрді. Сол себепті
этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің жалпы бағытына сәйкес келмейді,
индивидуализмге негізделген қоғамды құру үшін батыстық немесе ресейлік
құндылықтардан алшақтамай, қайта олармен ұлттық архетиптерді сақтай отыра
конвергенцияға бару қажет.
Автордың жалпы шыншылдық тұғырнамасы шығармашылық сипатта болғанымен бір
нәрсені естен шығармаған жөн: жетілген өркениеттерде этноцентризм өзінің позитивтік
қуаттылығын жоғалтқанымен (мысалы, АҚШ-тың әлемдік қауымдастық пікірін ескермей,
басқа елдердің ішкі істеріне араласуы), көптеген ғасырлар бойы отар болып келген
елдердегі ұлтжандылықтың мәнісі мен табиғаты мүлдем басқа.
Сонда да Абай бастап берген оз қоғамы мен адамы бойындағы теріс қасиеттерді
объективті тұрғыдан сынау жағымды. Ол жағымсыз қатынастар мен қылықтардан арылуға
себебін тигізе алады. Тек әмбебапты әділдік принципі бағыт беруші тетік кызметін
атқарып отыруы қажет.
Индустриалдық және бұрмаланған тоталитарлық қоғамдардың дағдарыстанған және
тұлғасыздандырылған әдептік құрылымдарды шекті. Оның негізінде өркениеттік
дағдарыс жатыр. "Өркениет" термині бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін
біріктіре алатын құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке арналмаған жоғары
сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. ұлтшылдық ескі индустриалдық
қоғамның туындысы. Ақпараттық өркениетте индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық
мүдделерден жоғары қойылады. Ғаламдану ұлттық "шекараларды" бұзып отырады. Бұл
жерде екі бағыттың күресі қазіргі әлемдік өркениеттердің қарым-қатынастарының
мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен ұлттық - мемлекеттік төлтумалықты
сақтау жатады.
Бұл, әрине, тым "қоюланған" сценарий. Ғаламдану мен постиндустриалдық өркениеттің
теріс жақтары жөнінде жеткілікті жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы
постиндустриалдық қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші
толқын мәдениет, құндылықтар мен моральды индивидуалдандырды. Орталық өзінің
көптеген функцияларын шет аймақтарға бере бастады. Өйткені өзгермелі қоршаған ортада
ақпарат орталыққа жеткенше ескіріп кетуі мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар
тиімді нәтижелерге жете алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады.
Индивидуалистік мәдениет өндірістік - әлеуметтік қатынастармен бірге білім беру
саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік бағдарламалар бойынша
стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсін тексеру постиндустриалдық өркениет
талаптарына сәйкес болмай шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша салыстырудың
орнына келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір ұзақтығы, тіршілік сапасы)
тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің орнына мақсаттық, дара, арнаулы
білім беру де сонша тиімді.
169
Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше артады. Үндемейтін көпшілік
индустриалдық немесе тоталитарлық қоғамдарға тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар
шектеусіз қиратушы күшке, массаға айналып кетуі мүмкін. Егер осы миллиондар
өздерінің индивидуалистік мақсаттарын жеке түсініп және осының негізінде үйлесімді
әрекетке барса, онда біз орнықты дамитын өркениет үлгісін көреміз. Кейін тарихшылар
жалпыға бірдей дауыс беруді және көпшілік мүддесін ескеруді архаикалық рудимент деп
қарастыруы мүмкін.
Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы жалпылық деген ұғым бар.
Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға
болды. Саяси жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы демократия өкілеттік емес,
тікелей қатысушы демократиямен ауысады. Егер сайлаған өкілдер біздің көзқарасымызды
дәйекті жүргізе алмаса, онда өз көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мысалы,
"электрондық парламент" арқылы; Интернет жүйесін де естен шығармаған жөн. Мәселе
қашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді. Мәселені шешудің жолы -
жауапкершілікті арттыруда. Экзистенциализм терминімен айтқанда, кез келген адам
барлығы үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам пайда болады.
Жоғарыда келтірілген қағидалар қазіргі өркениеттілік тенденцияларын сараптаудан
алынған. Енді осы тенденциялар мен қазіргі Қазақстан шындығын салыстыра
қарастырайық.
Осыдан бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық жүйені қазіргі
өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық коғам, демократия т.т.) ауыстыру жергілікті
элитаның белсенділігімен және қол жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді.
Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау тұлғалық және әлеуметтік
мәдени құндылықтардың арасындағы амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап,
нақтылы тарихи жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен байланысты. Бұл
жерде жалпы үлгі, сұлба жоқ. Сонда да әлемдік тәжірибелерден тағылым алған
артықшылық болмайды. Мысалы, Латын Америкасында өткен рестратификация мен
жекешелендіру элита мен халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пайда болуына
әкелді және көпшіліктегі сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі экстремизм
мен терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы сияқты құбылыстарды Ауғанстан
сияқты мұсылман елдерінен де байқауға болады.
Егер Қазақстанда өтіп жатқан рестратификация мен десоциализация үдерістеріне назар
аударсақ, онда сол "латынамерикандық дамудың" жаңа түрлерін аңғаруға болады.
Мысалы, соңғы жылдары (бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе, теледидарда)
"зомби" туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның көркемдік, көпшілік мәдениетінде –
табыстық - кассалық мағынасынан басқа рәміздік (символдық) мазмұны бар. "Тірі өлік"
немесе зомби деп көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айтады. Зомби
тарихи- мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік ұғымға мәңгүрт жатады. Бұл Ш.
Айтматовтың көрген бейнесі кейін әлеуметтік - мәдени рәмізге айналған. Осы ұғым
жөнінде арнаулы талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір жақтарына ғана
назар аударайық. Тәуелсіздік жылдарында рестратификация мен бірегейлену біздің
елімізде этникалық доминанттар ықпалымен (тәуелсіздікті, егемендікті, жер мен ел
тұтастығын сақтау т.т.) жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі екі
субэтнос (қазақ тілді және орыс тілді қазақтар) тұралы жазып жүр. біздің ойымызша,
осындай бөліністің кейбір негіздері болғанымен қазіргі өркениеттілік үдерістері мен
индивидуалданған қоғамда омың жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша
айтқанда, этносты тілдік негіз бойынша жіктеу мәдениеттанулық у-хрония мен у-топияға
170
жатады. Архаикалық және патриархалдық - кландық сананың белгілі бір өкілдері орыс
тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар дегенді де шығарады. Өйткені олар үшін
рухани мәдениет қоршаған орта мен заман талаптарына оқшауландырылған мұражай
сипаттас болып келеді . Бұл сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық пен кісіліктің
жоғары үлгісі деп жариялады. Қазақстанда бұрын "ауыл - ұлт тірегі" деген тіркес
"ұлтжанды" интеллигенция өкілдері тарабынан жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына
жүргізілген де ұжымшылдықтан соң оның да мәнділігі азайып, ауылды жаңғырту
бағдарламасының жағымды мүмкіндіктері де бар екенін мойындау қажет. Қазіргі
постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның төмендегідей қасиеттері жоғары бағаланады:
автономдық, атомарлық, жасампаздық, еркіндік, шығармашылық. Осындай дара тұлға
үшін ең басты әдептік ұстын - "құлдық ділден" арылу. Ол "ұжымшылдық нарциссизмнің"
де мәнісін түсінеді. Орталықсыздандырылған дискурс постмодеріндік әлеуметтік
мәдениеттің басты белгісіне жатады. Адам - негізгі капиталға айналды және бұл жай
айтыла салған сөз емес.
Философ Н.Садықов казіргі Қазақстанда екі түрлі моральдық бағыттағы өркениетті құру
бағдарламасы бар дейді, біріншісінің жасампаздық мүмкіндіктері төмен және архаистік
санадан нәр алады. Оның басты сипаттарына жататындары:
-
ру - тайпалық және тоталитарлық инерция;
-
мәдениетті пайдасы шамалы сала деп санау;
-
"толымсыздық кешені" немесе "ұлттық мания";
-
әлемдік өркениеттік үлгілерімен салыстырмалы зерттеулерден үрейлену;
-
шындықты жасыру, жаңа мифтерді, репрессиялық сананы қалау.
Келесі бағдарлама әдептік мәдениетті заман талаптарына сай қалыптастыруға
бағытталған:
-
субъекторталық ұстаным;
-
мәдениетті әмбебапты реттеуші тетік және сұхбат деп қарастыру;
-
жеке адам санасына манипуляция жасауды тоқтату;
-
XX ғасырдың бейбіт мәдениеті құндылықтарын (демократия, адам құқықтары,
азаматтық қоғам, орнықты даму, толеранттылық, күш көрсетпеу т.т.) қабылдау.
24
Достарыңызбен бөлісу: |