I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет96/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
 
 
Ғалихан
АҚМАМБЕТОВ
 
АБАЙДЫҢ АДАМГЕРШІЛIК ТУРАЛЫ ІЛІМІ 


183 
Қазақ халқының әдебіне көңіл аудару, оның ерекшеліктерін түсіну, жалпы руханилықты 
жаңғырту - бүгінгі күннің келелі міндеттерінің бірі. Егемен Қазақстанды баурап алған, 
терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, лайықты тұлға 
аралық және этносаралық қатынастары қалыптасқан демократиялық қоғамның негіздерін 
құру байыпты рухани түпнегізсіз мүмкін емес. "Экономикалық кереметті" жасаушы 
елдердің тәжірибесі көрсететіндей, қайта өркендеу идеологиясында жетекші рөлді ұлтты 
гүлдендіру бағытындағы ортақ күш салу идеясы атқарады, бұл дүниежүзілік қауымдастық 
жетістіктерін, табанды еңбекті, ынтымақтастықты, төзімділікті т.т. шығармашылық түрде 
сіңіруге мүмкіндік беретін, ұлттық діл мен мінездің сол белгілерін барынша пайдалануды 
ұйғарады. Қоғамды реформалау, егер жаңартулардың стратегиясы мен идеологиясы, 
мақсаты мен міндеттері, оған тарихилықтың белгілі бір типі, әлеуметтік мұралану мен 
жаңашылдықтың тетігі тон, бүл әлеумет өмір сүруінің ерекше тәсілімен байланысты, 
ұлттық дүниетанымға және түбінде - нақтылы мәдениеттің негіздері мен қисынын, оның 
шығармашыл, қозғаушы бастамасын тануға сүйенетін болса, тек сол жағдайда табысты 
бола алады. 
Нақтылы мәдениет, жеке дананың шығармашылығында тұлғалық кейіпке еніп, толық 
өзіндік төлтумалығы мен өзіндік құндылығында оның ақыл-ойы мен сезімінде көрініс 
тауып, шексіз мүмкін әлемнің, шексіз мүмкін болмыстың бір мүмкіндігінің өзектілігі 
ретінде жалпылама маңыздылыққа ие болады. Мәдениеттің өзіндік санасы тек дарынның 
шығармашылығында өз мәңгілігін, мәдениеттер сұхбатына ену қабілеттігін қабылдайды. 
Жеке дарын кейпіндегі бұл сұхбат монологқа ауыспайды, сіңіп кетпейді, бірдейленбейді, 
тұлғасыздандырылмайды, ол анықталған мәдениеттердің сұхбаты ретінде өмір сүреді 
және тіршілік етеді. 
Өмір сүру және тарихи тәжірибенің айрықша тәсілінде қалыптасқан, қазақ мәдениеті 
өзінің бай рухани мазмұнымен ерекшеленеді, ғасырлар мен мәдениеттер сұхбатына ол 
өзінің қызықты тақырыбын енгізе алады және осылай жасауға міндетті. 
Абай шығармашылығындағы қазақтардың рухани мәдениеті өзінің ең жоғары кернеуі мен 
шыңында көрініс тапты. 
Мақаланың "Абайдың адамгершілік ілімі" деп аталуы кездейсоқ емес. Менің ойымша, 
атап айтқанда Абай қазақтардың адамгершілік ілімінің негізін қалаушы болып табылады, 
дегенмен олардың этикалық дәстүрі ғасырлар қойнауында тамырланады және арнаулы 
ғылыми зерттеуді талап етеді. Абайдың философиялық - этикалық дүниетанымының 
орталығында адам, оның санасы, сезім, ақыл және адамгершілік, нақтылы тұлғалық 
қылық түр. Философиялық ой қаншама алыс шарықтап кеткенімен және жоғары 
қалқығанымен, ол ешқашан болмыстың күрделі, қитұрқы сұрағы - нақтылы, бүгінгі, жер 
бетіндегі адам туралы мәселе бойынша шешім табуы міндетті екендігін, ұмытпағаны 
абзал. Абайдың философиялық - этикалық пайымдары бүл атауға, міндетке лайық, өйткені 
олар қашанда және қалай болса да адамға, оның өмірлік ізденістері мен мүдделеріне 
жақын. 
Абайдың әдеп туралы ілімінің аттану нүктесінде, жоғарыда айтылғандай, адамның өзі түр, 
міне тек ол өзінде бүкіл әдепті, сол шындықпен қосылып кеткісі келетіндей, қамтып және 
баурап алады, ол өз ұрпақтарына ары қарай ойша жалғастыру, қарастырылып өткен 
адамдық тағдырларды, идеяларды, сауалдарды түбіне дейін ойластыру, ары қарай 
"тергеуге алу" үшін кең арна қалдырады. 


184 
Өзінің философиялық толғауларында Абай өмірдің күрделілігінен, мәселелігінен шығады, 
оның туындыларында адамгершілік ізденістерінің тайғақ, жиі ретте терең қайшылықты 
жолына ең көрнекі түрде көз жүгіртуге болады. Осыдан оның ішкі дүниесінің мәселелігі 
байқалады: бір жағынан, оны сыртқы жағдайлар қанағаттандырмады, басқасынан - міне, 
осы қанағаттанбау тұрғысынан, тек қазақ халқының философиялық ойын дамыту үшін 
өшпейтін маңыздылыққа ие емес, бірақ сонымен бірге барлық замандастарды 
толғандыратын, өзінің адамгершілік ілімін жеткілікті түрде анық және жарқын көрсете 
білді. 
Адамзат тарихының ұлы кейіпкерлерін адам өнерінің ұлы кейіпкерлерімен бір нәрсенің 
қосып тұрғаны, қай заманнан бері аталып өтеді: олар түпсіз. Абай бейнесі де тап осындай. 
Оны тек "жаттап алу" пайдалы емес, бірақ ойластыру, түсіну, "өзінен өткізу" қажет, кімнің 
өмірі, ілімі әрбір жаңа дәуірмен өнеге, сабақ ретінде қабылданатын, олар осындай сирек 
таңғаларлық тағдыры бар адамға соқпай өтетін, дүниежүзілік тарихта кезең мен ұрпақ 
болған жоқ. Өйткені өткен шақ бізге тек оларды сіңіріп алу және ары қарай дамыту 
қажетті жалғыз идеяларды, ойларды емес, бірақ сонымен бірге, оларды әлі шешуге тура 
келетін, талай "дүние - жүзілік жұмбақтарды" қалдырды. Және солардың арасында - әрбір 
ұрпақ үшін өмірдің өзі сияқты түпсіз, Абайдың тұрақты маңыздылығының құпиясы түр. 
Осыдан Абайдың тарихи тиесілігі бойынша ғылыми расталған, "объективті" бейнесін 
қайтадан жасап шығаруға талпыныс, оның адамгершілік ілімінің мағынасы мен мазмұнын 
ақиқатқа барынша жақындата ашу - бүл философия тарихшылары мен этиктері үшін 
қарапайым міндет емес және болашақ зерттеушілер үлесіне де әлі талай "ақтаңдақтар" 
қала береді деп, ұйғаруға болады. 
Адамзаттың дүниежүзілік тәжірибе қорларында, құбылыстар мен деректерді танудағы 
қатаң "ғылымилықтан", "ұғымдылықтан" басқа, өткенді түсінудің одан да кем 
қызықтырмайтын және расталған жолы бар. Бұл - дүниені рухани - практикалық тәсілмен 
игерген және объективтік ақиқатқа өзінің айрықша тәсілдерімен соқпақ салатын, өнер 
жолы. Әйтсе де өнердің танымдық күші әлдеқашан мойындалғанымен, оның ғылыммен 
қатар болмыстың ең күрделі мәселелерін көтеру құқымен ешкім таласпайтынымен, 
сенімсіздіктің белгілі бір сәті бәрібір қала береді. Бүл өнерде ғылыми білім жиі, ешқандай 
нақтылы деректермен бекітілмеген, ойдан шығарылған және ойша жорытылғандармен 
қайшылықты түрде қақтығысып қалатынымен түсіндіріледі. Бірақ осыған қарамай, өнер 
адамдық мәселелердің кең шеңберін - олармен ғылым айналысуға міндетті, сол және 
басқа мәселелерді өзінше білдіреді және бағалайды. Өнер үшін осындай әрбір 
құбылыстың объективтік мазмұны, бұл жағдайда Абаймен терең ойластырылған, 
солардай тарихи мәселелерді күні бүгінге дейін бізге шешуге тура келетін, сол 
мәселелермен қатысты, оны өзекті ететін, дүниені белгілі бір тарихи түрде көретін, 
басымдылықтарды реттеп қоятын, біздің уақытымыздағы адамның өз сезім - күйлерінен 
бөлінбейтіндігі, маңызды болып табылады. 
Бірақ бұл іске асуы үшін, оларды қазақ халқы өзінің көпғасырлық тарихы барысында 
жасап шығарған, адамгершілік принциптеріне, сол дәстүрлерге берілгендікті аяқтау 
қажет. Атап айтқанда, бүл адалдық оның нақтылы шындықпен қарым-қатынастар 
үдерісінде өткен туралы емес, не бола алатындығы туралы, ықтималдығы немесе 
қажеттілігі бойынша іске аса алатындығы туралы айтуға, мүмкіндік береді. Бүл мағынада 
өнердің белгілі бір "дерексіздігі" соңғының, тіпті кейде ғылымның алдында, күші мен 
артықшылығының белгісіне жатады. Оның үстіне, қазақ мәдениетінің ерекшеліктеріне 
дүниені тұтас қабылдау, сонымен бірге істетпеген жағдайларда рационалдыдан кем 
түспей, өзінің көптеген көрсеткіштерінде одан артып түсетін және табыстылау, өнімділеу 
болып табылатын, шындықты эмоционалды, көркем түсіну және ұғыну жатады. 


185 
"Қазақ қоғамы үшін, олар адамдық әрекетті қалыптастыратын, дүниетаным әмбебаптары 
деңгейіндегі философиялық емес (философиялық пайымдау сипатты... Бұл философиялық 
жүйелерді зерттеуді әлеуметтік-мәдени кең мәтінде құруға, "философияларды" 
дүниетанымдық мәтіндер өрісінде бөліп көрсету үшін күш салуға міндеттейді", - дейді М. 
Орынбеков. Егер Абайдың адамгершілік ілімін осы көзқарастан қарастырсақ, онда оның 
негізі қазақ халқының руханилығы, нормалары мен салттары, құндылықтары және іс-
әрекет формалары болып табылады. Оның үстіне қазақ қоғамының сапалық ерекшелігі, ең 
алдымен индивидтердің материалды және рухани қатынастар саласындағы жалпылама 
байланыстарына негізделген, тұрақты әлеуметтік өмірді қалыптастыруда тұрғанын, 
ескерту керек. Басқаша айтқанда, олар әрекеттің түрлі формаларында өзінше жүзеге асып 
жатқан, қоғамдық байланыстың рухани формалары айрықша мағынаға ие болады. Бүл 
өркениеттің әлеуметтік иегерлерімен оның тұтастығы қамтамасыз етіледі, ол рухани 
құндылықтардың, идеялардың, білімдердің, нормалар мен дәстүрлердің бірлігінде көрініс 
тапты. Осыған байланысты қазақ қоғамы үшін анықтаушы болып шаруашылық - 
экономикалық жақтар емес, тұлға аралық қатынастар, тұрақты рухани құндылықтар мен 
реттеушілер алға шықты, сондықтан олар бұл коғамның ерекшелігін сипаттады. Мұнда 
өмірдің рухани құндылық жақтары экономикалық факторларға қарағанда маңыздылау 
болды. Адамдық қатынастар соншама түп негізділеу болып шыққандықтан, олар 
құндылықтар саласында шаруашылық байланыстарынан жоғары тұрды. Осыдан, 
халықпен жасалып шыққан, ортақ рухани құндылықтар әрбір қазақ үшін өшпес 
маңыздылыққа ие болғандығы шығады. Олар өзінше білім мен адамгершілікті, ақыл мен 
ерікті, әсемдік пен адамгершілікті синтездеді. Бүкіл бүл сапалар адамның ішкі дүниесін 
құрастырғандықтан, "адам болу" постулаты адамгершіліктің түйініне айналды. Абайдың 
адамгершілік ілімінің өзегі адамның өзі болып табылатындығы, кездейсоқ емес. Бұл 
жөнінде оның адамдарға "Адам бол!" деген сөзі куәландырады. Осыған байланысты 
М.Әуезов былай жазады: "Қашан біз Абайға бұрылғанда, онда адам философиясы мен 
адамдыққа тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде... көп түрлі, түрлі сапалы, терең ойлы 
пайымдардың кездесетіні талассыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, Абайдың 
философиялық көзқарастарының көпшілігі адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі". 
Бұл, сыртқы көзге, әбден анық сияқты "формулада" терең философиялық мағына жатыр. 
Абайдың ақиқат, шындық қырында адамдар, қашан бірдемені, бұл жағдайда адам болуды 
ортақ мойындағанда ғана мәмілеге келетінін тамаша түсінгенінде мәселе түр, өйткені тек 
осында объективтілік, таным үдерісіне шынайы адамдық мағына бере келе, рухани 
жалпыламалық ретінде көрініс табады. 
Жеке алғанда ойластыру мұқтаждығынан, өзінің әлеммен рухани байланысын және 
бірлігін ұғынудан тап осындай философиялық пайымдау да басталады. Философия 
әркімге, бірде - бір адам оның әлемге және өзі - өзіне қатынасын білдіретін, қайсыбір 
идеялар мен түсініктерсіз жүре алмайтындығынан керек болып шығады. Абайдың "Адам 
бол!" дегені дүниетанымның шектіліктен шығатын жалпы негіздерін білдіреді, яғни адам 
болмысының түпнегізді сипаттамасын нысанаға алады. Осында бүкіл замандар мен 
халықтардың өзіндік философиялық ойының айрықшалығы түр, дегенмен оның көрініс 
тәсілдері, жоғарыда аталып өткендей, әлеуметтік-мәдени факторлардан тәуелді әртүрлі 
болуы мүмкін. Өз халқының тағдырымен байланысты түрлі мәселелер жөнінде 
пайымдағанда, Абай тек түсінуге, ақылмен ұғынуға және ақиқатты тауып алуға ұмтылып 
қоймай, сонымен бірге өзінің бүкіл интеллектуалдық және адамгершілік күштерін 
жұмылдыра отырып, адамның ішкі дүниесін ашқысы да келеді. 


186 
Бірақ сонда да адамгершілікпен байланысты жалпылама мәселені - адам қандай болуы 
керек екенін - бірінші жоспарға шығара отырып, Абай оны, тек бірлікте алға шығатын, 
ақиқат пен жақсылықты сезіну ретінде түсінеді. Ендеше, ақыл мен ізгіліктің ішкі, туыстық 
байланысы оның философиясында айқын берілген. Бұл байланыстың соншама 
беріктігінен және үйлесімділігінен, ақыл тек жақсылыққа сүйенгенде, "ақиқатты білдіре 
бастайтындығы" шығады. Егер Абайдың ақылды түсінуін, сұранысты "ғылымилыққа" 
шақыратын және ақылды пайымдаушылықпен шатастыратын, жалған "рационализммен" 
ауыстырып алмасақ және осылардың кең таралған құбылыс екендігін ескерсек, онда оның 
философиясындағы ақыл мен ізгіліктің ішкі байланысы, әрине, айрықша көңіл аударуға 
лайық. 
Абайдың ақылды түсінуі және оған жүгінуі, ақылдың қуаты санада емес, әсіресе, "пікір 
сымақтарда" емес, объективті жалпыламалықта тұрады деген ойға жақындатады, онымен 
жүру ақылды болу дегенді білдіреді. 
Осылай түсінілген ақыл Абайда өзіндік сананың әмбебап ұстынына, соңғының қуат 
қайнарына айналады. Оның "Адам бол!" деген ережесі тек сыртқа, басқаларға қарай емес, 
алдымен ішкіге бағытталған, яғни адамгершілік қырына ие, өйткені субъектіге өз ұғымы 
және сенімділігі бойынша әрекет етуге еркіндік қалдырады. Осында Абайдың 
адамгершілік ілімінің мәні ашылады, атап айтқанда: моральдық қылық салт-дәстүрлермен 
міндеттелген әрекеттерді ғана жасамай, оларды шын көңілмен істеуді, сонымен бірге 
(қазіргі тілмен айтқанда) оларға деген саналы мотивациялы қатынаста болуды талап етеді: 
тек керек нәтижелелерге ғана жетіп қоймай, бірақ сонымен бірге парызды өтеу, 
пайдалылық ниетіндегі жеке мақсатқа сәйкеске қатыссыз ортақ талапқа еркін бағыну 
қажет болады. 
Абай үшін ақылға сай қылық шынайы адамдық қылық та болып табылады. Оның үстіне, 
адамгершілікті, ізгілікті ақылдың әлдебір ұстанымы ретінде қарастыра отырып, Абай оны 
табиғилыққа, яғни "табиғатпен келісімді өмір сүруге" қарсы қоймайды. Адам, дейді ол, 
сол мезгілде өзінің әлеуметтік табиғатымен де келісімді өмір сүруі керек. "Абай үшін 
бастапқы адам мен табиғаттың бірлігі ұстыны болып табылады: адам табиғаттың ең 
маңызды бөлігі болып қарастырылады. Бірақ сол уақытта ол адамды табиғаттың ішіне 
сіңіріп жібермейді және адам басқа тірі жандардан, солардың арасында жоғары 
жануарлардан, ойлау, идеяларды қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді деп 
пайымдайды; адам - ақылды жан" . Бүкіл жалпы қабылданған және жалпы мойындалған 
моральдық қатынаста ол адамға лайық мазмұны бойынша бағаланады. Ақыл жігерді 
басқаруға, құштарлықтар мен инстинктерді меңгеруге қабілетті болғандықтан, әдептілік 
(ақылдылық, даналық) табиғаттан туа біткен "табиғи бастамадан" көтеріле білу 
дәрежесімен анықталады. Ол жиырма бірінші қара сөзінде былай жазады: 
"Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген 
нәрсенің мен екі түрлісін байқадым; біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін 
мақтаншақтық деймін. 
Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есе қылмақ. Яғни надан атан бастығын, жеңіл атан 
бастығын, мақтаншақ атан бастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, 
өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол 
мінездерді бойына қорлық көріп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - 
ақылдылардың, арлылардың, артықтылардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі 
білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады". 


187 
Әрине, нақтылы өмірлік тәжірибеде мораль көп түрлі адамдық талпыныстармен, 
тілектермен, мұқтаждықтармен есептесуге міндетті, осының күшімен игілік пайда немесе 
қанағаттанумен өлшене алады, бірақ бүл күнделікті сана деңгейінде әркімге тән, қазіргі 
тілмен айтқанда, этикалық релятивизмді ақтамайды. Абай басқаша ойлайды, ол қоғамда 
өмір сүретін адамдардың күнделікті барлық өмірлік мақсаттары, мүдделері мен 
қылықтары жоғары игілік болып табылатын ортақ және жоғары мақсаттан тәуелді болуы 
керек деп есептейді. 
Абай ойлары адамгершіліктен ажырау дегенді білмейді және сондықтан адамның ішкі 
дүниесін адекватты білдіреді. Абайға сай, адам құдай жазасынан қорыққанынан емес, ол 
өз қылықтары үшін өзінің ар-ұяты, ақылы және басқа адамдардың алдындағы 
жауаптылықты сезінетіндігінен, ізгі болуға міндетті. Міне оның осы көзқарасы оған өз 
халқы туралы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бүкіл шындықты айтуға 
міндеттеді. Оның өз халқына деген терең сенімі, ішкі талаптылығы, өзіндік сыншылдығы, 
әдептілігі, соған оның өзі жататын, халық туралы бүкіл ақиқатты айтып беруге 
мәжбүрледі. Он алтыншы қара сөзінде ол былай дейді: 
"Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды 
қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, "тапқаным осы, біттім 
деп, алсаң ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?" дейтұғыны болушы еді ғой. 
Құдайтағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, 
ойланып, үйреніп әлек болмайды. "Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын" 
дейді. "Оқымадың демесе болады тағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді" дейді. 
Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?".
29
Бұл сөздерден оның халық тағдыры туралы қам жеуі анық көрініс тауып түр. Осы жөнінде 
Ж.Аймауытов жазғандай, "Абайдың өзіне дананың нәзіктігі, ақ пейілділігі, әділдігі, 
ақиқатты сүйгіштігі тән еді, ол бүкіл ғұмыры бойында адасқандарды шынайы жолға 
салуға күш жұмсады". 
Абай дүниетанымы реформашыл болды. Ол өз халқының рухани құндылықтарын сыни 
бағалады, қазақ санасына тән, кейбір кертартпа жақтарды іштей түсінді. Оған ауыл 
өмірінің туралап қалған жақтары тынышсыздық сезімін туғызды, оларды түсіндіруге және 
содан шығу жолдарын көрсетуге талпынды. Оны әсіресе сол ауылға тән мақтаншақтық, 
еріншектік, көре алмаушылық, түрлі интригалар мен дүрдараздық қинады. Ашу сезімге 
толы түрде ол былай жазады: 
"Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, 
қылықтарын қостасам керек еді. Уа, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге 
тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, 
мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек 
көрсем - сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, 
"не қылды, не болды?" демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан 
көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. 
Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпас болмас еді. 
Мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме - 
өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе, - білмеймін. Сыртым сау болса да ішім 
29
Абай. 
Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 37-6.


188 
өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын, сөйлегенім өз 
сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі'". 
Осыған байланысты ол жатып ішерлік пен надандықты, дүрдараздық пен жалқаулықты, 
мағынасыз мақтаншақтықты жоюға, адам тіршілігінің негізгі формаларына деген 
сүйіспеншілікті қалпына келтіруге шақырды. Осыған байланысты ол ерік-жігерге, 
қайратқа үлкен мән берді: 
"Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. 
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке 
жетпейтұғынын; әуелі өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, 
құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. 
Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, әбүйір, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, 
болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкарлықтан, көрсеқызар 
жеңілдіктен, нәпсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан 
бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? - депті". 
Нағыз адамның қайраты, ол жиі ретте алдау, қитұрқылық, опасыздық жолымен жүзеге 
асатын, билікке деген жігерде ғана емес, оның үстіне оған беріле табынатындықтан, ол ең 
алдымен өз ісінде жүзеге асуы қажет. Жігердің күші жұмысқа, кәсіпке, сауда, халық үшін 
пайдалы әрекетке деген қатынаста айқындалады. Ол былай деп жазды: "...адамдар белгісіз 
кәсіпке үйрену үшін туған жерін тастап сапарға шықпады, алқаптарды өңдемеді, саудадан 
пайда алуға тырыспады. Бірде бүл, бірде басқа партияға қосыла отырып, тек өздерін 
саудаға салды". 
Масылдық пен енжарлықты жек көре, ақын өз ойларын өткір жеткізеді: «Қазақтың 
бірінің-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз 
болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының 
себебі не? 
һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі - қорқақ, 
қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз - қорқақ, мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ - қорқақ 
ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз - надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан 
сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. 
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, 
өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді". 
Абайдың рухани әлемінде Шығыс пен Батыс құндылықтары өзінше үйлеседі. Бірақ 
осында олар, ол қазақ мәдениетіне тән, сол төлтумалықта айрықша түйінделеді. Оның 
бүкіл рухын өзінде қондырған, қазақ ретінде ол өмір бойы өз халқы болмысының 
адамгершілігінің мағынасын іздеумен болды және оның ұлылығын дүниежүзілік деңгейге 
көтере білді. 
Қазақтың өзіндік санасының ішкі даму қисынын іздеу Абайға адамның моральдық 
дүниесінің терең қабаттарын көтеруге мүмкіндік берді, бұл оны адамгершілік ілімінің 
негізін қалаушылардың қатарына қосты. Абай ілімінде әдептік сана өз тұтастығында алға 
шығады, өйткені халықтың рухани төлтумалығын түсінудің негізі адамдықтың өзінің 
имманентті формалары, яғни моральдылық болып табылады. Моральдылық халық 
төлтумалығының мазмұнын құрастырады, онда оның барлық мүшелерінің өмірлік 
басымдылықтарының ортақтығы мен ерекшелігіне негізделген, адамның дербестілігі, 


189 
сапалық айқындылығы білдіріледі. Адамгершілікте, халық руханилығымен себептелген, 
адам тіршілігінің түрлі жақтары ерекше байқалады. Сондықтан адамгершіліктің өзі жиі 
салт-дәстүрлер, моральдық құндылықтар және қылық формаларында қолданылады. Бұл 
үғым, жалпы алғанда ол қазақтар үшін өмірдің құндылық-әдептік жақтарының қоғамның 
басқа нақтылықтарымен салыстырғанда үлкен маңыздылығын бекітуге келіп тірелетін, 
қоғамның сапалық ерекшелігін білдіруде белсенді түрде қолданылады. Бұл тағы да, қазақ 
қоғамында рухани-әдептік құндылықтардың күнделікті өмірмен нақты практиканың ішіне 
сіңісіп кеткенін көрсетеді. Абай әдебінің тіршіліктің адамгершілік бастауларымен 
үйлеспей қалуының болмайтынын және сондықтан оның адамдық мәнін адекватты 
білдіретінін, бәлкім, осымен түсіндіруге де болады. Қоғам үшін, соның ішінде қазіргі де 
қоғам үшін "адамгершілік" пен "моральдың" арасында қайшылық тән, себебі 
адамгершілікпен әрекет ету үшін (өз арының талабы бойынша, өз сенімдері мен 
мұраттарына сай), қайта-қайта ресми қабылданған моральдық нормаларды бұзу керек 
болады, ал соңғылары бойынша әрекет ету оз ар-ұятын сатып жібергенмен бірдей болып 
шығады. Абай үшін ізгілікті білу мен адамгершілік әрекет ажырамайды, ал оз қылығында 
ақылды болу - қоғамдық қылыққа бару. Адамдар іс-әрекетінің жалпы әлеуметтік 
реттеушісі ретінде моральдың қажеттілігін түсіне отырып, Абай қоғам мен тұлға 
арасындағы қақтығыстың (өз тағдырының мысалында) мүмкіндігін және нақтылығын 
алдын ала көре білді. Және оның мораль философиясының логикасы мынадай 
қорытындыға жеткізеді: адам өзінің ішкі дүниесіне үңілуі қажет және сонда қылық 
бағытын таңдау үшін негіз іздеуі керек. Ал бұл іс жүзінде, адамның саналы және жауапты 
әрекетін ұйғаратын, әдепті өмірлік әрекеттің тұлғалық бастамасын мойындау болып 
табылады. Жоғары дамыған адамгершілік санасына не адам, тек сыртқы талаптарды 
бұлжытпай орындап қоймай, бірақ өзінде қоғамдық императивтерді дербес меңгеруге, өзі 
үшін белгілі бір адамгершілік бағдарламасын жасап шығаруға, түрлі факторлардың 
ықпалынан тәуелсіз қоғамда әрекет етіп тұрған ережелердің мағынасын ұғынуға және 
бағалауға қабілетті. 
Әдеп тұғырынан адамның тұлғалық дамуының белгісіне оның әртүрлі күрделі өмірлік 
жағдаяттарда ішкі сенімділігі бойынша іс-әрекетке баруға, жауапкершілікті басқаға 
аударып тастамауға, көзсіз түрде жағдайларға беріліп кетпей және тек оларды 
"ескерумен" шектелмей, сонымен бірге оларға қарап тұра білу, өз жігерін, өз қайратын, 
мінезін көрсете отырып, оқиғалар барысына араласа алу қабілеттілігі жатады. Өмірдің 
бүкіл жағдайларына жарайтын, "дайын ережелер" жинағы сияқты, мораль туралы 
түсініктің қаншама жеңіл-желпі және өнімсіз екендігін түсіндіріп жату қажет пе? Оған кез 
келген жағдайда әдебі бойынша, "ар-ұяты бойынша" іске баруға міндеттей отырып, мәнді 
әлдене адамның өзімен жауапталады. 
Ар-ұят, адамгершілік сондықтан әлеуметтік категория болып табылады, ол адамға туа біте 
тиесілі емес және оның генотипінде мүлгіп жатқан жоқ, дегенмен оның табиғаты мен 
көрініс тәсілдері тым күрделі. Сонда да ар-ұят тұлғаның қоғамдық және индивидуалдық 
даму үдерісінде оянады және қалыптасады. Өзінің жеке-дара мұқтаждықтарын, тілектерін, 
армандарын парыз сезімімен танылатынмен мөлшерлей отырып, арлы өмір сүру - бұл 
жауапты, саналы, мотивацияланған, яғни бұл сөздің ең кең мағынасындағы тұлғалық 
әрекетке бару. 
Адамдардың әдепке сай тіршілігінің бұл маңызды қыры туралы пайымдарды біз Абай 
ғақлияларында кездестіре аламыз, оларда бізді қызықтыратын тұлғаның моральдық 
әлеуеті туралы мәселе өткір және қоғамдық маңыздылығымен қойылған. 


190 
Белгілі бір жағдаяттарға байланысты, ақын онда әрекет еткен, өткір "шекаралық" жағдай 
оның алдына іс-әрекет бағдарын таңдау мәселесін қояды, яғни терең психологиялық 
сезімталдық деңгейінде экзистенциалдық мәселе туындайды. Өмірді өзінше түсіну 
негізінде ол шешім қабылдайды, оның мағынасы "Қара сөздің" бірінші сөзінде 
түсіндіріледі: "Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай 
өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре 
келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің 
бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған 
өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. 
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, 
көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! 
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді 
қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын 
бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. 
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге 
үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына 
кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, 
ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. 
Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не 
көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық! 
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, 
не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне 
ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, 
не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара 
сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі 
жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір 
жұмысым жоқ". 
Бұл таңғаларлық қызықты, терең, шын көңілмен айтылған ойлар, қайда мәре - өмір 
болатын, таңдау сипатын анықтайды. Ал мәнісінде олар көпшілік үшін танымал болып 
келеді, өйткені әдеп қуатын сынақтан өткізу - азды-көпті рухани кернеулі өмір сүретін кез 
келген адам үшін бүл күнделікті, үйреншікті құбылыс. Қашан адам өзімен-өзі жалғыз 
қалатын, көмекті ешкімнен және ешқайдан күтпеуге тура келетін, моральдық тіректі 
сырттан емес, өзінде іздеу қажет болатын жағдайлар жиі туындайды. Және егер бұл тірек 
болмаса, немесе басқаша айтқанда, тұлғаның әдептік көрсеткіштері "нөлдің" маңайында 
болса, онда ешқандай жанқиярлықтың, ерліктің кереметті немесе жай ғана таза 
адамгершілік қылық жүзеге аспайды, себебі олар қашанда тұлға санасының, қайраты мен 
мінез-құлқының көрінісі болып табылады. 
Міне осындай жағдайларда адамның әдептік қуаты түбіне дейін ашылады, өйткені 
моральдық ұстын, тек қашан ол белсенді, ар, ішкі сенім және тұлғаның адамгершілік 
сезімі бола бастағанда ғана, жүзеге асады. Басқаша айтқанда, қашан "міндетті" деген 
сырттан танылған бірдеме емес, ал өз таңдауыңның нәтижесі болғанда, және одан бас 
тарту немесе елемеу өзіңнен, өз индивидуалдығынан бас тартумен бірдей. Ал шынайы 


191 
индивидуалдық (Гегель дәл айтқандай, жалған және "ақылсыз" емес) өз "ерекшелігінде" 
ретсіз ұсына беру немесе болмашы нәрсемен "көзге түсе беру" емес, ал өз тіршілігіндегі 
әрбір сәтте ар-ұятпен әрекетке баруға үйрену болып табылады. Ар-ұятпен іс істеу, өз 
қылығының басқа адамдардың мүдделері және игіліктерімен тығыз байланысын өткір 
сезінетін, өзіне-өзі шынайы қоғамдық жан ретінде қарайтын қатынаста бүкіл өмірінен 
сабақ сияқты алып шыққан, әрекет болып табылады. Егер адам өзінің адамгершілік 
тәжірибесінде тиістінің емес, жалпы қабылданған мен дұрыс пайымдаудың қисыны 
бойынша ғана әрекетке барса, онда оның моральдан тыс тұрғанын, айрықша атап өту 
керек. 
Ол тек, оларды таңдау сәті жоқ, әрекет етіп тұрған салт-дәстүрлер шегінде ғана әдепті. 
Міне осыда моральдың "қитұрқылығы" тұр, себебі ол жай жалпы қабылданған әдеп 
нормаларын орындап жүруді ғана емес, сонымен бірге ол адамда өзіне және қоршаған 
ортаға сыни көзқараста болуды талап етеді. Нақтылы жағдайлармен әбден санаса отырып, 
Абай, әрине, өзінің ішкі, рухани, адамгершілік еркіндігімен қуатты еді, қашан оған 
сыртқы жағдайлардың қысымымен тәуелді әрекетке баруға тура келгенде, ол олардан 
адами, тұлғалық түрде көтеріле алу қабілеттілігімен, соны дәлелдеді. Осы жөнінде 
ақынның өзі былай дейді: 
"...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе 
қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып 
қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға 
орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде 
тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар 
болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын".
30
Адамгершілік санасы қозғалысындағы ең қарапайым жағдай, қашан ол дұрыс ақыл мен 
кең таралған мораль ұйғарымдарымен қанағаттанбаған түрде, туындайтын сияқты болып 
көрінеді. Бірақ бұл, олар кейін жоғарылау, адамдар санасында қалыптасып қалған 
үйреншікті түсініктерді өзгертуге қабілетті "айрықша" қылықтарға барудың қозғаушы 
себептері тап осындай, өйткені жеке адамдардың адамгершілік әрекеттері басқалар үшін 
жағымды үлгі бола алады. Әдепті жан ретінде, адам тұрақты түрде "пайдалылықтың 
жалпылама жүйесінің" шегінен шығуға ұмтылады және іске басшылық ретінде, өзімен-өзі 
расталған, яғни әрекеттің риясыз, көтеріңкі мотивтерін қабылдайды. 
Абай өмірінің мысалында, әрбір жеке-дара тағдырдағы қоғаммен берілген және 
қабылданған құндылықтар, қасиеттер, сапалар, сипаттамалар адамның өз "бойынан" 
өтетіндігін көруге болады. Жеке тұлға үшін олар алдын ала берілмеген, әлдебір "дайын 
үлгі" емес, ал оның өзімен қоғамдық және индивидуалдық даму барысында жасалып 
шығарылады. 
Абайдың адамгершілік ілімі туралы толғамдар, ол бүгін бізді қобалжытпай қоймайтын, 
сол құбылыспен байланысты бүгін көкейтесті болған, соның бір қырынан тоқталуға 
ниеттендіреді. 
Абай кез келген материалды молшылыққа немқұрайды болды. Замандастарын тек 
қажеттіге ұмтылуға шақыра отырып, Абай қоғамдық емес, ал тек қара басының қамымен 
шектелетін (сондықтан бассыздықпен жақын), жеке адамдардың қара дүрсін игілігі 
мұратымен күреседі. 
30
Абай. 
Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 70-6.


192 
"Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? 
Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық 
қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол 
қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды 
оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей 
іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден 
қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол 
Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. 
Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. 
Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған 
намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, 
малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпенен 
айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа еш нәрсе бойында қалмайды. 
Барында баймын деп мақтанады. Жоғында "маған да баяғыда мал бітіп еді" деп 
мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі". 
Сол, не қазіргі тілде "тұтынушылық", "баю", "затшылдық" деп аталатын, іс жүзінде 
этикалық ұстынсыздықты туындатады және қолдайды, өйткені осындай психологияның 
қармауына түскен адам, өз өміріндегі мақсат пен құралдарды шатастырады, олардың 
орнын ауыстырып жібереді, құралды мақсатқа айналдырады немесе жалғыз құралдармен 
өмір сүреді. Абай мұны жақсы түсінген: « Бұл күндегіде байлық та мақтан емес, ақыл, 
абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу - мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі 
салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке 
қолы жетеді. Желөкпелеу, мақтаншақ байларды: "сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын" деп 
желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан киімін бүтейтіп киіп, 
тәуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді. 
Ал бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді. Бір кісімен 
сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы 
секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен және ақылдасар досы 
көбейсе, қадірім кетіп қалады деп "Ой, тәңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық 
қой, бұл мына қулық қой, оған бүйдей салсаң болмай ма!" деп бар оңбаған жауапты 
үйретіп, амалшылықтың жолын қылады. Және байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. 
Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, әлгі антұрған байға, 
"мен айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?" деп, екіншіде тырп етпейтұғын 
қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де - осы". 
Адам "өзін базарға салып, өз атына мақтау есту немесе біреудің қызғанышын тудыру 
үшін" тамақтанбайды, су ішпейді, киім кимейді. Бірақ біреудің оның киген киімдеріне 
қызғана қарағанында, не тұр? Өмір тек жеке пайданы көздеу - бұл шектелген адам болу. 
Дүниенің барлық игіліктерін алуға ұмтылу үшін көп ақылдың керегі жоқ» . Тек соның өзі 
үшін, байлыққа ұмтылу, қазіргі тілмен айтқанда, тұтынушылық болып табылады, себебі, 
Абайдың түсінігіне сай, байлық тағдырлық мақсат емес, өмірді сақтап түру құралы болып 
табылады. Адамға бақыт әкелмейтін тойымсыздық сезімі, қалыпты өмір сүру үшін 
қажеттінің бәріне, тіпті одан да артыққа не болудан емес, осыдан басқа оның мақсаты 
болмаудан туындайды. Тек осы және басқа емес себеппен тойымсыздық жиі ретте 
жалығумен, түңілумен, пессимизммен және рухани бос, шекті өмір сүрудің басқа 
атрибуттарымен ілесіп жүреді. 


193 
Әрине, Абай мүлдем аскетизмді дәріптемейді, біз оның жеке өмірі туралы білеміз, оған 
"бүкіл адамдық жат емес". Байлыққа катысты оның айтқандарының бәрі - 
сұраныстарының аздығын көрсету емес, мұқтаждықтарының тапшылығы немесе 
тілектерінің кедейлігін байқату емес. Мұқтаждықтардың сан алуан түрлеріне ие бола 
отырып, Абай заттар мен ләззаттардың бағасын білді деп айтуға, барлық негіз бар. Бірақ 
ақылға сай таңдау жасау үшін, Абай логикасы бойынша, адам неден әбден бас тарта 
алатындығын толық білуі керек. "Оған көп нәрсе жетпейтіндіктен, бірдемеге аз 
мұқтаждық көрсететінмен және көп нәрсесіз-ақ жүре беретіндіктен, аз мұқтаждық 
көрсететіннің арасында айырмашылық бар" , - деп классикалық неміс философиясының 
белгілі өкілі И. Кант жазған. Осыған ұқсас ойды Абай да айтады: "Күшті көп нәрсені 
қалағанымен, азбен риза болады, мардымсыз адам аз сұрайды, бірақ көбірек алғанда да, 
риза емес". 
Мәселе, әрине, заттардың өзінде емес, ал адамның оларға қатынасында тұр, яғни оларды 
"жамандықтың себепшілер" және моральдық реттегі бейшаралықтың пайда болуының 
факторлары деп көрсетпеу керек. Ал осының бәрінің орнына материалды игіліктер мен 
құндылықтар дүниесімен "адамша" өз қатынастарын ретке қоюға адамның әдептік, рухани 
дайындығы туралы байыпты ойластыру қажет. Бұл кез келген, тіпті ең шатастырылған 
және сенің бүкіл тілектеріңді қызықтыратын жағдайда, ақылға сай таңдауға дайын, 
тұлғаның моральдығы және мәдениеттілігі туралы мәселе. Берік жалпылама негіздерге 
сүйенетін, Абай моралі өзінің нақтылы күшін, қашан ол қылық, әрекет, яғни адамның 
индивидуалдық жігерінің туындысы бола бастағанда көрсетеді. Сондықтан ол, 
ұстындарды өмірден жоғары қоятын, ешқандай ригорист емес. Ол шынайы дана, өйткені 
ол тек даналықпен ойлап қоймай, сонымен бірге даналық мұратын іске асыруға 
талпынады. Осында оның адамгершілік ілімінің асқақ мәні тұр, бұл істе, өз өмірлік 
әрекетінде білім мен адамгершіліктің, қоғамдық пен тұлғалықтың ажырамас бірлігін 
негіздеу де және практикалық бекіту де қажет болады. Абай білімді адамгершіліктен 
бөлмейді. Ол үшін ақылға сай әрекет - бұл санаға, адамша, яғни қоғамдық, әрекет етудің 
дамыған қабілеттілігіне айналған білім. Басқа адамды түсінудің, өзін басқадан көрудің 
және басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренудің дамыған қабілеттілігі Абайдың өмір 
салтына, жеке тәжірибелік іс-әрекет бағдарына жатады. 
Бұл мақалада біз көтеріп отырған мәселе, арнаулы талдауды қажет етеді, өйткені нақтылы 
өмірде кездесетін, білім мен сананың, білім беру мен адамгершіліктің арасындағы 
қақтығыстар, ғылым мен білім өзінен-өзі саналылықтың артуына жетелемейді, моральдық 
прогресспен теріс түсініктерден бас тартуға міндеттемейді дегенді дәлелдейді. Өкінішке 
орай, сирек емес білімділік моральдық кереңдікпен, адамгершілік жағынан кешеуілдеп 
қалумен, ұстынсыздықпен айрықша қосылып кетеді. Абайды қиналысқа түсірген, 
мынадай сұрақтар: "Қылықтың арғы жағында не жатыр?", "Ізгі моральдық іс-әрекет немен 
негізделеді?", "Неліктен білім қашанда игілікке әкелмейді?", "Қайратты, Ақылды, Жүректі 
не біріктіреді және неге олардың арасында қайшылықтар шыға береді" және т.б. - бүгін де 
өз өткірлігі мен өмірлік маңызын сақтайды. Бұл жағдайда, ғылымға, танымға деген 
махаббат Абайда адамгершіліктің өзінен шығатынын, тек атап өтейік. 
"Әуелі - білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп 
іздемеске керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана 
білмектіктің өзін дәулет білсең һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рақат хүзур 
хасил болады. Сол рақат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен 
деген үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді 
көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады". 


194 
Ол білімге деген көтеріңкі, асқақ, риясыз қатынасты қалыптастыру мен тәрбиелеудің 
субстанционалды негізі болып табылатын, адамдық тіршіліктің дәл сол саласын 
құрастыратын, адамгершіліктің әлеуметтік табиғаты мұнда өте терең және түпнегізді 
қамтылған. Атай айтқанда, бұл салада адам тұтас және сөздің толық мағынасындағы 
қоғамдық жан ретінде алға шығады. 
Абайдың адамгершілік туралы кейбір идеяларын қысқаша талдау этика саласындағы оның 
көзқарастарының бүкіл тереңдігін анық және айқын көрсетеді. Оның үстіне, оның 
адамгершілік ілімі қазақ халқының философиялық жай-күйінен шығатынын ескеру қажет, 
өйткені өз халқының философиялық ойлары ол үшін түпнегізді айқындаушы болды. 
Бәлкім, бұл көрнекті ойшылдың адамгершілік ілімін тұрпайы түсінуге әкелген, 
идеологияландырылған 
ресми 
философияның 
негізгі 
постулаттарын 
оның 
дүниетанымының үстінен жапсырудан шыққан, Абайдың этикалық ілімін зерттеудегі 
дәстүрлі сыңаржақтылық осымен түсіндіріледі. Қазақ халқының атақты ұлы бола отырып, 
Абай белгілі бір тарихи және геосаяси жағдайлардың күшімен бүкіл адамзаттың рухани 
тәжірибесін ерекше синтездей алды және адамгершілік ілімінің жеткілікті сымбатты 
жүйесін жасап шығарды. Осындай ілімді құрап шығаруға, сондай субъектінің танымдық 
әрекеті көркем әдебиет арқылы дүниенің рухани-практикалық игерілуіне қиылысты еніп 
кеткен, қазақ халқының рухани дамуының ерекшеліктері де себебін тигізді. Абаймен 
жүзеге асырған, атап айтқанда, шындықты көркем меңгеру органикалық сипатта әлдебір 
түсініктер, болжамдар, ұстанымдар, суреттемелер түрінде әлемнің ғылыми суретінің 
элементтерін өзіне енгізді. 
Өмірге терең философиялық бойлауының қуатымен, өзі бейнелеп тұрған объектілердің 
мәнін оған түсінуге мүмкіндік берген, әлемнің айрықша суреттемесін Абай өнер 
құралдары арқылы білдірді. Осындай объектілер көп санды: адамның ішкі дүниесі, 
психологиялық үдерістер, интуиция, тылсым сана және бейсана сияқты, адам 
психикасының сондай қиын жетуге болатын қабаттары, рухани мен тәндіктің, әлеуметтік 
пен табиғидың, адамдық пен ғарыштықтың байланысы. 
Абайдың рухани дүниесімен іштесу, адамда қайсыбір жаңғырық қалдырмай, ізсіз өте 
шықпайды. Кездейсоқтық пен кеңестілікке толы, өткінші өмір, Абай ұрандаған "Адам 
бол!" деген шақыру біздің әрқайсымыздың рухани өсуімізді арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет