І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


II. Сөйлемнің тұрлаусыз (айқындауыш) мүшелері



Pdf көрінісі
бет159/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
II. Сөйлемнің тұрлаусыз (айқындауыш) мүшелері 
 
Бұрынғы грамматикалардағы бір сөзбен 
тұрлаусыз мүшелер
делініп жүрген 
сөйлем мүшелері жаңа грамматикада айқындауыш деп аталған. Өйткені, бұл 
мүшелердің өзгешелігі тұрлаулы-тұрлаусыздығында емес, басқа жағында. Бұларды 
А. Байтұрсыновтың «Тіл құралында» анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деген 
үш тапқа айырып, үш түрлі терминмен атайтын. Т. Шонановтың кітаптарында олай 
үшке айырмай, екі ғана жікке айырып, бірін анықтауыш, екіншісін толықтауыш 
деп өте шыққан. А. Байтұрсыновтың толықтауыш, пысықтауыш деп екі жікке 
айырғанын Т. Шонанов айырмай, бір-ақ топқа иіріп, бір-ақ толықтауыш деген 
терминмен 
атайды. 
Біздің 
граматикамызда 
бұлардың 
қанша 
жікке 
айырылатындығын жоғарғы кластарға қалдыра тұрып, алдымен бәрін қосып, бір-ақ 
сөзбен «айқындауыш» деп аталған. 
Кәне, неліктен бұларды әр жазушы әр түрлі атап жүр? Неліктен біз, 
бұрынғыларша жіктемей бөлек кеттік?
Оның себебі болды. Бұлар өзара нешеу болса да, бәрінің арасында бір 
жақындық бар. Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің іргесі. Сол екеуі сөйлем 
болмайтынды сөйлем болдыру үшін керек. Ал мыналардың қай-қайсысы да сөйлем 
болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, сөйлем болып тұрған сөз 
тіркестерінің үстіне жамалып, бастауыш пен баяндауыштың мағыналарын 
бұрынғыдан гөрі ашығырақ, айқынырақ аңғарту үшін керек. Сондықтан, бұлардың 
бәрін қосып, бір топқа иіріп, бір атпен атап алу – бұлардың өзара айырмашылығы 
болса, ондай ішкі бөліктерін кейін тағы тарау-тарауға айыру керек болды. Осы 
күнгі орыс грамматикалары да осылай етіп жүр. Бірақ олардың «пояснительные 
слова» деп атаған тобын онан әрі жіктеу жолы бір басқа да, біздікі бір басқа. Олар 
әуелі айқындауыш деп, мағынасына қарай бір атап алып тұрып, оның ар 
жағындағы ұсақ жіктерін айырғанда тағы да мағынасына қарай жіктеп, себеп 
айқындауыш, орын айқындауыш, мезгіл айқындауыш т.т. деп таптастырады. Бұлай 
жіктеу сыңар жақты болады. Өйткені, айқындауыш деген аттың өзі мағынасына 
қарай қойылған; онан кейін, сол айқындауыштың өзін тағы да мағынасына қарай 
айырғасын – сөздердің формалану, тіркесу жағын есепке алмағасын, бір өңкей 
мағынашылдық жолына түсіп кеткендік болады. Тілде жалғыз мағына ғана емес, 
форма да бар. Дұрысын айтқанда, әр мағына әр түрлі формаға түсіп отырады. Оның 
үстіне бір мағынаның формасы біреу ғана болмай немесе бір форманың мағынасы 


біреу болып қоймай бұлардың арасында қайшылықтар болып отырады. Сондықтан, 
грамматиканы тек мағына жүйесіне негіздесе де немесе тек форма жүйесіне 
негіздесе де, тілдің табиғатын көрсете алмайтын сыңар езулік болады. 
Грамматиканың қай жерінде болса да мағына, форманың екеуін де естен шығармай 
отыру керек болатыны осыдан. Бұл, әрине, қиынырақ, бірақ осылай етпесе, дұрыс 
шықпайды.
Мағынаны да, форманы да, екеуін де ескеру керек деген – әр категорияның 
өзінің мағынасы мен формасын қабаттастырып, қатар алып отыру керек деген 
емес. Бір категорияның өзін мағынасына қарай бір таптастырсақ, одан кейін, әр 
мағынаны формасына қарай тағы таптастырып алу немесе ретіне қарай, кейде 
формасына қарай бір таптастырып алып, онан кейін әр форманы мағынасына қарай 
тағы да бір таптастырып алу дұрыс. Тілдің табиғатына осы лайық. 
Біз осылай етіп отырамыз. Біз мағынасына қарай, 
әуелі айқындауыш
деп бір 
бөліп алып, онан кейін сол айқындауышты формасына қарай тағы да тарау-тарауға 
айырып отырамыз. Формасына қарай алынған тарау-тараудың әрқайсысын оның 
ар жағында мағынасына қарай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің 
таптарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайық түрде сатылы таптастыру 
болып отыр. Бұрын бұлардың қай-қайсысын да бір қабат өлшей салған үстірт 
таптастырулар ғана болушы еді. 
Тілдің өсуі ала-құла келеді. Бір жағы ілгері, бір жағы кейін жатады да, сөздің 
мағынасы мен формасының арасы да үздік-созық келеді. Сондықтан, жалғыз 
мағынаға ие жалғыз ғана формаға сүйенген өлшеу, тіпті форма мен мағынаның 
екеуін қабаттастырып өлшеушілік – мұның қай-қайсысы да тілді өлшеуге жарамай 
жүреді. Тіл қай жерде ондай өлшеуге сыймай қалушы еді де, қай жерде толмай 
қалушы еді. Осы кемшілікті қайталамау үшін, біз баспалдақтап таптастыру әдісін 
мақұл таптық. 
Олай болғанда, айқындауыш мүшелердің бәріне ортақ қасиеті барлығына 
қарап, бұларды бір топқа иіріп, бір сөзбен атау керек болғанда, бұрынғы тұрлаусыз 
мүшелер деп, бір сөзбен атағанның өзі жетпейтін бе еді? Неліктен оған жаңа 
термин шығарып, айқындауыш деп атау керек болды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет