І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет35/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
Ержан бағалау 1 (1)
Ф. де Соссюрдің тілге көзқарасы 
Бұл – тіл білімінде әлеуметтік бағыт ұстаған әйгілі Женева мектебі деген 
көрнекті мектептің адамы. Ф. де Соссюр – «синхроническое языкознание» деген 
бағыттың негізін салған ғалым. Аталған бағыт тілдің бір дәуірдегі қалпын ғана 
қарайды. Осы идеяға берілген ғалым әр заманда тіл жүйесі әр басқа болады деген 
жаңсақ көзқараста болады. Оның қателігі тілді еш уақыт өзгермейтін қатып қалған 
зат деген түсініктен туған. Соның нәтижесінде тілтану ілімі «статическое 
языкознание» деген жасанды жолға түседі. Статика – 
станция
деген сөз. Бұл 
көзқарас бойынша, тілдің болмысы көлденеңнен (горизонталь) қарастырылмай, 
тігінен, яғни өн бойын қуалай (вертикаль) зерттелуі тиіс. Мәселен, етістік 
категориясын замандарды қуалай зерттеуге болады. Мұны «диахроническое 
языкознание» дейді. Алдыңғысын, яғни синхронды белгілерді грамматика деп 
қараған. Қазіргі қазақ тілінің барлық құрамды бөлшектерін – дыбысты, 
морфологияны грамматика тексереді деп білген. Оның грамматика тарауына 
лексикология да кіреді, өйткені бір кезеңдегі тіл болған соң лексиканы да қамту 
қажет деп есептеген. Соңғы диахроникалық тіл білімін грамматикадан басқа деп 
түсіндіреді. Сонымен Ф. де Соссюр грамматиканың құрамын фонетика, 
морфология, синтаксис, лексика тараулары деп белгілеген. Демек, ол біздің 
морфологияға кіреді деген категорияларымызды синтаксиске кіреді деп, ал 
синтаксиске кіреді деген объектілерімізді морфологияға (сарфқа) кіреді деуі де 
мүмкін. Мысалы: 
Мен оқушымын
деген тіркестің құрамындағы 
мен
=
мын
дейтін 
есімдіктердің біріншісін айтқанда екіншісін айтпай немесе екіншісін айтқанда 
біріншісін айтпай қоюға болатыны мәлім. Осы ілгері-кейінділікті Ф. де Соссюр 
синтагма дейді де, бірінші мен екіншіні қосып, синтагма тізбегі деп атайды. Сөйтіп 
Ф. де Соссюрдің синтагмасы дыбыс болсын, басқа болсын қайсысы бұрын
қайсысы соң келу тәртібін қарайды. Жоғарыдағы тіркестің екінші сыңарындағы сөз 
мүшелерінің орналасуын синтагма тізбегі деп түсіндіре отырып, 
оқушымын
дегендегі морфемдердің тәртібін бұзбасақ қана ол дұрыс ұғым береді, әйтпесе сөз 
болмай шығады, не басқа сөзге айналып кетеді. Демек, мағынасын дұрыс беру 
үшін әуелі «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет