І. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық оқыту технологиялары



бет2/10
Дата07.07.2020
өлшемі309,01 Kb.
#74946
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
мультимедия

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................

Кіріспе
Қазақтың ғұлама ғалымы Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» - дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды .

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Бүрынғы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 жарлығымен бекітілді. Мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.



  • сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

  • педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдану және ынталандыруды күшейту;

  • 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

  • шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі ШЖМ) проблемаларын шешу;

  • экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

  • жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету.

«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу –өнер» деген халқымыздың қанатты сөзі сындарлы тәсіл теориясымен астасып жатқандығы.

Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады. Қазіргі оқытудың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудағы жалпы мақсат-оқушыларға ана тілімізді ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін,лексикалық байлығын таныту,қазақ тілінің қуатын,құдіретін,шешендігін жас ұрпақ бойына дамыту ,ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру. Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиетін компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.

Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу - ХХІ ғасырдың басты талабы. Қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Атап айтсақ:

- Модульдік оқыту технологиясы;

- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

- Дамыта оқыту технологиясы;

- Тірек- сызба технологиясы;

- Проблемалық оқыту технологиясы;

- Ойын арқылы оқыту технологиясы;

- Өздігінен даму технологиясы.

Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекеленген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру-күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі-қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Барлық сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютерлендіріп, компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, соның нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға күш салу керек. Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Қазақ тілі сабақтарын өткізу барысында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын тиімді пайдаланамын. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарда қолдану - оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарымқатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.

Оқыту процесінде шәкірт пен ұстаз арасында қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Осы тапты жақсы түсінген ұстаз ғана өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың компьютерге деген қызығушылығын, пәнді үйренуге деген ынта-жігерін құштарлығын арттырады. Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болу үшін жан-жақты болып өсуі шарт.

Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті.

Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру.  Құзырлылық( құзіреттілік)  - ол терең білім. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзырлылыққа жету керек.   Құзыреттілік ( құзырлылық) – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды) жиынтығы. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны білдіреді.«Сompotens» латын тілінен аударғанда қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара  алады   дегенді  білдіреді   деген сөзді      

К.Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында»  еңбегінде айтса, Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін, өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтады

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Баланы дамыту, кең мағынада алғанда, оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерістері және кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсіндіріледі. 1930 жылдардағы педагогикада осы мәселелерді орыс психологі Л.С. Выготский тең жүретін процесс деп түсіндіреді және «оқыту дамудан бұрын жүреді, балаға неғұрлым білім берсек, ол баланы соншалықты дамытады» дегенді айтады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізу.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа  нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет