I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


XV-XVIІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз



бет58/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
82. XV-XVIІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
1960-80 жылы XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің рөлі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет