I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Қазақ тіліндегі синонимдік қатардың айырым белгілерін атаңыз



бет18/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

17.Қазақ тіліндегі синонимдік қатардың айырым белгілерін атаңыз.


Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

  • Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.

  • Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

  1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

  2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

  3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

  • Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

  2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

  3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалызаңғар биік тау, құр бекер жүру;

  4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. МысалыБармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

  5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

  6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалыөлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.
Синонимдік қатардың айырым белгілері. Синонимдер деп ұғымы бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздерді айтамыз. Тіліміздің байлығы синонимдердің көптігімен анықталады, яғни синонимдер арқылы танылады. Синоним болу үшін, ең адымен, олар бір ғана ұғымды білдіруі керек; тұлғалары жағынан бір-біріне ұқсамауы және бір ғана сөз табына қатысты болуы шарт. Ә.Болғанбаев синонимдерге байланысты былай дейді: «Синонимдік сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек, синоним болып жұмсалатын сөздер бір ғана сөз табынан болуға тиіс». Синонимдік қарым-қатынаста жұмсалатын сөздердің саны аз да (кемі екі сөз), көп те (20-30) бола береді. Белгілі бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің топтарын тіл білімінде синонимдік қатар деп атайды.Сөздерді синонимдік қатарға топтастыру өз-өзінен бола қалатын жай нәрсе емес, белгілі заңдылықтарға сүйеніп жасалатын өте күрделі, әрі тым жауапты жұмыс. Әрбір синонимдік қатардың бірінші басқы сөзін негіз етіп, сол тірек сөздің төңірегіне қалған сөздерді мағыналық жақындығына қарай топтастыру қазіргі кездегі ең тиімді тәсіл болып табылады. Мұны доминант сөздер деп атайды. Сөздерді синонимдік қатарға топтастыру заңдылықтары осы доминант сөздер төңірегінен іздестіріледі.
Бір сөздің әр түрлі мағынасы әлденеше синонимдік қатарда қолданыла береді. Көп мағыналы сөздер әрбір синонимдік қатарға бөлінгенде олардың мағынасын бір-бірімен шатастырмау керек. Сонымен бірге олардың әр қатардағы қолданысы өзді-өзіндегі сөздермен ғана синоним болып жұмсалады. Бір сөз бірнеше қатарда қолданылғанымен оның барлығын сол бір сөздің синонимі екен деуге болмайды. Қорытa келгенде синонимдер бір ғана затты емес, бір ғана ұғымды білдіреді. Демек, синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет