I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Грамматикалық мағынаның берілу жолдары



бет26/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

Грамматикалық мағынаның берілу жолдары:
І. Қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;
ІІ. Көмекші бірліктер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;
І. Грамматикалық мағынаның қосымша арқылы берілуі.Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: 1) жалғау; 2) нөлдік қосымша; 3) грамматикалық жұрнақ;
1.Жалғаулар 4 түрлі: 1) көптік жалғау (кітаптар, адамдар, мектептер, т.б.);
2) тәуелдік жалғаулар (менің, сенің, біздің,т.б.);
3) септік жалғау (халықтың, елмен, адамды, т.б.);
4) жіктік жалғау (мен, сен, ол, біз, т.б.);
2. Нөлдік қосымша арқылы берілуі.Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелері бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау парадигмасының 3 жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақты қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, жоғарыдағыдай жағдайда мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау білдіреді деп санайды. Мысалы, Хакім сөз таба алмай қалды. Бөлме іші тар. Бейімбет екеуміз Аманкелдінің туған еліне, Торғай, Батпанқыраға жүріп кеттік. Осы мысалдардағы сөзтабыс септіктің нөлдік жалғауымен, бөлмеілік септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Соңғы сөйлемдегі Торғайсөзі барыс септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Демек, нөлдік жалғауы- грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірлік.
3. Жұрнақтар арқылы берілуі.Тілде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық жұрнақтар бар. Ол жұрнақтар сөз таптары тұрғысынан келгенде, етістіктерге қатысты. Етістіктің болымсыздық мағынасын білдіретін –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, осы шақ мағынасы –а,-е,-й, -ды, -ді, -ты, -ті, -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -ар, -ер, -р, -у, т.б. жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет