I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Үндеу амалдары: қызметін саралаңыз



бет34/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

53. Үндеу амалдары: қызметін саралаңыз.
Сөйлемнің мазмұны тек пікір білдірумен ғана тынбайды, сөйлем сөйлеушінің түрлі эмоциясын қосып атайды. Сондай-ақ, сөйлемнің мазмұнына тыңдаушының назарын аудару, үндеу, яғни, оған контакт жасау да кіреді. Осыған орай, К.Бюлер тіл үш түрлі қызмет атқарады деп көрсетеді: «пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру және үндеу». Тілдің негізгі қызметі – пікірді хабарлау. Үндеу, сөз жоқ, тілдің қосымша атқаратын қызметі. Үндеу осы пікірдің тыңдаушыға нәтижелі, анық жеткізілуі үшін жәрдемдеседі. Тілдің үндеу қызметі ылғи көріне бермейді, ол ауызекі сөзде көбірек көрінеді. Ауызекі сөзді тыңдаушы тікелей естиді. Сондықтан сөйлеуші сөзі түсінікті, дәл жету үшін тыңдаушының назарын аударып алады. Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамында қаратпа сөздер мен тыңдаушының назарын аудару үшін қызмет ететін қыстырма сөздер (айтпақшы, немесе т.б.) ойға байланысты ассоциация тудыруға жұмсалады. Үндеу үшін жұмсалатын қыстырма компоненттер сөйлемнің эмоциялық, коммуникативтік міндеттеріне сай, сонымен тығыз бірлікте жұмсалады.
Қаратпа сөз – үндеу амалдарының бірі. Қаратпа ретінде жиі жұмсалатын сөздер бар. Олар:
1. Жалқы есімдер.
2. Туыстық қатынасты білдіретін сөздер (бала, келін, құда, т.б.)
3. Кісілерді жас, жыныс, әлеуметтік ерекшелігіне қарай атайтын (батыр, жігіттер, т.б.) сөздер.
4. Лақап атты білдіретін сөздер (төрежан, тетелес т.б.)
5. Қаратпа сөз ретінде тілек істі білдіретін зат есім, сын есім сөздер, эмоцияны білдіретін басқа да сөздер жұмсалады. Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт. Ит-ау, солай құшақта деппін бе (Б.М.). Беу, дарылдақ-ақ, зекпірімді жаңылтпашы (Б.М.).
6. Одағай сөздер. Ау, сен неге жайластың (Б.М.).
Қаратпа сөз сөйлемнің коммуникативтік талабына сай түрліше мағыналық өң алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түрге енеді. Ол бірде сөзді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді үстейді. Кісі атын білдіретін жалқы есімдер тәуелденіп, қаратпа сөз ретінде жұмсалғанда, сөйлеушінің үстем, өктем, кекетіп сөйлеуін білдіреді. «Жарайсың, Бәйімбетім» деді де, Байболат ұмтылып барып оны арқаға қақты (С.О.).
Қаратпа сөздер сөйлем құрамында негізгі қызметімен қатар актуализация үшін де жұмсалады. Қаратпа сөздің орны көп жағдайда сөйлемнің ой екпінін түсіретін мүшесінің жанында тұрып актуализациаланады. Қосымша қызмет жүктелуіне байланысты бір сөйлемде бір емес, екі қаратпа сөздер қоса енгізіледі. Тұр, құда, аяғыңды жи. Шалжиып жата бергенше, басыңды көтерсеңші (Б.М.).
Осы тәрізді қосымша қызмет жүктелуіне байланысты бір сөйлемде бір емес, екі қаратпа сөз қолданылады. Көкетайлар-ау, біреуің тұр дейсің, біреуің тұрма дейсің, қайсыңның тіліңді алайын. Дұрысын айтыңдаршы, көкетайлар! (Б.М.). Мұндайда қаратпа сөздің біріншісі үндеу үшін қызмет етсе, екіншісі актуализация міндетін атқару үшін енгізіледі.
Қаратпа сөздің жұмсалуы кейде үндеу қызметінен гөрі, поэтикалық әсер туғызуға байланысты болады. Куә бол, айым, куә бол, Алатауым!
Үндеу үшін сөйлем құрамында немене, қалай, қане, ал деген сөздер қыстырма ретінде кірігіп қызмет атқарады. Бұл сөздердің жұмсалу ерекшелігі бар. Немене, қалай сұраулы сөйлем құрамында жұмсалады. Қане үндеу амалы ретінде бұйрық мағыналы сөйлемдердің құрамында жұмсалады. Қане, алатын болсаң, тез ал, әйтпесе қазір қалаға жүретін кісілер бар, содан беріп жіберемін (Б.М.). Үндеу амалы ретінде ал сөзі сөйлемнің барлық түріне қатысады. Ал, енді жиналып не істемек едіңдер (Б.М.). Үндеу амалы ретінде қой етістігі де жұмсалады. Қой, мен кетейін. Бұл етістік көбіне болымсыз сөйлемдердің құрамында жұмсалып, екінші жақтың сөзіне қарсылықты немесе әңгіменің тиылғанын білдіреді. Айтпақшы тыңдаушыға тосыннан ескертетін сөзді айту үстінде жұмсалады. Айтпақшы, сен қашан қайтып ораласың?
Толымсыз сұраулы сөйлемдер (естідің бе, білесің бе т.б.) қыстырма ретінде жұмсалып үндеу қызметін атқарады. Қулық жоқ қой, білдіңіз бе, қулық болса, бітпейтін дүние жоқ (Б.М.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет