I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Күрделі сөздердің түрлері мен жасалу тәсілдерін айқындаңыз. Күрделі сөз орфографиясындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз



бет32/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

51.Күрделі сөздердің түрлері мен жасалу тәсілдерін айқындаңыз. Күрделі сөз орфографиясындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз.







52. Сөздерді топтастырудың негізгі принциптеріне тоқталыңыз. Сөз таптарын жіктеудегі ғалымдардың классификациясын саралаңыз.
Тіл білімінде ерте кезден бастап сөздерді атаушы немесе негізгі сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан. Сөз таптарын анықтау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете зерттеу үшін өте керек. Сондықтан сөздерді лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мәселесі болып табылады. Тіл білімінің тарихында сөз таптарының табиғаты туралы әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары лексика-грамматикалық категория болып саналса, екіншісі бойынша сөз таптары формальды грамматикалық категория, ал үшінші бір көзқарас бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптарын лексика-грамматикалық категорияға жатқызатындар, сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бойынша топталып, соған сәйкес белгілі бір сөз табына телінеді деп түсіндіреді. Бұл пікірді көпшілік белгілі ғалымдар мақұлдайды. Мысалы: орыс тілінің көрнекті маманы А.А.Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасымен қоса қосымша грамматикалық ұғымдардың, граммматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Зат есімдерге заттың атауы мағынасы және жекеше-көпшелік, септік, тәуелдік мағыналары тән. Ал, етістіктерге қимылдың атауы болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тән болып келеді.
Сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын пікірді қуаттайтын ғалымдар қатарында академик В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі, сайып келгенде, И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі. Академик И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды.
Сөз таптарын грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдар да бар. Олардың қатарына О.П.Суникті, А.А.Реформатскийді жатқыызуға болады. О.П.Суник сөз таптарын ажыратуда негізге алынатын белгі лексикалық мағына емес, әр сөз табына тән жалпы грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тән, оны басқа сөз таптарынан ажырататын басты, жалпы грамматикалық мағына болып саналады. Ал жалпы грамматикалық мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді. Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, сондай-ақ лексикалық мағынасы жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ ғалымдардың басым көпшілігінің пікірін дұрыс деп есептеуге болады. Осы пікірдің негізінде, қазақ тіліндегі сөздерді топтастырудың принциптері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек - семантикалық белгі. Осы семантикалық белгі сол сөздерді одан әрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек болады. Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай үш принципті басшылыққа аламыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет