I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда



бет29/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

9. Рай категориясы










10. Шақ категориясы












47. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, оларды топтастыру принципін атаңыз.
Құрмалас сөйлемдердің басты түрлері
Құрмалас сөйлемдер бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұларды түрге бөлу құрылысын тануға, құрылысына сай ортақжəне ерекше белгілерін анықтауға бағытталған жəне сол жұмыстың қорытындысын көрсетеді.
Тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылысын тану. Осы құрылы -
сына сай танылған тұлғалардың қызметі, мағынасы қосымша белгілері ретінде екінші кезекте ілесіп зерттеледі, қосымша белгілері ретінде оған тағылады. Осыдан əр синтаксистік тұлғаның толық бейнесі (сипаты) тұрады.
Құрмалас сөйлемдердің басты тұлғалары мына белгі бойынша шығады:
Құрамына сай.
Грамматикалық форма алуына сай.
Құрмалас сөйлемдер құрамына сай екі түрге бөлінеді.
1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер үш жəне одан да көп жай сөйлем
типтес компоненттерден құралады.
Кешегі Оспан –
Бір бөлек жан:
Үйі – базар,
Түзі – той
(Абай)
Алтайда шыбын-шіркейдің өмірі қысқа! Шілдемен келіп, сүмбіле түсе,
кетеді, шық түскенше, өрекпіп, бірге өледі (Қ. Ысқақов).
Құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне
қарай мынандай екі түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Конструкцияға қатысатын компоненттер баяндауыштары түгелдей тиянақты (финиттік) формада қатысқан құрмалас сөйлемдер салалас құрмаластар түріне жатады. Бұл құрмалас сөйлемдер осы тиянақты баяндауыштық тұлғалар арқылы, интонация, компоненттердің орын тəртібі, жалғаулықтар арқылы байланысып, ұйымдасады.
Əлі де бір ай жұмыс істейтін едім, бірақ əкем қайт-қайттың астына
алды (А. Нұрманов).
Конструкцияның бірінші компоненті баяндауышы тиянақсыз финиттік емес (шақтық, жақтық формалары қатыспай) – көсемше, шартты рай, қимыл есім тұлғаларын алып, сол арқылы екінші компонентпен байланысып құрылса, ол сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне жатады.
Май айы аяқталса да, күн суытып тұр (А. Нұрманов).
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жағынан осылай алшақ, бірақ білдіретін мағыналық қатынасы жағынан біріне-бірі вариант болып, жарыса жұмсалатын тұлғалары бар.
Қарсылықтық қатынасты білдіретін салалас сөйлемге вариант болып
келетін сабақтас құрмалас сөйлем бар.
Май айы аяқталды, бірақ күн əлі суытып тұр – Май айы аяқталса да,
күн əлі суытып тұр.
Салалас сөйлемдердің барлық грамматикалық, семантикалық түрлеріне
сай келетін вариант сабақтас құрмалас сөйлемдер тобында түгелдей дерлік бар.
Осы жағдайға қарамай жəне салалас құрмалас сөйлемдердің сабақтастардан көп бұрын қалыптасқанына қарамай құрмалас сөйлемнің сабақтас түрлері сөзде озық жұмсалады.
Мысалы, М. Əуезовтің «Абай жолы» романының бірінші кітабының 5-10
беттерінде 19 құрмалас конструкция бар, соның салаласы – 6, сабақтасы –13.
Мұндай алшақтық ұзақ мəтінд е өте бақырайып шығады.
Ə. Елшібаеваның «Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы» деген зерттеуінде мынандай статистикалық дерек келтірілген.
М. Əуезовтің «Абай жолы» (бірінші кітап) романының 80-130 беттерінде салалас құрмалас сөйлем 12 рет, сабақтас құрмалас сөйлем 92 рет
Жұмсалған.
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің жарыса келетін грамматикалық-семантикалық түрлерінің бəрінде осындай алшақтық бар. Дəлел үшін мына деректі келтіреміз.
Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының 60-115 беттерінде себептік құрмалас сөйлемнің жалғаулықтысы – 1 рет, сабақтас құрмаластан – 12
рет жұмсалған.
Аталған мəліметтер салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрінің жұмсалуын билейтін коммуникативтік талғам бар екенін ескертеді. Сондықтан салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді тек грамматикалық
ерекшелікпен бөлінген түрі деп қарамай, коммуникативтік жағынан ерекшеленетін, арнаулы коммуникативтік қызметке бейімделген синтаксистік
тұлғалар болып танылуға тиіс. Осыдан барып құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топталуы тек теориялық білім үшін ғана емес, практикалық та мəн алады.
Коммуникативтік талғамға сай күрделі пікірді хабарлайтын синтаксистік
тұлғалар сегменттік, тізбектілік типті құрылысқа жүгінеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде лебізді тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас сөйлемдер басым жұмсалады.
Қазақша сөзде сегменттеліп құралуға бет алған лебіз сөйлеу процесінің
үстінде коррекцияға түсіп, тізбектілік сипатқа ие бола алады.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті финиттік формада құралғанмен, екінші компонент құрамына тізбектілік байланыс тудыратын байланыстырушы қайталама қатыстырылады.
Алтай тауының бір қуысындағы ауылға Мэлс өз қалауымен келді, келгенмен туған елі есіне түсе беретін (Ə. Асқар).
Сегменттік талаппен құралып, сегменттікті көрсететін жалғаулықтары бар құрмалас сөйлемге сөйлеуші байланыстырушы қайталамаларды енгізіп, тізбектілік сипатын қосып жібереді.
Енді соңғы əнді есітіп қалуға ауылдың бар адамдары бүгін əсіресе құмартқан, бірақ құмартқанмен шеткі қоңыр үй-малшы, жалшылардың үйінен сол əнді тыңдауға талпынған талай жан бара алмай, өкініш пен күйікте қалған (М. Əуезов).
Байланыстырушы қайталамалар құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланысқа сай түрлі формада кірігеді.
Əйел қатындық қарызын орындап, дауыс қылып болған соң өзіне келіп, есін жиды, есін жиған соң: «Бірақ – деді, белін бекем буып, – бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінəлімін бе!» (О. Бөкеев).
Сөйлеушілердің тізбекті құрылған лебізге құмарлығы тағы мынадан көрінеді.
Тізбектілік, тек сабақтас құрмалас сөйлем үлгісінде ғана орындалып қоймайды. Ол салаластық үлгіде де орындалады.
Өмір шындығына жанаспайтын қайдағы бір жылымшы махаббатты жыр ететін кітаптарды оқып алып, бұл əйел əрине сондай жылымшы махаббат іздеп мына толық жігітке ерге шыққан ғой. Қара қияқ мұрт, қара қалың қасын көрді де, ғашық болды, əрине. Ғашық болдым деп ойлады, əрине. Ойлады да өзін-өзі алдады, алдады да ерге шықты. Шықты да өкінді. Кітаптағы жылымшы махаббат өмірде қышқыл екен. Енді бұл сорлы соған өкінетін болар (Ə. Тарази).
Байланыстырушықайталамалар анафористік құрылымда да жұмсалады:
солай етті де–сөйтті де, т.т. Көп жалғаулықтар осы анафористік құрылымдар негізінде дамып шыққан.
Осы фактілер тізбектіліктің, оны іске асырушы амалдардың қазақша сөйлеу дəстүріндегі, синтаксистік жүйедегі ерекшелігін, орнын байқатады.
Тізбектілікті құрылыс, оның таңдаулы болуы адамның о бастағы табиғат
құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру, тану, айту дəстүріне байланысты, соны үлгі етуіне байланысты орныққан. Адам бұл айтылғандарды орналасу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып көрген, айтқан, таныған. Осы дəстүр, тəртіп синтаксистігі тізбектіліктің орнығуына, қалаулы болуына негіз болды.
Құрмалас сөйлемдердің аталған басты түрлері – екі компонентті, көп
компонентті құрмалас сөйлемдер, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас
құрмалас сөйлемдер – ортақ сипатымен біріккен, бірақ іштей жасалу ерекшелігі бар кіші грамматикалық-семантикалық түрлерді шығарады.
(Р. С. Əмір, Ж. Р. Əмірова ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІ)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет