I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Граматикалық мағына түрлерін атаңыз, граматикалық мағына берілу жолдарын көрсетіңіз



бет25/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

22. Граматикалық мағына түрлерін атаңыз, граматикалық мағына берілу жолдарын көрсетіңіз.
Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылықтары бар. Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы, қағаз, күн, ай, көзде, жүзік, он бес, т.б. Мысалы, қағаз+дар сөзіндегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. Айға ұшты десек, бағыт мағынасын барыс септік жалғауы білдірген. Бұл мысалдардан шығатын қорытынды: грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады, грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды, лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз. Сөздің грамматикалық мағынасы - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.
Грамматикалық мағынаның жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай: жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп бөлуге болады.
1) Жалпы грамматикалық мағына - лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына. Ол сөз топтарының семантикалық сипатынан туындайды.
2) Категориялық грамматикалық мағына - грамматикалық форма арқылы берілетін мағына. Грамматикалық форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады
3)Қатыстық грамматикалық мағына - грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет