I бөлім. Алғашқы қауымдық адамдар өмірі. Алғашқы адамдардың пайда болуы


Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы



бет11/29
Дата07.02.2022
өлшемі62,34 Kb.
#95887
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
тарих 6 сынып

Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).
Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.
Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атаған.
Б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.”
Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер) Жетісу, Тянь-Шань таулары, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақтар – б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Cақ тайпаларының атауының мағынасы әртүрлі болып келеді. Парсы жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар, грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.
Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстігін, солтүстік және орталық аймақтарын қоныстанған.
Темір дәуірі б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 6 ғасыры аралығын қамтиды.
Ол екіге бөлінеді: ерте темір дәуірі ( б.з.б. 8 – 3 ғасырлар ) және кейінгі темір дәуірі (б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 6 ғасыры).
Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Рулар үлкен тайпаларға бірігіп, тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Мысалы, сақ, сармат, ежелгі үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың тайпалық одақтары пайда болды.
Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-сыртқы қатынастары алғашқы мемлекеттердің пайда болуын жеделдетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет