Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Ерте заманда кеншілер темірді арнайы пеш-көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен тасын қалап, отынды тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Темірдің шала қорытылған қиыршықтарын бөліп алып, төске салып, балғамен соғып, сом темір алған.
Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды.
Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың тұрмысында жылқы мен қой өсіру маңызды болды. Жылқыны мініс көлігі ретінде қолданды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойды көп өсірген. Қойдың жүні киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Көшкенде түйені күш-көлік ретінде қолданған.
Сақтар ауа үрлейтін көрікпен пештің ең жоғары температурасын 1200 градусқа жеткізген. Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін 1530 градус температура қажет. Сондықтан темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана алуға мүмкіндік болған.
Сақтардың соғысқа және аңшылыққа арнап күймелер жасаған. Күймелер екі доңғалақты болған және доңғалақтарының құрылысы әртүрлі болумен ерекшеленген. Соғыс күймелеріне аттар жегілген. Жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйреген.