I бөлім. Алғашқы қауымдық адамдар өмірі. Алғашқы адамдардың пайда болуы



бет14/29
Дата07.02.2022
өлшемі62,34 Kb.
#95887
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
тарих 6 сынып

Сақтардың мәдениеті
Б.з.б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған.
Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тараған.
Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен қапталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді адам” - деп аталды.
Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен қапталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам.
Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.
Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б.з.б. 5-4 ғасырларға жатады.
Ғалымдар үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.
Оба үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар – менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалып салынған.
Сағана 3 бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.
Жетісу сақтарының кіші обалары қарапайым адамдардың қабірлері болып есептеледі. Сақ дәуірінің бас кезінде қола кезіндегі сияқты мәйітті тас сандықшаларға, кейін жер қабірге жерлеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет