Газбен жабдықтау
2019 жылы газдандыру деңгейі 30,4% құрады.
Газ құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3,6 мың км. құрайды.
Табиғи газды жеткізу "Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы" магистральды газ құбыры арқылы жүзеге асырылады.
Жылумен жабдықтау
Жылумен жабдықтауды жалпы қуаты 778 Гкал 33 қазандық жүзеге асырады. Жылу желілерінің ұзындығы 506,8 км құрайды.
Сурет 1.10 - заңды тұлғалар үшін 01.06.2020 ж. жағдай бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне қолданыстағы тарифтер туралы ақпарат
Адам ресурстары
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс халқының саны 2071,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық – 454,1 мың (21,9%), ауылдық – 1617,3 мың адам (78,1%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халық саны 20,5 мың адамға немесе 1% - ға өсті.
Сурет 1.11 - Кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны және олардың экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақысы 2020 жылғы ІІІ тоқсандағы
Экономиканың дамуы үшін күрделі жағдайларға, өмір тіршілігінің барлық салаларына әсер еткен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағымсыз факторларға қарамастан, Алматы облысы пандемия кезеңі оң динамиканы және экономиканың барлық негізгі салалары бойынша көрсеткіштердің өсуін сақтап қалды.
Өнеркәсіпте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% өсіммен 636 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 264,2 млрд теңгеге немесе 102,4% - ға жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,4 млрд теңгені құрап, 6,6% - ға артты. 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны 118,3% - ды құрады. Облыс экономикасына 292,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% - ға артық.
Жалпы облыс бойынша 38,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 15,6 мыңы тұрақты. Карантин кезеңінде босаған азаматтарды жұмысқа орналастыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы елеулі көмек көрсетті, оның шеңберінде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 109,2 млрд теңгеге 977 жоба іске асырылуда (оның ішінде 1,8 мың тұрақты және 10,5 мың — Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша).
2020 жылы ішкі өңірлік өнім көлемі 3343,5 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Ағымдағы жылдың І тоқсанында ЖӨӨ көлемі 672,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% - ға артты.
Алайда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қысқа мерзімді экономикалық индикатор (бұдан әрі - ҚЭИ) төмендеуде. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚЭИ 99,4%, қаңтар-мамыр — 98,2%, қаңтар-маусым — 99,9% құрады.
Нәтижесінде, жылдың соңына қарай өсу резервтерін ескере отырып, ЖӨӨ НКИ 97% деңгейінде күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |