Сульфат ионның (SO42-) реакциялары
Сульфат-ионы күкірт қышқылының анионы. Күшті электролитке жатады.
1. Барий хлориді ВаСl2 сұйылтылған сульфаттар ерітінділерінен ақ түсті барий сульфаты тұнбасын береді:
ВаСl2 + Na2SO4 == BaSO4↓ + 2NaCl
Барий сульфаты қышқылдарда ерімейді. Басқа бірінші топ аниондарының барий тұздарынан айырмашылығы осында. Реакция фармакопеялық болып табылады.
2. Қорғасын (II) нитраты және ацетаты сульфат ерітінділерінен ақ түсті қорғасын (II) сульфаты тұнбасын тұндырады:
Pb(NO3)2 + Na2SO4 = PbSО4 ↓ + 2NaNO3
Тұнба азот қышқылында ерімейді, қыздыру кезінде сілті ерітінділерінде еруі нашар, сол сияқты концентрацияланған (30%) аммоний ацетаты ерітіндісінде.
Достарыңызбен бөлісу: |