Карбонат ионның (СО32-) реакциялары
Карбонат-ионы көмір қышқылының анионына жатады. Бұл қышқылдың бос күйіндегі белгісіз, себебі ол толық СО2 және суғы ыдырайды. Көмір қышқылы-өте әлсіз қышқыл, оның сілтілік металл тұздары гидролизге ұшырайды.
1. Барий хлориді ВаСl2 салқында карбонат ерітінділерінен ақ түсті барий карбонатының тұнбасын тұндырады:
ВаСl2 + Na2CO3 = ВаСO3↓ + 2NaCl
Тұнба сұйылтылған хлорсутек, азот және сірке қышқылдарында жеңіл ериді. Қайнату кезінде немесе тұрғанда ол кристалданады және әжептеуір тығыздалады.
2. Қышқылдар барлық карбонаттарды қарқынды түрде көміртегі (IV) оксидін бөле отырып ыдыратады:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2↑ + H2O
Бұл реакция карбонаттар үшін өте тән, өйткені сульфиттердің қышқылдармен ыдырау кезінде SO2 бөлінуі осы сияқты қарқынды болмайды. Реакция фармакопеялық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |