І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ


Бесінші және алтыншы топ катиондары қоспасын зерттеу



бет68/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

Бесінші және алтыншы топ катиондары қоспасын зерттеу

Тұнбаны сілтімен және сутегі пероксидімен өңдеген соң, 2 – 3 рет амоний нитратының бірнеше тамшысы қосылған ыстық сумен жуады. Тұнбаға 2н азот қышқылы ерітіндісінің 10 тамшысын, 4 – 5 тамшы сутегі пероксидін қосып, тұнба толығымен ерігенше араластырады. Егер тұнба толығымен ерімесе, онда азот қышықылының бірнеше тамшысын және сутегі пероксидін қосып, аздап қыздырады.


Алынған ерітіндіге сілтілік реакция дейін концентрацияланған аммиак ерітіндісін және тағы 6 – 8 тамшы артық қосады, 4- 5 тамшы 6н NH4Cl және 2–3 тамшы сутегі пероксидін қосады. Мұқият араластырып, қыздырады. Алынған қоспаны суытқан соң, центрифугалайды және тұнбадан ерітіндіні бөліп алады.
Бесінші топ катиондары бар тұнбаны сұйылтылған аммиак ерітіндісімен 2–3 рет шаяды және әдістеме бойынша анализдейді. Құрамында алтыншы топ катиондарының аммиакты комплекс қосылыстары және магний бар центрифугатты әдістеме бойынша анализдейді.
Натрий тиосульфатымен мыс және сынапты (2) бөліп алған соң, ерітіндіде Na2HPO4 және NH4ОН көмегімен ашуға болатын, магний иондары қалады. Барлық аналитикалық топ катиондары қоспаларының анализінің схемасы 6 қосымшада келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет