Фосфат ионның (РО43-) реакциялары
Түссіз РO43- фосфат ионы ортофосфор қышқылының Н3РO4 анионына жатады.
1. Барий хлориді ВаСl2 бейтарап ерітінділерден ақ аморфты барий гидрофосфаты тұнбасын бөледі:
Na2HPO4 + ВаСl2 = BaHPO4↓ + 2NaCl
Тұнба минералды қышқылдарда (күкірттен басқа) және сірке қышқылында жақсы ериді.
2. Магнезий қоспасы (MgCI2+NH4CI+NH4OH сулы ерітіндісі) сұйылтылған ерітіндіден ақ түсті кристалл түрінде магний-аммоний-фосфаты тұнбасын түсіреді:
Na2HPO4 + MgCl2 + NH4OH = MgNH4PO4↓ + 2NaCl + Н2O
Тұнба өте әлсіз қышқылдардың өзінде-ақ жақсы ериді. Бұл реакция РO43- -ионына тән және несепте фосфаттарды анықтау мақсатында қолданады. Реакция фармакопеялық.
3. Күміс нитраты AgNO3 фосфат-ионымен сары түсті күміс фосфаты тұнбасын береді, азот және аммиак ерітіндісінде жақсы ериді. Бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада тұнба толық тұнуы мүмкін:
Na3PO4 + 3AgNO3 = Ag3PO4↓ + 3NaNO3
Реакция фармакопеялық болып табылады.
4. Аммоний молибдаты (NH4)2MoO4, көп артық мөлшерде азотқышқылды ерітіндісінен сары кристалл тұнбасын береді:
Na2HPO4 + 12(NH4)2MoO4 + 23HNO3 =
(NH4)3H4[P(Mo2O7)6]↓+21NH4NO3+2NaNO3+10H2O
Тұнба сілтілерде және аммиак ерітіндісінде жақсы ериді. Сонымен қатар тұнба сілтілік металл фосфаттың артық мөлшерінде де ериді. Реакция өте сезімтал және Бұл реакция РO43- -ионына тән және несепте фосфаттарды анықтау мақсатында қолданады. Берілген реакция фармакопеялық.
Достарыңызбен бөлісу: |