3. Күміс нитраты AgNO3 карбонаттар ерітінділерінен күміс карбонатының ақ тұнбасын тұндырады:
2AgNO3 + Na2CO3 = Ag2CO3↓ + 2NaNO3
Күміс карбонаты сұйылтылған азот қышқылында және аммиак ерітінділерінде ериді. Қышқылдарда еріткенде көміртегі (IV) оксидінің екпінді түрде бөлінуі байқалады. Қыздырғанда күміс карбонатының толық гидролизі жүреді. Тұнбада қоңыр түсті күміс оксиді қалады.
Сульфит ионның (SO32-) реакциялары
SO32- ерітіндіде ғана кездесетін күкіртті қышқылдың H2SO3 анионы. Оның тұздары-сульфиттер деп аталады. Күкіртті қышқыл тұрақсыз қышқылға жатады SO2 және суға ыдырайды. Сульфиттер сулы ерітінділерінде біртіндеп сульфатқа дейін тотығады.
1. Барий хлориді ВаСl2 бейтарап сульфитті ерітінділерінен ақ түсті барий сульфаты тұнбасын бөледі:
ВаСl2 + Na2SO3 = BaSO3↓ + 2NaCl
Тұнба сұйылтылған хлорсутек және азот қышқылында ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |