І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет74/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

2. Күміс нитраты AgNO3 бейтарап сульфитті ерітінділерінен ақ кристалды күміс сульфиті тұнбасын түзеді:

Na2SO3 + 2AgNO3 = Ag2SO3↓ + 2NaNO3


Тұнба сұйылтылған азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді. Сілтілік металл сульфиті ерітіндінің артық мөлшерінде комплексті қосылыс түзіп ериді:


Ag2SO3 + Na2SO3 = 2Na[Ag(SO3)]




3. Иод ерітіндісін I2 күкіртті қышқылға (а) немесе қышқылданған сульфитті ерітінділеріне (б) әсер еткенде түссізденеді:

H2SO3 + I2 + Н2O = 2HI + H2SO4 (а)


Na2SO3 + 2НСl + I2 + Н2O = 2HI + H2SO4 + 2NaCl (б)


Иод сілті ерітіндісінде түссізденетін болғандықтан реакцияны әлсіз қышқыл ортада және сульфиттер жоқ болғанда жүргізеді. Реакция өте сезімтал.


4. Натрий нитропруссид Na2[Fe(CN)5NO] бейтарап сульфит ерітінділерін қызғылт түске бояйды. Мырыш сульфатының артық мөлшерімен әсер еткенде бояуы ашық қызыл түске ауысады. Егер ерітіндіге аздап сары қан тұзын K4[Fe(CN)6] қосса, реакцияның сезімталдығы артады және қызыл тұнба түзіледі. Реакцияның химизмі анықталмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет