Иодид иондарының (I- ) реакциялары
І- ионы иодсутек қышқылының анионына жатады. Бұл қышқылда НСl және НВr сияқты күшті. Иодидтердің ішінде мыс (І), қорғасын (ІІ), сынап және күміс тұздары суда нашар ериді.
1. AgNO3 күміс нитраты иодидтерден ірімшік тәрізді ақшыл-сары түсті күміс иодидінің тұнбасын бөледі:
KI + AgNO3=AgI↓ + KNO3
Тұнба аммиак ерітіндісінде және азот қышқылында ерімейді және натрий тиосульфаты ерітіндісінде нашар ериді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
2. Қорғасын (ІІ) нитраты немесе ацетаты иодидтер ерітіндісінен қорғасын иодидін тұнбаға түсіреді- тұнба сары түсті, ыстық суда ериді және ерітіндіні салқындату кезінде қайтадан алтын қабықша тәрізді сары түсті тұнбасы түзіледі:
2KI + Pb(NO3)2↓= PbI2↓ + 2KNO3
3. Хлор суы күкірткөміртегін және хлороформды қызылқай-күлгін түске, ал крахмал ерітіндісін көк түске бояйтын, иодидтердің ерітінділерінен бос иодты бөледі:
2KI +Сl2 = 2КСl + I2
I- ионыны үшін тән реакция және көбіне оны анықтау үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |