І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет80/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

Хлорид иондарының (Сl-) реакциялары

Хлорид-ионы хлорсутек (тұз қышқылы) қышқылының анионына жатады. Бұл күшті қышқылдардың бірі, олардың күшті негіздің катиондарынан түзілген тұздары гидролизге ұшырамайды. Хлоридтердің басым көпшілігі суда жақсы ериді, сынап (І), қорғасын және күміс хлоридтері қиын ериді.


1. AgNO3 күміс нитраты Сl- ионымен ірімшік тәрізді ақ түсті күміс хлориді тұнбасын береді:

NaCl + AgNO3 = AgCl↓ + NaNO3


Тұнба азот қышқылында ерімейді, бірақ аммиакта жеңіл еріп комплексті қосылыс түзеді:


AgCl + 2NH3= [Ag(NH3)2]Cl


Диаминокүміс хлориді ерітіндісіне концентрленген азот қышқылын қосқан кезде қайтадан тұнба түзіледі:


[Ag(NH3)2]Cl + 2HNO3 = 2NH4NO3 + AgCl↓


Күміс хлориді тұнбасы сол сияқты натрий тиосульфатында да Na2S2O3 жақсы ериді. Реакция фармакопеялыққа жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет