Қорытынды
Заман дауылы соғып, аспан асты, жер үсті аласапыран өзгерістерге толы дәуірде дүниеге келіп, қамшы сабындай келте ғұмыры сүргінде өткен Мәдидің әндері біздің осы дипломдық жұмысымызда жан-жақты қарастырылды деп айта аламыз.
Осы Ұлы Даланың Ұлы Мәдениетінің соңғы тұяқтарының бірі, һәм бірегейі Мәди еді. Күрескер. Қайраткер. Ақын. Композитор. Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Атасы – азуы алты қарыс Алшынбай.
Ақын Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Мәди тар ауқымға сыймайтын ірі тұлға еді. Тәңірі оның бітім пішінін кең пішкен. Ол бір өзі бірнеше ғасырлық мәдениеттің соңғы қорытпасы, сом алтынның сынығы еді».
Мәди мұрасы қазақ топырағында дүниеге келген толып жатқан опералық, драмалық шығармаларған өң беріп, олардың мазмұнын байытып, көркемдік бояуын қалыңдата түсуге игі әсерін тигізді.
Мәдидің қазақ перзенті үшін орны бөлектігі де осындай ұлы шығармалар тудырған қайталанбас талант пешенесінде болар. Адамзат сапарының тарихында, ұлттың рухани әлемінде өшпес із қалдырып, құйрықты жұлдыздай ағып өткен ерекше тұлғалардың бірі болып қалмақ.
Мәди тағдырдың тәлкегіне жасымай көніп, өмірдің ащы-тұщысын татып, өнерімен өрен болған саңлақ иесі. Мәди айтыскерлік дарынды да бойына сіңірген ерекше өнер адамы.
Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған, ән атасы Біржан салдан бастаған сал–серілерді, Мәди Бәпиұлы рухани ұстаз еткен. Солар қалдырған асыл мұраны жалғастырушы болып есімі тарихта өшпестей сақталып қалды.
Мәди есімі әрқашан ел есінде болары сөзсіз. Қазірде оның дүниеге келген жеріне өзінің есімі берілген (Мәди селолық округі) және сол елді мекендегі орта мектеп Шашубай есімімен аталады.
«Мәдидің мәңгі жасар өлмес әні» деп өзі айтқандай, толқын атқан, сыңғыр қаққан, айбыны мен айдыны асқан рухы биік асқақ әндері, дария шабыттан туған тағдырлы жырлары, жүрек сырлары, әлеуметтік әділеттілік жолындағы қаһармандық іс–қимылдары үшінші мыңжылдықтың төрінде, ұлтының көркем ой–санасында жасай бермекші!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Әлиұлы С. Мәдидің көркем бейнесі. // «Қарқаралы» аймақтық журналы, 2005, №2 (25).
Затаевич А. Қазақтың 1000 әні. – А., 2004.
Қарқаралы аудан әкімінің баяндамасынан үзінді. // «Қарқаралы» аймақтық журналы, 2005, №2 (25).
Халиолла М. Мәдидің жалғыз суреті. // «Орталық Қазақстан» газеті, 2005, 19-мамыр.
Мұстафин Е. Мәди жайлы жаңа дерек. // «Қарқаралы» аймақтық журналы, 2005, №2 (25).
Ақсұңқарұлы С. Менің Мәдиім. // «Мәди» журналы, №1, 2008, маусым.
Негимов С. Қанатты өнер. – А., 2005.
Елебекова Х. Ән аманат. – А., «Өнер», 1989.
Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. – А., 1966.
Сейдімбеков А. Сонар. – А., 1989.
Төлеутай Е. Баянауылдың дәстүрлі ән өнері. – А., 2006.
Маңмаңгер. – А., 1988.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – А., 2001.
Негимов С. Өнерпаздық өрнектері. – А., 1996.
Елеманова С. Казахское традиционное песенное искусство. – А., 2000.
Жақанов І. Аққулар қонған айдын көл.
Қоспақов З. Қазақтың әншілік өнері. Зерттеу мақалалары мен очерктері. – А., 1999.
Бейсембек Т. Сарыарқа саңлақтары. Қарағанды, 2007.
Ахметова М. Қазақ әнінің музыкалық ерекшеліктері. –А., 1955.
Асафьев Б. Қазақ халық музыкасы туралы. –А.,1955.
Байгаскина А.Е. Қазақ дәстүрлі әнінің ритмикасы. – А., 1991.
Бөкейханқызы Г. Қытайдағы Алтай қазақтарының кәсіби ән өнері. – А., 2002. // күйші Қ.Медетовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары.
Қазақ музыкасының тарихы. І том. –А.,2000.
Қазақ өнері. Энциклопедия. – А., 2002.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 12-том. – А., 1978.
Маргулан Ә. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті. – А.,1972.
Халық әндері мен халық композиторларының әндері. І том. – А., 1990.
Қосымшалар:
www.TemaKosan.net – Подготовка к ЕНТ, книги, рефераты т.д. Все для студента!
Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском!
На сайте все бесплатно, скачивание без регистрации, качественные материалы
Достарыңызбен бөлісу: |