Пән: Қазақ тілі
|
Геологиялық барлау колледжі
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Берікболова Аиза Берікболқызы
|
Курс:
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
I Бөлім. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті
|
Сабақ тақырыбы
|
1.1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет
|
Оқу мақсаттары
|
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Мәтін үзінділері арқылы болжам жасайды. Өзі білетін ақпараттар негізінде тақырыпты жалғастырады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география
|
Бастапқы білім
|
Тақырып бойынша жеке білімдері
|
Тірек сөздер
|
Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар
|
Сабақтың жүргізілу барысы
Тыңдалымалды тапсырма
1 – тапсырма. «Ой қозғау» әдісі.
- Берілген нақыл сөздерді қалай түсінесіздер?
- Оларды не байланыстырады?
1. Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті (М.Дулатұлы).
2. Заман түзелгенде – ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды (Ш.Мұртаза).
3. Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен (М.Әлімбаев).
2 – тапсырма. «Кластер» әдісі.
Қазіргі қоғам құндылықтарына нелер жатады?
Сіз үшін ең маңыздысы қайсысы?
Қоғам
құндылықтары
Тыңдалым тапсырмасы
3 – тапсырма. «Стоп кадр» әдісі.
Мәтін бөліктерін тыңдап, ары қарай не болатынына болжам жасаңыз.
Тыңдалым мәтіні
Ертеде елге сыйлы, өте бай отбасы болыпты. Олардың жан дегенде жалғыз ұлы, мұрагері өсіп, мектепке барар жасқа келгенде, ата-анасы оған мектеп қарастырыпты. Барлық қала, ауыл, “тау мен тасты” жағалап, ең-ең деген білім ошағын іздепті. Бірінің ғимараты әдемі болса, бір мектеп білім беру сапасы жағынан жоғарғы деңгейде, ал бір мектептің ұстаздары жас, шет елден оқып келген өте сауатты, ал бір мектептің орыны құнды (қымбат) болған екен. Ақыры, таңдау жасай алмай, ол жұмысты үйіндегі көпті көрген ақсақалға тапсырады.
СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Ақсақал үстіне жұпыны киім киіп, түрін әсемдемей, мектеп аралауға шығады. Ол ұлдың ата-анасы сияқты, мектептің ішіне кіріп, директорлармен сөйлеспейді! Тәсілі қызық еді. Ол мектеп ауласына кіріп, оқушылардың қоңырауға шыққанын күтіп, босағада отыратын. Сонда бір мектептің оқушылары оны балағаттап, тепкілеп, итергіштеп қуса, екінші мектептің оқушылары тас лақтырып, мазақтайды. Үшінші мектептің оқушылары маңайына жоламай, мұрындарын жауып өтеді, көрмеген сыңай танытады. Осындай тірлікті көрген қария, “бәрі түсінікті” деп, тек үн-түнсіз бұрылып, кетіп қалып отырған. Осылайша көптеген мектепті аралап, үміті таусылуға шақ қалған ақсақал соңғы мектептің табалдырығына отыра кетеді.
СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Сол сәтте: “Ата, Сізге су керек пе?”, “бір жеріңіз ауырып тұр ма?” “Дәрігер шақырайық па?”, “Жаурадыңыз ба, міне, менің жейдемді жамыла тұрсаңыз….” деген бір топ әр жастағы оқушылар ақсақалды қоршап алып, абыр-сабыр боп, алаңдық танытады. Оқушылардың кішіпейілік, адамкершіліктеріне риза болған ақсақал, мектеп директорын шақыруын сұрайды. Мектеп директорына осындай керемет шәкірт тәрбиелегеніне ризашылығын білдіріп, өзін таныстырып өтіп, “мектептерің керемет екен” деп немересін осы мектепке бергелі келгенін айтыпты.
СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Сонда директор: “ақсақал, қателесесіз, біздің мектеп керемет емес, сынып іші тар, жиһаздары ескі, оқушылар да өте көп. Көбі аз қамтылған, кедей отбасынан шыққан балалар, қалада басқа да, бай, әдемі, зәулім-мектеп бар ғой” десе, “оқушыларға қарап мектептің білім деңгейі мен ұстаздардың көрегендігі, тәрбиесін аңғаруға болады. Мектепті кеудесінде нан піскен, байлыққа, атаққа құныққандар емес, шынайы өмірге, шындыққа тура қарайтындар ұстаздық етеді екен. Ризамын. Осындай мектептер көп болсын” деп өз таңдауын жасаған екен.
«Мектеп туралы әңгіме»
https://elana.kz/ru
|
Бағалау
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Мәтінді болжайды
|
1. Мәтін мазмұнын болжайды.
2.Тақырыпты жалғастыра алады.
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. «Қарлы кесек» әдісі.
Мәтін бойынша 3 жуан және 3 жіңішке сұрақ құрастырыңыз, сұрақтарды жеке-жеке қағазға жазып, сыныптасыңызға жолдаңыз.
5-тапсырма. «ПОПС формуласы» әдісі.
Тапсырма:
«Адамгершілік – басты қоғам құндылығы» деген тұжырым бойынша өз ойыңызды дәлелді жеткізіңіз.
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Достарыңызбен бөлісу: |