І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет13/16
Дата15.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#33247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Нәтижені шығару.

Барлық сұрақтан таңдалған әр жауапты бір мен үш балл аралығында бағалайсыз.


Кілт:

Жауаптың

варианттары




Сұраққа жауап берудегі балдардың қосындысы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

а

б

в



1

2

3



2

1

3



3

2

1



2

3

1



3

2

1



2

3

1



2

1

3



2

1

3



3

2

1



3

1

2



1

2

3



3

2

1



1

3

2



2

3

1



1

3

2



1

2

3



1

3

2



1

3

2



2

1

3



3

2

1




Зерттеу нәтижесі және психологтың кеңесі.

Егер сіз 35-пен 44 балл аралығында жинасаңыз, онда сіз агрессивті адамсыз және сіздің өміріңіз сәтті болады, себебі сіз шынайылықты жақсы көресіз. Ісіңізде қиындық болса, онда оны болуы керек іс сияқты қабылдайсыз.



45 балл және одан жоғары. Сіз өте агрессивті адамсыз, басқа адамдарға қатысты өте қатал бола аласыз. Өз күшіңізге сеніп, жоғары басқару орнына жетуге үміттенесіз. Бір аймақта жетістікке жету үшін басқалардың көзқарасымен санаспайсыз. Басқалардың сыны сіз үшін әр түрлі, егер «жоғарғылар» айтса, қабылдайсыз, өзіңізден «төмен» адам айтса, оны ауыртпашылықпен қабылдап, ашуланасыз.

34 балл және одан жоғары. Сіз өзіңіз бен өз күшіңізге сенімсіздеусіз, өте татулықты қалайтын адамсыз. Бұл сіздің соққан желдің күшімен жүріп кетесіз деген сөз емес. Сонда да сізге өзіңізге деген сенімділік жетіспейді. «Төмендегілердің» сынын жақсы қабылдап, бірақ «жоғарғылардың» сынынан қорқасыз.

Егер сіз жеті және одан көп сұрақтың әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан бір балдан алсаңыз, онда сіздің агрессивтілігіңіз бұзылған. Сіз ойға келмеген істерге және қатаң түрдегі пікірталастарға құмарсыз. Адамдарға деген менсінбеушілік, елемеушілік қасиеттеріңізді жоғалтуға тырысыңыз.

Егер сіз жеті және одан көп сұрақтардың әрқайсысынан бір балдан алсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз, онда сіз өз әлеміңізден басқаларды көрмейтін адамсыз. Бұл сізде агрессивтілік жоқ деген сөз емес, бірақ сіз оны басып ұстайсыз.

7. 2 тапсырма. Өзіңіздің тұлға типіңізді анықтаңыз

(К.Юнг)
Нұсқау: әр сұраққа 2 жауап варианты бар, өзіңізге сай келетін жауапты таңдап сол жауапты түсіндіретін әріпті қойыңыз.


  1. Сіз нені қалайсыз?

а) бірнеше жақын достың болуын;

б) үлкен жолдастық орта;

2. Қандай кітапты оқығанды ұнатасыз?

а) қызықты сюжеті бар;

б) кейіпкердің қайғыруы ашылған:

3. Жұмыста сіз нені жібере аласыз?

а) кешігу;

б) қате;


4. Егер сіз жаман әрекет істесеңіз, онда:

а) қатты уайымдасыз;

б) қатты уайымдаулар жоқ;

5. Адамдармен сіз қалай келісесіз?

а) тез, жеңіл;

б) баяу, сақ;

6. Сіз өзіңізді өкпешілмін деп ойлайсыз ба?

а) иә;


б) жоқ;

7. Сіз шын жүректен қатты күлуге бейімсіз бе?

а) иә;

б) жоқ;


8. Өзіңізді қандаймын деп санайсыз?

а) үндемейтін;

б) әңгімешіл;

9. Сіз ашықсыз ба әлде тұйықсыз ба?

а) ашық;

б) тұйық;

10. Өзіңіздің уайымдауларыңызды талдаумен айналысқанды ұнатасыз ба?

а) иә;


б) жоқ;

11. Қоғамдық ортада сіз не істеуді қалайсыз?

а) сөйлеуді;

б) тыңдауды;

12. Сіз өзіңізге -өзіңіз жиі наразы боласыз ба?

а) иә;


б) жоқ;

13. Бір нәрсені ұйымдастырғанды ұнатасыз ба?

а) иә;

б) жоқ;


14. Интимді күнделікті жазуға ынтаңыз болады ма?

а) иә;


б) жоқ;

15. Сіз шешім қабылдаудан әрекетке тез өтесіз бе?

а) иә;

б) жоқ;


16. Сіз өзіңіздің көңіл – күйіңізді тез өзгерте аласыз ба?

а) иә;


б) жоқ;

17. Өзіңіздің көзқарасыңызды біреуге таңуды, иландыруды ұантасыз ба?

а) иә;

б) жоқ;


18. Сіздің қозғалысыңыз:

а) тез;


б) баяу;

19. Мүмкін болып қалатын көңілсіз жағдайлар үшін қатты мазаланасыз ба?

а) жиі;

б) кейде;



20. Қиналған жағдайларда:

а) көмек алу үшін басқаларға барасыз;

б) баруды ұнатпайсыз;
Нәтижелерді өңдеу.

Экстраверсияның көрсеткіштері: 1б, 2а, 3б, 4б, 5а, 6б, 7а, 8б, 9а, 10б, 11а, 12б, 13а, 14б, 15а, 16а, 17а, 18а, 19б, 20а.

Жауаптардың санын есептеп 5-ке көбейту керек.

Ұпайлар: 0-35 – интроверсия,

36-65 – амбоверсия,

66-100-экстраверсия.

Экстраверсия («сыртқа бағытталған»): қарым- қатынаста жеңіл, агрессивтілік деңгейі жоғары, лидерлік тенденсиялары бар, адамдардың назар аударуын жақсы көреді, қатынасқа жеңіл түседі, импульсивті, ашық, тіл табысқыш, адамдар арасында жағымдылар болуы да мүмкін; Адамдарды «Сыртқы көрінісінен» сынайды, ішіне қарамайды; холериктер, сангвиниктер.

Интроверсия («Ішке бағытталған»): өзінің қобалжуларына бағытталған, қатынасқа аз түседі, үнемдейтін, жаңа танысуларға қиын түседі, тәуекел етуді ұнатпайды, ескі байланыстар үзіліп қалса, қатты уайымдайды, жеңу немесе жеңіліп қалу варианттары жоқ, үрей менригедтіліктің деңгейі жоғары; флегматик, меланхолик.



8. Өзіңіздің коммуникабелділік деңгейіңізді тексеріп көріңіз.
Жауап нұсқаларының біреуін таңдаңыз.


  1. Купеде немесе ұшақ салонында болғанда, сіздің қалауыңыз:

а) көршілермен байланысқа түспей, үндемеу,

б) еріксіз, тек керек болған жағдайда байланысқа түсу;

в) ешқандай қиындықсыз, ынтаңызбен байланысқа түсу;

г) өз ойыңызды өзге адаммен бөлісу.



  1. Сіздің достарыңызбен, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз төмендегідей:

а) сирек бару (жылына 3-4 рет),

б) анда-санда бару (жылына 10 рет);

в) үнемі бір-біріңізбен араласу (айына 1 реттен көп);

г) әр апта немесе одан да жиі кездесу.



  1. Сіз жылына қанша құттықтау хаттарын аласыз?

а) 1-5;

б) 6-10;


в) 11-15;

г) 16-20, одан да көп.



  1. Егер сіз мектепті (ЖОО) бітірген болсаңыз, бірге оқыған қанша жолдасыңыздың тағдыры сізге мәлім?

а) 1-3,

б) 4-10;


в) 11-15;

г) 16-20, одан да көп.



  1. Сізде орта есеппен телефонмен сөйлесуге қанша уақыт кетеді:

а) 1-3 мин;

б) 4-5 мин;

в) 6-10 мин;

г)15 мин, одан да көп.



  1. Жаңа кітапты оқи отырып (оқып болып), сіз әдетте:

а) оқығанды ойланасыз;

б) оқыған жайындағы сұрақтарға ықылассыз жауап бересіз;

в) оқыған жайындағы сұрақтарға ықыласпен жауап бересіз;

г) ынтамен ойыңызды бөлісесіз.



  1. Спектакль, кино, концерт уақытында сіз әдетте:

а) сіздің көзіңізше біреудің өз әсерін айтқанын ұнатпайсыз;

б) бұған шыдамдылықпен қарайсыз, сізді бұл қызықтырып та қалады;

в) кейде таныстарыңызбен ой бөлісесіз;

г) барлық уақыт үндемей отыра алмайсыз, өз ойыңызды жиі білдіріп тұруға тырысасыз.



  1. Көшеде танысыңызды кездестіргенде:

а) шұғыл шаруаңыз болмаса, бас изеп кете бересіз;

б) амандасып, аман-саулық сұрайсыз;

в)кім бірінші болып амандасқанын байқамайсыз, жаңалықтар туралы сұрайсыз;

г)бірінші болып тоқтайсыз, амандасасыз, жағдайын сұрайсыз, өзіңіз туралы айтасыз.



    1. Жұмыстан (оқудан) үйге қайтқанда сіз нені мақұл көресіз:

  1. үндемеуді;

  2. сұрақтарға қысқа жауап беруді;

  3. үйдегілерден еш қызығушылықсыз жаңалықтар сұрауды;

  4. үлкен ықыласпен сұрап, өзіңіз туралы айта бастайсыз. Егер сізден ешнәрсе сұрамаса немесе монотонды жауап берсе ренжисіз.

    1. Бөтен қалада (таныс емес ауданда) мекен-жайын білмейтін сізге керек мекемені іздеп жүріп (сізге оның жаңа ғана автобустан түскен жерден «алыс емес» екендігі белгілі), әдетте сіз:

    1. жақын көшелерді аралап, керек жерді өз бетіңізше іздейсіз;

    2. жүргіншілердің арасынан жергілікті тұрғындарды (көзбен) анықтап, солардан сұрайсыз, жауабына қанағаттанбаған жағдайда өз бетіңізбен іздеуді жалғастырасыз;

    3. өзіңізді ыңғайсыз сезіне тұра жүргіншілерді көмек сұрай тоқтатасыз;

    4. еш қысылмай жүргіншілерден қажет болғанша көмек сұрайсыз;

    1. Қалада, паркте, қала сыртында серуендегенде, сіз нені қалайсыз:

      1. жалғыздықты;

      2. бір адамның болуын;

      3. бірнеше достар немесе жақын адамдармен болғанды;

      4. көп адамдар ( ұжыммен шығу немесе мәдени жорық және т.б.) қоғамын;

    2. Танысыңыздың (жақын туысыңыздың) жаңа киімін байқасаңыз сіз:

      1. оны үнсіз бағалайсыз;

      2. егер сұраса өз ойыңызды білдіресіз;

      3. ойыңызды бірден білдіресіз;

      4. бағасын, қай жерде сатып алынғанын сұрастырасыз, жүріп көрсетуін өтінесіз, өз әсеріңізбен бөлісесіз;

    3. Көркем әдебиет оқығанда әдетте сіз:

      1. қысқа өлеңді, новелланы қалайсыз;

      2. өлеңдер топтамасын, новеллалар жинағын;

      3. сынға алынған, мағыналы т.б. романдар мен поэмаларды оқисыз;

    4. Таныс емес ортаға кездейсоқ түсіп қалсаңыз өзіңізді:

      1. қатты қысылыңқы сезінесіз, кеткіңіз келеді;

      2. ішіңізден қалғыңыз келеді, байланысасыз, бірақ аса тілегіңіз болмайды;

      3. жаңа таныстарға қуанып, байланысқа түсесіз;

      4. жаңа адамдарға өте қуаныштысыз, олар туралы көбірек біліп, өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсеткіңіз келеді;

    5. Егер сіз өлең, әңгіме, күнделік, т.б. жазсаңыз, онда сіз әдетте:

      1. жазғаныңызбен ешкіммен бөліспейсіз;

      2. кейде жазғаныңыздың бір бөлігімен ерекше сенетін адамыңызбен бөлісесіз;

      3. егер сізден сұраса, жазғаныңызды қуана оқисыз;

      4. басқалардың ойы қызықтырғандықтан жазғаныңызды бірден оқисыз. Қарсы ой-пікір немесе ұстамды мақтау сізді қынжылтады;

    6. Қонақта сізге ұнаған бір жаңа тағам ұсынған кезде, әдетте сіз:

      1. ықыласпен жейсіз, бірақ өз ойыңызды айтпайсыз;

      2. қолдау көрсете аласыз, бірақ сұраққа жауап бергенді қалайсыз;

      3. сұрауды күтпей-ақ тағамды өзіңіз мақтайсыз;

      4. тек мақтап қана қоймай, сонымен бірге рецептін сұрайсыз, өзіңіздің алдағы уақытта мүмкіндігінше осындай тағамды жейтіндігіңізді, даярлайтындығыңызды, үйдегілерден даярлауын өтінетіндігіңізді, т.б. айтасыз.

    7. Тақырыптың ең жақсы типін белгілеңіз (шығарма, берілген тақырып емес, оның типін):

      1. ұрыс;

      2. көршілер ұрысы;

      3. көршілердің мәнсіз ұрысы;

      4. Асқар Маратұлы мен Сержан Талғатұлының ұрысқаны туралы повесть;

    8. Егер сіздің жақсы таныстарыңыздың бірі аса сөзшең екенін байқасаңыз, онда сіз:

      1. оған тұспалдап айтасыз, себебі бұл кемшілік сізді шын ашуландырады;

      2. басқалардың сөзшеңдігіне аса мән бермейсіз;

      3. тыңдағанды жақсы көресіз, тек қызық болса болғаны;

      4. өзіңіз де сөзшеңсіз, сондықтан сөйлесушінің ұқсас қасиеті өзіңізді көрсетуге көмектеседі;

    9. Сағатыңыз болмағанда «Сағат қанша?» деген сұраққа көбінесе сіз былай жауап бересіз:

      1. «Білмеймін»;

      2. «Кешіріңіз, білмедім, менде сағат жоқ»;

      3. «Қуана айтар едім, өкінішке орай сағатым жоқ»;

      4. «Мен сіздің сұрағыңызға шын жүректен жауап берер едім, бірақ сағатым қазір жөндеуде еді, мен өзімде осы үшін ыңғайсыздық сезініп жүрмін, амал қанша?»

    10. Көпшілік алдында оқылатын лекция кезінде (баяндама) сізді қызықтыратын тақырып болса, ал сөйлеуші сіздің ойыңызша қате пікірлер айтып жатса, сіз:

      1. Қарсы сөз айтқыңыз келеді, бірақ бұл ойыңызды жүзеге асырмайсыз;

      2. Ойыңызды білдіргіңіз келеді, дегенмен өз қалауыңызды іске асыруға кедергі болған жағдайларға немқұрайлы қарайсыз;

      3. Өз мақсатыңызды хат арқылы орындай аласыз;

      4. Сөйлеушіге көп алдында қарсылық білдіруге тырысасыз.

    11. Газеттен (журналдан) сізді қызықтыратын талқылауға арналған мақаланы оқып алып, әдетте сіз:

      1. Талқылауға қатысу туралы ойлайсыз, бірақ мақала, хат жазуға кіріспейсіз, уақыт өте өзіңіздің бұл ойыңызды ұмыта бастайсыз;

      2. Өзіңіздің жауабыңызды ойластыра бастайсыз, жоспар құрып, деректер жинайсыз, қолжазба жасайсыз, алайда істі соңына жеткізе алмасаңыз қатты өкінбейсіз;

      3. Мақала (редакцияға хат) жазасыз, жібересіз, дегенмен жарыққа шықпаса қатты қиналмайсыз;

      4. Сіздің материалыңызды шығармайтын жағдайда қайта жаңа нұсқасын жазып жібересіз. Өз пікіріңізді жұрт алдында білдірудің қиындығы сізге белгілі.

    12. Сұхбаттасушыңыздың бойындағы сіз үшін маңызды қасиетті көрсетіңіз:

      1. Аса ұстамдылығы;

      2. Сізбен сөйлесуге ынталылығы;

      3. Тез тілтабысқыштығы;

      4. Сұхбаттасуға өлшеусіз құлшынысы.

    13. Төмендегі тізімнен өзіңіздегі қарым-қатынастың басым деңгейін (коммуникабелділік) көрсетіп, өзіңізді бағалаңыз:

      1. Төмен;

      2. Орташаға жақын;

      3. Айтарлықтай жоғары;

      4. Жоғары,өте жоғарыға жақын.


Тестік тапсырмалардың кілті
22 сұрақтан тұратын тапсырма оқырмандардың шынайы жауап беруіне негізделген, себебі олар және олардың жақындарынан басқа ешкім бағалауға немесе тест нәтижелерін білуге араласа алмайды.

Әрбір сұрақта төрт жауап келтірілген, яғни сыналушының коммуникативті көріністерінің төрт маңызды сипаттары. Бұл сипаттамалар коммуникативті белсенділік деңгейі төмендеуі ретімен орналасқан, және әрбір бөлімде екі ұпайдан қосылады. Яғни «а» сипаттамасына 2 ұпай, «б»-4, «в»-6, «г»-8 ұпай беріледі деген сөз.

Егер сыналушы әрдайым «а» пунктін белгілеп отырса, оның коммуникативтілік деңгейі 22 санын 2-ге көбейту арқылы 44-ке тең болады. Бұл төмен деңгейге сәйкес келеді.

«б», «в», «г» пунктерін көрсеткен жағдайда – сәйкесінше – 22*4 (88), 22*6 (132), 22*8 (176) ұпайға тең болады, бұлар «орташаға жақын деңгей», «жоғары», «аса жоғары, шектен тыс» дегенді білдіреді. Көбінесе бөлімдердің шын саны шеткі сандардың ортасында болады, яғни 176-ға жете бермейді. Осы санды немесе оған жақын санды жинаған адамдарға қарым-қатынаста өзін ұстап, айналадағылардың пікірлеріне назар аударып отыруы керек, сонымен қатар қарым-қатынасының белсенділігін азайту жағына қарай түзету керек.



125-150 ұпай жинаған сыналушылар классикалық экстравертікке жақын қарым-қатынастың белсенділігімен ерекшеленеді.

Егер сіз 44-60 ұпай жинасаңыз белсенді болуға үйрену керек, немесе сіздің интроверттігіңіз айналадағылармен араласуға кедергі келтіреді. Өзіңізді қатынасқа түсуге бірте-бірте мәжбүрлеңіз, сәтсіздіктерге назар аудармаңыз, олар сізге ғана байқалатынын есте ұстаңыз. Өзіңізді қарым-қатынаста белсендірек деп санайтын адамыңызға ұқсатсаңыз болады.



70-100 ұпай болса саналы түрде қарым-қатынастағы белсенділікті кішкене арттыру керек.

23-тапсырма сіздің коммуникативтілігіңіздің объективті деңгейі мен сіздің оны бағалауыңыздың арасын дұрыс білуге көмектесуге негізделген. Мысалға сіз 70 ұпай жинап, ал тапсырма бойынша «в» пунктін белгілесеңіз, онда сіздің өзіңіз туралы пікіріңізден гөрі объективті көрсеткіштерге сенгеніңіз дұрыс, яғни сіз өзіңіздің қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіңізді жетілдіргеніңіз абзал.


9. Өзара әсер қалдыру тәсілдерін қарастыру.

1 Тапсырма. Жеке тұлғаның бағытын анықтау.

(Б. Басс)

Жеке тұлғаның өмірлік бағытын анкета арқылы анықтаймыз, ол 27 бөліктен тұрып, әр қайссысы үш нұсқалы жауапты қарастыра отырып, жеке тұлғаның үш бағытын айқындап береді.

Сұраққа жауапты, жауап беруші адам өзінің көңілінен шығатын немесе шындыққа жақынын, керісінше оның ойынан алыс, нұсқаның бірін белгілеуі қажет.

Жауаптың «дұрысына» 2 балл, «дұрыс емесіне» 0 балл, жауап мүлдем жоқ болса 1 балл. 27 бөлік бойынша жинақталған баллды бағыты бойынша бөлеміз.

Методикалық көмекке сүйене отырып мына бағытты қарастырамыз:


  1. Өзім деген бағыт (Я) – тікелей жұмысқа деген көңілі, ондағы қызметпен қарым-қатынасы, жетістікке жетуге ұмтылудың деңгейі, билік құмарлығы, әріптестігі, жұмысқа деген құлшынысының төмендігі, талап етушілігі жатады.

  2. Қарым-қатынасқа түсу бағыты (О) – қандай жағдайда болса да адамдармен қарым-қатынасқа түсу деңгейі: тығыз қызмет барысында берілген тапсырманы орындай алмауы немесе оның орнына адамдардың шынайы көмегін қажетсінуі, әлеуметтік жағдайға қарауы, топтағы адамдарға бағынышты болуы, адамдарға деген эмоциялық қарым-қатынасының деңгейі, ерекшелігі.

  3. Жұмысқа деген бағыты (Д) – қызмет бабындағы өзекті мәселелерді шешуге деген қызығушылығы, жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығы, жеке көзқарасының негізінде қызықты жұмыстардан қалыс қалуы, жалпы өзіндік мақсатқа жету үшін алғашқы қадамдары.

Құрылым: Жауап беру парағы 27 бөлімнен тұрады. Әр бөлікте үш нұсқалы жауап бар: А, Б, В.

1. Жауптың ішіндегі бөлімдерді таңдағанда, өзіңіздің көңіліңізге жақын деген нақты жауапты таңдаңыз. Кейде берілген жауаптардың нұсқалары бір-біріне жақын сәйкес болуы мүмкін. Соған қарамастан дұрыс нақты жауапты белгілеңіз.

Нұсқаға сәйкес дұрыс жауапты әріппен (А, Б, В) тұсына белгілеп (1-27 ) жазыңыз.

2. Содан соң берілген жауаптардың ішінен сіздің көзқарасыңызға жақын, нақты деген жауапты таңдаңыз. Бірдей әріппен сәйкес келетін жауапты санап таза тараққа жазыңыз.

3 . Осындай тәсілді пайдаланып бірдей екі әріпті жауаптарын бір бағанаға жазыңыз, қалған жауаптар жазылмайды.

Жауап бергенде дұрыс жауап беруге тырысыңыз! Берілген нұсқаның жауаптарының ішінде «жақсы» немесе «жаман» деген жоқ, сондықтан да жауабын дұрыс таңдауға, сіз үшін «жақсысын» немесе «дұрысын» қарастырыңыз. Әр уақыт сайын қайта қарап өзіңізді бір бағытқа салып, сіз шынымен де сол сұраққа дұрыс жауап бердіңіз бе? - деп сұрақ қояа отырып өзіңізді тексеріңіз. Егерде сіз қателессеңіз, оны дұрыстаңыз, түзеткен қатеңіз нақты көрініп тұрсын.

Тестік құжат.

1.Мен көңілімнің қанағатын көбіне мынадан аламын:

А. Жұмыс барысындағы ризашылығымнан

Б. Жұмысымды дұрыс істеп, бітірсем.

В. Менің достарымның көп болғандығына.
2. Егерде мен фудбол ойнасам (волейбол, баскетбол), онда мен мынадай болар едім:

А. Ойынның тактикасын реттейтін тренер болушы едім.

Б. Атақты ойыншы

В. Таңдап алынған капитан команда


3. Менің көзқарасым бойынша ең жақсы педагог ол:

А. Оқушыларды қызықтыра білетін және әр қайссысына қатысты индивидтік жағдай жасайтын

Б. әнге деген қызығушылығын арттырып, оған деген біліміңізді одан әрі тереңдететін

В. Топ арасында өз көзқарасын ешкімнен қорықпай айтуға атмосфера жасайтын


4. Адамдар мына жағдайда маған ұнайды:

А. Жұмысының орындалғанына қуанатын

Б. Коллективте шын көңілімен жұмымс істейтін

В. Бас қалармен салыстырғанда, жұмысты жақсы жасауға тырысатын


5. Менің достарым мынадай болса;

А. Уақыты болса, басқаларға көмектессе

Б. Маған берілген, сенімді болса

В. Өзі қызықты ақылды болса


6. Ең жақсы досым деп:

А. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болатын

Б. Қандай жағдайда да сенімді болса

В. Өмірде үлкен жетістіктерге жететін


7. Мен жақтырмайтын іс-әрекет:

А. Менің ойлаған ісім жүзеге аспаса

Б. Достарыммен қарым-қатынасым бұзылса

В. Мені басқалар сынаса


8. Меніңше педагогтың ең жағымсыз түстары:

А. Адамның келбетінің ұсқынсыз екендігін жасырмай айтып,ғ оны үнемі мысқылдайтын.

Б. Топ арасында бәсекелестік тудыратын

В. Өзі беретін сабақтың пәнін өте жақсы біледі, сонда да жетіспейтін тұстары бар


9. Іс-әрекеттің маған ұнамайтыны:

А. Достарыммен уақыт өткізу

Б. Жұмыстың аяқталғанын сезініп рахаттану

В. Менің сыртқа шығып рахаттанып қыдыруым


10. Мен мынадай адамға ұқсасам деймін:

А. Өмірде жетістікке жеткен

Б. Өз жұмысымен шынайы айналысатын

В. Достық, мейірімдік қасиеттерімен ерекшеленетін


11. Бірінші орында мектеп:

А. Өмірге қажетті тапсырмаларды оқып шешімін табу

Б. Оқушының индевид ретіндегі қасиетін ашу

В. Адамға қиналған уақытта көмектесетіндей етіп тәрбиелеу


12. Менің уақытым көп болғанда, оны мен былай пайдаланатын едім:

А. Достарыммен араласуға

Б. Қыдырып демалуға

В. Өзімді тану мақсатында, сүйікті іспен шұғылданам


13. Үлкен жетістіктерге мен мына жағдайда ұмтылам:

А. Әдемі адамдармен бірге жұмыс істегенде

Б. Менің қызықты жұмысым болғанда

В. Менің жұмысымды жақсы бағаласа


14. Мен жақсы көремін мынадай жағдайда:

А. Басқа адамдар мені бағаласа

Б. Жұмыстың жақсы орындалғанын біліп, содан рахат алу

В. Достарыммен уақытымды жақсы өткізгенде


15. Егер мен туралы мәліметті газетке жазам десе, онда мынандай жағдайда жазғанын қалаймын:

А. Оқу, жұмыс, спорттағы жетістіктерімді айтып, қызықты жазса

Б. Менің қызмет бабымның барысын жазса

В. Мен жұмыс істейтін адамдарды да міндетті түрде айтса


16. Өте жақсы оқушы едім, мұғалім мынадай болса:

А. Маған оқуға жағдай жасаса

Б. әнге деген қызығушылығы арттса

В. Оқылып жатқан өзекті мәселе туралы топ арасында талқылап өтсе


17. Мен үшін одан асқан іс жоқҮ:

А. Жеке қасиеттерімді айтып жамандаса

Б. Қажет жұмыстарды аяқтай алмау

В. Достарымды жоғалту


18. Өте жақсы бағалаймын:

А. Жетістікті

Б. Жақсы жұмысқа орналасуды

В. Дұрыс, тәжрибелі ақылды


19. Мен мынадай адамдарды ұнатпаймын:

А. Басқалардан өзін төмен деп санайтын

Б. Үнемі конфликтіге түсіп қарсыласатын

В. Жаңа нәрсеге қарсылықты


20. Өте жақсы, мына жағдайда:

А. Көпшілік үшін өте қажетті жұмыс істегенде

Б. Көп достарым болса

В. Бәріне ұнап, олардың қызығушылығын тудырасың


21. Мен үшін бірінші орында басшы мынадай болу қажет:

А. Әрдайым есігі ашық

Б. Беделді

В. Талап қояа білетін


22. Бос уақытымда мен кітап оқысам:

А. Адамдармен жақсы қарым-қатынасқа түсіпдостар иелену туралы

Б. Атақты, қызықты адамның өмірі туралы

В. Ғылым мен техникадағы ең соңғы жаңалықтар туралы


23. Егер менің музыкалық қабілетім болса, онда мен мынаны оқушы едім:

А. Дирижор болудың жолдарын

Б. Композитор болуды

В. МСолист болуды


24. Мынадай болса:

А. Қызықты жұмысты ойлап табу

Б. Жарыста жеңіп шығу

В. Жарысты ұйымдастырып оны басқару


25. Мен үшін мынаны білген өте қажет:

А. Менің не істегім келетінін

Б. Мақсатқа қалай жетемін

В. Мақсатқа жету үшін адамдарды қалай ұйымдастырған жөн


26. Адам мынаған міндетті түрде ұмтылуы қажет:

А. Басқалар оның істеген ісіне қанағаттанса

Б. Өзіне берілген тапсырманы орындамас бұрын

В. Жұмыстың орындалуына талпыну оған қажет емес еді


27. Бос уақытта мен демалғаным дұқрысҮ:

А. Достарыммен араласып

Б. Қызықты кино фильм көру

В. Сүйікті ісіммен айналысу


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет