І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет14/16
Дата15.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#33247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

1 Тапсырманың кілті.


№ п/п

Я О Д

№ п/п

Я О Д

№ п/п

Я О Д

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10


А В Б

Б В А


А В Б

В Б А


Б А В

В А Б


В Б А

А Б В


В А Б

А В Б


11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

Б В А

Б А В


В А Б

А В Б


Б В А

А В Б


А В Б

А Б В


А Б В

В Б А


21

22

23



24

25

26



27

Б А В

Б А В


В А Б

Б В А


А В Б

В А Б


Б А В


10. “ЖЕТЕКШІ РЕПРЕЗЕНТАТИВТІ ЖҮЙЕ” ТЕСТІ
Әр адамда көлемді ақпараттарды қабылдай алуға, қоршаған ортаны түсінуге, болып жатқан оқиғаларды саралауға, өзгермелі құбылыстарға өзіндік жеке көзқарасын ойша, сөздері, сезімі, іс-әрекеті арқылы жеткізуге көмектесетін жетекші репрезентативті жүйесі болады. Егер қатынастағы адамдар ортақ тіл табысып, репрезентативті жүйелерін келістіре алса, қарым-қатынас сәтті болмақ. Беріліп отырған тест қандай репрезентативті жүйе сізге жетекші екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Құрылымы. Келісетін жауаптарыңызғдың тұсына анықталған бір рангты қойыңыз, мысалы, өзіңізді дәл сипаттаған жауапқа ранг І – санын сөйлемге дейін қоясыз, сосын біріншіден кейін қайсысы сіздің сипатыңызға жақын келсе, сөйлемге дейін ранг ІІ санын қоясыз, осылайша төртке дейін жалғасады.


Сұрақ

Жауап/ранг



1

2

3

...

12

І

2

1

...

...

4

ІІ

1

2

...

...

3

ІІІ

3

3

...

...

2

ІҮ

4

4

...

...

1



  1. Менің ойымша:

І – маңызды шешімдер – бұл менің сезімдерімнің ісі,

ІІ – маңызды шешімдер менің көңіл-күйіме байланысты,

ІІІ – маңызды шешімдер менің көзқарасыма байланысты,

ІҮ – маңызды шешімдер – бұл менің ақылым мен логикамның ісі.




  1. Менің сіз туралы алғашқы пікірім

І – дауысы жағымды,

ІІ – келбетті,

ІІІ – көкейге қонымды ойлар айтатын,

ІҮ – маған жақсы әсер қалдыратын адамдар ғана маған ықпал ете алады.




  1. Мен сіздің қал-жағдайыңызды білгім келсе:

І – сіздің түр-тұлғаңызға қараймын,

ІІ – сіздің не сезініп тұрғаныңызды тексеремін,

ІІІ – сіздің дауыс ырғағыңызға көңіл бөлемін,

ІҮ – сіздің не туралы айтып отырғаныңызға көңіл аударамын.




  1. Мен үшін:

І – стереожүйедегі дауыстарды модулдеу,

ІІ – мені қызықтыратын мәселелердің сұрақтарынан шешім шығару,

ІІІ – суперкомфортабелді жиһаз таңдау,

ІҮ – түстердің комбинацияға өте бай түрлерін табу жеңіл.




  1. Менің сыртқы ортаға көзқарасым:

І – Маған тың деректердің мағынасын түсініп кету өте оңайға соғады,

ІІ – менің құлағым айналада болып жатқан оқиғаларға түрік жүреді,

ІІІ – киімді менің денемді қысып тұрған жақсы сеземін,

ІҮ – көрген бөлмемді ашық түсті бояулармен суреттеп беремін.




  1. Егер адамдар менің жай-күйімді білгілері келсе:

І – олар менің не сезініп жүргенімді сезіне білулері керек,

ІІ – олор менің қалай киінгеніме назар салулары керек,

ІІІ – олар менің сөйлеген сөздеріме қарау керек,

ІҮ – олар менің дауыс ырғағыма құлақтарын салу керек.




  1. Мен:

І – сіз білетін деректер туралы тыңдағым келеді,

ІІ – сіз салған суреттерді тамашалағым келеді,

ІІІ – сіздің не сезінетініңізді білгім келеді,

ІҮ – болып жатқан оқиғаларды сіздің дауыс ырғағыңыз арқылы естігім келеді.




  1. Мен сіз туралы

І – Мен бір нәрсені көрсем, соған сенемін,

ІІ – мен деректерді естісем, соған сенемін,

ІІІ - әлденені сезінсем, соған сенемін,

ІҮ – сену, сенбеуім нені естігеніме байланысты.


9.Мен жанұя меселесіне:

І - Әдетте мен жанұямның көңіл-күйін жақсы сезінемін,

ІІ – мен өзімнің жанұя мүшелерінің түрлерін, киімдерін, тіпті соған қатысты ұсақ бөлшектеріне дейін суретке сала аламын,

ІІІ - маңызды мәселелер жайында жанұямның не ойлайтыны да білемін,

ІҮ – жанұя мүшелерінің дауыс ырғақтарын жақсы ажыратамын.


  1. Мен өзімдегі

І – Мен белгілі бір істерге түсіне қарауды үйреніп жүрмін,

ІІ – мен бір әлденелерді жасап үйренудемін,

ІІІ – мен тың деректерге құлақ салуды әдетке айналдырудамын,

ІҮ – мен жаңа мүмкіндіктерді үйренуге тырысудамын.




  1. Маңызды мәселені шешерде мен:

І – маңызды мәселелер сезімдер арқылы шешіледі деген тоқтамға келемін,

ІІ – менің көңіл-күйіме байланысты,

ІІІ – менің көзқарасыма сай шешімді дұрыс деп табамын,

ІҮ – ақыл мен логикамның көмегімен қабылдаймын.




  1. Менің досым туралы

І – Маған досымның дауысын еске түсіру оңай,

ІІ – досымның түр-тұлғасын еске түсіру оңай,

ІІІ – еске түсіру – сәтті келген ой, - деуші еді менің досым,

ІҮ – досымды қалай сезінгенімді еске түсіру оңай.


НӘТИЖЕЛЕРДІ ШЫҒАРУ




  1. қадам




Сұрақтар
Жауаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

І

К

А

В

А

Д

К

Д

В

К

Д

К

А

ІІ

А

В

К

Д

А

В

В

Д

В

К

А

В

ІІІ

В

Д

А

К

К

Д

К

К

Д

А

В

Д

ІҮ

Д

К

Д

В

В

А

А

А

А

В

Д

К

А – аудиалды репрезентативті жүйе

В – визуалды репрезентативті жүйе

К- кинестетикалық репрезентативті жүйе

Д – “ойлайтын, талдайтын, логикалық компьютерлік тип”.



  1. қадам:




Репрезентативті жүйе

Сұрақтар/жауаптар рангі



В

К

А

Д

1

3

2

1

4

2

2

3

1

4

3

3

1

2

4

...

...

...

...

...

Барлығы: есебі







14

26

Қорытыныды: жетекші репрезентативті жүйе







жетекші

маңызды емес

Ең төменгі ұпай жинаған репрезентативті жүйе адамның маңызды жетекші жүйесі болмақ. Ең жоғарғы ұпай жинаған репрезентативті жүйе (жиі 3-ші, 4-ші орындағы жүрген), адамға онша да маңызды болмақ емес.



11. Өзіңіздің коммуникабелділік деңгейіңізді тексеріп көріңіз.
Жауап нұсқаларының біреуін таңдаңыз.


  1. Купеде немесе ұшақ салонында болғанда, сіздің қалауыңыз:

а) көршілермен байланысқа түспей, үндемеу,

б) еріксіз, тек керек болған жағдайда байланысқа түсу;

в) ешқандай қиындықсыз, ынтаңызбен байланысқа түсу;

г) өз ойыңызды өзге адаммен бөлісу.



  1. Сіздің достарыңызбен, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз төмендегідей:

а) сирек бару (жылына 3-4 рет),

б) анда-санда бару (жылына 10 рет);

в) үнемі бір-біріңізбен араласу (айына 1 реттен көп);

г) әр апта немесе одан да жиі кездесу.



  1. Сіз жылына қанша құттықтау хаттарын аласыз?

а) 1-5;

б) 6-10;


в) 11-15;

г) 16-20, одан да көп.



  1. Егер сіз мектепті (ЖОО) бітірген болсаңыз, бірге оқыған қанша жолдасыңыздың тағдыры сізге мәлім?

а) 1-3,

б) 4-10;


в) 11-15;

г) 16-20, одан да көп.



  1. Сізде орта есеппен телефонмен сөйлесуге қанша уақыт кетеді:

а) 1-3 мин;

б) 4-5 мин;

в) 6-10 мин;

г)15 мин, одан да көп.



  1. Жаңа кітапты оқи отырып (оқып болып), сіз әдетте:

а) оқығанды ойланасыз;

б) оқыған жайындағы сұрақтарға ықылассыз жауап бересіз;

в) оқыған жайындағы сұрақтарға ықыласпен жауап бересіз;

г) ынтамен ойыңызды бөлісесіз.



  1. Спектакль, кино, концерт уақытында сіз әдетте:

а) сіздің көзіңізше біреудің өз әсерін айтқанын ұнатпайсыз;

б) бұған шыдамдылықпен қарайсыз, сізді бұл қызықтырып та қалады;

в) кейде таныстарыңызбен ой бөлісесіз;

г) барлық уақыт үндемей отыра алмайсыз, өз ойыңызды жиі білдіріп тұруға тырысасыз.



  1. Көшеде танысыңызды кездестіргенде:

а) шұғыл шаруаңыз болмаса, бас изеп кете бересіз;

б) амандасып, аман-саулық сұрайсыз;

в)кім бірінші болып амандасқанын байқамайсыз, жаңалықтар туралы сұрайсыз;

г)бірінші болып тоқтайсыз, амандасасыз, жағдайын сұрайсыз, өзіңіз туралы айтасыз.



    1. Жұмыстан (оқудан) үйге қайтқанда сіз нені мақұл көресіз:

  1. үндемеуді;

  2. сұрақтарға қысқа жауап беруді;

  3. үйдегілерден еш қызығушылықсыз жаңалықтар сұрауды;

  4. үлкен ықыласпен сұрап, өзіңіз туралы айта бастайсыз. Егер сізден ешнәрсе сұрамаса немесе монотонды жауап берсе ренжисіз.

    1. Бөтен қалада (таныс емес ауданда) мекен-жайын білмейтін сізге керек мекемені іздеп жүріп (сізге оның жаңа ғана автобустан түскен жерден «алыс емес» екендігі белгілі), әдетте сіз:

    1. жақын көшелерді аралап, керек жерді өз бетіңізше іздейсіз;

    2. жүргіншілердің арасынан жергілікті тұрғындарды (көзбен) анықтап, солардан сұрайсыз, жауабына қанағаттанбаған жағдайда өз бетіңізбен іздеуді жалғастырасыз;

    3. өзіңізді ыңғайсыз сезіне тұра жүргіншілерді көмек сұрай тоқтатасыз;

    4. еш қысылмай жүргіншілерден қажет болғанша көмек сұрайсыз;

    1. Қалада, паркте, қала сыртында серуендегенде, сіз нені қалайсыз:

      1. жалғыздықты;

      2. бір адамның болуын;

      3. бірнеше достар немесе жақын адамдармен болғанды;

      4. көп адамдар ( ұжыммен шығу немесе мәдени жорық және т.б.) қоғамын;

    2. Танысыңыздың (жақын туысыңыздың) жаңа киімін байқасаңыз сіз:

      1. оны үнсіз бағалайсыз;

      2. егер сұраса өз ойыңызды білдіресіз;

      3. ойыңызды бірден білдіресіз;

      4. бағасын, қай жерде сатып алынғанын сұрастырасыз, жүріп көрсетуін өтінесіз, өз әсеріңізбен бөлісесіз;

    3. Көркем әдебиет оқығанда әдетте сіз:

      1. қысқа өлеңді, новелланы қалайсыз;

      2. өлеңдер топтамасын, новеллалар жинағын;

      3. сынға алынған, мағыналы т.б. романдар мен поэмаларды оқисыз;

    4. Таныс емес ортаға кездейсоқ түсіп қалсаңыз өзіңізді:

      1. қатты қысылыңқы сезінесіз, кеткіңіз келеді;

      2. ішіңізден қалғыңыз келеді, байланысасыз, бірақ аса тілегіңіз болмайды;

      3. жаңа таныстарға қуанып, байланысқа түсесіз;

      4. жаңа адамдарға өте қуаныштысыз, олар туралы көбірек біліп, өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсеткіңіз келеді;

    5. Егер сіз өлең, әңгіме, күнделік, т.б. жазсаңыз, онда сіз әдетте:

      1. жазғаныңызбен ешкіммен бөліспейсіз;

      2. кейде жазғаныңыздың бір бөлігімен ерекше сенетін адамыңызбен бөлісесіз;

      3. егер сізден сұраса, жазғаныңызды қуана оқисыз;

      4. басқалардың ойы қызықтырғандықтан жазғаныңызды бірден оқисыз. Қарсы ой-пікір немесе ұстамды мақтау сізді қынжылтады;

    6. Қонақта сізге ұнаған бір жаңа тағам ұсынған кезде, әдетте сіз:

      1. ықыласпен жейсіз, бірақ өз ойыңызды айтпайсыз;

      2. қолдау көрсете аласыз, бірақ сұраққа жауап бергенді қалайсыз;

      3. сұрауды күтпей-ақ тағамды өзіңіз мақтайсыз;

      4. тек мақтап қана қоймай, сонымен бірге рецептін сұрайсыз, өзіңіздің алдағы уақытта мүмкіндігінше осындай тағамды жейтіндігіңізді, даярлайтындығыңызды, үйдегілерден даярлауын өтінетіндігіңізді, т.б. айтасыз.

    7. Тақырыптың ең жақсы типін белгілеңіз (шығарма, берілген тақырып емес, оның типін):

      1. ұрыс;

      2. көршілер ұрысы;

      3. көршілердің мәнсіз ұрысы;

      4. Асқар Маратұлы мен Сержан Талғатұлының ұрысқаны туралы повесть;

    8. Егер сіздің жақсы таныстарыңыздың бірі аса сөзшең екенін байқасаңыз, онда сіз:

      1. оған тұспалдап айтасыз, себебі бұл кемшілік сізді шын ашуландырады;

      2. басқалардың сөзшеңдігіне аса мән бермейсіз;

      3. тыңдағанды жақсы көресіз, тек қызық болса болғаны;

      4. өзіңіз де сөзшеңсіз, сондықтан сөйлесушінің ұқсас қасиеті өзіңізді көрсетуге көмектеседі;

    9. Сағатыңыз болмағанда «Сағат қанша?» деген сұраққа көбінесе сіз былай жауап бересіз:

      1. «Білмеймін»;

      2. «Кешіріңіз, білмедім, менде сағат жоқ»;

      3. «Қуана айтар едім, өкінішке орай сағатым жоқ»;

      4. «Мен сіздің сұрағыңызға шын жүректен жауап берер едім, бірақ сағатым қазір жөндеуде еді, мен өзімде осы үшін ыңғайсыздық сезініп жүрмін, амал қанша?»

    10. Көпшілік алдында оқылатын лекция кезінде (баяндама) сізді қызықтыратын тақырып болса, ал сөйлеуші сіздің ойыңызша қате пікірлер айтып жатса, сіз:

      1. Қарсы сөз айтқыңыз келеді, бірақ бұл ойыңызды жүзеге асырмайсыз;

      2. Ойыңызды білдіргіңіз келеді, дегенмен өз қалауыңызды іске асыруға кедергі болған жағдайларға немқұрайлы қарайсыз;

      3. Өз мақсатыңызды хат арқылы орындай аласыз;

      4. Сөйлеушіге көп алдында қарсылық білдіруге тырысасыз.

    11. Газеттен (журналдан) сізді қызықтыратын талқылауға арналған мақаланы оқып алып, әдетте сіз:

      1. Талқылауға қатысу туралы ойлайсыз, бірақ мақала, хат жазуға кіріспейсіз, уақыт өте өзіңіздің бұл ойыңызды ұмыта бастайсыз;

      2. Өзіңіздің жауабыңызды ойластыра бастайсыз, жоспар құрып, деректер жинайсыз, қолжазба жасайсыз, алайда істі соңына жеткізе алмасаңыз қатты өкінбейсіз;

      3. Мақала (редакцияға хат) жазасыз, жібересіз, дегенмен жарыққа шықпаса қатты қиналмайсыз;

      4. Сіздің материалыңызды шығармайтын жағдайда қайта жаңа нұсқасын жазып жібересіз. Өз пікіріңізді жұрт алдында білдірудің қиындығы сізге белгілі.

    12. Сұхбаттасушыңыздың бойындағы сіз үшін маңызды қасиетті көрсетіңіз:

      1. Аса ұстамдылығы;

      2. Сізбен сөйлесуге ынталылығы;

      3. Тез тілтабысқыштығы;

      4. Сұхбаттасуға өлшеусіз құлшынысы.

    13. Төмендегі тізімнен өзіңіздегі қарым-қатынастың басым деңгейін (коммуникабелділік) көрсетіп, өзіңізді бағалаңыз:

      1. Төмен;

      2. Орташаға жақын;

      3. Айтарлықтай жоғары;

      4. Жоғары,өте жоғарыға жақын.


Тестік тапсырмалардың кілті
22 сұрақтан тұратын тапсырма оқырмандардың шынайы жауап беруіне негізделген, себебі олар және олардың жақындарынан басқа ешкім бағалауға немесе тест нәтижелерін білуге араласа алмайды.

Әрбір сұрақта төрт жауап келтірілген, яғни сыналушының коммуникативті көріністерінің төрт маңызды сипаттары. Бұл сипаттамалар коммуникативті белсенділік деңгейі төмендеуі ретімен орналасқан, және әрбір бөлімде екі ұпайдан қосылады. Яғни «а» сипаттамасына 2 ұпай, «б»-4, «в»-6, «г»-8 ұпай беріледі деген сөз.

Егер сыналушы әрдайым «а» пунктін белгілеп отырса, оның коммуникативтілік деңгейі 22 санын 2-ге көбейту арқылы 44-ке тең болады. Бұл төмен деңгейге сәйкес келеді.

«б», «в», «г» пунктерін көрсеткен жағдайда – сәйкесінше – 22*4 (88), 22*6 (132), 22*8 (176) ұпайға тең болады, бұлар «орташаға жақын деңгей», «жоғары», «аса жоғары, шектен тыс» дегенді білдіреді. Көбінесе бөлімдердің шын саны шеткі сандардың ортасында болады, яғни 176-ға жете бермейді. Осы санды немесе оған жақын санды жинаған адамдарға қарым-қатынаста өзін ұстап, айналадағылардың пікірлеріне назар аударып отыруы керек, сонымен қатар қарым-қатынасының белсенділігін азайту жағына қарай түзету керек.



125-150 ұпай жинаған сыналушылар классикалық экстравертікке жақын қарым-қатынастың белсенділігімен ерекшеленеді.

Егер сіз 44-60 ұпай жинасаңыз белсенді болуға үйрену керек, немесе сіздің интроверттігіңіз айналадағылармен араласуға кедергі келтіреді. Өзіңізді қатынасқа түсуге бірте-бірте мәжбүрлеңіз, сәтсіздіктерге назар аудармаңыз, олар сізге ғана байқалатынын есте ұстаңыз. Өзіңізді қарым-қатынаста белсендірек деп санайтын адамыңызға ұқсатсаңыз болады.



70-100 ұпай болса саналы түрде қарым-қатынастағы белсенділікті кішкене арттыру керек.

23-тапсырма сіздің коммуникативтілігіңіздің объективті деңгейі мен сіздің оны бағалауыңыздың арасын дұрыс білуге көмектесуге негізделген. Мысалға сіз 70 ұпай жинап, ал тапсырма бойынша «в» пунктін белгілесеңіз, онда сіздің өзіңіз туралы пікіріңізден гөрі объективті көрсеткіштерге сенгеніңіз дұрыс, яғни сіз өзіңіздің қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіңізді жетілдіргеніңіз абзал.




12. Эмпатия дәрежесін анықтау.
Эмпатия тұлғаарлалық қатынасына себеп болады. Ол адамның жүріс-тұрысының әлеуметтенуіне көмектеседі. Эмпатия дамуы – бұл қарым-қатынастағы серітестердің сезіталдылығы бойынша барлық іс-әрекеттегі ( ең алдымен оқуда және тәрбиеде) жетістік жетуге негізгі фактор болады. Сондықтанда эмпатия мұғалімнің кәсіптік сапа жағын қарастырады. В.А.Сухомлинскийдің белгілеуі бойынша: « мұғалім қарапайымдылықтан бастағаны жөн, бірақ сонымен бірге ең қиыны – басқа адамның жан дүниесін сезу қабілеті, әр түрлі жағдайда өзін басқа адамның орнына қою».Сондай-ақ: « басқа адамдарға саңырау болып - өз-өзіне саңырау болып қалады: оған өзін-өзі тәрбиелеуде ең басты жетіспейтіні- өз қылығының эмоционалдық бағасы».

Сауалнама 6 диагностикалық эмпатиялық шкаладан турады, ата-анасына, жануарларға, кәрі адамдарға, балаларға, әдеби шығармадағы кейіпкерлерге, таныс және бөтен адамдарға қатынасын білдіреді.Сауалнамада 36 ой-пікірлер бар, мұның әрбіреуіне сынақтан өтуші өз бағасын беріп, келісе ма әлде келіспейді ме, осыған байланысты жауаптың 6 нұсқасы бар: « білмеймін», «ешқашан немесе жоқ», «арасында», «жиі», «әр уақытта», «үнемі немесе иә».Әрбір жауаптың нұсқасына сандық мән сайкес келеді:0, 1. ,2, 3, 4, 5.



Сауалнама.



  1. « Керемет адамдардың өмірі» туралы кітапқа қарағанда, маған көбінесе саяхат туралы кітап ұнайды.

  2. Жасөспірімдерге үлкендердің қамқорлығы ұнамайды, яғни тітіркендіреді.

  3. Мені басқа адамдардың жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептері толғандырады.

  4. Мен « Қазіргі әуендердегі» музыкалық хабарды қалаймын.

  5. Ауру адамның тітіркенуі мен әділетсіз жазғыруына шыдау керек,тіпті егер ол жыл сайын қайталанып тұрса да.

  6. Ауру адамға сөзбен де көмектесуге болады.

  7. Бөтен адамға екі адамның арасындағы жанжалға араласпауы керек.

  8. Кәрі адамдар, қалайда себепсіз ренжігіш келеді.

  9. Мен бала кезімде көңілсіз оқиғалар туралы естігенде, көзімнен жастар өзінен- өзі шығатын.

  10. Менің көңіл-күйіме ата-анамның ашуланған күйі әсер етеді.

  11. Маған айтылған сындарға жақсы қараймын.

  12. Пейзаждарға қарағанда,маған портреттерді көрген ұнайды.

  13. Мен ата-анамнды әрқашанда кешіремін,тіпті олардікі дұрыс болмаса да.

  14. Егер жылқы дұрыс жүрмесе, оны қамшылау керек.




  1. Мен адамдардың драмалық оқиғаларын оқығанда, менде де сол оқиғада болып жатқан сияқты сезінемін.

  2. Ата-аналар өз балаларына әділ қарайды.

  3. Мен ұрсып жатқан жасөспірімдер немесе үлкендерді көрсем, араласып кетемін.

  4. Мен ата-анаменың көңілсіз күйіне мән бермеймін.

  5. Мен өз жұмыстарымды қойып, жануарлармен құстардың жүріс-тұрысын қадағалап отырамын.

  6. Кинолар мен кітаптарға мінезі жеңіл адамдар ғана жылайды.

  7. Маған бөтен адамдардың жүріс-тұрысымен бет әлпетін қадағалау ұнайды.

  8. Бала кезімде мен үйге жетім мысықтар мен иттерді алып келетінмін.

  9. Барлық адамдар жөнсіз өшігеді.

  10. Мен бөтен адамға қарап тұрып, оның өмірі қалай болатынын білгім келеді.

  11. Мен қиналып жүрген жануарды көргенде, оған көмектесуге тырысамын.

  12. Бала кезімде кішкене балалар менің артымнан қалмай жүретін.

  13. Егер адамдардың арызын дұрыс тыңдасаң,оған жеңіл болып қалады.

  14. Даладағы оқиғаны көрсем, куәгерлердің санына түспеуге тырысамын.

  15. Өзімнен кішілерге ойымды, жұмыс немесе ойын-сауық ұсынсам, оларға ұнайды.

  16. Жануарлар өз иесінің көңіл- күйін сезеді деген қабілетті адамдар асырып айтады.

  17. Ең қиын қақтығыстық жағдайдан адам өзі шығуы керек.

  18. Егер бала жыласа,онда оның бір себебі бар.

  19. Жастар әрқашанда кәрілердің өтінішіне қанағаттануы керек.

  20. Мен кейде сыныптастарымның неге сондай ойланып жүретінін білгім келеді.

  21. Қараусыз жүрген үй жануарларын құрту керек.

  22. Егер менің достарым өзінің жеке мәселелерін айта бастаса,мен әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырамын.


Жұмыс тәртібі. Сынақшыға хаттама беріледі (форма А) ,бұл жерде ол анкеталық бөлімнің жауабын бірден толтырады. Осыдан кейін сынақшы сауалнама мен келесі нұсқауды алады: «Кейбір бекітуді бағалауға ұсынамын. Жауаптардың бәрі бағаланбайды, ол жақсы ма,әлде жаман ба,сондықтан да ашық болуыңызды өтінеміз. Пікірлерге ұзақ ойлану керек емес. Шынайы жауап ол сіздің ойыңызға бірден келгені. Сауалнамадағы пікірлерді оқып, жауап парағындағы нөмірлерді 6 –градацияларын белгілеңіз: «білмеймін», «ешқашан немесе жоқ», «кейде», «жиі», «әрқашанда», «әрқашан немесе иә».Пікірлердің біреуінде өткізіп алуға болмайды.

Егерде жұмыс үстінде сыналушыда сұрақ туа қалса,онда эксперименатор анықтама беруі керек, бірақ сұрақтарды таңдауға көмектесуге болмайды.



Форма А

Әдістемеге хаттама

Тегі,аты-жөні------------------- Күні ------------------------------------

Жасы -------------------------------

Жанұя құрамы,өзі тәрбиеленетін -----------------------------------

Жанұядағы сан бойынша -------------- нешінші бала

Мектептен бергі достарыңның саны ------------------------------

Қазіргі кездегі негзгі қызығатының---------------------------------

Әкесінің мамандығы ---------------------------------

Шешесінің мамандығы ------------------------------------

Жауап парағы




















































Т А Б Л И Ц А 211 бет
Өңдеу нәтижесін зерттеуден дәйектілігін анықтаудан бастау керек. Ол үшін оны санау керек, берілген типке қанша жауаптар сауалнамадағы көрсетілген нөмірі нұсқауын береді: «білмеймін»: 2,4,16,18,33; «әрқашан немесе иә»:2,7,11,13,16,18,23. Бұдан қанша «әрқашан немесе иә» жауабын алғандағы келесі пікірлері: 7 және 17,10 және 18,17 және 31,22 және 35,34 және 36. Қанша рет «әрқашан немесе иә» жауабы әрбір пікірге алынды, ал басқаға « ешқашан және жоқ» келесі жауаптарда: 3 және 36, 1 және 3,17 және 28. Осыдан кейін негізгі нәтиженің санағы шығады. Егер жалпы баға -5 немесе одан да көп болса, онда зерттеу нәтижесі дұрыс емес, 4-ке тең болғанда – нәтиже күмәнді, егер де баға 3 болса, онда зерттеу нәтижесі дұрыс болады деуге болады.

Күмәнді және дұрыс емес нәтижеде орынды, егер бұл мүмкін болса , онда сыналушының қатынасы зерттеуге кері әсер болатынын білу қажет. Нәтижелердің себебін білу,тілексіз қаралу немесе кері жауап беру, ниетсіз жауаптар дұрыс емес болып саналады. Мысалы, психикалық функциялардың бұзылуы,олардың дамуы, және де әлеуметтік инфантилизм.


Кілт – дешифратор 212

Кесте А –ның көмегімен, алынған ұпай бағасымен эмпатияның диагностикалық деңгейін анықтауға болады



Таблица А 212 Эмптия деңгейі
Нәтиже талдауы оны дөңгелек диаграммаға жүргізеді. Дөңгелек диагностикалық шкаланың 6 бірдей секторы белгіленеді, олар рим цифрларымен І-ден 6 –ға дейін белгіленеді, ол кілт-дешифратор көрсетілген. Дөңгелектің көлемі ось диаграммасына сәйкес 15 бірдей кескін сызылады.Әрбір кескін бір балға тең, дөңгелектің ортасы нөлдік нүкте болады. Осы нүктеге қаншалықты сыналушы жақындаса эмпатиялық дамуы анықталады (Таблица А)

Алынған көрсеткіштерден эмпатия зерттеулерінде, сынақтан өтушінің өмірлік жолы туралы,оның жүріс-тұрысы мен мінез- құлқы ,тәрбиесі мен оқуы туралы мәлімет болуы керек. Бұл психологиялық тұжырым мен керекті кепілдеме береді.



82-ден 92 ұпайға дейін. Бұл эмпатияның ең жоғарғы деңгейі. Сізде уайымшылдық басым. Қарым-қатынасқа түсуші адам сізге бірде бір сөз айтпасада көңіліне мән берсіз. Айналадағының бәрі сіздің бойыңызға ауыртпашылықтарын іліп қояды. Ауру адамдардың арасында өзіңді жаман сезінесіз. Үлкендер мен балалар сізге өз құпиясын айтып,сіздің ақылыңызды тыңдайды,сізге сенеді. Кінәңізді жиі сезінесіз,басқа адамдардың жағдайын жиі ойлайсыз.Сонымен де өзіңізде ренжігішсіз.Ауру жануарды көргенде немесе тіпті бастығыңыздың сәлемінің суық болғанына да қаймығасыз. Осындай көңілсіздік ұзақ уақытқа дейін ұйқыңызды қашырады. Эмоционалдық сүйенішті қажет етесіз. Мұндай жағдайда жүйке ауруына шалдығасыз.Өзіңіздің психикалық денсаулығыңзды күтіңіз.

63-тен 81 ұпайға дейін. Жоғары эмпатиялық деңгей: Сіз айналадағы адамдардың мұқтажына және әртүрлі жағдайларына жоғары сезімталдықпен қарайсыз, мейірімдісіз, көпті кешіруге дайынсыз. Адамдарға ашық қызығушылықпен көңіл бөлесіз.Сізге шырайынан көңіл- күйін «оқуға», олардың болашағын болжамдау ұнайды. Сіз қызу қандысыз, тез қарым-қатынасқа кіресіз және тез тіл табысасыз. Балалар сізге тез үйренеді.Айналаңыздағы кісілер сіздің шын ашықтығыңызды бағалайды.Сіз жанжал шығармай қиын жағдайдан шығу жолын табасыз.Сізге айтылған сынды көтересіз. Бір оқиғаны бағалағанда өзіңіздің сезіміңізге және ішкі түйсігіңізге сенесіз. Жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, көпшілікпен жұмыс істегенді қалайсыз. Әрдайым өзіңіздің іс- әрекетіңізге әлеуметтік мақылдауды қажет етесіз. Бірақта осы айтылған қасиеттердің сізде болғанымен,сіз дәлдікті ,еңбекті көп керек ететін жұмысқа ұқыпсыз қарайсыз.

37-ден 62 ұпайға дейін. Қалыпты эмпатиялық деңгей. Басым көпшілікке тән.Айналаңыздағы кісілер сізді «терісі қалың» деп те атамайды,бірақта сізді өте сезімтал адамдардың қатарына қосуға болмайды. Тұлғааралық қарым-қатынаста өзіңіздің жеке әсерленгіштігіңізге сенбей басқаларды олардың істеген ісінен пікір түюді қалайсыз.Сізде эмоция көріністері бар, бірақта сіз оларды бақылап отырасыз. Қарым- қатынаста ықыластысыз,сөзбен айтылғаннан да,көбірек түсінуге тырысасыз бірақ сұхбаттасыңыз тым артық кетсе,сіз сабыр сақтамайсыз. Өзіңіздің көзқарасыңызды айтпауды жақтайсыз,өйткені оны дұрыс қабылдар ма деген сенімсіздіктесіз. Көркем туынды оқығанда, кино қарағанда сіз қаһармандардың күйініштеріне емес,көбінесе олардың іс-әрекеттеріне көбірек көңіл бөлесіз.Сізге біреудің қарым-қатынасының болашағын болжамдау қиынға түседі,сондықтан олардың іс-әрекеттері сіз үшін кейде күтпеген болады.Сізде сезімнің емін-еркін болуы жоқ,содан ол адамдарды толығымен қабылдау қиынға түседі.

12-ден 36 ұпайға дейін.Төменгі эмпатиялық деңгейі.Сізге адамдармен тіл-табысу қиынға түседі, өзіңізді шу жерде ыңғайсыз сезінесіз.Айналадағы адамдардың эмоциялары сізге түсініксіз әрі мәнсіз болып көрінеді.Жалғыз жұмыс істегенді ұнатасыз.Сіз дұрыс шешімдер қабылдаудың жағында жүресіз.Сізде достарыңыз аз болар болса да,оларды жұмысқа бейім қасиеттері үшін я қайырымдылығы мен ілтипаттылығын бағалайсыз.Айналадағылар да осылай сізге көңіл бөледі. Өзіңізді кейде жат сезінесіз. Кісілер көп көңіл бөлмейді.Бірақта мұның бәрі уақытша.сіз жақындарыңыздың мінез-құлқына көбірек көңіл бөліп қажеттеліктерін өзіңіздікіндей санайсыз.

11 ұпай және одан төмен.Өте төменгі эмпатия. Тұлғадағы эмпатиялық үрдістері дамымаған. Сұхбатты бірінші бастауға қиналасыз.Әсіресе балалар мен және үлкен кісілермен тіл табысу қиын. Тұлғааралық қатынастарда қолайсыз жағдайларға көп түсесіз.Көбінесе адамдармен тіл табыса алмайсыз өнерден гөрі спортты ұнатасыз. Қызыметте өзіңізге тым көп назар аударасыз.Жеке жұмыстарыңыз нәтижелі болады,бірақ біреумен істегенде жақсы жағыңыз көрінбейді.Сентименталдық көріністерге мысқылмен қарайсыз.Сізге айтылған сынды көтермейсіз,бірақ оған көп көңіл бөлмесеңіз болады.Сізге сенім гимнастикасы қажет.

14. 3-ШІ ТЕСТ. Темпераментіңіздің типі қандай?

Автор бұл сұрақтың жауабы ретінде өзіндік жеке тест ұсынады. Ол күрделі құрылымды тест-сұрақтардан құрылған. Психологияда тұлғаға қарағанда темпераментті – өзіндік ерекшелігі бар, психиканың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Ол – адам психикасы қызметінің динамикасын анықтап, түрлі қызметте оның мазмұны, мақсаты, мотивіне қарамастан, ересек жаста да темперамент типін мінездейді.


Тестті қалай қолдану керек?
Бірінші кезең – 55 сұраққа жауап беру. «Иә, келісемін» не болмаса «Жоқ, келіспеймін» деп жауап беруге болады.
Сұрақтары


  1. Жағымсыз жағдайларды тез ұмытасыз ба?

  2. Әдетте сіз түрлі тапсырмаларды (өндірістік, қоғамдық, оқу тапсырмалары) уақытында орындайсыз ба?

  3. Жаңа танысқан адамға тез үйреніп кетесіз бе?

  4. Ашушаңыз ба?

  5. Кейде сіздің баяулығыңызды бетіңізге баса ма?

  6. Поезд, самолетке кешікпеу үшін вокзалға ертерек келесіз бе?

  7. Әдетте сіз әбден ойланып, бәрін салмақтап алып сөйлейсіз бе?

  8. Сізді мақсат-мұратыңызға жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңуде жігерлі деп айтуға бола ба?

  9. Өткен өміріңіз жайлы ойланғанды ұнатасыз ба?

  10. Жаңа таныстық тауып, біреулермен әңгіме-дүкен құратын жерлерде болғанды қалайсыз ба?

  11. Дайындалып жүрген жүрген жұмысқа өзгеріс енгізу қажеттігі ызаландыра ма сізді?

(айталық, бүгін сіз ойға алған нәрседен мүлде өзге іспен айналысуға мәжбүрсіз).

  1. Көптен мұршаңыз келмей жүрген істі аяқтаған кезіңізде қуаныш сезімі тез келе ме?

  2. Жұмыс (оқу) уақытында сол жұмысқа деген ынтаңыз толық сақталады деп сенімділікпен айта аласыз ба?

  3. Әлдебір әрекет-амалдан соң оны басқаша жасау керек еді деп жиі ойлайсыз ба?

  4. Жаныңызға жат қылықтардан бас тарту қиынға соға ма?

  5. Алғашқы әсеріңізді ойланып алмай жиі айтасыз ба?

  6. Үйден шыққаныңызда есік пен терезелерді жауып, жарық пен газды өшірген-өшірмегеніңізді ойлап мазаңыз кете ме?

  7. Сізді тәртіпке шақыру оңай ма?

  8. Сізді сезімтал әрі жаны жараланғыш жан деп айтуға бола ма?

  9. Сізге кенеттен айтылған қорқыту немесе реніш сөзін сол мезетте сезініп, қабылдайсыз ба?

  10. Әлдебір ойлардан елегізген кезіңізде бір орында отыра алмай, байыз таппай қалуыңыз мүмкін бе?

  11. Жедел шешімді талап ететін істі оңайлықпен орындайсыз ба?

  12. Бастаған істі соңына дейін аяқтауға құқылысыз ба?

  13. «Қазір және осы жерде» өтіп жатқан оқиғаны сырттай бақылап, сол мезетте оны қорытындылап, өзіңіз де қосылып отырған ұнай ма?

  14. Сіз үшін бейтаныс адаммен сөйлесу қиын ба?

  15. Сізде кенеттен туындаған идеяны айтпай, ішіңізде сақтап қалу оңай ма?

  16. Адамдардың сіздің жұмысыңызды бағалауы мен сыни ескертулері аяқ астынан деп айда аласыз ба?

  17. Сіз айналысып отырған қызықты жұмыстан көңіліңізді бөлу қиын ба?(бөтен әңгіме, жарықтың әлсіз түсуі, шу, т.б.).

  18. Ұзақ зейінділік пен үлкен ықыласты талап ететін, дегенмен, өзіңізге өте ұнайтын жұмысты орындау қиын ба?

  19. Сізге жанамалап тиетін сөз айтылса, тез ашуланасыз ба?

  20. Болашағыңыз жайлы ойлануды ұнатасыз ба?

  21. Сіз әңгімелескенді ұнататыныңыз соншалықты – жаңа ғана танысқан адаммен сөйлесу үмкіндігін жібермейсіз бе?

  22. Көңіл-күйіңіздің жиі ауыспалылығы жұмысыңызға өз әсерін тигізе ме?

  23. Жедел іс-әрекеттер сізге ләззат сыйлай ма?

  24. Өзіңізге жүктелген бірнеше тапсырманы бір уақытта орындаған ұнай ма?

  25. Өзгелер күліп жатқанда сіз оны іштей өрескел көріп тұрасыз ба?

  26. Кино көру барысында сезімге еліткеніңіз соншалықты- жанарыңыз жасқа шылана ма?

  27. Өзіңіз сөйлегеннен гөрі біреуді тыңдағанды қалайсыз ба?

  28. Қитығыңызға тиетін сөздерге сіз аса қатты ашуланасыз.

  29. Өміріңіздегі, жұмысыңыздағы сәтсіздіктер мақсатыңызға жетуге деген ынта-жігеріңізді қайта арттыра түсе ме?

  30. Сіз жылдам әрі шешімді әрекет жасайсыз ба?

  31. Әлдебір әзілмен сізді күлдіру оңай ма?

  32. Жадыңызды «жедел жаңғыртуды» қажет ететін сұрақтарға жауап беру кезінде қиындықтар кездесе ме? («Иә»-кездеспейді, «Жоқ»-кездеседі).

  33. Сіз тез ашуланып, тез сабаңызға түсесіз бе?

  34. Сіз хақында қатты қалжыңдасқан кезде ренжисіз бе?(«Иә»-ренжімеймін, «Жоқ»-ренжимін).

  35. Сізге ішкі диалог- өзіңмен-өзің сөйлесу ұнай ма?

  36. Сіз жаңа жағдайға тез бейімделіп, жаңа іске тез кірісіп кетесіз бе?

  37. Кейде шамадан тыс күшіңіз тасып, өзге де шаруалармен айналысқыңыз келе ме?

  38. Сіз үнемі алдын-ала ойланып алмай, әңгімеге араласып кетесіз бе?

  39. Кез келген сұраққа ойланбай жауап беру нәтижесінде келеңсіз оқиғаларға тап болу жағдайына бейімсіз бе?

  40. Сізді салмақты адам деп бағалауға бола ма?

  41. Сіз өзіңізді қоршаған адамдардың шаттық немесе мұңды көңіл-күйінентез әсер аласыз ба?

  42. Тез сөйлегенді ұнатасыз ба?

  43. Сіз шыдамды жансыз және ұзақ уақыт бойы қарқыныңызды бәсеңдетпей жұмыс істей аласыз.


Нәтижелерді қорытындылау
Дұрыс жауаппен сай келген әрбір жауабыңызға 1 ұпайдан қойыңыз.

Мұндағы дұрыс жауаптар темпераменттің белгілі бір қасиетін білдіретін терминдерден тұрады. Мысалы «сензитивтілік», «реактивтілік» және т.б. Бұл қандай мағына беріп, олардың үндестігі қай темпераментті құрайтыны төмендегі мәтінде жазылған.


Дұрыс жауаптар:


  1. Сензитивтілік:

жауап «иә»- сұрақтары 19, 29, 38;

жауап «жоқ»- сұрақтары 1, 46;



  1. Белсенділік:

жауап «иә»- сұрақтары 8, 23, 30, 41, 49.

  1. Реактивтілік:

жауап «иә»- сұрақтары 16, 20, 51;

жауап «жоқ»- сұрақтары 7,26.



  1. Реактивтілік пен белсенділіктің қатынасы:

жауап «иә»- сұрақтары 18, 52;

жауап «жоқ»- сұрақтары 4, 31, 44.



  1. Эмоцианалды қозу:

жауап «иә»- сұрақтары 12, 27, 43, 53;

жауап «жоқ»- сұрақтары 37.



  1. Реакция қарқыны (психикалық темп):

жауап «иә»- сұрақтары 22, 35, 45, 54;

жауап «жоқ»- сұрақтары 5.



  1. Мазасыздық:

жауап «иә»- сұрақтары 2, 6, 14, 21;

жауап «жоқ»- сұрақтары 17.



  1. Экстраверсия-интроверсия:

жауап «иә»- сұрақтары 24, 42;

жауап «жоқ»- сұрақтары 9, 32, 47.



  1. Қарым-қатынасқа бейімділік:

жауап «иә»- сұрақтары 10, 33, 50;

жауап «жоқ»- сұрақтары 25, 39.



  1. Ригидтілік-пластикалық:

жауап «иә»- сұрақтары 11, 15;

жауап «жоқ»- сұрақтары 3, 36, 48.



  1. Резистенттілік:

жауап «иә»- сұрақтары 13, 28, 40, 55;

жауап «жоқ»- сұрақтары 34.


Психологида темпераменттің бөлек қасиеті нені білдіреді? Олар қайда көрініс табады?

  1. СЕНЗИТИВТІЛІК – белгілі бір адамға психологиялық реакция (айталық, реніш сезімі) қаншалықты тез және ол қайдан пайда болатыны, оған әсер етуші сыртқы күштер.

  2. БЕЛСЕНДІЛІК- адамның өз мақсаттарына жетуіндегі жігер-қуаты қай деңгейде; өз жолындағы түрлі қиындықтармен қалай күреседі, ол қаншалықты айтқаныныан қайтпайтын жан екенін анықтайды, т.б.

  3. РЕАКТИВТІЛІК- адамның ішкі және сыртқы әсеріне бірдей реакция деңгейі (мысалы, күтпеген қатты дауыстың шығуы, қатаң ескерту, қорқыту-үркіту, ренжітетін сөз).

  4. РЕАКТИВТІЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҚАТЫНАСЫ. Бұл қасиет көбінесе қызмет түріне, қарым-қатынасқа, адамның іс-әрекеті: ішкі және сыртқы кездейсоқ жағдайлар (күтпеген оқиға, көңіл-күй, әлденені қалау) немесе адамның мақсаты, пайымдауы мен ниеті.

  5. ЭМОЦИАНАЛДЫ ҚОЗУ қандай да бір эмоцианалды реакцияның пайда болуы мен оның қаншалықты тез пайда болуы үшін ең әлсіз деген әсер ету қандай болуы керектігімен анықталады.

  6. РЕАКЦИЯ ҚАРҚЫНЫ НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАРҚЫН- бұл түрлі реакция мен үрдістердің жүру жылдамдығы (сөйлеу, есте сақтау, іс-қимылдың, ақыл-ойдың жылдамдығы, тапқырлық және т.б.)

  7. МАЗАСЫЗДЫҚ– адамның оған қатаң ескерту беретін оқиғаларды басынан кешіре тұра, біреуге, белгілі бір затқа немесе құбылысқа арнайы бағытталмаған белгісіз бір үрей мен уайымшылдық сезімде болуымен анықталады.

  8. ЭКСТРАВЕРСИЯ мен оған қайшы қасиет ИНТРОВЕРСИЯ. Бұл жерде реакция неге байланысты екенін анықтаймыз. Нақ осы шақта пайда болатын (экстраверттілік) сыртқы әсерге байланысты адамның қызметі, қарым-қатынасы және іс-әрекеті не болмаса, болашағы мен өткен күнге қатысты елестер, бейнелер, ойлар(интроверттілік).

  9. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА БЕЙІМДІЛІК- адамның қарым-қатынасының динамикалық жағы. Ол қарым-қатынастың жиілігі, басқа да адамдармен байланыстың кеңдігімен, біреудің сөзшеңдігімен немесе көп сөйлемейтіндігімен анықталады.

  10. РИГИДТІЛІК және оған қайшы ПЛАСТИКАЛЫЛЫҚ. Бұл қасиет туралы адамның үнемі өзгерісте болатын өмір жағдайына, сыртқы әсерге тез әрі жақсы бейімделгіштігі (пластичность) немесе керісінше, оның іс-әрекеттері, пайымдауы мен әдеттері соншалықты қарама-қайшылықтарға толы (ригидность).

  11. РЕЗИСТЕНТТІЛІК- шаршап-шалдығуға қарама-қарсы дәреже, жұмысқа қабілеттілік, ұнамсыз жағдайлармен күресу. Мысалы, өз көңіл-күйіңе қарсы шығу, көңіл аудару факторы, стресс.

Осы аталған қасиеттердің қай қайсысы болсын адамның өзіндік көзқарасын, оның пайым-парасатын, басқа адамдарға, еңбекке, оқуға, өз-өзіне қарым-қатынасын мінездемейді, яғни, оның жеке тұлғасына мінездеме бермейді. Темпераменттің бұл кез келген қасиеті адамның тек психикалық өмір ағымын, оның күшті немесе әлсіз көрінісін, түрлі психикалық күйдің жеңі әрі жылдам ауысуын, психикалық күштің жеңіл мобилизациясын көрсетеді. Басқаша айтқанда, негізінен ұрпақтан-ұрпаққа, табиғи факторларға байланысты темперамент асиеттері адам өмірінің динамикасы мен активациясын көрсетеді. Сол себепті ол өмір сүру барысында айтарлықтай тұрақты болып қала бермек.


ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ БӨЛЕК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ диагнозы. Темпераменттің әрбір бөлек қасиетінен жинаған ұпайыңыз- сіздің нақты қандай «қасиет иесі» екеніңізді анықтауға мүмкіндік береді. Барлығы 2 градация бар: 0 ден 2 ұпайға дейін және 3-тен 5 ұпайға дейін. Бұл градациялар темпераментіңіздің қасиеттерін 1-кесте арқылы (оның ішінде жеке қасиеттеріңізді крестпен белгілеңіз) диагностикалауға көмектеседі.

ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПІНІҢ диагнозы. Темпераментіңіздің бөлек қасиетінің қайсысы сізге ғана тән екенін білгеннен кейін, осы қасиеттерде заңды үйлесім табатын сіздің темпераментіңіздің типін анықтауға болады. Ол үшін өзіңіздің бөлек қасиеттеріңізді екінші кестедегі ақпаратпен салыстырыңыз.

1-ші кесте

Сіздің темпераментіңіздің қасиеттері, егер жинаған болсаңыз:


0 ден 2 ұпайға дейін + 3 тен 5 ұпайға дейін +

  1. Төмендеген сензитивтілік 1.Жоғары сензитивтілік

  1. Жғары емес белсенділік 2.Жоғары белсенділік

  1. Жоғары емес реактивтілік 3. Жоғары реактивтілік

  1. Реактивтілік белсенділіктен жоғары 4.Реактивтілік те, белсенділік

тепе тең

  1. Төмендеген эмоцианалды қозу 5. Жоғары эмоцианалды қозу

  1. Реакцияның баяу қарқыны 6.Реакцияның жылдам қарқыны

(психикалық темп) (психикалық темп)

7. Төмен мазасыздық 7. Жоғары мазасыздық

8. Интроверттілік 8.Экстраверттілік

9. Қарым-қатынасқа түспеушілік 9.Байланысқа аса бейімділік

(көпсөзділіктен ада) (сөзшең)



10. Пластикалық 10.Ригидтілік

11. Төмен резистенттілік 11.Жоғары резистенцианалдық


Мұны қалай жасау керек?


Әуелі сізде көрініс берген темпераменттің әрбір қасиетін 2-ші кезтеде крестпен белгілеңіз. Мысалы, сіз «белсенділіктің жоғары деңгейімен» мінезделесіз. Кестеде «белсенділіктің жоғары деңгейі» темпераменттің 3 типінде де (сангвиниг, холерик, флегматик) бірдей көрсетілген. Яғни, вертикаль бойынша сәйкес 3 торкөзге крест белгісін жазыңыз.Бұл сіздің темпераментіңіздің типі сангвиниг, холерик немесе флегматикке жататынын білдіреді. Алайда, нақты қайсысы екені әзірге белгісіз.

2. Келесі қадам- декодирлі ұпайларға кестедегі 2 крестті алмастыру. Оның сызба нұсқасы мынадай:

Жиналған ұпай саны 0 1 2 3 4 5

Декодирлі ұпайлар саны -3 -2 -1 +1 +2 +3

«Белсенділіктің жоғары деңгейі» жайлы мысалды жалғастырайық. Мысалы, сіз «белсенділіктен» 4 ұпай жинасаңыз, оған 2 декодирлі ұпай сәйкес келеді. 2 кестеде бұл қасиет бойынша сізде 3 таңба тұр. Темпераменттің вертикальді сангвиникалық, холерикалық және флегматикалық типтері бойынша осы таңбалардың орнына +2 декодирлі ұпайдан қойып шығыңыз.
2-ші кесте

Темперамент типі



Темпераменттің

қасиеттері



сангвиникалық

холерикалық

флегматикалық

меланхоликалық

1. Сензитивтілік төмен төмен төмен жоғары______
Ұпайлары

_____________________________________________________________________________

2. Белсенділік жоғары жоғары жоғары төмен

_____________________________________________________________________________


Ұпайлары

___________________________________________________________________________

3. Реактивтілік жоғары жоғары төмен төмен

___________________________________________________________________________


Ұпайлары

4.Реактивтілік тепе тең реактивтілік тепе тең деңгейлері

белсенділіктің белсенділіктен (бірақ та, төмен.

қатынасы жоғары белсенділік (инструк-

жоғарылау) цияны

қараңыз)


_____________________________________________________________________________

Ұпайлары


_____________________________________________________________________________

5. Эмоцианалды жоғары жоғары төмен жоғары (кері

қозу (жағымды әсерлерге; әсерлерге) депрессивті

______________________________________________________________________ мінезі

6.Реакция қарқыны жылдам жылдам баяу баяу

(психикалық темп)

_____________________________________________________________________________
Ұпайлар

_____________________________________________________________________________

7.Мазасыздық төмен төмен төмен жоғары

_____________________________________________________________________________

Ұпайлары

_____________________________________________________________________________

8.Экстраверттілік- экстраверттілік экстраверттілік интроверттілік интроверттілік

Интроверттілік

_____________________________________________________________________________

Ұпайлар


_____________________________________________________________________________

9. Қарым- жоғары жоғары төмен төмен

қатынасқа (сөзшеңділік) (сөзшеңділік) (үндемейтін) (үндемейтін)

_____________________________________________________________________________

Ұпайлар

_____________________________________________________________________________



10. Ригидтілік- пластикалық ригидтілік ригидтілік ригидтілік

Пластикалық

_____________________________________________________________________________

Ұпайлары


_____________________________________________________________________________

11. Резистенттілік жоғары жоғары төмен төмен

_____________________________________________________________________________

Ұпайлары


_____________________________________________________________________________

Вертикаль бойынша ұпай саны


Темперамент типінің диагнозы
Ерекше көңіл аударарлығы – темпераменттің төртінші қасиеті «реактивтілік пен белсенділіктің қатынасы» бойынша декодирлі ұпайлар енгізу. Сіздегі «жоғары емес белсенділік» (екінші қасиет) пен «жоғары емес реактивтіліктің» (үшінші қасиет) үйлесім табуы – ерекше жағдай. Бұл «реактивтілік пен белсенділіктіңқатынасы» 4-ші қасиет бойынша жианлған ұпайларды жоққа шығару деген сөз. Оның орнына «жоғары емес белсенділік» бойынша жиналған декодирлі ұпай саны мен «жоғары емес реактивтілік» бойынша жиналған ұпайларды қосып шыққан нәтижені 2-ге бөліп, оның қорытындысын вертикаль тұрған темпераменттің меланхолик типін горизонталь жатқан «реактивтілік пен белсенділіктің» 4-ші қасиетіне енгізу керек. Мысалы, «жоғары емес белсенділік» 1 декодир ұпайға тең, ал, «жоғары емес реактивтілік» 2 ұпай. 1+2= 3; 3:2=1,5 ұпай; бұл «реактивтіліктің белсенділікке қатынасы»- 4-ші қасиет бойынша жиналғандекодир ұпайлары. Оларды «жоғары емес деңгейлер» 2-ші кестеге енгізу қажет. Барлық өзге жағдайларда «жоғары емес», тек белсенділік қана немесе «жоғары емесреактивтілік», я болмаса белсенділік те, реактивтілік те «жоғары». Әдетте кесеге декодирлі ұпайлар ғана жазылады: сангвиникалық және флегматикалық типтерге вертикаль бойынша бірдей «тепе тең», ал, «реактивтілік белсенділіктен жоғары» холерикалық типке вертикаль жазылады.
4. Сонымен 2-ші кестеге темпераменттің барлық қасиеттері бойынша декодир ұпайлар тұр. Енді әр темперамент типінің «вертикальді ұпайлар саны» графасын толтыру қалды. Мұндағы ең көп ұпайлар саны – сіздің темпераментіңіздің айқын көрсеткіші. Темпераменттің таза, айқын көрсетілген типі өмірде аса сирек кездеседі. Сондықтан да диагнозда мынадай анықтамаларды да қолдана беріңіз: Темпераменттің флегматикалық типіне жақын.
Психологтың кеңесі
1.Темперамент – адамның әлеуметтік құндылығын анықтамайтынын есте сақтаңыз. Себебі, адамның дүниетанымы, парасат-пайымы, көзқарасы, қызығушылығы, дамдарға деген қарым-қатынасы, еңбегі, т.б. оған байланысты емес. Темпераменттің қасиеттері- табиғи қасиет болғандықтан, оған да табиғи құбылыс ретінде қараған жөн. Мысалы, жауынды күн, аптап ыстық, қыс пен көктем. «Табиғаттың жаман ауа-райы болмайды»,-дегендей, табиғат берген «жақсы» немесе «жаман» темперамент блмайды. Белгілі бір қызмет саласына, мамандыққа жағымды, қажет темперамент типі болуы мүмкін де, ал, келесі қызмет түрінде керісінше. Мен сөзге арнайы салмақ салып айтатын болсам, халық арасында кең тараған мынадай пікір бар: Темпераменттің «ең жақсысы»- сангвиниг, «анда-мында»-холерик, «тәуірі»-флегматик, ал, «мүгедегі»-меланхолиг. Статистика бойынша, адамдардың 30 пайызы темпераменттің меланхолигтік типіне жатады. Сонда, әрбір үшінші адам «мүгедек» пе? Алайда, табиғаттың «мүгедектерді» жарамсыз етіп, өмірге құштар, күшті адамдарға кеңдік беретінін ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда темпераменттің кез келген типі - өмірге құштар әрі күшті. Гоголь, Чайковский, Жуковский, Декарт, Дарвин, Шопен, Лядов, Шостаковичтердің барлығы- бірдей «мүгедек» меланхрликтер! Кутузов, Бородин, Гончаров, Танеев, Крылов...- флегматиктер, Пушкин, Гете, Бетховин, Суворов...- холериктер, Герцен, Штраус, Моцарт...-сангвиниктер.

Осыдан маңызды қорытынды шығарайық: өз темпераментіңіздің қасиетін(әсіресе, типін!) жоюға ұмтылмауымыз керек. Бұлай жалғаса берсе, адам өз өзінен түңіліп кетуі мүмкін. Сондықтан, адам темперамент типінің өзіндік қасиеттерін есепке ала отырып, оның күшті жақтарын толық қолданып, ал, әлсіз тұстарын күшке айналдыру әлдеқайда маңыздырақ.


2. Жоғарыда айтылғандардың бәрі іскер адамның қызмет саласы яғни, қымбатты оқырман, сізге де тікелей қатысы бар. Өйткені бұл сан қырлы сала. Менеджмен арқылы өзіңіздің ірі кәсіпорныңызды басқарудан бастап, кез келген темперамент типімен кез келген адам басқара алатын шағын бөлімге дейін. Алайда бұл кез келген қызмет саласында ісіңіз алға басады дегенді білдірмесе керек. Бұлай ойлау- өзіңізге өзіңіз саналы түрде ор қазумен пара пар. Ал, егер өзіңіздің тек күшті жақтарыңызды ғана қолданып, әлсіз тұстарыңызды күшке айналдыру үшін не істеп, қалай ойлау қажет? Ол үшін мына үш ережені қолданып көріңіз.
Бірінші ереже: мүмкіндігінше өз темпераментіңіздің типін дәл анықтаңыз. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз!
Екінші ереже: тек сіздің темпераментіңіздің типін талап ететін іспен шұғылданыңыз. Бұл жерде темпераментіңіздің әлсіз жақтары – сәтті істі ғана қамтамасыз ететін болады.
Үшінші ереже: бір істі бастаған кезде тұрақты әрі үнемі өзіндік «қолтаңбаңызды» іздеп, оны шыңдаңыз, темперамент ерекшеліктеріне байланысты іскер қарым-қатынастың кәсіби стилін қалыптастырыңыз.

Ешуақытта да ешкімнің көшірмесіндей болмаңыз! Өз «қолтаңбаңыз» қалыптассын!


15. Конфликтік ситуацияда өзіңізді қалай ұстайсыз?


  1. Егер сіздің жолдасыңыз не досыңыз қысқа белдемше киюге рұқсат бермесе...

А. Қарым-қатынасты бұзбау үшін келісемін.

В. Оның дұрыс емес екендігін түсіндіруге тырысамын.

С. Қарым-қатынасты тоқтатамын.


  1. Егер сіздің көзіңізше екі жақын құрбыларыңыз бір-бірімен жанжалдасып қалса...

А. Екеуін достастыруға тырысамын.

В. Ол жерде кетіп қаламын.

С. Өз көзқарасымды айтып, түсіндіремін.


  1. Ата-анаңыз үнемі сіздің жұмысыңызға араласа баретін болса...

А. Көнемін.

В. Келісімге келуге тырысамын.

С. Араласпауын талап етемін.


  1. Егер біреу сіздің ар-намысыңызды қорласа...

А. Мәселенің мән-жайын анықтауға тырысамын.

В. Ренішімді көрсетпеуге тырысамын.

С. Оған да солай жасаймын.


  1. Жақын құрбыңыз сізбен жанжалдасып қалса...

А. Не болғанын анықтаймын.

В. Көңіл бөлмеуге тырысамын.

С. Мен де қарап тұрмаймын.


  1. Пікірталас кезінде сізге өз ойыңызды айтуға мүмкіндік бермесе...

А. Тыныш отыра беремін.

В. Тыңдатуға тырысамын.

С. Айғайлап сөйлеймін.
Нәтижесін өңдеу:





1

2

3

4

5

6

А

2

2

3

2

1

3

В

1

3

1

3

3

1

С

3

1

2

1

2

2



6-9 ұпай

Өз пайдаңызды жақсы білесіз. Оппоненттеріңізді түсінуге үнемі тырысасыз, әрі бұл сіздің қолыңыздан жақсы келеді. Компромиске қалай баруды жақсы меңгергенсіз.


10-14 ұпай

«Қорғаныштың жақсы тәсілі - шабуыл» ұстанымы бойынша өмір сүресіз. Әрине өз пікіріңізді білдіргеніңіз дұрыс, бірақ бұл келбетіңізбен қарсыласыңызды одан ары ызаландырмайсыз ба?


15-18 ұпай

Конфликтік жағдайдан бойыңызды аулақ ұстайтыныңыз рас. Алайда өз пікіріңізді жақтаудың қажеті бар екенін ұмытпаған жөн.

16. Топтың ұйымшылдық индексін анықтау

(Сишор әдістемесі бойынша)


Нұсқау: Жауаптар жақша ішінде берілген ұпайлармен есептеледі. Бірақ жауап алу барысында ұпай сандарын көрсетудің қажеті жоқ. Максималды ұпай-19, ал минималды-5.
Тест:

  1. Топқа жақындығыңызды қалай бағалар едіңіз?

1/ Өзімді ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінемін. (5)

2/ Іс-шаралардың көпшілігіне қатысамын. (4)

3/ Кейбір іс-шараларға қатысам, ал кейбіреулеріне қатыспаймын. (3)

4/ Топтың мүшесі ретінде өзімді сезінбеймін. (2)

5/ Ұжымнан бөлек өмір сүремін. (1)

6/ Білмеймін, жауап беруге қиналамын. (1)


2.Егер мүмкіншілік туса, басқа топқа ауысар ма едіңіз?

1/ Иә, ауысар едім. (1)

2/ Ауысатын сияқтымын. (2)

3/ Айырмашылық жоқ деп ойлаймын. (3)

4/ Өз тобымда қалар едім. (4)

5/ Міндетті түрде өз тобымда қалар едім. (5)

6/ Білмеймін, айтуға қиналамын. (1)


  1. Өз тобыңыздағы мүшелердің өзара қарым-қатынастары қандай деп ойлайсыз?

1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)

2/ Басқа топтардағы сияқты, ұқсас. (2)

3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)

4/ Білмеймін. (1)




  1. Дәріс берушілермен өзара қарым-қатынасыңыз қандай?

1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)

2/ Басқа тыңдаушылар сияқты, ұқсас. (2)

3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)

4/ Білмеймін. (1)




  1. Сіздің тобыңыздағы жұмысқа (оқуға және т.б. әрекеттерге) деген қатынастарыңыз қандай?

1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)

2/ Басқа тыңдаушылар сияқты, ұқсас. (2)

3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)

4/ Білмеймін. (1)




Дж.Таусендтің „мәдени-құндылық бағдарын“ анықтау тесті
Тест сұрақтары:


  1. Қандай да шешім қабылдау кезінде менің мәдениетімнің өкілдері негізгі фактор ретінде ... санайды:

    1. құнды тарихты;

    2. қазіргі заманға сай болуды;

    3. жарқын болашақты;

  2. Менің мәдени бауырластарым өздерін ... есептейді:

    1. табиғат күштерінің құрбандары ретінде;

    2. табиғатпен үйлесімде өмір сүреді деп;

    3. көптеген табиғат күштерін басқара аламыз деп;

  3. Біздің ұлт өкілдерін басқарусыз қалдырса, онда олар ...

    1. жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін;

    2. жағымды да, жағымсыз да әрекеттер жасауы мүмкін;

    3. тек жағымды әрекеттер жасауы мүмкін;

  4. Менің ұлтымның дәстүрі бойынша, өзара қарым-қатынасқа түсуде басты ... деп ойлаймын.

    1. шыққан тегі мен мұрагерлік;

    2. үлкен, тату отбасы;

    3. тұлғаның жеке даралығы мен өзіндік қасиеттері;

  5. Менің ұлтымның өкілдерінің ойынша:

    1. өмір сүріп жатқанымыздың өзі жеткілікті;

    2. өмірдің маңызды мақсаты тұлғаның дамуы мен өсуі;

    3. ең ғажап мақсат – тәжірибелік әрекет пен биік шыңдарға жету.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет