І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері №1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан. Мақсаты



бет13/17
Дата08.11.2016
өлшемі3 Mb.
#1259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мақсаты: Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма? Олар қандай балалар деп ойлайсың?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған? 2. Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.

Еріншек адам қандай болады?

  1. Салақ

  2. Надан

  3. Адамдығы жоқ



ҮІІ. Қорыту. Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па? Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

100. Тақырыбы: Жаз келер. Шәкәрім Құдайбердіұлы.



Мақсаты: Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңінен табиғат байлығының көркемдігімен, ондағы көбею, бота, құлын, бұзау, лақ, қозылардың ойнақтап, адам көзінің тойюы, қуанышы жайлы білейік. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Сөздік жұмыс. Харекет – әрекет (тіршілік мағынасында). Несіп – ырыс, ризық, береке. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Тауып оқы. Мына сызбаға сүйеніп, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы (3 класта оқығаның бойынша) деректер жаз.


Шәкәрім Құдайбердіұлы



Қай жылы туған?

(1858-1931)



Қандай шығармалары бар?

(«Аманат», «өлеңдер мен шығармалар жинағы», «Қазақ айнасы» ө/ж. т.б.)



Шәкәрім жөнінде мен не білдім?


ҮІІ. Қорыту. 3 класта Шәкәрімнің қандай өлеңімен таныстың? Есіңе түсір. «Адамдық борышың», «Бостандықтың таңы атты», «Бір кесе меруерт»).

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.

101. Тақырыбы: Наурыз. Міржақып Дулатов.



Мақсаты: Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа айту. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз қандай мереке? Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?

2.«Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М. Дулатовтың қандай шығармасымен таныстың. Есіңе түсір. («Шешенің балаларын сүюі»)



ҮІІ. Қорыту. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе сал.

І шумақ

ІІ шумақ







ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.

102. Тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин.



Мақсаты: Оқушыны Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін жатқа сұрау. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Наурыз тойы жайлы не білесіңдер? Ол қай уақытта тойланады? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – қазақтың көрнекті ақын, драматург және қоғам қайраткері. Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» , «Қызыл сұңқарлар», «Тар жол тайғақ кешу», «Қыр балалары» т.б. шығармалары бар. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумақты кезекпен жалғастырып оқу. түсінігін айту. Өлеңге сүйеніп, Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) мына үлгі бойынша жазып шық.

Қайтеді?


Жаз құшақтайды, беттен сүйеді.

Су асығып,қар еріп жатыр сылқылдап

Құстар жүр, шаттанып, жырлап сұңқылдап

Мал өзінше, жүр жадырап далада.

Әрбір шумақты жеке-жеке оқып, М.Дулатұлының «Наурыз» өлеңімен салыстыр. Екі өлең мазмұнында қандай ұқсастық бар? Ортақ тақырыптарды дәптеріңе жаз.

Сәкен Сейфуллин. «Наурыз»

Міржақып Дулатұлы. «Наурыз»

Адам да, мал да жадырап жүр.

Мал мен жан қуанып жүр.







ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.

103. Тақырыбы: Мен не үйрендім?



Мақсаты: Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. , Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.

  1. «Өз елім – өлең төсегім» деген мақал қай шығармада кездесті?

А). Туған жер. Қ. Аманжолов Б). Ұшып келем. С. Жиенбаев Ә). Туған жердің ыстығы-ай. Қ. Сапарбаев

В). Елтаңба мен Ту туралы жыр. К. Оразбекұлы.



2. Берілген анықтаманы аяқтап жаз. «Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу

3. берілген үзінді қай шығармадан алынғанын анықта. « - Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің.. – деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естілді.»

А). С.Мұқанов. Жылқы. Б). Н.Айтов. Алтын сөз.

Ә). М.Қалдыбаев. Үлек. В). Ғ. Мүсірепов. Ана құшағында.

4. Тақырыбы бірдей екі шығарманың аты мен авторларын тауып жаз.

Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңімен, Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңі.



  1. «Туған өлкем», «Туған жер» өлеңдеріндегі ортақ идея не? 1. Туған елге деген көңіл кұй мен ықылас. 2. Туған өлкеге деген мақтаныш.

  2. Көркем шығарманың қандай түрлерін білесің?

1). Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін,

жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.

2). Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу

3). Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

4) Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін диалог деп атайды.

5). Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады

6). Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды.

7 ). Басты кейіпкер – көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі басты адам. Жазушы оның жеке сипатын, іс – әрекетін, мінез-құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп суреттейді.

8). Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі.

9). Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы.

10). Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды.

11). Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды

12). Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер туған елді сүюді, адамгершілікті, шыншыл болуды уағыздайды.

13). Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады

14). Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату

7. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» әңгімесіндегі Отан, ел, жер жөнінде жазылған мақалдардан 3-4 мақалды есіңе түсіріп, жатқа жаз.

А). «Ат – ердің қанаты», «Бергенін қолынан, бермегенін жолынан», «Ел аралаған сыншы болар», «Отан – оттан да ыстық», «Өз елім – өлең төсегім», «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың», «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркірегенше», «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ынтымақ түбі – игілік»

8. «Шыбын жаны көзіне көріну» деген сөз тіркесін қолданып, сөйлем құрап жаз.



ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Өздік жұмыс саған қиындық әкелді ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өткенді қайталау.

104. Тақырыбы: Мен не үйрендім? Тест.



Мақсаты: Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. , Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. ІҮ. Қайталау. (Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді)

«Туған өлкем - тұғырым» тарауына арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары.



  1. Мына мақалдарды аяқтап жаз.

1). «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың».

2). Әркімнің өз жері – ұжымақ.

2. Шатасқан шумақтарды реттеп, өлең үзінділерді қай автордікі екенін тауып жаз.

Қасым Аманжолов. «Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.»

Мұқағали Мақатаев. «Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да»

3. Қ. Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» әңгімесінің негізгі ойы қандай?

А). Туған жерді қорғау

Ә). Туған жерге деген сағыныш

Б). Ерлік жасау.

4. Көкшетаудың әсемдігі мен көркемдігін суреттеген ақын кім?

А). А.С.Жиенбаев

Ә). Ә.Ж. Әбдірашев

Б.І. Жансүгіров

5. Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана тілі» жайлы өлең шығарып жаз.

Ана тілім, қуатым, жүрегімнен туатын, мың ақын.

6.Туған жер, Отан, туған ел жайлы жазылған лирикалық өлеңдердің авторын жаз.

Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев.


  1. Осы бөлімде бір тақырыпқа өлең жазған авторларды белгіле.

А). С.Сейфуллин, М. Дулатұлы

Ә). Т.Молдағалиев, Ф. Оңғарсынова

Б). О.Бөкей, Б.Бұлқышев

8. Ақын оқырман назарын бір нәрсеге айрықша аудару үшін, сөз әсерін күшейту үшін нені қолданған?



А). Қайталау

Ә). Мінездеу

Б). Кейіптеу

Қайталау – сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.


  1. Қ.Аманжоловтың «Көктем» өлеңін өз ойыңмен аяқта.

Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді ертелеп,



... (Нәзік үнмен сыңқылдап,

... Бұйра бұлақ еркелеп. )

  1. Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап жазсаң, қарамен сызылған торкөзден Кеңес Одағы Батырының есімі шығады.

  1. Ұлы Отан соғысы жайлы жазған жазушы-ғалымның аты.

  2. «Тау қыраны» әңгімесінің басты кейіпкері

  3. Т.Алшынбаев әңгімесінің аты

  4. Мәншүктің шын есімі. («Әлия»)

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау

105. Тақырыбы: Білімді тиянақтау. Шығарма.



Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. ( міндетті түрде істелетін жұмыстар)

Түйе


Түйе – шөл даланың ең төзімді көлігі.

Адам баласына түйенің пайдасы аса зор. Алдымен, ол күшті, шөлге, суыққа, желге төзімді. Бірнеше күндік шөлдерден үстіндегі жүгін ауырсынбай жүре береді.

Түйенің сүті қою болады. Оның сүтінен қымыз сияқты сусын ашытады. Мұны шұбат деп атайды. Түйенің жүні шуда, жүн болып екіге бөлінеді. Шуда дегеніміз – түйенің мойын астына, желкесіне, екі тізесінің жоғарғы жағына шығатын ұзын қылшықты жүн. Түйенің жүні ешкінің түбітіндей биязы, жұмсақ болады. Бұл жүннен жіп иіреді, алаша, қап, қолғап тоқиды. Түйе жүні жылы болады.

Айыр түйе екі өркешті болады. Нар түйе жалғыз өркешті болады.

Нар түйелердің жүрік, жүрдек тұқымы болады. Мұны желмая дейді. Олар күніне жүз қырық километр жер алады.Түйе суда да жүзе біледі. Бірақ ол бір жақ бүйіріне көлбеп жүзеді.

Мазмұндау жоспары:


  1. Әңгіменің басы.

  2. Әңгіменің негізі

  3. Әңгіменің соңы. (мағынасында жазылады) Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау

ІҮ тоқсан

106. Тақырыбы: Гүлдер. Тұманбай Молдағалиев.



Мақсаты: Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға, әсемдікке, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорытындысын жасау, ойын әдісі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Табиғат көрінісі, жайқалған гүлдердің суреті интерактивті тақтадан немесе жай тақтадан дайын пейзаж көрсетіледі.

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. 1. Тұманбай Молдағалиев – қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Сондай өлеңдердің бірі – «Гүлдер». Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар. 2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүлдің суретін таратып береді. Қызғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа, Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.

І тапсырма: «Ой қозғау» ойыны. Жасырынған топтың атын табуы тиіс.

1 топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі. (Тапқырлар).

2 топтың аты: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі. (Ойшылдар)

3 топтың аты: түбірі «қолөнер» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кездеседі. (Өнерпаздар)

Топ атын анықтап алғаннан кейін әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

ІІ тапсырма: 1 топ – «Тапқырлар» тобы гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін тауып жазады. 2 топ – «Ойшылдар» тобы өлең ішінен қайталанып тұрған сөзді тауып, ақын не үшін бұл тәсілді қолданғанын анықтауы керек. 3 топ – «Ойшылдар» тобы гүлдің суретін салып, бір шумақ өлең шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет