Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі Суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ.Өткенді сұрау: Жігіттің қандай өнері Әл – Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың? Әл – Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты? Ондағы мақсаты не?
ІІІ. Өткенді қорыту: Әбу Насыр әл – Фараби кім? Ол туралы не білесің? Қандай мақалды таптық? Ол не жайлы? Сенің ойың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Қарақожаұлы Қорқыт ата (ҮІІІ – ІХ ғасырларда өмір сүрген) – ақын, жырау, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Қорқыт туралы аңыздар тек қазақта ғана емес, өзге елдерде: түркімен, әзірбайжан елдерінде де көп айтылады. 2. Мәтінді түсініп, теріп оқу. 3. Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бұл шығарманың аңыз екенін қандай оқиғаларды оқығанда білуге болады? Тауып оқы. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде? 2. Аңызда кездесетін жер – су аттарын дәптеріңе жаз.(Бетпақдала, Сарыарқа, Сырдария, Қармақшы)
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды, соны мына сызба бойынша жаз.
Қайтеді?
Құстар ұшуын тоқтатады
Жел соғуын доғарады
Аң – құс Сырдарияның жағасына келеді
Өзен оқтын – оқтын ағысын тоқтатады.
Аңыз бойынша Қорқыттың өмірі қалай аяқталады? Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту. 2.Бағалау.
№ 9. Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Бес ешкі.
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер жайлы түсінік беріп, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, ертегіге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі дегеніміз не? Қандай ертегі білесіңдер?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.
2. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегілер
Шыншыл ертегілер
Қиал - ғажайып ертегілер
Жан – жануарлар туралы ертегілер
«Бес ешкі» ертегісін оқысақ, ертегінің үшінші түрін оп – оңай табамыз.
3. Ертегіні түсініп оқу. 4. Сөздік жұмыс: Аят оқы – құран оқы, Иманыңды айта бер – құдайыңа сыйына бер, Шықшыты – жақ сүйектің шығыңқы келген төменгі тұсы, Бас сауғалау – өз басын алып қашу; өз басына азаттық сұрау; Зауал – сазайын тартқызу, жазасын беру.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады? 2. Ұлып соққан қарлы боранда малдардың жасаған әрекеттерін тауып оқы.(ешкілері тасқа келіп ықтайды, тоқтысы көкпектің түбіне...,қамыстың арасындағы құдыққа күмп етеді...,). Қасқырдың өлейін деп жатып өкінген сөзін тап. Кедей малдарын қалай шақырғанын тауып оқы. Өзіңнің малыңды қалай шақырасың? 3. Диалогті рөлмен оқу.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суретпен жұмыс: Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау
№ 10. Тақырыбы: Сатқын жапалақ. (ертегі)
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас
Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
ІІІ. Өткенді пысықтау. Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық . үкі, жапалақ туралы жұмбақ шешу. Бүгін, міне, осы үкі, жапалақ туралы ертегі оқимыз.
Ү. Жаңа сабақ. Ертегіні түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу
ҮІ. Білімдерін тексеру. 1. Сұрақ – жауап: Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады? (Байғыз, үкі, жапалақ, самұрық,көкжендет). 2. Дәптермен жұмыс: а) Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.
Неден салынсын?
Әдемі қырналған ақ сүйектен
Сүлеймен патшаның сарайы Ылғи да бас сүйектен
Сарғаймаған жас сүйектен
Адамдар мен құстардың бас сүйегінен
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер.
ҮІІІ Үйден: 1. Түсініп оқу, көкжендеттің Үкіге айтқан сөзін тауып, дәптеріңе жазып ал.
2. Бағалау.
№ 11. Тақырыбы: Ғажайып бақ.
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас
Көрнекілігі: Оқулық, сызба. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: : Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады?
ІІІ. Өткенді қорыту: Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер. Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: 1. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ертегі қалай басталушы еді? «Ғажайып бақ» ертегісі не жайлы деп ойлайсыңдар? 2. Ертегіні түсініп, жалғастырып, тізбектеп оқу. 3. Сөздік жұмыс: Миуа – жеміс, Ділда – алтын ақша, Қызылшыл – жылтырағанға құмар, пайданы көздегіш.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял – ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Тапсырма: ертегіден нақыл сөзді тауып, мағынасын түсіндір. ( «Жасы кіші болса да, ақылы артықты аға тұт») ; Ауылына жақындаған кездегі жігіттің ішкі ойын, уайымын ертегіден тауып оқы; төрт шәкірттің шешімін тауып оқып, өз шешіміңдідәптерге жаз.
Менің орнымда болсаң, мына кісілердің дауын қалай шешер едің?
2. Өзім алар едім.
1. Хан иеме апарар едім
3. қайтадан жерге көміп тастар едім.
Құлазыған далаға саялы бақ орнатар едім.
Сен не істер едің?
ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Бұл ертегіден халықтың қандай арман – тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің? Ертегіні қандай бөлімдерге бөлуге болатынын ойланып, ары қарай жоспар құрып жаз.
Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.
Қариядан ақыл сұрауы.
Қарияның шәкірттерінің жауабы.
Ғажайып бақтың орнауы.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, суретін салу. Бағалау.
№ 12. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол.
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешенді сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ертегіні жоспар бойынша әңгімелеп бер.
Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.
Қариядан ақыл сұрауы.
Қарияның шәкірттерінің жауабы.
Ғажайып бақтың орнауы.
ІІІ. Өткенді қорыту: Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял – ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Бұл ертегіден халықтың қандай арман – тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ:
1.Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.
Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.
2. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..
3. түсініп оқу, сөздік жұмыс: Қолшоқпар – біреудің сөзін сөйлеп, айтқанын істейтін адам. Тізе бүгу – бағыну. Құлдық ұру – тәуелді болу, құл болу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен). Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады? Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды? 2. Күлтөбе басында айтқан Төле бидің төрелік сөзін тауып оқы.
3. Берілген ұйқас бойынша бір шумақ өлең құрастырып көр.
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Қол боларлық елің бар.
Жау шапқанда қорғайтын
Ту көтерер ерің бар.
ҮІ. Қорыту. 1. Төле би қандай төрелік сөз айтады? Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің? Қалай ойлайсың, Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз айтуды өтінді? Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не дегісі келген?
2. Төле бидің шешендік сөзіне сүйеніп, бір шумақ бата – өлең жазып көр.
Бір үйдің баласы болма! Бір елдің атасы болма!
Көп үйдің санасы бол! Бар елдің данасы бол!
ҮІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттап ал. 2.бағалау
№13. Тақырыбы: Бөлтірік шешеннің тапқырлығы.
Мақсаты: шешен Бөлтірік Әлменұлының тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын дамыту.
Ұстанымдары: жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту. Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: сурет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шешендік сөздер деп нені айтамыз? Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен). Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады? Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күлтөбе басында айтқан Төле бидің төрелік сөзін тауып оқы. Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің? Қалай ойлайсың, Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз айтуды өтінді? Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не дегісі келген?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Бөлтірік Әлменұлы бала кезінен – ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, тұрмыс жағдайы жөніндегі талас, дауларға араласып, әділ төрелігін асқан шешендікпен айтқан. Сондықтан да оны халақ қалап би сайлаған. 2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс: жұмбақты тауып жаз.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Тезек төре қандай жұмбақ жасырды? Бөлтірік шешен оны қалай шешті? Мәтіннен тауып оқы.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта кім жайлы білдік? Бұндай адамдарды халықта қалай атайды? Сен бұл жұмбақты басқаша қалай шешер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттап ал.
№14. Тақырыбы: Малайсары мен Сырым батыр.
Мақсаты: Шешен Малайсары мен Сырым батырдың тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын дамыту.
Ұстанымдары: жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту. Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады? Кім жатқа айтар екен? Тезек төре қандай жұмбақ жасырды? Бөлтірік шешен оны қалай шешті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен бұл жұмбақты басқаша қалай шешер едің?
ІҮ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Батаны не үшін береді деп ойлайсың? Егер саған бата бер десе қалай бата берер едің? Ойланып көрдің бе?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді өздігінен оқытып, әңгімелеу. 2. Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқы. Қалай ойлайсың неге жасың жетпіске жетпесін деп айтты? Малайсарының көрген қиындықтарын тауып оқы.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің? Дәптеріңе жазып ал. (жастық кездегідей шауып жүре алмайды, бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы, жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң аурудыңда көбеюі ...)
ҮІІ. Қорыту: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу, бата жазып келу.Бағалау.
№ 15. Тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.
Мақсаты: Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Қазбек бидің қандай өсиетін 3 класта оқыдық? Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы. Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам. Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі. Жанары таю – көзі нашар көру.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Төле би Қазбектен не сұрады? Қазбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?(Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)
ҮІ. Қорыту: Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестегесүйеніп жаз.
Сұрақтары
Жауаптары
Мәні
Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру
Қазбек
Төле би
Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені
Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі
ҮІІ.Үйге тапсырма: . Бағалау.
№ 16. Тақырыбы: Айтыстар. Иесі мен сиырдың айтысы.
Мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс жайлы түсінік беріп, оның әр түрлі екенділігі жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кесте, жануарлар суреті.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Төле би Қазбектен не сұрады? Қазбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?
ІІІ. Өткенді қорыту: Сонымен, балалар, қандай шешен бабалар жайлы білдік? (Төле би, Бөлтірік, Малайсары, Қазбек би). Тағы кімдерді білесің? Осы бөлімнен өзіңе қандай әсер, қандай ұстаным алдыңдар?
ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық . Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Айтыстың қандай түрлері бар екенін білесің бе?
Айтыс
Жан –жануарлар айтысы
Қыз бен жігіт айтысы
Жұмбақ айтыс
Тұрмыс – салт айтысы
2. Мәтінді түсініп оқу, рөлмен оқу; Сергіту сәті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: сұрақ – жауап: Бұл айтыстың қай түріне жатады деп ойлайсың? Иесі мен сиыр арасында қандай дау – дамай болды?
ҮІІ. Қорыту: Сен бұл дауды қалай шешер едің?
Достарыңызбен бөлісу: |