ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған. 2. Оқулықпен жұмыс. А) Ыбырай Алтынсарин мынадай өсиет сөз айтқан. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» Мәтінді түсініп, тізбектей жалғастырып оқу. 3.Сөздік жұмыс. Ақжүрек – адал, ақ ниетті. Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті. 4. Мәтіннен автор ойын тауып оқы.(соңғы азат жол).
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Өз сөзіңмен айтып көр.
Адам ой – әрекетінің екі түрін мына кестеге сүйеніп жазып шық.
Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді? Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 40. Тақырыбы: Орындалған арман. Спандияр Көбеев.
Мақсаты: Оқушыны Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты әңгімесінен үзіндіден Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыра отырып, Спандияр Көбеевтің мектепке алынуы жайлы мәліметпен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ыбырай Алтынсарин кім? (Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған). Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Спандияр Көбеев кім? (1878 – 1956, Қостанай облысында туған. Жазушы, ұстаз. «Үлгілі бала» атты кітабы бар.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бала жатқа біледі. Ыбырай қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан ағартушы-ұстаз екенін де жақсы білесіңдер. Спандияр Көбеев те Ыбырай Алтынсариннің көмегімен осы мектепке оқуға алынады. Сонда қуанған ол:
«Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше келген адамды сүйіп алуға әзір едім», деп жазыпты. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Рөлмен, теріп оқу. Салмұғамбет болыстың сөзін тауып оқы. Әңгімеден бай мен кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жаз.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ҮІІ. Қорыту. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы «Энциклопедиядан» немесе интернеттен деректер іздеп тап. Келесі сабаққа Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келіңдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
№ 41. Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету; адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Түрі: аралас сабақ (жарыс). Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:
«... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз»
Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
Абай ата туралы не білеміз?
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Операциялық-орындаушылық кезең.(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)
Семей өңірінде туылған
Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.
Абай Құнанбаев
1845 - 1904
Ұлы ақын
Алматы қаласында ескерткіші бар.
Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:
Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
Жарыс сабақ. (оқушыларды 4 топқа бөлу). Тақырыбы: «Абай ауылына саяхат»
І топ – «Абайдың өлеңдері»
ІІ топ – «Абайдың қарасөздері»
ІІІ топ - «Абайдың аудармалары»
ІҮ топ – Абайдың әндері. (Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріліп, балалардың атын жазып, жауап бергендерге + (плюс) таңбасын қойып отырады.)
1 – тапсырма .
І топ – «Абайдың өлеңдері»
ІІ топ – Абайдың 3-ші қарасөзрін оқып, түсінгенін айтады.
ІІІ топ - Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетуге әзірленіп келеді.
ІҮ топ – Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» немесе «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
2 – тапсырма. Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр.
Адамның мінез - құлықтары
Жағымсыз
Жағымды
Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...
Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды ...
Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ ...
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ...
Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді. Жарыс қорытындысы шығарылады.
ҮІІ. Қорыту. «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, 2. Бағалау.
№ 42. Тақырыбы: Абай туралы. Жолда. Мұхтар Әуезов.
Мақсаты: Ұлы ақын Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныстыра отырып, Абай өмірінің балалық, ересек шақтары жайлы мәлімет беру, әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйрету; көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын жасай білуге баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, жатқа айту. Жағымды, жағымсыз қылықтар жайлы не білдік? ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы, сол кездегі қазақ өмір-тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы Мұхтар Әуезов: « ... қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазды. Оқулықпен жұмыс. Үзіндіні түсініп, жалғастырып оқу. Абайдың сыпайылығы сипатталған жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен түсіндір. Сөздік жұмыс. Дәріс – сабақ. Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де. Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам. Фатиқасын алып – ризашылығын алып.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1.Абай қайдан келді деп ойлайсың? Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды? Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?
2.Мына үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жаз.
өңі сұп-сұр
Құнанбай зор денелі
бурыл сақалды
ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге сүйеніп, Абайға мінездеме бер. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.
№ 43. Тақырыбы: Абылай хан. Шоқан Уәлиханов.
Мақсаты: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол болады. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Абай қайдан келді деп ойлайсың? Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды? Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құнанбайға сипаттама бер. Абайға мінездеме бер. Олардан өзіңе қандай жақсы қасиет алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңінен үзіндіні пайдалану. (еске түсіру)
Хан Назар сынды әділ хан, Абылай сынды ер сұлтан...
Ақ найзаның ұшымен. Ақ білектің күшімен
Дұшпанға қысым көрсеткен.
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. 1. 3 кластың «Ана тілінен» Шоқан Уәлиханов туралы білетіндерін сұрау. (Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы. 1835 – 1865. Омбыда кадет корпусында оқыған, өзі зерек, ақылды). 2. Шоқанның өзінің айтқан сөзін оқыту. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». 3. Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 – 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.
Абылай хан – өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап. Қоңтайшы – жоңғар ханы. Ақ киізге көтеру – қазақтар хан сайлаған кезде, оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын. Тәңірі – құдай, Алла Тағала. Тәбәрік – естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік. Дәрмені – қуаты, күші. Дәптермен жұмыс. ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Шоқан кім? Абылай ханның шын аты кім? Халық неден қатты қиналады? 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Әңгімеден тағы не түсіндің?
«Абылай» сөзжұмбақ шешу. (Қалмақ, Башқұрт, аштық, Қалдан Серен, Йасауи, Ресей.)
ҮІІ. Қорыту. Абылайдың денесі қай жерде жерленген? Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек деді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.
№ 44. Тақырыбы: Шоқан туралы.Қырдың жас түлегі. Сапарғали Бегалин.
Мақсаты: Оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Шоқан кім? Абылай ханның шын аты кім? Халық неден қатты қиналады? 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Әңгімеден тағы не түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Абылайдың денесі қай жерде жерленген? Абылай қандай өсиет айтты?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік? «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». Бұл сөздерді қашан айтты?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Шоқан (шын аты Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды. Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.
Мұғалім тарапынан қосымша деректер беру.
Шоқан шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді.
Омбының кадет копусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы.
Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.
Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді тауып оқы. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана. Дәптермен жұмыс. 2 -3 кластарда оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп, Шоқан Уәлиханов туралы жаз. Сызбаны толтыру.
Шоқан Уәлиханов
Кім, қайда туған?
Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы.
Қандай шығармалары бар?
Ғалым туралы мен не білемін?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 3 - класта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? Анатолийдің қылығы дұрыс па?
ҮІІ. Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.
№ 45. Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы.
Мақсаты: Оқушыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыра отырып, «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анатолийдің қылығы дұрыс па? Сенің класыңда осындай балалар бар ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Мына сөздерді кім айтты? «... Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық. Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!» . (Ахмет Байтұрсынұлы).
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ағартушы, ғалым. (1873-1938). «Қазақ» газетін 1913 жылы шығарған. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітаптары бар. . Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мысал өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Автордың негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тап. Мысалды сахналап көру. Сөздік жұмыс. Шылауында – біреудің ырқында, жетегінде. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар? Шыбынға кім кездесті? Танысы оған не деді? Бұл шығарманың қай түріне жатады? (мысал өлеңге) Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген? Оның қандай мысалын оқығаныңды есіңе түсір.
ҮІІ. Қорыту. Екі шыбынның сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне қарап, оларды мына үлгілік сызба бойынша жаз.
1-ші шыбын қандай?
|
2-ші шыбын қандай?
|
|
|
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сызбаны толтыр
№46.Тақырыбы:А.Байтұрсынұлы туралы.Ақкөл жағасында.Әмірхан Абдуллин.
Мақсаты: Оқушыны Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлігін тексеру. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар? Шыбынға кім кездесті? Танысы оған не деді? Бұл шығарманың қай түріне жатады? (мысал өлеңге) Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Бұл мысал кімдер жайлы деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ахмет Байтұрсынұлы жайлы не білеміз?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. «... Көп күлкіден болар, көзілдірігін қолына алып, жасаураған көзін орамалмен сүртіп тұрып Ахмет балалардан:
- Мұның бәрін қайдан жаттап жүрсіңдер?» деп сұрады.
- Өзіңіз жазған оқулықтардан ...
- «Әліпбиден»
- «Тіл құралдан» ...
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. Әңгімені бөліктерге бөліп, дәптеріңе жоспар құрып жаз. (І. Балалардың Ахмет Байтұрсынұлын қарсы алуы. ІІ. Ақкөл жағасындағы кездесу. ІІІ. Ахмет Байтұрсынұлының риза болуы.) Сызбаны толтыру.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ол кім, қайда туған?
Қандай кітаптары бар?
Сен қандай шығармасын оқыдың?
Достарыңызбен бөлісу: |