ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Тұрардың көңілі неге жүдеп, мұңайып қалды? Осы әңгімені оқығанда өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады. 2. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу. 3. Сөздік жұмыс. Суыт – асығыс. Кілтипандарын – құпиясын. Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті. Құқай – бұл жерде: қиындық. Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты? Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің? Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады? Бұл күйді қай кезде шығарған? Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың? 2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
ҮІІ. Қорыту. 1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптеріңе жазып ал.
( - Түрмеде жатып домбыра тартқан не сәнім, оның үстіне ең болмаса домбырама арам қолдары тимесін, алып қал, Кенже, домбыраны! – деді Құрманғазы, - Динаға бер, Динаға! Дина тартсын мен келгенше ...)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу 2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз. 3. Бағалау.
№ 34. Тақырыбы: Алғашқы көмек. Бедел Тұрсынбаев.
Мақсаты: Оқушыларға Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» атты әңгімесі бойынша қазақтың ашаршылық кезіндегі өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты? Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің? Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады? Бұл күйді қай кезде шығарған? Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың? 2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құрманғазы Кенжеге қандай ақырғы өтініш білдірді? Құрманғазының қандай күйлерін білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешірді. Соның бірі – 1931 – 1932 жылдардағы ашаршылық. Сол нәубет кезеңде үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды. Ел басына түскен ауыр зұлматтың бір көрінісі Бедел Тұрсынбаевтың төмендегі «Алғашқы көмек» әңгімесімен танысамыз. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 3. Сөздік жұмыс. Нәубет – апат, кесапат, ауыртпалық. Зұлмат – алапат, ауыр, қиын, зобалаң. Білте – майшамның тұтатқанда жарық беретін ширатылған талшығы. Құман – шәугім. Сықылды – сияқты, тәрізді.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімеде автор қай кезеңдегі оқиғаны баяндайды? «Қансонар» дегенді қалай түсінесің? Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады? 2. Сол тұсты тауып оқы. ( «Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! ... », «Әттең, үстіме киімім бүтін болса, ...»). Мәтіннен баланың әкесі мен шешесіне берген мінездемесін тауып оқы. Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?! Деген бала ойын ары қарай жалғастырып көр. Не болуы мүмкін деп ойлайсың? 3. Әңгімені бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой. (Аңшылыққа даярлық. Әкесін күтуі. Алғашқы көмек. ...). 4. Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын сөздерді тауып, дәптеріңе толықтырып жаз. (... Жыртығын жамау, киімім бүтін болса; шай дейтін шай да жоқ; Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға ...; қара қазанға құры суды құйып қайнатып отырғалы талай заман болды. ...)
ҮІІ. Қорыту. 1.Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған? Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді? 2. Әңгіме мазмұны бойынша мына сөзжұмбақты шеш. «Қансонар» сөзінің мағынасын сөздіктен ізде.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сөздікпен жұмыс. Бағалау.
№ 35. Тақырыбы: Жусан иісі. Сайын Мұратбеков.
Мақсаты: Оқушыларға Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» атты әңгімесі бойынша халықтың басына түскен соғыс жылдардыға ауыртпашылық, жетім қалған балалар өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға салам, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгімеде автор қай кезеңдегі оқиғаны баяндайды? «Қансонар» дегенді қалай түсінесің? Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады? Бала әкесі мен шешесіне қандай мінездеме берді? Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын қандай сөздерді кездестірдің? (Жыртығын жамау, киімім бүтін болса; шай дейтін шай да жоқ; Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға ...; қара қазанға құры суды құйып қайнатып отырғалы талай заман болды)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған? Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді? «Қансонар» сөзінің мағынасын таптың ба?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-945). Ол жайлы не білеміз?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллион адам қатысты. Оның 602932 адамы соғыс кезінде қаза тапты. Қаншама бала жетімдіктен, ашаршылықтан зардап шекті. Соның бірі – Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдырымен танысамыз.
2. Оқулықпен жұмыс. 3. Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған? 4. Мына үлгі бойынша қора ішін сипаттаған сөздерді дәптеріңе жаз.
сары су іркілген
Қора іші тұншығардай қапас,тымырсық
тастай қараңғы
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімені өз ойыңша жалғастыр. Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?
ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге жоспар жаз.
Аянның қаралы қағаз алуы. 2.Аянның өксігі. 3.Қоштасу. 4.Жусанды төбеге оралу. ...
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, Аянға хат жазу. 2. Бағалау.
№ 36. Тақырыбы: Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай.
Мақсаты: Оқушыларға Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты әңгімесі бойынша қазақтың басына түскен Семей өңіріндегі ядролық жарылыс жайлы таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аян бұл күні қайда болуы мүмкін? Сенің Аянға жазған хатыңды оқышы? Осы оқиғаға сенің көз қарасың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер Семейдегі ядролық жарылыс туралы не естігендерің бар?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.
Кеңес Одағы 1949 жылдан бастап қырық жылдай уақыт бойы Семей өңірінде ядролық қаруды сынақтан өткізді. Бұл сынақтан 300 мыңдай адам зардап шекті.
Ядролық жарылыс кезіндегі аласапыран оқиғалар белгілі жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты әңгімесінен білеміз. 2. Оқулықпен жұмыс. Оқиғаны түсініп, жалғастырып оқу, түсінгенін айту, теріп оқу. 3. Сөздік жұмыс. Қау шөп – қалың шөп. Десте-десте – шалғымен шапқанда шөптің жал-жал боп түсуі. Қотару- ішіп қою. Сілесі қату – қатты шаршау. Құлқын сәрі – таң жаңа атып келе жатқан кез. Қозықа – арқардың қозысы. Құлжа – арқардың еркегі. Жүрегі лоблу – жүрегі айну. Зәресі ұшу – қорқу, үрейлену. Көздің қарығуы – қарашық қуатының кемуі.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді? Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды? Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба). Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
ҮІІ. Қорыту. 1. Бүгін не жайлы өттік? Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті? 2. Мәтіннен ядролық жарылыс кезіндегі табиғат жағдайы бейнеленген жерді тауып оқы. ( Кенет табан астымыз солқ ете түсті. ...). Қажымұраттың көзі көрмей қалған тұсын тауып оқы. 3. Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың? Сол ой – сезіміңді білдіріп Қажымұратқа хат жаз. 4. Мәтіннің соңғы бөлігін оқып, әңгімені өз ойыңмен аяқта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, хат жаз. 2. Бағалау.
№ 37. Тақырыбы: Қазына көтерген бала. Әнуар Жапаров.
Мақсаты: Оқушыларға Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді? Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды? Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба). Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің? Әңгіме саған қалай әсер етті? Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың? Қажымұратқа жазған хатың жайлы не аитар едің? Әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.
Қаныш Сәтбаев – қазақтың аса көрнекті геолог-ғалым әрі қоғам қайраткері. Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын ашқан.
Жазушы Әнуар Жапаровтың төмендегі «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолды жеке түсіндіріп айту. Рөлге бөліп оқу. 3. Сөздік жұмыс. Геолог – жер құрылысы мен қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын ғалым.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім? Ол туралы не білесің? Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Қаныштың ұстазы кім? Ол суретті көргенде қандай ойда болды? 2. Қаныш қандай бала болғанын мәтінге және кестеге сүйеніп жаз.
Қаныш қандай бала болған?
|
Дәлел
|
|
|
ҮІІ. Қорыту. Әңгіме неліктен «Қазына көтерген бала» деп аталған? Қаныштың салған суретін көз алдыңа елестету арқылы салып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.
№ 38. Тақырыбы: Мен не үйрендім? Мазмұндама.( Мейрамгүл)
Мақсаты: Оқушылардың бір тоқсан бойы алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: тест материалы, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім? Ол туралы не білесің? Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Қаныштың ұстазы кім? Ол суретті көргенде қандай ойда болды?
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызда «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
Ү. Қайталау. 1. Жұптық жұмыс. (үлестірме карточкасы бойынша).
1. Халық ауыз әдебиетіне мыналар жатады: 1) ертегілер; 2) батырлар жыры; 3) аңыз; 4) бесік жыры; 5) жұмбақ - жаңылтпаш; 6) айтыс; 7) төрт түлік туралы жырлар; 8) мысалдар; 9) мақал-мәтелдер; 10) шешендік сөздер.
2. Анықтаманы аяқтап жаз: Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.
«Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған»
3. Қандай жырларды білесің?
1) «Ер Тарғын» жыры; 2) «Қамбар батыр» жыры; 3) «Қобыланды батыр» жыры; 4) «Алпамыс батыр» жыры; 5) «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат».
4. Мына сөзжұмбақ батырлар жырының мазмұнына сәйкес келеді.Екі әріп қалдыра отырып оқысаң (сызық та әріпке есептеледі), мақал шығады. Ол қандай мақал? «Жақсы ат – ер қанаты».
5. Ертегілердіңқандай түрлерін білесің?
1) Қиял-ғажайып ертегілер; 2) Шыншыл ертегілер; 3) жан-жануарлар туралы ертегілер
6. Аитыстың түрлері: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) тұрмыс-салт айтысы; 3) жан-жануарлар айтысы; 4) жұмбақ айтыс.
7. Мысалды ертегіден қалай ажырата аласың? Кестеге сүйеніп екеуінің айырмашылығын жаз.
Ертегі
|
Мысал
|
1). Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.
2) болған немесе аңсаған армандары туралы айтылса.
|
1) Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
2) адамның жағымды, жағымсыз әрекеттерін жан-жануар немесе өсімдіктерге теңеу, сынау, мінеу арқылы ойын жеткізеді
|
8). Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап.
1. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, Шортан һәм Шаян»
2. Күлме босқа, келер басқа. «Арыстан мен Тышқан»
9). Мына суреттерге қарап, оларға қатысты мысалдың және кейіпкерлерінің атын ата.
1). Аққу, Шортан һәм Шаян; 2) Ара мен шыбын; 3). Арыстан мен тышқан; 4). Шыбын мен көбелек.
10). Мысалдың бір кейіпкерінің атынан (мысалы, Тышқан) шағын әңгіме жаз.
... мен Тышқанмын. Бір күні ұйықтап жатқан Арыстанға кез болдым...
11). «Қарабатыр» , «Әйел-ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екендігін айт.
12). «Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған?
А) Ормандағы оқиға Б) Ең жақын кім адамға
Ә) Аққу, Шортан һәм Шаян В) Қарабатыр
13). Қазына көтерген бала кім?
А) Қаныш Сәтбаев Б) Әліби Жангелдин
Ә) Шоқан Уәлиханов
14). «Мені іздеп жүр. Ұстамақшы». Үзінді қай шығармадан алынған? Кімді ұстамақшы? Неліктен?
Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» шығармасынан үзінді.
15). Мына мақал қай шығармаға сәйкес келеді?
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болады. (Алғашқы көмек. )
А) Бала Тұрар (Ш. Мұртаза)
Б). Дегелеңдегі жарыс (А.Алтай)
Ә). Өткен күн (М.Жұмабаев)
В). Алғашқы көмек (Б.Тұрсынбаев)
16). «Әй, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген сөз қай шығармада кездеседі?
А). Қазына көтерген бала (Ә. Жапаров)
Б). Жусан иісі (С.Мұратбеков)
Ә). Қажымұқан (Қ. Әбдіқадыров)
В). Құрманғазы (С.Бақбергенов)
17) . «Аспан өртеніп, топырақ жанды. Шың-құздан тас құлап, тау төсінен арқар ауды». Бұл оқиға қай шығармада баяндалады? ( Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай.)
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мазмұндама жазу.
1.Кіріспе: жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
2. Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Мейрамгүл
Мейрамгүл өзімшіл болды. Өзге балаларды ұнатпайтын. Мақтаншақ еді. Ешбір затын басқаларға бермейтін. Сондықтан олармен ойнамайтын.
Бір күні апасы оны балабақшаға апарды. Ондағы балалар бірге ойнайды. Ойыншықтар жеткілікті еді. Мейрамгүлдің ойыншықтарымен балалар ойнағысы келді, бірақ ол ешкімге бермеді. Балалар болса өз ойыншықтарымен ойнай берді. Балалар да Мейрамгүлді өз ойындарына қоспады. Ол жалғыз жүрді. Біраздан соң терезе алдына келіп отырды.
Кешке үйге келген соң, мамасына балабақшаны жамандады.
Келесі күні де жалғыз жүрді. Басқа балалар бір-бірімен ойнап мәз. Ал, Мейрамгүл көңілсіз. Балабақшада бала көп. Бірақ Мейрамгүлде серік жоқ. Еркелігін де, қиқарлығын да ешкім елемеді. Тіпті ол өз ойыншықтарын жек көре бастады. Ол ойыншығын жерге алып ұрды. Өйткені балалармен бірге ойнау жалғыз отырғаннан әлдеқайда қызық та көңілді еді.
(Д. Қасенов)
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: өзімшіл болды; өз ойыншықтарымен ойнай берді: ойындарына қоспады; Еркелігін де, қиқарлығын да ешкім; әлдеқайда қызық та көңілді еді.
Мазмұндау жоспары: Мейрамгүл қандай еді? Бақшадағы балалар Мейрамгүлмен неліктен бірге ойнамады? Оған неге көңілсіз болды? Мейрамгүл мінезі туралы өз пікіріңді жаз.
ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мейрамгүл сияқты бала біздің арамызда бар ма? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
ІІ- тоқсан
№ 39. Тақырыбы: Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин.
Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?» атты әңгімесі бойынша өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, жақсылық пен жамандықты ажырата білетін, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, қәне кім жақсылық-жамандық туралы мақал-мәтелдер біледі? («Жаманға жан жуымас, «Жақсы – ай мен күндей, Әлемге бірдей», «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ», «Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды», «Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы жер – жанның тынысы» т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |