ҮІІІ Үйге тапсырма 1.айтысты түсініп оқып, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 17. Тақырыбы: Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай.
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс дегеннің не екендігі, ақындардың арасындағы сөз жарысы жайлы, айтыстың бірнеше түрлері болатындығы жөнінде айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету; дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру; өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Айтыстың қандай түрлері бар екен? «Иесі мен сиырдың айтысы» айтысы айтыстың қай түріне жатады деп ойлайсың? Иесі мен сиыр арасында қандай дау – дамай болды?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Сен бұл дауды қалай шешер едің? Сеніңше бұлардың қайсысы дұрыс айтып отыр? Неге?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. Айтыс дегеніміз не екен?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Шөже атығай – қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей су қараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастапты... 2. Кітаппен жүмыс: айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау.
ҮІІ. Білімдерін тексеру: 1. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты? 2. Сергіту сәті.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? (Шөже). Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады?(шешендер). Шөже өздерін біз кімбіз деді? (мен сезімтал, сен көреген). Саған бұл айтыс ұнады ма?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау
№ 18. Тақырыбы: Жұмбақ айтыс.
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі жұмбақ айтыс туралы айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету; дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру; өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, тапқырлылыққа, сөздің түбіне жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: . Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты?
ІІІ. Өткенді қорыту: Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады? Шөже өздерін біз кімбіз деді? Саған бұл айтыс ұнады ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Сонымен айтыстың қандай түрлерімен таныстық? (жан – жануарлар айтысы, ақындар айтысы). Бүгінгі сабақта сол айтыстың бір түрі «Жұмбақ» айтысымен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кітаппен жұмыс: айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау. 2. Сөздік жұмыс: Несібе – сыбаға, ризық, үлес. Болсын тамам – бітсін, аяқталсын. Сапарғали мен Нұржанның айтысы айтыстың қай түріне жатады? (жұмбақ айтысқа). 3. Сергіту сәті:
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту: 1. Жұмбақ айтысының дәстүрлі (жай) жұмбақ айтып, шешуден қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма ? (ақындар арасындағы бір – біріне сөз жарыстыру арқылы жұмбақтауы). 2. Сапарғалидың бірінші жұмбағының шешуін тауып, дәптеріңе жаз.
Жұмбақ
|
Бұл не?
|
Жансыз бір аяқ
|
Қалам
|
Теңіз
|
Қағаз
|
Сайрап жатқан жол
|
Жазу
|
ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сапарғалидың екінші жұмбағының шешуінің суретін сал.
Әйнегі, есігі жоқ бір үй бар. Ішінде несібі бар. Жанды, жансыз болады.
|
(жұмыртқа, құс)
|
ІХ . Үйге тапсырма:. Түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 19. Тақырыбы: Әдеби ертегілер. Қарабатыр. Ы. Алтынсарин
Мақсаты: Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» атты әдеби ертегісі жайлы айта отырып, тілін , ой өрісін дамыту; мәнерлеп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын жеткізе білуге үйрету; білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Айтысты рөлге бөліп оқу. Сапарғали мен Нұржанның айтысы айтыстың қай түріне жатады? Жұмбақ айтысының дәстүрлі (жай) жұмбақ айтып, шешуден қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма ? (ақындар арасындағы бір – біріне сөз жарыстыру арқылы жұмбақтауы); (жұмбақ қысқа, әрі нұсқа).
ІІІ. Өткенді қорыту: Сапарғалидың жұмбағының шешуін Нұржан қалай деп тапқан еді?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегілердің қандай түрлерін білеміз?( жан – жануарлар туралы ертегі, қиял – ғажайып ертегісі, шыншыл ертегі).Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер туған елді сүюді, адамгершілікті, шыншыл болуды уағыздайды.
2. «Қарабатыр» әдеби ертегісін оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, теріп оқу . 3. Сөздік жұмыс: Қорықтық – отқа қыздырылған тастарды сүт құйылған ыдысқа салып пісірілген сүт. Жүрекжарды – сүйіншіге берілетін сыйлық. Жамшылап – бүркемеленіп, жасырынып. Тасат – берік, қатты.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Қарабатырдың құстарға айтқан өтінішінде қандай сөз қайталанып келеді? Ол сөзді қалай түсінесің? (Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана ...). Қай құс балаға қайрымдылық жасады? Неліктен солай істеді деп ойлайсың? Қарабатырдың қарындасының сөздерін тауып оқы. Рөлмен оқу, сахналау.
ҮІІ. Қорыту: 1. Бүгін қандай тақырып өттік? Ертегінің авторы кім? Бұл қандай ертегіге жатады? 2. Халық ертегісімен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, мына үлгілік кестеге сүйеніп жаз.
|
Халық ертегісі
|
Әдеби ертегі
|
Ұқсастығы
|
|
|
Айырмашылығы
|
|
|
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өлең құрастыру, суретін салу. 2.Бағалау.
№ 20. Тақырыбы: Әйел – ана. Ақселеу Сейдімбек.
Мақсаты: Оқушыларға Ақселеу Сейдімбектің « Әйел – ана» атты ертегісімен таныстыра отырып, қазақ халқының дәстүрі бойынша «Ана» есімді қасиетті адамдарға деген құрмет, қадір көрсете білуге баулу; түсініп оқуға үйрету, тілін, ой өрісін дамыту; білімділікке, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырмаларды орындау арқылы іздену.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» атты әдеби ертегісі не жайлы екен? Қарабатырдың құстарға айтқан өтінішінде қандай сөз қайталанып келеді? Ол сөзді қалай түсінесің? (Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана ...). Қай құс балаға қайрымдылық жасады? Неліктен солай істеді деп ойлайсың?
ІІІ. Өткенді қорыту: Қарлығаш жайлы тағы қандай аңыз әңгіме білесің? Әңгімелеп берші?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық
Сені дүниеге әкелшен адамды қалай атайды? Ана туралы қандай өлең, ән, жырды білесің?
ә/ Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп , жалғастырып оқу. теріп оқу. 2. Ертегідегі елшінің , Әйел – ананың сөзін тауып оқы. 3. Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды? Ер – азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел – ана қандай тапқырлық жасады?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр? Ер – азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Ертегі кім жайлы? Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді мына үлгі бойынша жазып шық.
Басын мәңгі қар шалған заңғар таулары. Түгін тартсаң майы шыққандай шүйгін далалары.
Мүлгіген қара орманы. Мөлдіреген өзен – көлдері.
ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді оқу, сурет салу. 2. Бағалау.
№ 21 . Сабақтың тақырыбы: Ең жақын кім адамға? Сейфолла Оспанов.
Сабақтың мақсаты: Сейфолла Оспановтың «Ең жақын кім адамға» деген ертегі – өлеңді оқи отырып, адам баласына керекті жақсы қасиеттерді баланың бойына дарыту, білгенін тиянақтай отырып, түсініп оқуға, әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрастырып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, зерек болуға, терең ойлауға тәрбиелеу
Көрнекілік: кітап, суреттер. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ақселеу Сейдімбектің « Әйел – ана» атты ертегісі кім жайлы? Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды? Ер – азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел – ана қандай тапқырлық жасады?
ІІІ. Өткенді қорыту: Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр? Ер – азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Бүгін біз сендермен Сейфолла Оспановтың «Ең жақын кім адамға» деген ертегі – өлеңді оқимыз. Суреттеріне қарап көріңдер әңгіме не жайлы болады деп ойлайсыңдар?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ертегі - өлеңді түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу. 2. Ертегі –өлеңде қандай хайуанаттардың аты аталады? (Арыстан,қоян, қасқыр,аю, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, құмырсқа, марал, сусар, бұлғын, құр, сандуғаш, бұлбұл, бұлан, керік,елік, құлан, шіл, піл, тауық, қой, ит, мысық, қырғауыл, қыран, түлкі, қоңыз, торғай). Хайуанаттар не үшін таласты? Әрқайсысы қандай пайда көрсетеді екен? Оған сен қалай жауап берер едің?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңді рөлге бөліп оқып, сахналау. 2. Автордың айтайын деген ойын өлеңнің қай шумағынан білуге болады? (Достықты әрі жалғаймыз, Алға бірге самғаймыз...)
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Өмірде өзіңе ең жақын адам кім? Ол адам саған неліктен жақын?
Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, эссе (ойтолғау) жаз. 2. Бағалау.
№ 22. Сабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға. Қайнекей Жармағамбетов.
Мақсаты: Қайнекей Жармағамбетов « Ормандағы оқиға» атты ертегіні түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын тұжырымдау.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қайнекей Жармағамбетов « Ормандағы оқиға» атты ертегі – өлеңде не жайлы айтылады? Онда қандай хайуанаттардың аты аталды? (Арыстан,қоян, қасқыр,аю, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, құмырсқа, марал, сусар, бұлғын, құр, сандуғаш, бұлбұл, бұлан, керік,елік, құлан, шіл, піл, тауық, қой, ит, мысық, қырғауыл, қыран, түлкі, қоңыз, торғай). Хайуанаттар не үшін таласты? Әрқайсысы қандай пайда көрсетеді екен? Оған сен қалай жауап берер едің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әр оқушы өзінің жазған эсселерін оқытып, талдау. Өмірде өзіңе ең жақын адам кім? Ол адам саған неліктен жақын?
ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Орманда не өседі? Қандай ағаштардың түрлерін білесің? Сенің үйіңнің жанында қандай ағаштар өседі? Сен қандай күтім көрсете аласың?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісін түсініп оқу. Ертегі қалай аталған? Неліктен осылай аталды деп ойлайсың? Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды? 2. Сөздік жұмыс: Қосақ – сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір – біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы). Тауып оқы. Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетеді? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті? Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен? Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?
ҮІІ. Қорыту: 1. Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Өзіңе ұнайтын ағаштың суретін сал. 2. «Қосақ арасында шыбын өледі» деген сөздің мазмұнын ашатындай мысал келтіріп айтып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1мәтінді оқу,әңгімелеу, өлеңді жаттау.2.Бағалау
№ 23. Тақырыбы: Қауын мен Қарбыз. Жолтай Әлмашев
Мақсаты: Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқуға, ертегінің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас Көрнекілігі: оқулық, сурет.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісі не жайлы? Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы). Қараағаштың қылығы қандай адамды елестетеді? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті? Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер қауын, қарбыз жеп көрдіңдер ме? Оның дәмі қандай? Олар туралы жұмбақ білесіңдер ме?Ү. Жаңа сабақ. Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқу; сөздік жұмыс: Түйнек – өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні. Тұз тағылары – далада тіршілік ететін жабайы аңдар. Пәлек – қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені. Сұрақ-жауап: Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді? Қауынды кім тауып алады? Қарт қауынның дәнін не істеді? Қарбыздың жағдайы не болды? ҮІ. Білімін тексеру. 1.Бұл ертегіден нені түсіндің? 2. Ертегі қалай басталатынын дәптеріңе жаз.(Ерте- ерте, ертеде, ешкімнің табаны тимеген ен далада Қауын мен Қарбыз жайқалып өсіп тұрыпты...) 3. Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы. ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нелер жайлы? «Дән – Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесің? Бұл үзіндіні, яғни Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың? ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау .
№ 24.Тақырыбы: Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : сайыс сабақ. Сабақтың типі: жаңа білім игеру.
Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті
2. Мысал бойынша салынған сурет.
Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Сабағымыз басталды, балалар. Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар. ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.
Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.
І топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.
ІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.
ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.
Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.
А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған «Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.
( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)
Балалар, олар қайда өмір сүреді?
Олар не істемек болды?
Олардың жүктері неге қозғалмады?
Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.
А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жеде жазылған?
Мысал бізді неге шақырады?
Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.
3 – тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.
Шортан айтады:
– Мұны көлге апарайық, - дейді.
Шаян айтады:
– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»
Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.
Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Қане, айналып, қарайық.
Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
№ 25. Тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі : сайыс-сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Топтарға бөлініп, сайыс-сабақты өткізу. Санамақ айту жолымен топтың басшысын таңдайды. Үш қатардан топ басшысы шығып, ішіндегі топтың аты жазылған қағазды оқиды.
І топ – «Оқу» тобы ІІ топ – «Жазу» тобы ІІІ топ – «Өнер» тобы.
( Топтың аты тақтаға ілінеді. Топ басшыларына ұпайыды есептейтін бағалау парағы беріледі. Олардың міндеті – жауап берген өз тобының балаларын белгілеп отыру. Жинаған фишканы санап, әр топтың ұпайы есептеп шығарылады.топтың аты жазылған әрбір қалташаға ұпайды салып отырады.)
Достарыңызбен бөлісу: |