І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері №1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан. Мақсаты



бет15/17
Дата08.11.2016
өлшемі3 Mb.
#1259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, өлеңде не туралы айтылғанын табасың.

1. Бата берген атасы көпке не тіледі? (бақыт)

2. Балаға кім бол деп тілейді? (адам)

3. Достарыңмен қандай бол дейді? (тату)

4. Ата сөзі қандай сөз? (алтын)

ҮІІ. Қорыту: Өзің қандай бата білесің? «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді қалай түсінесің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

117. Тақырыбы: Мен соғысты жек көрем. Қайрат Жұмағалиев.



Мақсаты: Оқушыны Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, ақынның соғысты өте жек көретіні жайлы айта отырып, балаларға елін қорғауға, тыныштықты, бірлікті аңсауға баулу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталау. Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бата берген атасы көпке не тіледі? Балаға кім бол деп тілейді? Достарыңмен қандай бол дейді? Ата сөзі қандай сөз?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің жаттаған баталарыңды жатқа айт. Оның мағынасын түсіндір. Өлеңде не жайлы айтылған? (бақыт, адам, тату, алтын).

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, «соғыс» деген сөзді естідіңдер ме? Ол сөздің мағынасы қандай? Ол сөз ұнай ма? Сұм соғыс қай жылдары болған? Ол немен аяқталды? Интерактивті тақтадан соғыстан үзінді көрсету.

Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Бұл бөлімге сондай-ақ ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек батырлардың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын баяндайтын шығармалар енгізілген. Кеңес одағының Батыры атағын алған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов және басқалардың ерен ерліктері туралы жазылған көркем шығармалармен танысасыңдар. Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем» атты өлеңінен осы жайлы танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. 3. сөздік жұмыс: Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы. Жырақ – шалғай, алыс, қашық. Ғұмыр бойы – өмір бойы. 4. Өлеңде жиі қайталанған жол қайсысы? («Мен соғысты жек көрем»). Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді теріп жаз. (көрем, ержетем, өрлетем, төрлетем; мұратқа, жыраққа; белдермен, көлдермен, шөлдермен)

ҮІІ. Қорыту. Сол ұйқастарды пайдаланып, өзің бір шумақ өлең құрастырып жаз.

Мен соғысты жек көрем, Талай баланы зар қақсатқан.

Мен соғысты жек көрем, Талай шаңырақты ойсыратқан ...

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.

118. Тақырыбы: Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова.



Мақсаты: Оқушыны Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрете отырып, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың жастық шағымен таныстырып, балаларды әсемдікке, ұқыптылыққа, өзін-өз ұстай білуге, достыққа тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Адам жанын дүр сілкіндіретін соғыстың ұлтына, еліне, жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың? Ақын соғысқа деген жиіркенішін білдіріпті. Ал, сенің ше қалай?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың, сезімің? Өзіңнің жазған бір шумақ өлеңіңде не жаздың? Мәңгілік естелігіне барғанда өзіңді қалай сезінесің? Соғыс жайлы оқыған немесе көрген киноң жайлы айтып берші?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Қазақтың қос жұлдыздары жайлы не білесің? Олар туралы қандай өлең оқыдың? (2 класта «Әлия» Сағи Жиенбаев).

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. әңгіме неліктен «Шығыс шынары» деп аталады? Әлия бала кезінде қандай болған? Әлия өсірген гүлдердің атын ата. (герань, фикус, олеандр, камелия, циперус).

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ксения Исаевнаның Әлия туралы айтқан сөздерін әңгімеден тауып оқы. Мәтінде айтылатын Әлияның бойындағы қасиеттерді пайдаланып, оған мына үлгі бойынша жазбаша мінездеме бер.

жүйрік, қолы шебер.

Әлияның төсегі жиюлы, қағаз- кітаптары өз орнында.

шашы өрулі, киімі үтіктеулі, дене мүсіні өте сұлу



ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдерді толтырып жаз.

  1. ...есімі – ел есінде. Еліңді сүйсең – ... істейсің.

  2. Батыл болмай, ... болмайсың.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.

119. Тақырыбы: Бала Мәншүк. Мәриям Хакімжанова.



Мақсаты: Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету; сабақ тақырыбын өздігінен талқылай, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды, шығармашылық жұмыстар атқарады; шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға атсалысады, топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір-біріне көмек көрсетеді.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Мәншүктің суреті, қағаз, маркерлер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Алғы шарттар:

а). Мәншүктің ерлігі туралы түсініктер алып, білімдерін оқыған әдеби кітаптарынан мысалдар келтіре отырып дәлелдей білу.

б). Оқушылар тақырып бойынша жеке ойын қатыстыра отырып, материалды талдау және «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» тәсілдері бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізе білу.

Уақыт меңгеру:


  • Проблеманы айқындау кезеңі – 10 минут.

  • Проблеманы шешу кезеңі – 15 минут.

  • Проблеманың шешімін қолдану кезеңі – 20 минут.

Топқа бөлу. Оқушылар соғысқа қатысты сөздер бойынша 4-5 баладан шағын топтарға бөлінеді.

І. Проблеманы айқындау кезеңі

І. Топтарға бөліну (1минут). Мұғалім қағаз қиындыларына топтардың аттарын жазып, оқушыларға таратады. Оқушылар шағын топтарға «қосарлана біріктірілген екі партаға – төрт балаға бөлініп, топтарының аттарын үш бұрыштанған қағаздарға маркермен жазып қояды. Мәселен: «Пулеметшілер», «Мергендер», «Атқыштар», «Жауынгерлер»).



Ой сергіту (3минут). Мұғалім оқушыларға «Өзгертулерді тап» атты ойынды ұсынады. Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар беріледі. Жұптарына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. Содан соң артқа бұрылып, бір-біріне арқасын беріп тұрады. Сырт пішініне(киіміне, шашына)қандай да болмасын үш өзгерту енгізеді. Екі жақта да өзгертулер аяқталған соң, бір-бірлеріне қарап, әлгі өзгерістерді табады.

Үй тапсырмасын тексеру:

1). Топтық жұмыс (4мин.). оқушылар үйде орындаған тапсырмаларын топ ішінде бір-біріне оқып береді.

2). Жариялау (2мин.). бірнеше оқушы үй тапсырмаларын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар олардың жұмыстарын бағалайды, олар туралы өз пікірлерін айтады.

Жаңа тақырыпқа бағытталу «15мин.)

Тапсырма. Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша «Ой қозғау» үшін бар білгендерін жазбаша жазуды тапсырады.

Жеке жұмыс (5мин.) оқушылар өтілетін тақырып – мәншүк және соғыс туралы «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің бірінші бөлімін өздігінен толтырады.

Не білемін?




Не білгім келеді?




Нені білдім?




Топтық жұмыс (2мин.) оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.

Жеке жұмыс. Оқушылар кестенің «Не білгім келеді?» деген бөлімін өздігінен толтырады.

Топтық жұмыс. (3мин.) Оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.

Сыныптық жұмыс (3мин.) Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, өз беттерімен класты таныстырады. Қорытындылау (2мин.) Мұғалім сабақ тақырыбын жариялап, оқушылардан не күтетіндігін айтады.

ІІ. Проблеманы шешу кезеңі

Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді «Үш бөлімдік сұхбат» тәсілін қолданып оқу тапсырылады. Мәтін ұшке бөлінеді.

«Үш бөлімдік сұхбат» тәсілі (10мин.):

1). Оқушылар топ ішінде А, В, С, Д болып бөлінеді. Олар мәтіннің бірінші бөлімін оқиды (бірінші абзац). Оқып болғаннан кейін А деп аталатын оқушылар Б деген оқушыларға, ар, С деп аталатын оқушылар Д деген оқушыларға мәтін бойынша сұрақ қояды.

2). Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды (келесі үш абзац) оқып болған соң бір-біріне сұрақ қояды.

3). Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш абзац). Оқып болған соң жұптасып сүрақ қояды.

4). Мұғалім оқушыларға және оқушылар мұғалімге мәтін бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен тұжырымдарын айтады.



ІІІ. Проблема шешімін қолдану кезеңі.

Тапсырма. Оқушылардың «сандықтан» алынған сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады. (Сұрақты мұғалім алдын ала жазып дайындап, «сандыққа» салып қояды)

Топтық жұмыс (3мин.) Оқушылар топ ішінде берілген сұрақты талқылайды.

Жариялау (2мин.). Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойын класқа айтады, басқалардың сұрақтарына жауап береді.

Дәптермен жұмыс (2мин.) оқушылар дәптерлеріне Мәншүк туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.

Бағалау (1мин.) Оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің «Нені білдім?» атты бөлімін толтырады.

Жариялау (1мин.) Әр топтан бір оқушы тұрып, өз жұмысын класқа оқып береді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеру үшін жинап алады.

Үй жұмысы. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. Мәншүк туралы білетін әңгіме немесе өлеңдерді айту, жаттау.

Кері байланыс (1мин.). мұғалім оқушылардыңсабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:

  • Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсың ба?

  • Сабақ ұнады ма?

  • Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасың?

120. Тақырыбы: Тау қыраны. Мәлік Ғабдуллин.

Мақсаты: Оқушыны Мәлік Ғабдуллиннің «Тау қыраны» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жайлы айта отырып, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқы. Мәнсияға мінездеме жаз.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова жөнінде қосымша деректер ізде.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Төлеген Тоқтаров жайлы не білесің? Суреттер топтамасымен жұмыс. Соғыс күнделігінен үзінді көру.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Мәлік Ғабдуллин – жазушы, әдебиет зерттеуші ғалым. Ұлы Отан соғысының батыры. Мәлік Ғабдуллиннің «Тау қыраны» атты әңгімесін түсініп оқып, Төлеген Тоқтаровтың ерлігімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгіме кім жөнінде жазылған? Бородиноға кімдер келді? Әңгімені баяндап отырған кім? Ол Төлегенге не берді? Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: әңгімеге және мына сызбаға сүйеніп, жолдастарының Төлеген Тоқтаровқа берген мінездемесін жаз.


Қандай?

тамаша ер еді.

қыз мінезді, ақкөңіл, сыпайы жігіт.
Төлеген Тоқтаров

жанып тұрған еді.

шаршауды білмейтін.

қамқоршы, жәрдемші еді.



ҮІІ. Қорыту. Кеңес Одағының тағы қандай батырларын білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. 2. Бағалау.

121. Тақырыбы: Балама хат. Жамбыл Жабаев.



Мақсаты: Оқушыны Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жамбыл Жабаев атамыз Алғадай деген баласына жазған хатымен танысамыз; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіме кім жөнінде жазылған? Бородиноға кімдер келді? Әңгімені баяндап отырған кім? Ол Төлегенге не берді? Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен осы батырлардың орнында болсаң не істер едің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс. Жамбыл ата туралы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының алыбы атанған ақын. Ол айтыс ақыны ретінде халық арасында кеңінен танылған сөз шебері. Бүгінгі сабақта Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу, жалғастырып, өз тілінде түсіндіруі. 3. Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған? Хатта не туралы жазған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі Жамбыл атаған Саурық, Сұраншы батырлар туралы не білесің? Жамбылдың жау, жауыз, залым, дұшпан деп отырғаны кімдер? Автордың бұл сөздерінен нені байқауға болады?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта кім жайлы білдік? Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтып көр. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2 . бағалау.

122. Тақырыбы: Жақия. Тұрдыбек Алшынбаев.



Мақсаты: Оқушыны Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жолымтайдың атасының әңгімелеуі арқылы сұм соғыстағы болған жағдаймен таныстыру; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, шаған соғыс жайлы үзінді көру.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, ссбаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған? Хатта не туралы жазған? Өлеңдегі Жамбыл атаған Саурық, Сұраншы батырлар туралы не білесің? Жамбылдың жау, жауыз, залым, дұшпан деп отырғаны кімдер? Автордың бұл сөздерінен нені байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтып көр.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Соғыс жайлы не білесің? Аулыңда соғысқа барған батырлар бар ма?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» атты әңгімесін түсініп оқып, Жолымтайдың атасының әңгімелеуі арқылы сұм соғыстағы болған Жақияның ерлігімен танысайық. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Бөліктерге бөліп әңгімелеу. 3. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесің? Әңгіме жау ұшақтары мен танкілерін неге теңеген?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Сол сәтте арт жақтан әйгілі Катюша да сайрап қоя берді» дегенді қалай түсінесің? Жақия қандай ерлік көрсетті? Осы бөлімде қандай соғыс жайлы әңгіме, өлеңдер оқыдық? Олар не жайлы? Сен өзіңе қандай әсер алдың?

ҮІІ. Қорыту. Өзіңнің басқа кітаптан, көрген киноңнан соғыс туралы қандай әңгімелер жайлы білесің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2. Бағалау.

123. Тақырыбы: Мен не үйрендім? Мазмұндама.



Мақсаты: Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: сұрақтар топтамасы, дәптер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімд Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесің? Әңгіме жау ұшақтары мен танкілерін неге теңеген? Жақия қандай ерлік көрсетті?

ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық? Онда не жайлы білдік? Кімдермен таныстық? Өзімізге қандай әсер алдық?

ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.


  1. Көктем туралы жазылған бір өлең жатқа айтып бер.

  2. Екі өлеңнен келтірілген шатасқан шумақтарды ұйқасына, мазмұнына қарап ретке келтіріп жазып шық. Тақырыптарын анықта.

Гүлдер, гүлдер не түрлі

Бастады той думанын жазық дала,

Құлпырды да жетілді

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Барлық дала өртеніп

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Бара жатқан секілді.

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.



І. Бастады той думанын жазық дала,

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала. («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

ІІ. Гүлдер, гүлдер не түрлі

Құлпырды да жетілді

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді. ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)

  1. « Әттең мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А). С. Сарғасқаев. Шыбық.

Ә). Ж. Аймауытов. Қараторғай.

Б). Ә. Кекілбай. Тасбақаның шөбі.

4. Берілген анықтаманы аяқтап жаз.



Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.

  1. Берілген үзінді қай шығармадан алынған?

« ... Бөлмесі бір түрлі әдеміленіп, кірсең шыққың келмейді. Гүл өсіруді жақсы көреді, айнасының алдында герань, фикус, олеандр, камелия, циперустар жайнап тұр ...»

А). Шығыс шынары . Ә: Нұрмаханова. Б). Балама хат. Ж.Жабаев.

Ә). Бала Мәншүк. М.Хакімжанова. В). Тау қыраны. М.Ғабдуллин.

Мазмұндама жазу.

1.Кіріспе: жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

2. Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Ү. Әлем әдебиеті үлгілері.

124. Тақырыбы: Атадан қалған тұяқ. Шыңғыс Айтматов.



(Аударған Қалтай Мұхамеджанов)

Мақсаты: Оқушыны «Әлем әдебиеті үлгілері» атты тараумен таныстыра отырып, ондағы Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жиһангүлдің баласы Әуелбектің соғыс кезіндегі өмірімен таныстыру; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер 4 класта қазақ әдебиеті үлгілерін оқумен қатар, әлем халықтары әдебиетінің үлгілерімен танысуды жалғастыра бересіңдер.

Әлемде әр түрлі халық өмір сүретінін білесіңдер. Соның ішінде орыс, қырғыз, қалмақ, итальян, ағылшын елдерінің атақты жазушыларының қызықты да көркем шығармалары сендердің оқуларыңа ұсынылып отыр.



ІІІ. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Әлем әдебиетінің озық үлгілерінің бірі – есімі бүкіл дүниеге әйгілі болған қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» әңгімесі. Оны біз де оқып көрелік... 2. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әуелбектің кинодағы «әкесін» көрген кездегі көңіл күйін, әкесі жөніндегі ішкі ойын білдіретін жолдарды тауып оқы. 3. Сөздік жұмыс. Қыстақ – ауылды жердегі елді мекен. Қашар – мал қамайтын қора. Қырқым, қырықтық – қойдың жүнін жаппай қырқу науқаны. Жағасы жайлау, төбесі қыстау – уайым – қайғысыз тіршілік. Домбығып – ісініп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет