І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет14/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org
2.УМКД Иннов. басқару іскерлік коммуникация
Студенттерге берілетін тапсырма:
  • Адам өміріндегі тіл мен ойдың алатын орны.


  • Ойлау әрекетінің ерекшеліктері.




  1. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.

Тапсырма сұрақтарын талқылап, пікір алысу.


III. Студенттердің өзіндік жұмыстары Тақырыпқа байланысты қосымша материалдар оқып, талдау.
2.4. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудін әдістері.
Мақсаты:. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар
  • Бақылау, топсаяхат әдісі.


  • Баяңдау әдісі.


  • Байланыстырып сөйлеуде көркем шығармалардың рөлі.


  • Сауалнама, әңгімелесу.


  • Тәрбиешінің әңгімесі.


  • Модульдік тапсырма беру әдісі.




Мақсаты: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған ортадан алатын білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің алғашқы негізі болмақ. Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйымдастырылған іс-әрекеттері (бақылау, топсаяхат, серуен, т.б) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағұлматтар алып айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны әңгімелеп айтып беруге талпынады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйреуде жиі қолданылатын әдіс баяндау әдісі. Баяндау кезінде айтылатын тіркестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыратын төл сөздерді де кірістіруге болады. Баяндаудың құрылысы төмендегідей болуы тиіс.
  • Кіріспе бөлім.Балаларды жаңа материалды қабылдауға даяарлау.


  • Мәтінді оқып беру.


  • Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін екінші рет оқу.


  • Шығарма мазмұнын талдау.


  1. Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсінгенін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.


  2. Балалар оқылған материалды естеріне түсіріп жауап беруге дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру.


  3. Балалардың баяндауы.


Кейде мүндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қатар оларға бұрыннан таныс шығармаларды да естеріне түсіріп, қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Сонымен қатар әңгімелесу, баяндау сабақтары бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі керек. Балаға үйретілетін әрбір жаңа сөзбен сол сөз бейнелейтін зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұмысын балалардың шағын ұжымда өткізілетін педагогикалық процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, сапалығы, дамыта оқытылуы сияқты дедактикалық принциптерге сүйенеді.


Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бақылау іс-әрекеті жиі қолданылып ұйымдастырылады. Әдетте бақылау белгілі бір жүйемен, яғни жеңілден күрделіге қарай біртіндеп өту арқылы балалардың өздерін жиі сөзге қатынастыру арқылы заттармен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу арқылы жүргізіледі.
Бақылау іс-әрекеті кезінде олардың сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалап отыру тәрбиешінің басты міндеті десек, бұл жөнінде Е.И.Тихеева мынадай талаптар ұсынады:
  1. Баяңдау,әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан алшақ кетпеуге тиісті.


  2. Сол түсіндірілген тақырып бойынша баланы қорытынды пікірге жеткізуі керек.


  3. Баяңдау кезінде баланың ойын бөлмеу қажет. Кейбір ескерту түзетулерді бала жауап беріп болғаннан кейін айтып түсіндіру қажет.


  4. Әңгімелесу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ қойып дағдылануы керек.


  5. Баяңдалатын оқиға баланың өзіне бұрыннан таныс болса тәрбиешінің түсіндіруінсіз бала жауап беруі қажет.


  6. Берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін қатыстыру қажет.


Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде топсаяхаттың алатын орны ерекше. Балаларды қоршаған өмірдегі байланыстар мен қарапайым заңдылықтарды түсінуге қол жеткізу, жылдың және күннің әр уақытында топсаяхатқа апару тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет