Студенттерге берілетін тапсырма:
Лексикалық жаттығуларды талдау.
Логикалық сөздік тапсырмаларды орындау бағаттары.
Дидактикалық ойындарды іріктеу және олардың маңызы.
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Тапсырма сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады. Логикалық сөздік тапсырмалар орындау әдісінің бағыттарын мысалдар келтіріп жан-жақты талдайды.
Табиғаттағы қысқа мерзім……….
Бір маусымда болатын өзгерістерді…….
Табиғат құбылыстары
ның заңды байланысы………
Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы
Тәрбиешінің оқу іс-әрекетінде ойын элементін қолдану барысында көңіл бөлетін мәселелерін ата
Қарлы, аязды, ыстық, жайдарлы, қызығы, алтын, жапалақтады т.б. сөздердеді қандай сөздерге қосып айтуға болады.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Кешенді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, өткізу, талдау ( сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтары).
ІІІ — БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1. Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұнымен таныстыру, оларды меңгерту. Баланың сөздік қорының дамуының міндеттерінің бағыттарын айқындау.
Жоспар
Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны.
Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Балабақшадағы сөздік жұмысы балаларға жаңа сөздер үйрету арқылы олардың активті сөздік қорын толықтыру деген сөз. Әрине, балалардың сөздік қорын дамыту оларды айнала қоршаған ортамен таныстырумен қатар жүреді.
Сөз — ұғымды, түсінікті білдіретін негізгі лексикалық единица. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы, дыбыстық таңбасы және морфологиялық құрылысы болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда сөздің осындай ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Өйткені, жасы өскен сайын балада заттар, құбылыстар туралы ұғымы кеңейіп, тілі мен ойлауы күрделене түседі, жеке сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерді қатесіз айта бастайды.
Сөйтіп, бала тіліндегі сөздер актив және пассив сөздер болып, топқа бөлінеді. Актив сөздерге бала түсінетін және сөйлегенде қолданатын сөздер жатады. Актив сөздерінен бала тілінің байлығы байқалады.
Бала тілінің активті қорына оның тұрған жерінің ерекшелігі, ата – анасының кәсібі де әсер етуі мүмкін. Мысалы, шопан ауылында тұратын баланың сөздік қорына мал шаруашылығына байланысты сөздер жиі кездеседі. Сөндықтан тәрбиеші өз тобындағы балалардың сөздік қорларын дамытуда бала айналасындағылардың тіл ерекшеліктеріне көңіл бөлуі тиіс.
Ал пассив сөздерге бала мағынасын түсінетін, бірақ өз бетімен сөйлегенде пайдаланбайтын сөздері жатады. Зерттеулердің көрсетуінше, бала тіліндегі пассив сөздер актив сөздерге қарағанда саны жағынан көп болады. Бала тіліндегі пассив сөздері күнделікті тілдік қарым-қатынаста пайдалануға дағдыландыру оңай жұмыс емес, өйткені бала сөздерінің мағынасын ажыратуда, айтуда қиналуы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші сөздік жұмысын жүргізгенде төмендегі принциптерді басшылыққа алады:
а) жаңа сөздер балаға айнала қоршаған ортамен таныстыру барысында үйретілуі керек.
ә) сөздік қорды молайту психикалық процестер мен адамгершілік қабілеттідамытуға да әсер етеді.
б) сөздік жұмыстары жүйелі, бірізділікпен жүргізілсе ғана нәтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |