І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#10963
  1   2   3
Тақырыбы: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..........................................................................................................3

І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі ............................................................................................11

1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру ................................................................................21

ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері

2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі ............................................................................................35

2.2. ІV сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі ...........................................................................................................40

2.3. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру - өнімді еңбек нәтижесі .............................................................................................................49

Қорытынды .....................................................................................................54

Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................57

Кіріспе

Қоғамның даму тарихына байланысты, еңбек тәрбиесі әртүрлі формада дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педтарихынан белгілі. Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, оның басты саласы қоғамдық тәрбиенің негізгі буыны – еңбек тәрбиесін адамның табиғатына сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Я.А.Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ал ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлармен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволяциялық ілімнің негізін салушы Чарлз Дарвин еңбектің еңбекке баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді.

Қоғам үшін еңбек ету пікірін алғаш рет социалист – утопистер Т.Мор, Т.Ксипанелла, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуға айтқан болатын. XVIII ғасырдың ағартушылары оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру жолдарын көтерді. Олар француз жазушысы, ағартушы – философ және педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) мен Швецария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды. Песталоцци тәрбиесінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әртүрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесіне еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізуді дәлелдеп берді. Сондай-ақ оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қолөнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектерімен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде - ол еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.



Ал орыс демократтары В.Е.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И.ІІисаревтер еңбек теориясына елеулі үлес қосты. Демократиялық педагогиканың негізін салушылар педагогиканың өте күрделі мәселелерінің бірі адамды жетілдірудегі тәрбиенің, оның басты саласы - еңбек тәрбиесінің рөліне ерекше мән берді. Олардың педагогикалық ой-пікірлерінде,- сол демократияшыл педагогиканың еңбек тәрбиесіндегі басты мақсаты - баланың табиғи мүмкіншіліктерімен күшіне сеніммен қарауға тиіс. Әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті - сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс. Әсіресе Белинский мен Герцен тәрбиедгі халықтық принципті тәрбиенің алдына қойылатын міндеттермен, мақсаттармен байланыстыра қарастырады. Мұны жүзеге асыруда олар еңбектің практикалық маңызын, мәнін түсіндіре келіп, оның еңбек тәрбиесін жүргізу арқылы сапалы өзгерістерге ұщырайтынын нақтырақ айтты. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін олар өз шығармаларының жемісі ете білді. В.Г.Белинский өзінің 1838 жылы Буряновтың балаларға арналған кітабына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін: «әсіресе еңбек тәрбиесі тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді» ..... Жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің қожасы, оған тек сапалы еңбек арқылы жетуге болады»,- деп жоғары бағалайды. Ал А.И.Герцен адамның жетілуі бір мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші ролін мойындайды. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы еңбек тәрбиесінің белсенді рөлін анықтады. Демек, ағартушы демократтар өздеріне бұрынғы Руссо, Песталоцци, Оугенің еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық ойлары мен еңбек ету практикасының пайдалы жақтарын кеңінен насихаттады.

Тәрбие теориясын жасаушы педагог-ғалымдар – еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда, әсіресе, басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесін арнайы қарастырды. Ал, «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.



К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адамның қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс-істеуге тырысушылыққа, қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. «Еңбек тәрбиесі шәкірттің еңбекке деген сый-құрметімен сүйіспеншілігі ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді»- деді. Ол селолық мектептерде ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болу қажеттігін талап етті. Еңбек тәрбиесінің ең басты да негізгі міндеттерінің бірі жас өспірімдерді қоғамдық-пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өзщдері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, азда болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес»,- деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отьыруына да ерекше мән береді.

Н.А.Добролюбов (1836-1861) өз кезеңінде демократиялық педагогика тұрғысынан білім берудің гуманистік – демократиялық және ғылыми принциптерін ұсынды. Осындай принципте қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы, кіндігі орталығы – халық мектебі болуын талап етті. Халық еңбегінің басты міндеті – ақыл-ой, еңбек, дене адамгершілік тәрбиелері арқылы әр салалы жетілген, қоғамдық істеге салалы түрде біте қайнаса, араласа алатын, табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды даярлау. Добролюбов мектептерде ғылыми негіздерін өмірмен, практикамен еңбек тәрбиесін күшейту арқылы байланыстыруды ұсынды.

19 ғасырдың 60-жылдардағы еңбек тәрбиесінің теориясы, оның педавгогикалық негізі, тәрбиенің принциптері алғашқы озат педагогикалық ойлардың негізінде дамыды. Мұндағы еңбек тәрбиесінің негізгі бағыты – политехникалық оқу мен өнімді еңбекті ұштастыру. Осы негізде еңбек тәрбиесі теориясы жасалды. Онда политехникалық оқу мен еңбек тәрбиесіне зор мән берілді.

Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы жазғандарының ішінде – Ы.Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды. Ол өзінің көп теген педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесін уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деген тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын. 1909 жылы Петербургта «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері деген атпен ақынның араб әрпімен тұңғыш рет шығармалары жеке кітап болып басылған. Мұндағы өлеңдерінің басым көпшілігі еңбек тәрбиесіне арналған. Онда ақын болашақ ұрпақты мейірбандылыққа, адамгершілікке, еңбекке, ақыл-ойлылыққа, ең бастысы тәрбие деген сөздің, одан кейін ұғымның өзінің тарихи маңызын ашуға тырысқан. Мысалы: Абай «Баламды медресеге біл деп бердім, шекпен кисін, шен алсын деп бермедім» - деуі білімді, тәрбиені, оқуды жете бағалағанның белгісі, ең бастысы барлығы еңбек арқылы келеді деп түсінуі насихаттауы, «Еңбегі бардың, өнбегі бар» деуі содан болса керек. Абай жастарды еңбекке тәрбиелеудің, үйретудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің аса зор екендігін ескере отырып үлкендердің әке мен шешенің балаға үйреткен тәрбиенің, оның бер жағында тікелей еңбекке баулудың маңызын Абай өте жоғары бағалаған. Ол балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болу керк екендігін көрсетті. Абай халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттілік, дұрыстық сияқты адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді шақырды. Ол адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесін бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық негізінде жүргізуді ұсынды. «Біріңді бірің көрмесең дос, істеген істің бәрі бос» деуі осы өлең жолдарынан айқын көрінеді.

Абай халықты соның ішінде балаларды еңбекке тәрбиелеуге аса үлкен мән берді. Бұл оның кез келген шығармасынан байқалады. Ол жастардың еңбексіз жүріп жаманшылыққа бой ұрғанына қарсы болды. 1886 жылы жазған бір өлеңінде:

«Қаратайдың қайғы ойладың, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Төрін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі арман болды»,-

деп өзі өмір сүрген кезеңдегі жастардың жағымсыз мінездерін сынады. Абай адамгершілік пен еңбекке ұмтылмайтындарды былай деп ажулаған:

«Осындай сыйдың жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруға келді олақ.

Сырын түзер бірі жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері қу борбай сынпыс шолақ»,-

десе, енді бірде еңбексіз, шабысқа қуанатындарды сынға ала отырып, Абай еңбек тәрбиесінің мән -мазмұнын алдыңа былай тартады:

«Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,

Буларды керек қылмақ ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,



Өтірік пен есекті жүндей сабап».

Қазақтың еңбек теориясын жасағна ойшыл ағартушылардың бірі – Шоқан Уәлиханов. Шоқан өзінің бұрынғы халық педагогикасының прогресшіл идеяларына сүйенеді. Ол идеялар, тәрбиелік тағылымдар Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының, тәрбиенің соның негізінде еңбек тәрбиесінің ғылыми негізінде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын аңсаған болатын. Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде де материалистік сарын басым. Ең бастысы, Шоқанда тәрбиенің, еңбектің, еңбек тәрбиесінің қоғамның дамуындағы жасөспірімдердің жан-жақты жетілуіндегі маңызын рөлін ерекше бағалады. Халықтың ахуалын жақсартатын өнімді еңбек деген қағидаға сүйенді Шоқан. Еңбек тәрбиесі Шоқанның айтуынша, практикалық іске асырлыған шындықтың қоғамдық және жеке адамдар өміріндегі пайдалы істің түп негізі еңбек. Шоқан еңбекті – құнды еңбек, таза еңбек деп табиғатты өзгертетін –адам, оны өзіне жарататын материалдық еңбек деп еңбекті бірнеше топқа бөле отырып, осының барлығы еңбек тәрбиесінің нәтижесі, сол арқылы әрбір адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытты. Біздің елімізде қазіргі кезеңде де бұдан бұрынғы уақыттарда, демек, қандай қоғамда болмасын еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Бала жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, еңбекшілдікке, төзімділікке үйретіледі. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында бала да ұқыптылық, еңбексүйгіштік, еңбек ету дағдылары қалыптасады. Қазіргі мектептерде еңбек ету психологиялық және практикалық дайындық 11 кластан басталады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты және оқу процесіне жұмыстардан басқа, өзіне-өзі қызмет ету, өз бетінше жұмыс істеу және өзін -өзі басқару, оқу құралдарын дайындау, жөндеу, мектеп үйін жөндеу, мектептің тұрған ауданын жақсартуға радиоландыру, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысу, олардың политехникалық ой-өрістерінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.

Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беретін, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларына еңбек әрекетінің мәнін ұғындыру мемлекеттік маңызы бар құбылысқа айналуда. Себебі, әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні мен оны ұйымдастырудың әдістемелері ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге құлшынады. Қазіргі кезеңдегі кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулудың жетілдірілген ұлтық бағдарламасы балаларды кең тараған жұмысшы кәсіптерімен жан-жақты таныстыруда, еңбектің белгілі бір түріне деген түпкілікті кәсіби ықыласын қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр.

Мұғалімдердің –оқушыларды сабақтан тыс кезеңде еңбекке баулуды кәсіптік бағдармен тығыз байланыстырғанда әрі мұның өзі оқу процесіне енгізіліп, қазіргі кездегі жұмыс формалары мен тәсілдері пайдаланылғанда оның тәрбиелік ролі едәуір арта түсетінін байқадық. Қазіргі кезде кәсіп туралы әңігмелесу, кәсіпорындарына саяхат, әртүрлі кәсіптің өкілдерімен қызықты кездесулер өткізу секілді дәстүрлі формаларды ғана қолдану жеткіліксіз. Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл актульды міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар екендігін өзіміз тәжірибе алмасу ниетімен барған №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектептердің қызметінен байқадық.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – осы бір күрделі жұмысты еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға жәрдемдесу, оларды кәсіптік бағдардың негізгі принциптерімен, ұжымдық формаларымен жіне тәсілдерімен, еңбекке баулуды жүзеге асырудың орнымен және жолдарымен, бастауыш мектепдегі еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерімен, еңбек пәнін жүргізуші мұғалімнің оқу –тәрбие ісі мен таныстыру ниетінде арнадық.

І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі

Болашақ ұрпақ жан-жақты қабілетті болып өсуі тиіс. Бала қабілеті ой еңбегі мен дене еңбегі қатар жүрсе ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «Мынау жақсы», «Мынау жаман» - деп бөлінбейтін нәрсе жоқ.



А.С.Макаренко өзінің «Ата-аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде және балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі де сол ұсақ-түйектерден құралады. Өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз» - деген.

Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс сітеу дағдыларын меңгереді, түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым тәсілдерін үйренеді. Еңбекке баулудың жаңа бағдарламасының ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытулды тікелей өндіргіш еңбекпен байланыстыру, еңбекке оқытуңды жіктеп білу. Бастауыш кластарда мектеп оқушылары ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, ойыншықтар жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т.б. шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен таныстырылады. Оны мұғалім жергілікті мүмкіндіктерге сай таңдап алуына болады.



Техникалық еңбекке оқыту – қағазбен, қатты қағазбен, матамен, пластмассамен, табиғи материалдармен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс сітеу. Сол сияқты оқушыларды техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында «конструктор» бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып, қайта жинау жұмыстары, кітап түптеу, аталғандарды пайдаланып бұйымдар жасату жатады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу кезінде бастауыш класс оқушылары бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың элементтерімен, яғни өсірудің қарапайым түрлерімен танысады. Оқу – тәжірибе учаскелерінде еңбек етуге, үй жануарларын күтіп бағуға дағдыланады. Төменгі класс оқушыларының тез шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т.б. жас ерекшеліктері мұғаліммен қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді талап етеді. Бұл кластағы шәкірттер істеген істерін мұғалім қолпаштап, құптап, мадақтап отырғанын ұнатады. Сондықтан сезімтал мұғалім тапсырылған істі атқара алмай жатқан балаға көмектеседі, оның қол жеткен болар – болмас табысының өзін мадақтап отыруы тиіс. Бастауыш кластарда оқушының еңбек әрекеті екі бағытта дамиды: бірі – сабақ процесінде жасаған еңбегі, екіншісі – олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. Еңбек дағдысы мен тәрбиесі балалардың бойына жас күннен, бастауыш кластардағы кезінен бастап сіңіріле беруі керек. Әсіресе оқушылардың еңбекке деген құрметі мен ілтипатын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарында оқу пәндері мен табиғаттану, ана тілі, математика пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Сонда оқушылар еңбек түрлерімен танысады. Еңбек сабағы оқушылардың байқағыштығын, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге, табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады.

Оқушылар еңбекке үйрету сабағында бірлесіп, не жеке-жеке жұмыс істейді. 4 класс оқушылары тақырыбы сай тапсырманы кейде екі сабақ ішінде орындап бітіруіне рұқсат етеді. Мұғалім тапсырма берерде қандай мақсат көздейтінін, оны орындауға қандай материалдар мен аспаптар керек екенін, істелетін жұмысқа қандай талап қойылатынын түсіндіреді. Еңбек сабағына керекті аспаптарды дұрыс ұстау материалдарды белгілі жерге орналастыру, үстелді ластамай оны қалай тазарту керегіне мұғалім өзі көрсетіп, оған оқушылардың назарын аударады. Егер тпасырманы оқушылар топтасып орындайтын болса, оларға тиісті еңбекті бөледі, әрқайсыссының міндетін түүсіндіріп, оның жасалу әрекетін түсіндіреді, көрсетеді. Сөйтіп нұсқау оқушылар жұмысқа кірісерден бұрын беріледі. Мұндай алдын-ала түсіндірілетін нұсқаулардың мақсаты – орындалатын жұмысқа олардың ынтасын аудару және сол еңбекке қойылатын техникалық шарттарды айқындау. Әруақытта оқушылар өз күшін сынауға тым асығып отырады, сондықтан жұмыс алдындағы түсінік ұзаққа созылуға болмайды. Егер мұғалім жұмыс үстінде бір оқушының қате орындап тұрғанын байқаса, оны тоқтатып жұмыстың дұрыс тәсілін үйретеді немесе жолдасының жақсы жұмысын бәріне көрсетеді және неге ұмтылып тырысу керегін айтады. Мұнан соң оқушылар жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Мұғалім енді жұмысы өнбей жатқандардың әрқайсысына ісінің сәтсіз болу себебін түсіндіреді. Мұны қате жібермеуге, еңбек процесін қажетті бағытта қайта құруға жәрдемі тиеді.

Сабақта мұғалім оқушылардың еңбек нәтижелерін салыстырады. Әрбір жұмыстың сапасына баға береді. Оқушылардың жақсы орындаған бұйымдары мұқият сақталады, керек жерінде, тиісті сабақтарда пайдаланылады. Әрбір жарты жылдың аяғында оқушылардың істегендерімен көрме ұйымдастырылады.

Мысалы ретінде дайындық класындағы еңбек сабағының жоспарын келтірейік.



Тақырыбы: Апликациялық жұмыс, гүл жасау.

Мақсаты: І. Қағазды бүктеу, сызық бойымен қию. ІІ. Апликациялық жұмыстарды меңгерту, желімдеуге үйрету, тазалық санитарлық ережені сақтауға дағдыландыру. ІІІ. Әсемдікке баулу.

Сабақтың жабдықталуы: қайшы, түрлі-түсті қағаз, картон, желім, гүлдің үлгісі.

Сабақтың барысы:

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Олардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын тексеру, түгендеу, сабаққа әзірлеу.

  • Жаңа сабақ. Еңбек туралы кіріспе.

  • Балалар, еңбек дегеніміз не?

Еңбек – адамның дене қимылымен белгілі бір мақсатқа арналып жасалатын іс. Адамның еңбектенуі оны өмірге құлшындырады. «Еңбек еткеннің дені сау», «Еңбек сауықтырады, жалқаулық ауыртады»-деген мақал-мәтелдер келтіріп, еңбек туралы түсінік беру. Біз еңбек сабағында нені үйрендік? Класты таза ұстауға, қайшымен, ине-жіппен, желім және қағазбен жұмыс жасауды үйрендік. Өте жақсы. Ал, балалар бүгін біз гүлдің үлгісін жасауды үйренеміз. Әуелі гүл туралы не білетіндерін, гүл аттарын айтқызу. Гүлді апликациялық жолмен жасау жөнінде түсінік беріп, шаблон арқылы сызылып, алдын-ала дайындалған үлгілерді үлестіру. Үлгіні қалай қиып алуға болатынын, тиісті жерінде қалай желімдеу керектігін түсіндіргеннен кейін жұмысқа кірісу керектігін айту. Дағдылары қалыптаспаған кейбір оқушыларға көмектесіп отыру керек. Дегенмен олар жұмысты беріле атқарып, тапсырманы негізінен дұрыс орындап шықты. көпшілігі белсенділік көрсетті. Жұмыс біткен соң қысқаша қорытынды жасадым, жақсы атқарылған жұмыстарды ауызша мақтадым. Оқушылардың еңбек туралы түсінігін тек еңбек сабағында емес, басқа да пәндерді оқыту барысында жүзеге асыруға болады. Мысалы: Дайындық жұмысында ана тілі пәні мен мамандық тақырыбына өткізілген сабаққа тоқталайық.

Тақырыбы: Мамандық. Отбасы мүшелерінің мамандығы.

Мақсаты: 1. Отбасы мүшелері деген түсінікпен балаларды түсіндіру. Отбасы мүшелерін атау (ата, әже, әке, апа, әпке, аға, іні, қарындас).

2. Отбасы мүшелерінің жұмыс орны, қандай еңбекпен шұғылданатыны жайында сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. Үй шаруашылығының түрлері.

3. Отанын, елін сүюге, еңбек сүйгіштікке, еңбек ардагерлерін құрметтей білуге баулу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың жабдықталуы: «Кім болам ?» бүктемелі альбом. «Отбасы» атты қабырға газеті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: а) Сурет бойынша жұмыс.

Отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы әрекеттерін көрсететін түрлі-түсті суреттерді талдау, әңгімелесу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балаларды еркін, әрі жүйелі сөйлеуге үйрету. Үй шаруасының түрлерін, оған отбасы мүшелерінің қатысын әңгімелеу. Мысалы, «Менің атам-шопан. Ол мал бағады. Ал әкем трактор жүргізеді, мамам-сатушы болып істейді. Өзім тауықтарға күнде жем шашамын, т.б.

ә) «Отбасы» атты ойын ойнату. Өздерінің шамасы келетін еңбек түріне қолғабыс жасауға бағдар беру.

4. Сабақты қорыту.

Отбасы мүшелерін атату. Мамандық туралы түсінікті қорыту, олардың түрлеріне тоқталу. Сабаққа белсенділігін танытқан оқушыларды ауызша мадақтау. Балаларды сабақтан тыс уақытта да еңбекке, өнерге, кітап оқуға, оны сүюге баулуға болады.

Ауылдық жерде тұрғандықтан көктемде, жазда, күзде тәжірибе учаскесінде жұмыс істейміз. Онда шәкірттер бау-бақшадағы жұмысқа көмектеседі. Үлкендердің аударған жерлерін қопсытуға, жүйек жасап, көшет отырғызуға шамалары келеді. Бірақ бұл еңбек түрлері ешбір балалардың организмдерінің қалыпты өсуіне кедергі болатындай қосымша күш денсаулықтарына зияны боларлықтай ауырлық түсірмеуін ескерген жөн. Жұмыс баланы жалықтырмауы, зеріктірмеуі, ынтасын төмендетпеуі үшін мезгіл-мезгіл демалтып, дене қалпын өзгертіп отыру керек. Бастауыш класс оқушыларын жазда, күзде табиғат арасындағы кейбір дәрілік шөптер жемісін жинауға қатысып отырамыз. Далада істеген мұндай жұмыстар олардың өміртанымын кеңейтеді. Еңбек еткенде жақсы нәтижеге жету мақсатына тәрбиеленеді. Сондықтан оларға тек мұрындық болып қана қоймай жеке тапсырмалар ұсынып, әлі келетіндей міндеттерді орындап шығуға үйрету керек. Бастапқыда бала, негізінен еңбекті қызық көріп қатысады. Ең бастысы – еңбекке үйренуі керек. Оларға осы түпкі мақсатты түсіндіріп отырған жөн. Балалардың кішкентай кездерінен көп болып бірігіп еңбек етуге дағдылануы, олардың болашақта ұжым болып жұмыс істеу әдетін қалыптастырады.

«Балаларды жас шағынан – ақ бірігіп өмір сүріп, еңбек ете білетіндей етіпе тәрбиелеу керек. Көпшілік еңбекке қатыса отырып, әркім өзінің ондағы атқаратын ісін және оның ролін білу керек. Мұндай ұжымдық еңбек балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке баулиды». Жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Қорыта айтқанда оқу мен өмірдің байланысын нығайту, оқушыларды еңбекке даярлауды жақсарту – күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Қазір ауыл шаруашылығының барлық саласына жас күштер қажет. Ол күш – қазір алдымызда отырған оқушылар. Олардың еңбекке ынтасын тудыру үшін, мұғалімдер барлық күшті, шеберлікті соларға жұмсау керек.



Бұл жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу – күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан оларды жастайынан еңбек ете білуге, үлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де еңбекке баулу пәнінің жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді іске асыру көзделінеді:

  • еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру, мінез-құлқын тәрбиелеу.

  • оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру.

  • қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.

  • еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.

  • шығармашылыққа баулу.

  • эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру.

  • оқушылардың ақыл-ой өрісін дамытып, ізгілікке, имандылыққа баулу.

Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі. Пән мазмұнының құрылымы 4 блоктан тұрады: техникалық еңбек, көркем еңбек, өзіне-өзі қызмет ету, ауылшаруашылық еңбек.

Техникалық еңбек: көркем өңдеу, қағаз, қатырма қағаз, құрастыру, техникалық модельдеу, ағаш, металл өңдеу.

Көркем еңбек: ермексаз, сазбалшық, папе-машеден жасалған бұйымдарды өңдеу, мата, киіз, түскиіз, қазақтың ұлттық киімдерін ою-өрнекпен өңдеу, қағаз, мата, бау, қайыс, жіппен өру.

Өзіне-өзі қызмет ету: түйме, ілгек, сыртетпе қадау, ілгек торлау, жамау, ішекпен тоқу, оқу бөлмесін, тірі табиғат бөлмесін жинау, тазалау, есік, терезе, еденді жөндеу.

Ауылшаруашылық еңбек: өсімдіктің жетілуінің сыртқы жағдайларына, өзгерісіне бақылау жүргізу, топырақ тыңайту, тұқым себу, өсімдіктің жетілуін бағалау, жан-жануарларды қоректендіру, ағаш отырғызу, күту т.б.



Оқушылар бастауыш кезеңде архитектура, мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы, қолөнер шығармаларымен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Қазіргі білім мазмұнның жаңаруына байланысты халықтық қолданбалы қолөнерін еңбек сабағына енгізе отырып, ол турады оқушыларға 1 сыныптан бастап түсінік қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы еңбек дағдылары тұрақты да сенімді болумен өзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы сабақтан бастап оқушыларға жұмыс істеу әрекеті, тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға, жұмсалатын материалды үнемдеуге дағдыландыру көздейді.

Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеуде оқушылар әртүрлі бұйымдар, ойынға керекті жабдықтар, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасап үйренеді. Құрастырудың бірнеше түрі беріледі. Қағаз, мата, табиғи материалдар, дайын жиынтықтардан техникалық құрастыру секілді жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушыларға белгілі бір бұйымды жасау барысында оның өмірді, тұрмыстағы қажеттігі тұрғысынан мәлімет беріп, заттың негізгі бөліктерін ажырата білуге, әр бөлік пішінінің, мөлшерінің, орналасуының, осы құрастыруда пайдаланылатын жағдайлар мен үйлесімділігін анықтау жолдары үйретіледі.



Еңбекке баулу пәнінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалды. Пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән берілді. Осыған орай өз мазмұнына «Халықтың қолданбалы қолөнері» деген арнайы бөлім енгізілді. Мұнда пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасау және бейнелеу өнері пәніндегі өнердің әртүрі салаларына байланысты беріліп отыратын халықтың қолөнерінің элементтері жинақталып жүйеге келтірілді. «Халықтың қолданбалы қолөнері» бөлімінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріледі. Оқушылар бұйымдарды жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерді.

Еңбектің барлық түрлері негізінен практикалық жұмысты орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстың түрлері, мысалы, ермексаз бен сазбалшықтан мүсін жасау, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнек сызу, қию тәсілдері әр сынып сайын біртіндеп күрделеніп отырады.



Еңбекке баулу пәніне мұғалім техникалық қауіпсіздік пен еңбек гигиеналық ережелерін жақсы біліп, оны мұқият орындауы қажет және бұл ережелерді бұлжытпай орындауды оқушылардан талап ету керек. Еңбекке баулу пәні басқа пәндер мазмұнымен де тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін, білік, дағдыларын еңбекке баулу сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланды.

Бағдарламада білім, білік, дағдыларды екі деңгейде беру арқылы оқуышылардың іс-әрекетінің қалыптасу сатысы, шығармашылық қабілетінің дамуы көрсетіледі. Оқушылардың еңбек пәніне қатысты ұғым-түчінік дәрежелерін тексерудің тиімді, жақсы тәсілі ретінде тест үлгілері де жүйеленіп берілді. Қорыта айтқанда, дамыта оқыту арқылы еңбекке баулу сабағында оқуышының жеке танымының және шығармашылық қабілетінің шыңдалуына ықпал жасау көзделді.

Еңбекке баулу сабақтары мынадай мақсаттарды көздейді:


  • еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру;

  • еңбек етуге тәрбиелеу және еңбек мәдениетіне дағдыландыру;

  • оқуышлардың политехникалық білім мен ой-өрісін кеңейтіп, шеберліктерін арттыру;

  • қарапайым материалдарды қолданып, құрал саймандармен жұмыс істеу әдісін үйрену;

  • өндіріс орындарымен және сауда істейтін мамандармен таныстыру;

  • адамгершілікке, инабаттылыққа баулу;

Еңбек сабағында оқушылардың саусақтарын щынықтырып, бұлшық еттерін, нығайту мақсатымен, әртүрлі бұйымдар жасалды, оқу барысында олардың білімі кеңейтіліп, шығармашылық қабілеті жетілдірілді, алғашқы іскерліктері қалыптасып, өз жұмыстарын жоспарлауға және оны тексеруге үйренеді.

Төртінші класс оқуышлары әрекетінің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар. Екіншіден, қабілеті тұрақты. Үшіншіден, олар айналадан көргендерін елестетуге дағдыланған. Төртіншіден, саусақ бұлшықеттері толық қалыптасқан, әр түрлі қимыл жасауға епті. Сабақ барысында мұғалім осы ерекшеліктерді мұқият ескеріп, жұмысты дұрыс ұйымдастыруы керек, көрнекі құралдарды дұрыс, тиімді пайдалану керек. Сосын еңбек сабағын қызықтырып өту керек. Мұғалім еңбекке баулу сабағында әрбір оқушының қауіпсіздік теххникасы ережелерін мүлтіксіз сақтап жұмыс істеуіне бағыт береді.



Қорыта келгенде – психологиялық –педагогикалық тұрғыдан еңбекке даярлаудың түп қазығы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, еңбек көздерін тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби бейімделуі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру секілді келелі мәселелерді қамтитын көп аспектілі комплексті проблема ретінде сипаттайды.

Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мемлекетіміздің басты идеяларының бірі. өйткені өндіріске, ауыл шаруашылығына, арнайы орта немес жоғары оқу орындарына баратын жастардың алғашқы қадамы тек бастауыш мектептен басталады. Бастауыш білімдегі тиянақтылық жасөспірімдерді өмірге сергек қарауға үйретеді, олардың болашақ кәсібін таңдауда мұның айрықша ықпалы болады. Оларға қажеті – еңбектің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, құрал-саймандарға, материалға және айналадағы ортаға ұқыптылықпен қарау дағдыландырады. Сол сияқты оқушыларды еңбекке баулудың политехникалық бағыттылығы оқушыларда жалпы еңбек білімін қалыптастыру және жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, тетіктермен, машиналармен танысу жөніндегі икемділігін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауына баса назар аударылады. Аспаптар, материалдар, ауыл шаруашылық жабдықтар оқушылардың жас мөлшеріне сай алынады.

Оқушылардың техникалық модельдерді бірлесіп жасауын мысалға ала отырып, оларға нақты өндірісте ондаған, тіпті жүздеген мамандық өкілдерінің қатысатындығын көрсетуге болады. Мұндай нақты мысалдар оқушылардың кәсіп әлемі, қандай жұмыстың болсада қажетті екендігі туралы түсінігін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Кәсіптік бағдар жөніндегі жұмыста бастауыш кластардағы еңбек пәнінің мұғалімі балалардың медикобиологиялық ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мәселен дені сау балалардың барлығы бірдей белгілі бір жұмысты ойдағыдай игере алмайтындығын физиологтар мен психологтар дәлелдеген. Кәсіпті ойдағыдай меңгеру адамның психофизиологиялық сапасына да байланысты, өйткені мұның өзі белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты болашақ игеру үшін қажеттігін ескертеміз.

1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру

Қазақ бастауыш мектептерінің еңбекке баулу пәніне арналған бағдарламасы қазіргі кезде өзгертіліп, жаңартылған. Төменде талқылауға ұсынылып отырған программа жобасы – қазақ мектептерінің жағдайы мен мүмкіншіліктерін ескеріп жасалған жаңа жоспар. Жоспар жасау барысында көпшілік бастауыш класс мұғалімдерінің, бірқатар ұсыныстары ескерілді. Кейбір сабақ түрлері өзгертіліп, толықтырылды. І. Техникалық еңбек түрлері. Саз балшық және пластилинмен жұмыс істеу (мүсіндеу) (1-2 класс). Аралас материалдардың орнына табиғи материалдар енгізу (1-4 класс). Матамен жұмыс текстильді материалдармен жұмыс істеу болып өзгертілді. (1-4 класс). Картонмен жұмыс істеу 2-4 кластарда ал конструктормен жұмыс істеу 2-кластан басталып, 4-класта конструктор және электр констрктормен жұмыс істеу берілді.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбек. 1 класс оқушылары үшін түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырып, сабақты таныстыру мақсатында жүргізу ал (2-4) класс жоғарылаған сайын істелетін жұмыс түрлерін күрделендіру ұсынылады.



ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбеген. Дегенмен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында үй жұмыстарына, ата-аналарына, класта жұмыс істеулеріне бағыт беру көзделінген. Бұрынғы программада бұйымдардың тек шамамен алынған тізімдерді беріліп келсе, жаңа программа жобасында әр кластарға жүргізілетін сабақтар төрт жоқ санға бөлініп, сағат сандарды таблица арқылы көрсетілді. Бұл мұғалімдерге календарлық тақырыптық жоспар құрылуына нақты көмегін тигізеді. Жобада жасалатын бұйымдардың күрделілігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес берілді.

Құрметті ұстаздар, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған программа бекітілген толық мәнді программа емес, жобасы ғана.



Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабақтары үш бағытта жүргізіледі:

  • техникалық еңбек;

  • ауыл шаруашылық еңбек;

  • қоғамға пайдалы еңбек;

  1. Техникалық еңбек мына түрлерді қамтиды:

І. Қағазбен және картонмен жұмыс. 2. Табиғи материалдармен жұмыс. 3. Текстильді материалдармен жұмыс (мата, жіп). 4. Конструктор детальдармен жұмыс. 5. Ағашпен жұмыс. 6. Сым темір және жұқа қаңылтырмен жұмыс.(фольга). 7. Электр техникасымен жұмыс.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына бөлінсе, мектепте өсімдіктер өсіру сабағы екі бағытта жүргізіледі. 1) Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау жұмысы. 2) Оқу тәжірибе учаскесіндегі жұмыс және жан-жануарлар бұрышын ұйымдастыру (жабайыаңдар, құстар т.б.)

ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбегенмен, күнделікті істеуге тиісті жұмыстар жоғарыда аталатын сабақтармен ұйымдастырыла жүргізіледі. Еңбек сағаттарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың политехникалық білімдері мен ой-өрістерін кеңейтіп, шеберліктерін жылдан-жылға арттыру.

Еңбекке деген көзқарасты коммунистік тұрғыда түсіндіріп, білімдерін молайту. Өндірістің түрлі салаларында жұмыс істейтін мамандардың іс-тәжірибесі және қызметімен танысу. Адамгершілікке, эстетикалық және дене тәрбиесіне баулу. Мысалыға жоспарымызға мынадай еңбек түрерін енгіздік. Сабақта 6-7 жасар баланың саусақтарын ширату, бұлшық еттерін қатайту және түрлі пайдалы жаттығулар жүргізу мақсатымен мүсіндеу түрі енгізілді.

  • Картонмен жұмыс бұрын жоспарда 3-кластан жүргізілсе, ал қазір 2-кластан басталып қағаз және қатырмақ қағазбен жұмыс істеу делінеді.

  • Аралас материалдармен жұмыс істеу түрін оқушылар сабақта көбіне игере алмайды, себебі түрлі материалдарды дайындауға материалдық база керек, әрі көптеген материал түрлері кейбір мекендерде кездеспейді. Табиғи материалдар республикамыздың барлық аймақтарында кездесетін болғандықтан жоспарға біріншіден төртінші класқа дейін енгізілді.

Қазіргі кезде төртінші класта конструктор және электроконструкторлармен жұмыс істелінеді және маамен жұмыста тек төртінші, үшінші класқа ғана енгізіліп отыр. Еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын материалдар жергілікті жердің мүмкіншілігі мен жағдайына байланысты болып, оқушылардың орындайтын бұйымдары халықтық өнер мұраларына, дәстүрлеріне, оны дамытуға бейімделіп жасалынады. Оқушылардың жасалған бұйымдары тек баға алу үшін ғана керек емес, аз қажеттеріне жарайтын пайдалы заттар болуға тиіс. Біткен бұйымдардың жасалу сапасына талдау жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктері атап көрсетіліп, баға қойылу керек. Қазіргі кезде еңбекке баулу сабақтары қазіргі талапқа сай арнайы жабдықталған еңбекке үйрету кабинеттерінде жүргізілуі керек. Бұл кабинеттерде жұмысқа керекті құралдар мен материалдар сақталып, сабақ жүргізуге барлық жағдай сақталуы тиіс.

Оқушылардан:



  • Оқушылардың мұғалімнің рұқсаты бойынша бастау.

  • Құрал – сайманды қажетті жағдайда ғана пайдалану.

  • Істен шыққан, жиегі мұқалған құрал-саймандармен жұмыс істемеу.

  • Жұмыс орнын таза ұстау, материалдар мен құралдарды парта үстіне дұрыс орналастыру.

  • Материалдарды үнемдеу, құралдармен тимді жұмыс істеу.

  • Жұмыс кезінде басқа жаққа алаңдамау.

  • Жұмыс бітісімен, материалдар мен құралдарды өз орнына реттеп қою, және т.б. талап етіледі.

Оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек адамдарын қадірлеп тәрбиелеуде топсеруеннің маңызы өте зор. Оқушылар топсеруен кезінде ересектердің жұмыста қандай құрал-саймандар пайдаланып, қалай жұмыс істейтіні, толық бақылай алады. оны ұйымдастыру үшін, мұғалім күні бұрын әзірлік жасап, оның мақсатын белгілейді, баратын оқушыларға алдын-ала хабарлайды. Топсеруеннің соңынан оқушылар класқа келгеннен кейін көргендері туралы талдайды. Мұғалім оның тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, сабақтың құрылымын, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында белгілейді.

Олар:


  • сабақты ұйымдастыру;

  • жаңа материалды енгізу, баяндау;

  • сарамандық жұмыс;

  • орындаған жұмысты талдау;

Осы кезеңдерді енді жеке-жеке қарастырып көрейік. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың жұмыс орнын дұрыс әзірлей білуіне назар аударылу керек. Материал және құралдар парта үстіне дұрыс орналастырылып болған соң, мұғалім сабақты бастайды:

  • Жаңа материалды баяндау үшін, мұғалім оқушыларға нұсқау беріп, әңгімелеседі, істеуге тиісті бұйым неден және қалай жасалатынын айқындайды.

  • Сараландық жұмыс сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан мұнда оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Қиналған оқушыларға жеке көмек беріліп, жасалтын бұйымдардың әдемі және тартымды болуына мұғалім дұрыс бағыт беріп отырады.

  • Орындалған жұмысқа талдау жасау үшін, бұйымдарын жинап, бір-бірімен салыстырады, жақсы жақтары мен кемшіліктері айтылып, сабақ аяқталуы тиіс.

4-ші класта күнтізбелік тақырыптардың және еңбекке баулу сабақтарына бөлінген сабақтардың мынадай үлгі жоспарын ұсынуға болады. Бір тоқсанның өзін 10 сағатқа бөлеміз. Соның ішінде қағаз және

1. қатырма қағазбен жұмыс – 1 сағат

2. түптеу жұмыстары, кітапты күтіп ұстау – 1 сағат

3. матамен жұмыс – 1 сағат

4. сым темірмен жұмыс – 3 сағат

5. ағашпен жұмыс – 1 сағат

6. аралас материалдармен жұмыс

7. өсімдіктер өсіру – 7 сағат

Істелінетін жұмыстардың қысқаша мазмұны былай:


  1. Картоннан немесе қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп стакан жасау

  2. Картонды, қағазды өлшеу, сызу, қию, желімдеп, қойын дәптерше жасау

  3. Жұмсақ сым темірден геометриялық денелер (куб, пирамида, призма).

  4. Матаны өлшеу, қию, шеттерін бүктеу, тігу, бау жасау.

  5. Шырша бүршігі немесе жүгерінің сабағы, құстың қауырсыны, қағаз ағаш бұтағы, емен жаңғағы, пластилиннен жапырақ жасау.

  6. Құраған және арам шөптерден учаскені тазарту, учаске ауданын тазалау. Дайындалған учаскеге сарымсақ, пияз отырғызу. Ағашпен жұмыс

  7. Жасаушаларға ағаштан сап жасау.

Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қолданылатын тақтайшаларды аралап дайындау. Үлгі бойынша киім ілгіш жасау. Оқушыларға ағаш шебері туралы мәліметтер, ағаштың түрлері және ерекшеліктерін түсіндіріп айту керек. Міне, осындай үлгі жоспары бойынша еңбекке баулу пәнін өтуге болады. Еңбекке баулу пәніне қойылатын талаптар: Жұмысты жүйелі жоспарлап, өз жұмысына талаппен қарау, материалдар мен құралдарды сабаққа даярлау. Техникалық терминдерді дұрыс айтуға және жұмыс процесінде бұйымды сапалы, әдемі жасауға дағдылану керек. Мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап беруге үйрену.

Пәнаралық байланыстар.

Ана тілі: Оқушылардың сөз байлығын арттыру мақсатымен жұмыстарын жоспарлап айтып түсіндіру және бір ізділікпен орындау ережелері жеке-жеке айтқызылады.

Математика: Бұйым бөлшектерінің ұзындығын, енін өлшеп, өлшемдерін дұрыс белгілеуге үйретіледі.

Бейнелеу өнері: Жасалынатын бұйымдарды әдемі жасау, бояу, суретін салу жұмыстары жүргізіледі.

Табиғаттану: Экскурсияға шығу арқылы табиғат құбылыстарымен, байлығымен танысу, жасалар бұйымға қажетті табиғи материалдар жинау жұмыстары жүргізіледі.

Қоғамдық пайдалы еңбек.

Төртінші класс оқушыларымен мектепте, тәжірибе учаскесіне, өндіріске және колхоз, совкозға экскурсия ұйымдастырып, түрлі жұмыстар атқарылады. Ересек оқушылар мектеп дәлізін, класты, мебельдерді таза ұстау, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын күн сайын сүрту, терезе алдын тазарту жұмыстарын атқарады, мектепке кірерде аяқ киімдерін ауыстырып киіп, өз кластарына барады. Оқушылар «Табиғаттануға» арнап табиғи материалдармен альбомға не арнайы қораптарға жинап, коллекция жасайды. Түрлі көрнекі құралдар жасалынады.

Төртінші класс оқушылары өз ауданының картасын сызып, қанша мектеп, балабақша бар екенін анықтап, картада белгілейді. Сөйтіп басқа класс оқушыларымен жарысқа түсіп, бақшаға қамқорлық жасайды. Өз аулының картасын сызып, ардагерлердің, қарт адамдардың қай жерде тұратындығын біліп, көмектер көрсетеді. әліппе, математика арналып, түрлі дидактикалық көрнекі құралдар жасалынады. Оқушылар кітапханаға көмектеседі, арнайы жас кітапханашылар үйірмесі, ұйымдастырылып, олар кітап жөндеу жұмыстарын атқарады. Кітапхана бұрышын жасап, белсенді қатысатын оқушылардың суреті ілініп, фамилиясы мен класы жазылады. Оқушылар – құстардың досы, оларға жемшашар үйшіктер жасайды. Ауылды жерлерде оқушылар фирмаға көмектеседі. Қозы, құлын, бұзауларды суарады, жем беріп, қамқорлық көрсетеді. Құс фермасына да көмектерін тигізеді, жем шашады. 4-класс оқушыларының осындай қоғамдағы пайдалы еңбегі 30-45 минутқа созылып, талданып, бағалануы тиіс. Мен 1997 жылы қыркүйектің 8-нен қарашаның 2-не дейін, педагогикалық іс-тәжірибемді өткізу үшін №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектепте болдым. Онда менің үлесіме 4-сынып оқушылары берілді. Мен осы сыныппен екі ай бойы жұмыс істедім. Еңбекке баулу сабағынан сабақ бердім. Ондағы сабақ беру жоспарымен таныстым. Сабақ беру әдісі маған ұнады. Оқушылардың еңбек сабағына қызыға, барлық ынталарымен қатысуы мені қуантты. Еңбекке баулу сабағының қыр сыры өте көп екен. Мен еңбекке баулу пәнінен мынадай тақырыпта ашық сабағын өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар жасау.



Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелікмәні:

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Өрістеу мақсаты:

Көлемді табиғи және басқа заттарды араластырып ұйым жасауды үйрету. Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай орындауға дағдыландыру.



Сабақтың жабдықтары: көлемді табиғи материалдар, жаңғақ қабықтары, пластиллин, түсті қағаздар, желім, иілгіш, сымтемір, желімге арналған қылқалам.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушыларды түгелдеп, а й ай-күн аттарын белгілеу).

  2. Үй жұмысын сұрау.

  3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ:

Енді материалдар мен құралдарды дайындап бұйым жасауға кірісеміз. Сабақты жасайтын бұйымдар жаңғақ қабығынан жасалады. Олардың формалары қандай ? Қанша бөлшектерден құралған ? түстері қалай деген сұрақтар беремін.

Бұйымдарды мына ретпен жасаймыз:


  • Керекті материалдарды дайындау.

  • Денелерді дайындау.

  • Денеленріне шөже басын, балықтың, үкінің көздерін жабыстыру.

  • Қалған бөлшектерін жаңғақ және бүршікке біріктіріп, жұмысты аяқтау.

Шағын бұйымдарға арналған табиғи материал арнайы қорапшада дайындалған. Екі жаңғақ қабығын біріктіріп денесін, бір емен жаңғағын басы етіп шөже жасалады.

Біздің қоғам өміріндегі аса маңызды кәсіптер жөнінде оқушылардың дұрыс түсінігін қалыптастыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі балаларға осы кәсіптерді таныстыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізуі тиіс.

Оқудан тыс кәсіптік бағдар беруге арналған жұмыс сан қырлы және оның өзі оқушылардың өздігінен кәсіп таңдауының мақсаты мен міндетіне сай келеді. Осы мақсатты ниет ету мақсаты мен төмендегідей еңбек түрлері бағдарламасын ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет